Отбасы ғұрпының фольклоры-бұл фольклордың ішіндегі қазақ отбасымен байланысы өте берік бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы үйлену жоралғыларынан бастап,сәбидің туылуы және қайтыс болған адамды шығарып салғандағы айтылатын жырлар осы отбасы ғұрпы фольклорына жатқызылады. Үйлену ғұрпы,бала өсіру ғұрпы, өлік жөнелту.
Үйлену ғұрпы.Қай елде болмасын екі жастың бас қосу мерекесі ерекше аталып өтіледі. Ал қазақ халқын мұндай салт-жоралғыларға аса үлкен назар аударған. Соның ішіндегі қыз ұзатыларда айтылатын “сыңсу”, келін түскендегі “беташар” сынды жырлар үйлену ғұрпы фольклорына жатады.
Беташар. Әрбір елдің өзі қолданған жол-жобасын түсіндіру. Тәжірибесіз жас әйел жаңа өмірге кіріп, жаңа қауымның ортасына келгенде, сол қауымның қадірлі, құрметті үлкендерін тануға керек. Солардың әрқайсысының орнын білу керек. Үлкендердің алдында келіннің тәжім қылуы – сол жаңа шарттарға көндім, қабыл алдым дегеннің белгісі» , - дейді ұлы ғалым М.Әуезов.
Қазақта 7 атадан қосылатын туыстардың некелесуіне тиым салынған. Өгей шешеге, асыранды қызға, келінге, енеге үйленуге болмайды. Сондай-ақ, әйелінің көзі тірісінде еркек балдызына, қайынбикесіне, қайнағасының қызына үйлене алмайды. Бөле, немере ағайындардың некелесуіне тиым жоқ.
Неке ісінде барлық мәселені ата-ана мен ру басылары шешеді, күйеу жігіт пен қалыңдық тек солардың айтқанына құлақ асуға тиіс; көп жағдайда қыз бен жігітті бесікте жатқанда атастырып қояды. Қазақтардың құдаласу рәсімі өте күрделі, ол кейде 10 жыл немесе одан да көп уақытқа дейін созылуы мүмкін.
Сыңсу. Жат жұрттық боп барамын өскен елім,
Кір жуып,кіндігімді кескен жерім.
Ата-ана,аға бауыр,сіңілілер,
Көкейімнен мәңгілік кетпес менің.
Қыз дәуірім қызықты қайта келмес
Қайран ел,қайран жұртым аман болсын!
Бала өсіру ғұрпы. Әр қазақ отбасында сәбидің дүниеге келуі үлкен қуаныш. Мұны біз сәби үшін орындалатын салт-жоралғылар мен жырлардан білеміз. Бала туылмастан “Құрсақ шашу” өтеді,ал дүниеге келгеннен кейін “Шілдехана”, “Бесік той”, “Қырқынан шығару”, жөн жоралғылары жасалады. Аяғын басып жүргенінде “Тұсаускесер”, бес жасында “Сүндетке отырғызу”,білім алар алдында “тілашар” үлкен той болып аталып өтеді. Осы салттардың барлығы дерлік жырлармен көркемделеді,сол жыр шумақтарының барлығы осы фольклор түріне кіреді. Тұсаукесер, бесік жырыда жатады.