40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы


Сұлтанмахмүт Торайғыров(1893-1920)



бет12/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ответы 40-50 с Ә3,4 (копия)

Сұлтанмахмүт Торайғыров(1893-1920). қазіргі Ақмола (бұрынғы Көкшетау) обл. Қызылту ауданында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) (1856-1930) аздап сауатты, кедей, тура сөйлейтін адам болған. Шешесі Зүплен өте ақылды, өсек-аяңға араласпайтын әдепті болған екен.
Әкесі Шоқпыт 1896-1897 жж. ата қонысы Баянауылға көшіп келіп, бабасының атындағы Торайғыр көлінің жанынан қоныс тебеді. Торайғыр ақынның төртінші атасы Торайғыр найзагер батыр, әділ би ретінде қазақ ішінде, Сарыарқада танымал болған.
Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянтауда өтеді.
Алдымен сауатын әкесі Шоқпыттан ашып хат таниыды. Содан кейін әртүрлі молдалардың алдын көреді: 1902-1903 жж. Әлі, 1904-1905 жж. Тортай, 1906-1907 жж. Мұқан деген молдалардан оқиды. Осылардың ішінде Мұқан, Нұрғали деген ұстаздары ақын өміріне ерекше із қалдырған. Мұқан- жаңаша «жәдид» оқуын жақтаған көзі қарақты ұстаз болған. Нұрғали- Троицк медресесін тәмамдаған, «услу жәдид» жүйесін негізге алушылардың бірі. Тарих, жағрафия, математика пәндерінен дәріс берген, жеке кітапханасы болған, баспасөзбен байланыс жасап отырған, ақындық өнерді пір тұтқан.
Нұрғалидың кеңесімен Махмұт оқу іздеп 1912 жылы Троицкіге аттанады.
Сұлтанмахмұттың ақын, публицист болып қалыптасуына Троицкі кезеңінің айрықша мәні бар. Оқуда жүріп Махмұттың сырқаты сыр бере бастайды; өкпе ауыруы, 1913 ж. көз ауыруына шалдығып, дәрігерлер оқуға, жазуға тиым салады.1913 ж. жазында Троицкі маңындағы қазақ ауылдарында бала оқытып, күзде қалаға қайтып оралады.
1913-1914 жылдың қысында осында шығып тұрған «Айқап» журналында хатшы қызметін атқарады.
Журнал редакциясынан шыққаннан кейін 1914 ж. жазында туған еліне оралады да жастарды оқуға, мәдениетке үндеу мақсатымен «Шоң серіктестігі» ұйымын ашады. Ұйымның мақсаты: «Нашарларға, соның ішінде шамасы жоқ кедей оқушыларға жәрдем көрсету, олардың оқу жолына қаражат бөліп тұру, газет-журналдар алдырып, кітапхана ашу, ақын-жазушылардың шығармалары болса соларды бастыру т.б.»
Серіктестік ұйымдастыру қолдау таппаған соң, 1914 ж. күзінде орысша оқу мақсатымен Семей қаласына келді. Семейде ұзақ тұруға жағдайы көтермей Әбдікәрім Ережепұлы деген ауқатты адаммен жолығып, онымен бала оқытуға келісіп Катонқарағайға сапар шегеді.
Сол кездегі Қаратай елінің (қазіргі ШҚО, Қатонқарағай) болысы Әбдікәрім Ережепұлы 1907 жылы Шыңғыстай ауылынан төрт кластық мектеп ашады. Сұлтанмахмұт осында мұғалімдік қызмет атқарады. Қазірде бұл мектеп С.Торайғыров атымен аталады. Профессор С.Аманжолов осы мектептің түлегі Қатонқарағайда ақын орыс тілінің мұғалімі Михаил Григорьевич Комаревпен достасып, орысша үйренеді.
Әбдікәрімнің Бағила деген қызына ғашық болады. Бірақ қыз әкесі біліп қойып, аттастырған жеріне Бағиланы ұзатып жібереді. Кейін Қатонқарағайдан Зайсан қаласына келіп, Құрбанқажы деген болыстың аулында 1915-1916 жж. бала оқытады. Осы жақта жүріп «Кім жазықты» романын жазады.
1916 ж. Семейге келіп мұғалімдер семинариясына оқуға түспек болады. Бірақ, оқу басталмай Баянға жүріп кетеді, бұл жердегі дүрбелеңді (қазақтарды әскерге алу көтерілісі) көреді де Семейге қайтады, семинарияға түсе алмай,1916ж. қазан айында Томск қаласына жол жүреді.
Томскіге ақын екі мақсатпен барады: сырқатын емдету, орысша оқуға түсу. Іздеп барған адамы Әлімхан Ермеков Томск технология институтының студенті, кейін түңғыш қазақ математика ғылымының профессоры, 1935 Қызылордада оның «¥лы математика курсы» атты еңбегі жарияланады. Томскіде Махмұт орысша даярлық бөлімінде ғана оқиды. Мұндағы өмірі де таршылықта өтеді. Емделуге Ә.Ермеков қаражат беріп көмектеседі: «Ол бір қыстың ішінде орыс тілі грамматикасын, әсіресе синтаксисі мен этимологиясын меңгеріп алды. Орысша жақсы сөйлемегенімен жазуға, ұғынуға келгенде өте болып шықты.» (Ә.Ермеков).
1917 ж. 27 ақпан Ресей буржуазиялық революцияны жеңген соң, 10 наурызда Семейге келіп жетеді. Осыдан бастап ақын өмірінің «алаштық» кезеңі басталады. Семейде ұйымдасқан қазақ комитетінің кіші хатшысы қызметін атқарады.
1917 ж. «Алаш» партиясы құрылып, Ұлттық автономия құрамыз деген қазақ зиялыларының ұсынысын Махмұт та қолдап, «Алаш ұраны», «Таныстыру» атты шығармаларын жазады. Семейде ақын сол кездегі оқытушылар семинариясының студенті Қ.И.Сәтбаевпен танысады. Ауруы асқынған ақынға Семейде Турағұл Абайұлы мен Мұхтар Әуезов Шыңғыстауда Медеу ауылында қымызбен емделуге кеңес беріп сонда жібереді.
1918 ж. сәуірде Медеу ауылынан Семейге келіп, мамыр аяғының соңында Баянға оралады. «Адасқан өмір», «Кедей» туындылары осында жазылады.
Ж.Аймауытов дерегі бойынша, елінде жүргенде, 1918 ж. жазында Мәлика деген мұғалім қызға ғашық болған, бірақ үйлене алмайды. Ақын 1920 ж. 21 мамырында көз жұмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет