4-тарау. ҒЫлыми-педагогикалық таным әдіснамасы



бет14/24
Дата22.09.2023
өлшемі482,5 Kb.
#109755
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Глава 4 новый

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Әдістерді дұрыс таңдаудың өлшемдерін негіздеңіз.

  2. Педагогикалық зерттеудегі теориялық әдістерге сипаттама беріңіз.

  3. Өз зерттеуіңіздегі модельдеу әдісін қолдану тетігін негіздеңіз.

  4. «Педагогикалық теория» ұғымына берілген бірнеше анықтамаларды салыстырыңыз.

  5. Түсінудің жалпы теориясы – герменевтиканың педагогикадағы қолданысын негіздеңіз.



4.5. Педагогикалық зертеудің ұғымдық аппараты.


Түсініктер мен терминдерді анықтау және нақтылау әрбір зерттеудің алдына қойылып отырған міндет, дегенмен, ол жеке кезеңге бөліне бермейді және зерттеулік ізденістің тақырыбын, нысанасы мен пәнін нақтылаумен қиыса алады. Түсініктік-терминологиялық жүйе диагностика және қайта бейнелеу әдістерімен, әдістемелерімен, реттіліктерімен, модельдерімен қатар зерттеудің ғылыми аппаратының бөлігі болып табылады.
Түсініктер – құбылыстар мен үдерістердің белгілі бір қатарының болмыстық белгілері немесе болмысының жалпыланған түріндегі кескіні. Түсініктерде терминдер деп аталатын сөздерге түсінік беріледі. Бір термин құбылыстар мен үдерістердің түрлі мағынасын, әртүрлі түсініктерін білдіреді. Сонымен қатар, әртүрлі терминдер, көбінесе, үдерістің дамуының әртүрлі сатыларында бір түсінікті де білдіруі мүмкін.Зерттеу жұмысының басында қолданылатын қажетті түсініктердің және оларды түсіндіретін терминдердің шеңберін сызу маңызды. Орыс тілінде полисемия – көптеген терминдердің көп мағыналылығы және жалпыға бірдей емес, бара бар емес терминдерді қолданудың мүмкіндігі анық білінетінін ескерген жөн.
Келесі рәсімдерді өткізген пайдалы:
- үдерістің болмыстық сипаттарын кескіндеуге жеткілікті зерттеудің базалық түсініктерінің шеңберін (тізімін) анықтау. Зерттеудің ерекшелігіне байланысты олардың қатарына білім беру, әлеуметтену, жекешелендіру, тәрбиелеу, тұлғаның дамуы, қалыптасу, ақпарат, оқыту, өз бетінше білім алу, ынталандыру, парадигма және т. б. сияқты түсініктер (және сәйкес терминдер) енуі мүмкін;
- базалық түсініктер мағыналық тереңдігі бойынша бірмағыналы ма, жоқ па соны анықтау керек, егер жоқ болса – сәйкес анықтамалар мен түсініктер беру қажет;
- авторлық түсініктерді бөлу және нақтылау, яғни зерттеу авторы енгізген, немесе авторлық интерпретацияда ұсынылатын түсініктерді анықтау;
- өнімдік (екінші) түсініктерді бөлу. Мысалы, базалық «әлеуметтену» түсінігімен қатар «жұмыс істеу» түсініктері қолданылуы мүмкін: әлеуметтік бейімделу, қайта әлеуметтену, деавиация, әлеуметтік немесе бейәлеуметтік жүріс-тұрыс және т. б. ;
- түсініктерді белгілі бір логикалық қатарға түзу, яғни түсініктік матрица деп аталатынды құру, түсініктік қатарды анықтау. Мұндай қатарды түзуге негізін қалаушы теория (іс-әрекет теориясы, жеке тұлғалық-әрекеттік тұғыр, бағдарламалық-мақсаттық басқару теориясы және т. с. с) негіз бола алады.
Мысалы, мәдениет мәселелері зерттеулерінде әлеуметтік феномен ретінде мәдениет құрылымынан шығып, түсініктік қатар түзуге болады: құндылықтар мен мұраттар; ғылыми білімдер, ғылыми емес білімдер; ғұрыптар мен дәстүрлер, өнер (бейнелер); инновациялар. Мәдени орта, инкультурация, культурогенез, мәдени дәстүрлер, мәдени жас, мәдениеттің инновациялық элементтері енгізілуі мүмкін. Барлық жағдайда түсініктерді түсініп, олардың көлемдерінің сәйкестілігін (әдетте бөліктік), өзара ауысымдарды, өзара байланысты бақылаған пайдалы. Жаңа түсініктер мен терминдерді өте мұқият енгізген жөн және мұны зерттелінетін нысандардың ішкі байланысын білдіруге арналған түсініктер жеткіліксіз болғанда ғана жасау керек. Белгілі терминдерді жаңа мағынамен, толықтырылмаған жаңа терминдермен алмастыру тиімсіз және өнімсіз.
Сонымен қатар, қандай да бір жаңа құбылысты, сапалардың және сипаттамалардың анықталған жиынтығын ерекше терминмен білдіру әлдеқайда пайдалы болады, бұл авторды түсініктің күрделі мазмұнын бірнеше рет қайталау, оның кең анықтамасын беру қажеттілігінен босатады. Айталық, А.С.Белкин енгізген «витагендік оқыту» термині оқушылардың өмірлік тәжірибені қолдануын ғана білдірмейді, сонымен қатар, бұл тәжірибенің берілген кезеңге арналған фактілерді оқытуды қайта өңдеу, оларды бағалау мен мағынасын анықтауда жатыр. Ал, В.С. Леднев енгізген «ғылыми білім» термині бұрыннан белгілі және ғылыми мамандарды өзара іздену, аспирантура, доктарантура, әдіснамалық мәдениетті көтеру және ғылымда жұмыс істейтіндердің ғылыми біліктілігін арттыруды білдірді.
Зерттеудің түсініктік аппараты:

  • Зерттелетін үдерістің құрылымын және оны тұтас етіп көрсететін түсініктерді, сонымен қатар оның компоненттерін немесе зерттеу аспектілерін (түсініктік матрица) нақтылау.

  • Түсініктің мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілетін терминдер арқылы терминологиялық мәнін, негіздемелерін анықтау.

  • Категорияларды ажырату (негізгі, базалық түсініктер), категориялық-түсініктік жүйені құру.

Түсініктік жүйе элементтерінің тереңдік дәрежесі және онымен зерттелінетін үрдістер мен құбылыстар кескінінің біртұтастығының өзара байланысын ашу міндет.
Зерттеудің тұғырнамалық кешенін қалыптастырудағы келесі бір маңызды қадам – ұғым аппаратын анықтау. Зерттеуші ұғымдық аппаратты анықтау үшін ғылыми танымда маңызды саналатын термин, дефиниция, ұғым, категория сөздерін білуі және мағынасын түсінуі қажет. Зерттеуші педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгерген болуы керек. Ұғым – таным үдерісіндегі шынайы әлемді қабылдау формасы. Ғылымда ұғым бірден бекітілмейді. Шынайы нақтылықты қайта ойлау мен эмпирикалық іс-тәжірибенің нәтижесі ретінде пайда болатын ұғым белгілі бір ғылымның бөлігіне айналады. Термин – ғылымның нақты бір бағытта даму шеңберінде өзге ұғымдармен арақатынасын ашуға негізделген ұғымдардың, өздің, сөз тіркестерінің және белгілердің көмегімен белгіленеді. Ғылыми терминологияға белгілі бір реттілік тән. Жинақталған білім қоры негізінде ғалымдар педагогиканың ғылыми терминологиясының барлық жүйесі ұғымдық блоктарды құрайтын өзара байланысты терминдерден тұрады деп тұжырымдайды.
Қазіргі кезде «ұғымды» ғылыми категория ретінде қарастыруға болатын бірыңғай түсінік жоқ болғандықтан, оны:

  • пәннің болмысын көрсететін, зерттеу пәнін танудағы зерттеуші аппаратты, ғылыми зерттеуді жалпылау ретінде;

  • педагогикалық құбылысты белгілер жүйесі ретінде нақты грамматикалық ойлауды қалыптастыру ретінде;

  • өзіндік дамуы мен қарама-қайшылықтағы педагогикалық үдерістер мен құбылыстарға тән байланыстар мен қатынастарды, қасиеттерді көрсететін ойлау түрі ретінде;

  • кей топтардың өздеріне тән жалпы белгілері негізінде педагогикалық құбылыстарды жалпылап, бөлетін ой (ой жүйесі) ретінде;

  • жалпы сипаттарға орай қамтылатын көпшілік сезім тұрғысында қабылданатын педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қысқарту ретінде;

  • педагогикалық ойлаудың даму кезеңін педагогтің ғылыми-зерттеу мәдениетінің бір бөлігі және педагогика ғылымының дамуындағы шешуші кезең ретінде қабылдаған жөн.

Толықтырылатын бұл тізімнен ұғымның педагогикалық объектінің (құбылыс, үдеріс немесе жүйенің) табиғатын ашатын, өзінде даму мүмкіндігі бар құбылыс екенін аңғаруға болады. Сондықтан, педагогикалық ғылым терминологиясының ұғымдық аппараттың дамуы есебінен толықтырылып отырылуы кездейсоқтық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет