40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы



бет8/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ответы 40-50 с Ә3,4 (копия)

Шығармашылығы. Ол Крыловтың кырықтан аса мысал-өлеңдерін аударып, 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен өз алдына жеке кітап етіп бастырып шығарды.
Спандиярдың Крыловтан аударған, «Үлгілі тәржіме» жинағында басылған мысал өлеңдері мыналар: «Күйеу таңдаған сұлу қыз», «Өтірікші», «Аң ауласқан коян», «Емен мен тал шыбық», «Шал мен өлім», «Қасқыр мен тырна», «Маймыл мен айна», «Қасқыр мен мысық», «Шымшық пен көгершін», «Маймыл мен көзілдірік», «Акку, шортан һәм шаян», «Қөлбақа мен өгіз», «Қарға мен түлкі», «Аңға шыққан арыстан», «Маймылдар», «Аю мен мүсәпір шал», «Қасқыр, мен қозы», «Құмырска мен шегіртке», «Түлкі мен жүзім жемісі», «Екі көгершін», «Әтеш пен меруерт тас», «Арыстан мен сары масалар», «Арыстан мен кісі», «Есек пен сандуғаш», «Ағаштың тамырлары мен жапырактары», «Пәлеге ұшыраған қарашекпен», «Қасқыр мен кісі», «Арыстан мен тышқан», «Екі төбет», «Ұқыпты достар», «Хакім тілеген қөлбақалар», «Қөлбақалар», «Қомағай ит», «Етікші мен бір бай кісі», тағы басқалар.
Спандияр Көбеев өзінің «Үлгілі бала» деген оку кітабын Л. Н. Толстойдың «Новая азбука», «Русская книга для чтения», К. Д. Ушинскийдің «Детский мир», Ыбырай Алтынсариннің, «Мақтұбат», «Киргизская хрестоматия» деген кітаптарының үлгісі бойынша жасады; негізгі материалдарды солардан алды.
Кітаптың мұннан кейінгі бөлімдері көбінше табиғат және оның құбылыстары, жағрафия туралы, аңдар, құстар, ұсақ жәндіктер, өсімдіктер және олардың тірліктері туралы балаларға мәлімет беретін балалардың ұғымына лайықты және қызықты қысқа әңгімелер ертек-аңыздар, мысалдар, мысал өлеңдер.
Мысалы, «Қайырымды бала», «Біздің көрші», «Ит пен қайыршы», «Түскі тамақ пен кешкі тамақ», «Апасы мен немересі», «Әкесі мен баласы», «Құстың ұясы», «Өрмекші мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Құмырсқа мен көгершін», «Үй хайуандары», «Ар», «Есек», «Сиыр», «Екі шыбын», «Түйе», «Қойлар», «Кесірткелер», «Ит пен мысық», «Қаптесер меп көртышқан», «Үй құстары», тағы басқалар. Кітапта барлығы алпысқа жуық әңгіме, ертегі, мысалдар, өлеңдер бар.
Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романының тақырыбы әйел мәселесі: қазақ әйелінің хал-жайы, бас бостандығы, теңдігі, оқып, білімді әлеумет қайраткері болуы.
«Қалың мал» романында жетпіс шамалы кейіпкердің аттары аталады. Олардың ішінде бірқатар кейіпкерлер аттары аталып, сол аталған жерінде қалып қояды; ал, бірқатар кейіпкерлер әңгіме барысьнда, роман сюжетінің ұласуында жиі ұшырап, тартыстарға араласып, азды-көпті қызмет атқарады. Автордың мұндай кейіпкерлері: Тұрлығұл, Итбай, Ғайша, Қожаш, Құрымбай, Байғазы, Әбіш, Амантай, Жамантай, Серғазы, Ақсұлу, Балкүміс, Жүніс, Бірке, Әлке тағы басқалар.
Шығарманың кейіпкерлері, әрине, біріне-бірі қарама-қарсы екі топқа: ұнамсыз кейіпкерлер тобы мен ұнамды кейіпкерлер тобына бөлінеді. Бірінші топқа жататын кейіпкерлер: Итбай, Құрымбай, Байғазы, Әбіш, Амантай, Жамантай; екінші топқа жататын кейіпкерлер: Райша, Қожаш, Серғазы, Ақсұлу, Балкүміс, Жүніс, Бірке, Әлке. Романда осы екі топтың тартысы суреттеледі.
Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» деген кітабы жазушының көрген-білгендері жайындағы естеліктері, басынан өткендері, әр кездегі ойлары, яғни Спандиярдың биографиялық шығармасы, мемуарлық еңбегі больш есептеледі.
«Орындалған арманды» қазақтьң мемлекеттік оқу педагогика баспасы тұнғыш рет 1951 жылы басып шығарған еді. Кезінде болған сындарды, айтылған пікірлерді еске алып, біраз түзетіп, толықтырып, оны 1954 жылы қайта басып шығарды. Кітаптың мазмұны былай:
1) Алғы сөз, 2) Балалық шақ, 3) Мен оқытушы, 4) Қилы кезеңдер, 5) Орындалған арман. Алғы сөзінен басқа төрт бөлімі («Балалық шак», «Мен оқытушы», «Қилы кезеңдер», «Орындалған арман» деген бөлімдері) тұтас бір шығарма.
Спандияр Қөбеев қазақ халқының XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың алғашқы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірін көзімен көрді. Оны жай кісі болып, көптің бірі болып көрмен, саналы, білімді оқытушы, жазушы, қоғам қайраткері болып көрді, соған белсенді араласты.
Осы көпті көрген жазушы Спандияр Көбеев артында бір қыдыру, маңызды әдеби мұра қалдырды. Оның «Қалың мал» романы мен «Орындалған арман» мемуары қазақ әдебиеті тарихында маңызды орын алады. Сондай-ақ, Спандияр Көбеевтің өз заманында казақ тілінде оқу кітабын[ жазып бастырды. Орыстың классикалық әдебиетінің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ жұртшылығына таратудағы сіңірген еңбегі де бір алуан. Қазақ әдебиеті саласында қалдырған осы тәрізді бағалы мұралары арқылы Спандияр Кебеевтің есімі қазақ әдебиеті тарихында қашанда кұрметпен аталады.



  1. Сәбит Дөнентаев шығармашылық өмірбаяны.Сәбиттің «Заман кімдікі?», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Боз торғай», «Ауырған арыстан», «У жеген қасқырға», «Қиялым», «Балалықты сағыну», «Екібаста», “Бұлбұлға» өлеңдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет