59 сұрақ. Фольклор – синкретті өнер
Қазақ әдебиеті арнасының бастауы – халықтың асыл қазынасы ауыз әдебиетінде жатыр. Әдебиет әлімінің ел әдебиеті және жазба әдебиет болып екіге бөлінетіндігін ескере отырып, қазақ халық ауыз әдебиеті туралы білім мен ғылымды толық меңгеру өте маңызды. Осы орайда Фольклор – синкретті өнер, халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы, әрі, өшпес қазына екендігі назарда ұсталынады. Фольклордың пайда болуы туралы зерттеулерге шолу жасалынады және халық әдебиетінің түрлері мен жанрлық жіктелімі жайында білім беріледі. Ауыз әдебиетінің көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері оқытылады.
Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият. Ол әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан, ол көпқатпарлы, көпсатылы, көпмағыналы және көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, - бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар- екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әр түрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, - түптеп келгенде, сол көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді. Фольклор – сөз өнері. Өнер болу үшін ең әуелі көремдік қасиет және орындаушы мен тыңдаушы болу керек. Қазақ қоғамында фольклор осы үш шартты түгел орындаған, тіпті, одан да кең ауқымды қамтыған. Фольклор – әрі әдебиет, әрі театр рөлін атқарды, оның шығарушылары әрі орындаушылары – жыршы мен ақындар, сондай-ақ, тыңдаушылар мен көрермендері болды. Бұл процесте ол ежелден келе жатқан ұғымдар мен нанымдарды, мифтер мен басқа да ескі жанрларды пайдаланып, оларға басқа сипат дарытты, эстетикалық міндет артты. Сөйтіп, алғашқы қауымға тән мифтік сананың жемісі көркем құралға айналды, бейнелілікке және метафораға негіз болды. Осы жолда көркемдік шарттары қарапайымдылықтан күрделілікке ойысты, саналы, мақсатты қиял пайда болып, ғажайыптық сипат алды.
60. Қазақ фольклорының зерттелуі
Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев фольклортану, түркітану, шығыстану, әдебиет тарихы, әдеби сын, әдебиетті оқыту методикасы салаларында қалам тартып, көптеген еңбектер қалдырғанОн томдық шығармалар жинағында Ә.Қоңыратбаевтың еңбектері хронологиялық желіде топтастырылған. 1-том фольклортану мәселелеріне арналған. Оған ғалымның «Қозы Көрпеш» жыры, «Қазақ фольклоры» және «Қазақ фольклорының тарихи негіздері» атты монографиялары мен ізденістері енген. «Қозы Көрпеш» жырына арналған монографиясы 1946 жылы қорғаған кандидаттық диссертациясының өңделген нұсқасы. «Қазақ фольклоры» - 60-жылдары жазылған оқулық болса, соңғы тарауда ғалымның кейінгі жылдары жазған еңбектері қамтылды.
Қазақ әдебиеті тарихына арналғкан 10 томдықтың 1 томындағы ұжымдық монографияның жазылуы барысында жаңа зерттеулермен қатар ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі, біріншіден, олардың жұмыстарында әлі күнге құнды тұжырымдардың болуы, екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық болатындығы. Әрине, кітаптағы айтылған кейбір ойлар мен пікірлер, тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, кей тұстары күмән тудыруы да ықтимал. Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ осы тұрғыда зерттеліп көрген емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы түрде бұлайша жүйелі сипатта әлі күнге дейін зерделенген жоқ.
Еңбектің тараулары мен тараушаларын жазған ғалымдар мен 1 томның құрылысына тоқталсақ, төмендегідей. Оның себебі бұл тараулар мен оның атаулары ауыз әдебиеті туындыларының зерттелу деңгейін көрсетеді және ауыз әдебиеті шығармаларының қазіргі анықталған бөлінісі, оған қандай шығармалар жататынын мен ауқымын да анықтай алады: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов («Кіріспе», «Қазақ фольклоры: статусы мен теориялық негіздері», «Ежелгі замандағы рухани мәдениет: жалпы сипаты», «Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты», «Жаңа дәуірдегі фольклор: жалпы сипаты», «Миф», «Хикая», «Этиологиялық ертегі», «Қиял-ғажайып ертегі», «Хайуанаттар туралы ертегі», «Батырлық ертегі», «Ғашықтық жыр», «Аңыз», «Әпсана», «Хикаят», «Новеллалық ертегі», «Сатиралық ертегі», «Тарихи жыр: жалпы сипаты», «Кенесары туралы тарихи шығармалар», «Лиро-эпикалық (балладалық) жыр», ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай («Көне эпос», «Батырлық жыр: жалпы сипаты»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Көне эпос»); ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметов, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ақмұқанова («Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Абылқасымов («Арбау», «Бәдік», «Бақсы сарыны»); филология ғылымдарының докторы, профессор К.Матыжан («Үйлену ғұрып фольклоры», «Балалар фольклоры», «Жаңылтпаш»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім («Егіншілік жөніндегі фольклор», «Жұмбақ», «ХХ ғасырдағы фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаева («Дастан: жалпы сипаты», «Хикаялық дастан», «Діни дастан», «Ғашықтық дастан»); филология ғылымдарының докторы М.Жармұхамедұлы («Қыз бен жігіт айтысы», «1916 жылғы көтеріліс туралы фольклор»); филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қара өлең», «Тарихи өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор А.Сейдімбек («Күй аңызы», «Қара өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыратбай («Түркі қағанаты кезіндегі фольклор», «Тарихи аңыз»); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Тоқтабай («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері»); филология ғылымдарының кандидаты Д.Шалабеков («Жұмысшылар фольклоры»); филология ғылымдарының кандидаты С.Сәкенов («Тарихи жыр»); филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ахметжанова («Тарихи өлең»); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев («Егіншілік жөніндегі фольклор»); филология ғылымдарының кандидаты Р.Әлмұханова («Жарапазан», «Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор», «Алтын Орда тұсындағы фольклор», «Алпамыс батыр», «Айтыс: жалпы сипаты», «Мысал айтыс», «Шешендік сөз»); филология ғылымдарының кандидаты, доцент П.Әуесбаева («Әңгіме»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Жақан («Жерлеу ғұрпының фольклоры», «Қобыланды батыр», «Лирикалық өлең», «Өлең»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы («Терімшілік пен аңшылыққа қатысты фольклор», «Мал шаруашылығына байланысты фольклор», «Арбау», «Жалбарыну», «Алғыс (бата)», «Қарғыс», «Ант», «Едіге», «Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан»).
61.Фольклор мен әдебиет (ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Айырмашылығы
|
Ұқсастығы
|
Айырмашылығы
|
Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. [1] Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген.
|
Фольклор мен әдебиет бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл байланыстың ұзақ тарихы бар және ол әр формада, әралуан типте болады. Ең біріншісі – генетикалық байланыс. Бұл тип бойынша, фольклор мен әдебиет бір көркем творчествоға жатады, алайда оған екеуі екі бөлек келеді. Фольклор – әдебиеттің төркіні. Оу-баста фольклордан негіз алып, әдебиет алғашқы даму кезеңінде кіндігінен бірден қол үзіп кете алмайды, көп уақытқа дейін соған сүйенеді, содан сусындайды… Байланыстың екінші түрі – оппозициялық.Адамзаттың көркемдік дамуында фольклор мен әдебиеттің алатын орны үлкен. Өзара күрделі ұқсастықтары да бар бұл құбылыстардың мәні мен өзгешелігін нақтылы біліп отыру – рухани жолдарын түсіну үшін де аса қажет. Фольклор мен әдебиеттің жалпы заңдылықтары мен шарттылықтарын саралап ажырату – ауыз әдебиеті қоры мен дәстүрі күшті халықтар үшін өте-мөте керек деген болатын Р.Бердібаев
|
Әдебиет— сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданыладыӘдебиет — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ, әдебиет қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелуді талап етеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Әдебиеттің суреттейтіні — адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) дәрежесіне көтере даралап көрсетеді.
|
62. Халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері
қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.
Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған.
Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.
Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлыө өрісін танытады.
Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері:
• тұрмыс салт жырлары;
• мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;
• лиро-эпостық жырлар;
• айтыс өлеңдері;
• тарихи жырлар, шешендік сөздер.
Халық ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады
63. Үйлену ғұрпыныңың фольклоры
Қазақтың ғұрып фольклорының ішіндегі күрделі, өте көркем, адамды ерекше тәнті етіп, ынтықтыратын түрінің бірі – үйлену ғұрпына қатысты фольклор үлгілері.
Үйлену ғұрпына қатысты фольклордың зерттелуі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан В.Радловтың зерттеулерінен басталады. Ғалым «Алтын сандық» еңбегінің «Ұзатылған қыздың өлеңі» тарауына үйлену ғұрып фольклорының «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» үлгілерін енгізген.
Сол сияқты Ш.Уәлиханов та еңбектерінде үйлену салтына қатысты наным-сенім, ырымдарға тоқталған. Ол «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы» атты этнографиялық еңбегінде «от» үйдің киесі, сол себепті жаңа түскен келін үлкен үйдің отына тағзым етуі тиіс дей келіп: «Бұл салт жаңа түскен келіннің отқа тағзым етуі неке қию үрдісінде жасалады. Қалыңдық босағаны аттай сала тізе бүгіп сәлем береді. Салт бойынша қалыңдықтың жанындағы әйелдер қолдарын отқа қыздырып, қалыңдықтың бетін сипайды», – деп қазақ қызы келін болғанда жасалатын жоралғыларды суреттейді [1, 58-б].
Қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин Орынбор қазақтарының «құда түсу», «қыз ұзату», «той жасау» дәстүрлеріне шолу жасаған. Ол этнографиялық еңбегінде үйлену салтында жасалатын «сүт ақы», «ілу», «кемпір өлді», «ит ырылдатар», сияқты ырымдар мен жоралғылармен бірге «Неке қию», «Сыңсу», «Беташар» секілді үйлену кезінде айтылатын өлеңдерге де тоқталып: «Неке қию» екі куәнің алдында қалыңдықтан күйеуге өз ризашылығымен шығуы жөнінде жауап алады. Неке қиылған соң қыз жақ қызға беретін бұйымдарын көрсетеді де, осы бұйымдарды түйеге артып жігіт еліне аттандырады. Қыз ата-анасымен, бауырларымен соңғы рет құшақтасып қоштасады да арты «сыңсуға» ұласады. Сонымен қатар «Беташарда» айтылатын өлеңдер ретімен орындалып, келіншекті өз отауына кіргізеді. Жас келін бетін пердемен жауып жүреді. Бетіндегі бүркенішін бір, екі ай, тіпті одан да ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана алған» – деп пікір білдірген
Достарыңызбен бөлісу: |