Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық жəне кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан əрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне
техникалық жəне кəсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды
белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде əскери, арнаулы оқу орындары
(бұдан əрі – ƏАОО) жəне білім беру бағдарламаларын əзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет – өзін-өзі жəне жеке қызметін басқару қабілеттілігі,
өзін-өзі ынталандыруға жəне өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін
құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) оқу жоспарының моделі – техникалық жəне кəсіптік білім беру
мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын
оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
4) модуль – білім беру бағдарламасының тəуелсіз, өзіндік жеткілікті жəне
толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру
негізінде оқу процесін ұйымдастыру тəсілі;
6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі,
сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;
2
7) кəсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым
жалпылама параметрлерін (мамандықтың бейіні, кəсіптік біліктілік деңгейі,
базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кəсіптер мен
мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нəтижелерін жəне
мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тəсілдері
мен əдістерін, оқыту нəтижелерін бағалаудың өлшемшарттарын қамтитын
білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
9) кəсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кəсіптік
қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде
маманның кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
10) кəсіптік практика – болашақ кəсіптік қызметпен байланысты белгілі
бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды
бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге жəне дамытуға
бағытталған оқу қызметінің түрі;
11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу
пəндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын
жəне оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі
мен іскерлігін бақылауды жəне кəсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін
үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымы
əзірлейтін құжат;
12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін
үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пəні (модулі)
үшін техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары əзірлейтін құжат, əскери,
арнаулы оқу орындарында жұмыс оқу бағдарламасы силлабус деп аталады;
13)
үлгілік оқу жоспары – техникалық жəне кəсіптік білім беру
ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу
пəндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының
моделі негізінде əзірленетін құжат;
14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пəні
(модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік жəне дағдының мазмұны
мен көлемін айқындайтын құжат;
15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пəндерінің (модульдерінің)
жиынтығы;
16)
кредиттік оқыту технологиясы –
кредитті білім алушы мен
оқытушының оқу жұмысының көлемін сəйкестендірілген өлшеу бірлігі ретінде
пайдалана отырып, білім алушылардың пəндерді (модульдерді) таңдауы жəне
өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;
17) дуальді оқыту – кəсіпорынның, оқу орнының жəне білім алушының
жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды
кəсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып жəне өтемақы
төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен
ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
3
18)
эксперименттік білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа
технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге
бағытталған бағдарламалар;
19)
кəсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада
кəсіптік қызметті жүргізуіне жəне (немесе) нақты кəсіп
немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік
беретін білімді, іскерлікті, дағдыларды жəне құзыреттерді
алуына бағытталған білім беру түрі;
20)
кəсіптік даярлау – техникалық жəне кəсіптік білім
беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын
мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен
оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды
көздейтін бөлігі;
21)
ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар
(балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы
немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім
беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру
бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
22)
инклюзивті білім беру – ерекше білім беру
қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып,
барлық білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуін
қамтамасыз ететін процесс;
23)
техникалық жəне кəсіптік білім беру – білікті
жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға
бағытталған білім беру;
24)
эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық
технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан
өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
25) əскери тағылымдама – болашақ кəсіби қызметпен байланысты
функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті
бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге жəне дамытуға
бағытталған əскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі;
26) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке басына жəне кəсіби
біліктілігіне қойылатын жалпылама талаптарды айқындайтын құжат. Бұл
4
модель кəсіптік даярлықты талап ететін белгілі бір еңбекті орындау бойынша
қызметкердің тұлғалық əлеуетінің моделі.
3. «Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген
бөлімде техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына,
базалық, кəсіптік құзыреттерге жəне білім беру ұйымдарында білім
алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.
4.
«Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде
техникалық жəне кəсіптік білімнің беру бағдарламаларының мақсаты,
құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы жəне оларды меңгерудің
нормативтік мерзімдері айқындалған.
5. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын
талаптар» деген бөлімде кешкі жəне сырттай оқыту нысандары үшін апталық
оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, бақылау нысандары, міндетті оқу
уақытының көлемі көрсетілген.
6. Техникалық жəне кəсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы
стандартқа, сондай-ақ:
1) оқу-бағдарламалық құжаттамаларға – оқу жоспарының моделіне,
үлгілік жəне оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу
жоспарларына, сондай-ақ оқу процесін оқу-əдістемелік сүйемелдеу кешеніне;
2) білім беру бағдарламаларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уəкілетті органы
бекіткен басқа да нормативтік құқықтық жəне құқықтық актілерге:
4) ƏАОО ведомстволық бағынысты тиісті уəкілетті мемлекеттік
органдардың басқа да нормативтік құқықтық жəне құқықтық актілеріне сəйкес
жүзеге асырылады.
2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
7. Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
мазмұнына жəне білім алушылар даярлығының біліктілік деңгейіне қарай
Ұлттық біліктілік шеңберіне сəйкес мыналарды:
1) өз бетінше жоспарлауды, міндеттерді айқындауды, технологиялық
процесс учаскесі жəне алға қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілік пен
соңғы нəтижеге қол жеткізуді болжайтын кəсіпорын қызметінің стратегиясы
шеңберінде бағынысты
қызметкерлердің
нормаларды
іске
асыруын
ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін атқарушылық, басқарушылық қызметті
басшылықпен іске асыру жөніндегі құзыреттерді;
2) белгіленген норманы орындау тəсілін өз бетінше айқындай білу, еңбек
заттары мен құралдарын қолдану, қарапайым міндеттерді орындау жөнінде
шешімдер қабылдау, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, алған
тапсырмаларды нақтылау іскерлігін;
5
3) заттың өзгеру технологиялары, еңбекті жоспарлау жəне ұйымдастыру,
тапсырманы өз бетінше орындау туралы, қарамағындағыларға міндеттер
жүктеу, олардың қызмет нəтижелерін бағалау жəне талдау, кəсіптік қызметтің
типтік жағдайларында қарамағындағы қызметкерлердің кəсіби шеберлігін
арттыруын ынталандыру, кəсіби міндеттерді қою жəне оларды шешу тəсілдері,
қағидаттары жəне əдістері, қарым-қатынастар этикасы мен психологиясы,
ойлау жəне қызмет рефлексиясы, еңбекті уəждеу жəне ынталандыру тəсілдері,
кəсіптік жағдайларды жүйелі талдау тəсілдері жəне жобалау əдіснамасы,
басқарушылық шешімдер қабылдау тəсілдері туралы білімдерді меңгеруге
бағытталуы тиіс.
ƏАОО-да техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға бағытталған.
8. Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың
даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) білім алушылар оқуды аяқтағаннан жəне қорытынды аттестаттаудан
өткеннен кейін нақты мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген
жəне/немесе жоғары деңгейін (разряд, санат) беру;
2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан жəне
қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманы біліктілігін беру;
3) білім алушылар жоғары колледжде оқытуды аяқтағаннан жəне
қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін қолданбалы бакалавр (кіші инженер)
біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.
9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сəйкес болуы қажет
жəне мынадай:
1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар
даярлау;
2) əскери, медициналық
мамандықтар
жəне мəдениет, өнер
мамандықтары бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі
мүмкін.
10. Білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу
бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:
1) эксперименттік режимдегі жұмыс;
2) кəсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғарғы деңгейдегі орта
буын мамандарын даярлау;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар
даярлау;
4)
əскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау жағдайларында
ерекшеленуі мүмкін.
Оқу процесін жоспарлау кезінде техникалық жəне кəсіптік білім беру
мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларының əзірлеушілері осы
стандартқа 1-қосымшаға сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім берудің оқу
жоспарының моделін басшылыққа алады
6
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
11. Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының
мазмұны мыналарды:
1) жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып
табылатын жалпы білім беретін пəндер бойынша интеграцияланған курстарды
зерделеуді, кəсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан жəне
кəсіптік практикадан өтуді;
2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы
кəсіптік, арнайы пəндерді зерделеуді, кəсіптік дағдыларды игеру жəне бекіту
бойынша өндірістік оқудан жəне кəсіптік практикадан өтуді;
3)
жоғары
оқу
орындарының 1-2-курстарының
білім
беру
бағдарламаларымен интеграцияланған техникалық жəне кəсіптік білімнің білім
беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді;
4)
ƏАОО-да
техникалық
жəне
кəсіптік
білімнің
білім
беру
бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, əлеуметтік-экономикалық,
жалпы кəсіптік, арнайы пəндерді оқуды жəне əскери тағылымдамадан өтуді
көздейді.
12.Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мақсаты:
1) нақты біліктілік алуға жəне біліктілік деңгейін арттыруға қажетті
құзыреттерді қалыптастыру;
2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының
үздіксіздігі жəне сабақтастығы;
3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сəйкес келетін,
жалпы оқу-тəрбие процесінің барысында қалыптастырылатын базалық
құзыреттерді игеруі;
4) білім алушылардың кəсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сəйкес келетін
кəсіптік құзыреттерді игеруі.
13. Техникалық жəне кəсіптік білім берудің құндылықтары:
1) кəсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа
қабілеттілік, кəсіптік білімді дамытуға жəне кəсіптік қызмет нəтижелері үшін
жауапкершілікті қабылдау;
2) кəсіптік ұтқырлықты, бəсекеге қабілеттілікті жəне қазіргі қоғамда
əлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін білім, іскерлік жəне дағдылар,
қасиеттер мен қабілеттер;
3) маманның кəсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің
нəтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің,
іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындығы.
14. Білім беру бағдарламаларын əзірлеу мен іске асыру кезінде
техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары:
1) циклдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының
көлемін 30 %-ға дейін жəне міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай
7
отырып, əрбір пəн (модуль) бойынша 30 %-ға дейін жəне өндірістік оқыту үшін
50 %-ға дейін өзгертуі;
2) оқытудың əртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен
бақылау нысандарын, əдістерін таңдауы;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сəйкес оқу бағдарламаларының
мазмұнын жалпы білім беретін пəндер бойынша 30 %-ға дейін жəне арнайы
жəне жалпы білім беретін пəндер (модульдер), өндірістік оқыту мен кəсіптік
практика бойынша 50 %-ға дейін өзгертуі мүмкін. Жұмыс берушілердің
талаптары бойынша жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер цикліне міндетті
оқытуға арналған жалпы сағаттар санын сақтай отырып, қосымша пəндер
(модульдер) енгізуі;
4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу жəне білім
алушыларды аралық аттестаттау нысанын, тəртібін жəне кезеңділігін таңдауы
мүмкін.
15. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламалары міндетті
пəндермен қатар, білім беру ұйымдары айқындайтын пəндерді, факультативтік
сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке
қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
16. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруды
базалық жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімі бар, оқытылатын пəн бейініне
сəйкес келетін əрі педагогикалық жəне əдістемелік қызметпен жүйелі түрде
айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ қажет болған
жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кəсіптік білімі бар, оқытылатын
пəн бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.
17. Кəсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:
1) жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндерді оқытуды;
2) жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша зертханалық-
практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқыту мен кəсіптік практиканы өтуді;
4) курстық жəне дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды;
5) ƏАОО-да əскери тағылымдамадан өтуді қамтиды.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы
оқу процесі теориялық сабақтарды жəне оқу-өндірістік
шеберханаларда, оқу
шаруашылықтары
мен
оқу
полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен
орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі жəне тиісті
бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.
Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу
шаруашылықтарында, оқу полигондарында жəне өндірісте өндірістік оқыту
8
шеберінің, арнайы пəн оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның
жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Кəсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер
ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі жəне кəсіптік құзыреттерді
қалыптастыруға бағытталған.
ƏАОО-да кəсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пəндер
бойынша практикалық жəне əдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды
сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығу кезінде, далалық жорықтар кезінде
өткізу жоспарланады, теориялық оқу процесінде алынған білімдерді бекітуге
бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сəйкес практикалық
дағдылар мен кəсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық
сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу
процесінің жұмыс кестесінде жəне жұмыс оқу бағдарламаларында
айқындалады.
Кəсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары
мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.
Практикалық даярлық (білім беру ұйымы айқындайтын пəндер бойынша,
жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша зертханалық-практикалық
сабақтар, өндірістік оқыту, кəсіптік практика, курстық жəне дипломдық
жобалау) міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын
құрауы тиіс (жалпы білім беретін жəне əлеуметтік-экономикалық пəндерді
ескермегенде).
ƏАОО-да кəсіби практика жəне əскери тағылымдама міндетті оқытудың
оқу уақыты жалпы көлемінің кемінде 40%-ын қамтуы тиіс.
Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық жəне кəсіптік білімнің білім
беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды жəне
кемінде алпыс пайыз (60%)кəсіпорын базасында өндірістік
оқытуды,
практиканы көздейді.
18. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу
əдебиеттері мен оқу-əдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның
ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио жəне бейне материалдардың,
əдістемелік көрнекі құралдардың жəне пəндер, кəсіптік практикалар, жазбаша-
біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен
қамтамасыз етіледі.
19.
Оқу процесін материалдық-техникалық жəне оқу-əдістемелік
қамтамасыз ету білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген нормативтік
талаптарға сəйкес болуы тиіс.
20. Білім беру бағдарламаларының тəрбиелік компоненттері білім
алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен
азаматтылықты
қалыптастыруға, жан-жақты
қызығушылықтары
мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған.
21. Техникалық жəне кəсіптік білім беру мазмұнын ұйымдастыру
тəсілдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде
9
əзірленетін білім беру бағдарламаларымен анықталады.
22.
Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарында көрсетілетін
техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік
мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделілігіне жəне білім
алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді жəне күндізгі оқу
нысаны кезінде:
1) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу
мерзімін;
2) негізгі орта білім базасында –
жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай,
2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін;
3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл
6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
4) техникалық жəне кəсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл
10 ай оқу мерзімін;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай
оқу мерзімін;
6) ƏАОО үшін жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен
кейінгі жəне жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне
байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды.
23.
Кешкі жəне сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу
сабақтарының оқу уақытының көлемі тиісінше 70 %-ды жəне күндізгі оқыту
нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ын құрайды.
4.Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
24. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі
оқыту нысанында аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса
алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
25. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы
көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен
айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пəндер бойынша
сабақтар мен консультациялар кірмейді).
ƏАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде,
полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу
сабақтарының 48 сағатына дейін, əскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде
40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады жəне мамандықтың ерекшелігіне
байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул
уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде əскери мамандықтардан басқа, қысқы
мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту бойынша
10
кəсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кəсіпорындарда
практикадан өте алады.
Факультативтік пəндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес
көлемде көзделеді.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар
əрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді
жəне консультациялар емтихандар мен курстық жəне дипломдық жұмыстарды
орындау түрінде аралық жəне қорытынды аттестаттау көзделген пəндер
бойынша, сондай-ақ кəсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді
ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдеріне арналып жоспарланады.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
аралық аттестаттау;
білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
əскери мамандықтарды қоспағанда, кəсіптік даярлық деңгейін бағалау
жəне біліктілікті беру көрсетіледі.
Жалпы гуманитарлық, əлеуметтік-экономикалық, жалпы кəсіптік жəне
арнайы пəндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім
алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік жəне құзырет деңгейіне қойылатын
талаптарға сəйкес айқындалады.
Бақылау жұмыстары пəнді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен
жүргізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер
бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады жəне оларды
оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық
жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық
жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі
Барлық пəндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ,
тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пəнді оқытуға бөлінген оқу
уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде
өткізіледі.
ƏАОО үшін барлық пəндер бойынша аралық аттестаттау өткізу
көзделген, оның негізгі нысаны емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пəндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, əдебиет,
Қазақстан тарихы, математика жəне техникалық жəне кəсіптік білім беру
ұйымдары таңдаған пəн бойынша емтихан өткізуді көздейді
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (əр оқу
курсынан кейін) нақты мамандық бойынша қол жеткізген кəсіптік біліктілік
деңгейі (разряд, сынып санат) беріледі.
Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кəсіптік білім беру
бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
11
Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
қорытынды аттестаттау:
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
кəсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
ƏАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пəн бойынша кешенді
емтихан тапсыруды қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың
толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша
білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары:
жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша емтихан тапсыру немесе
дипломдық жобаны орындау жəне қорғау, немесе дипломдық жұмысты
орындау жəне қорғау, немесе арнайы пəндердің бірінен қорытынды аттестаттау
емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау жəне қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау
нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан асырылмай
айқындалады.
Мамандықтар бойынша кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне
біліктілікті беру (бұдан əрі – КДДББ) екі кезеңнен:
1) кəсіптік даярлықты анықтайтын пəндер бойынша теориялық
тестілеуден;
2) біліктілік
деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды
орындаудан тұрады.
КДДББ ƏАОО-да өткізілмейді.
Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау жəне қорытынды аттестаттау)
бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты
диплом алдындағы (біліктілік) практиканың ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына
сəйкес жоспарланады.
26. Оқу пəндерін зерделеудің дəйектілігін белгілеу, олардың əрқайсысы
бойынша оқу уақытын курстарға жəне семестрлерге бөлу пəнаралық
байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы пəндердің тізбесін айқындау жəне оларды зерделеуді жоспарлау
кезінде көрсетілген пəндерді зерделеу бəсекеге қабілетті мамандарды
даярлауды жəне келешектегі кəсіптік қызметтерінің негізгі түрлері бойынша
немесе нақты сала ерекшеліктеріне сəйкес интеграциялау мүмкіндігін
қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Əлеуметтік-
экономикалық пəндер циклі 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен
орта буын мамандарын даярлауда іске асырылады. Осы циклдің жекелеген
пəндері жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндермен интеграциялануы мүмкін.
ƏАОО-да əлеуметтік-экономикалық пəндер циклі тиісті уəкілетті
мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес орта буын
мамандарын даярлау кезінде іске асырылады.
12
«Дене тəрбиесі» бойынша сабақтар міндетті болып табылады жəне
аптасына 4 сағаттан асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады,
олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге
бөлінуі мүмкін. «Дене тəрбиесі» курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік
уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
ƏАОО үшін «Дене шынықтыру дайындығы» бойынша сабақтар міндетті
болып табылады жəне аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады (мамандығына
байланысты). Əрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт
секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Алғашқы əскери дайындыққа 100 сағаттан асырылмай бөлінеді, оның
ішінде 36 сағат оқу-дала (лагерьлік) жиындарын өткізуге беріледі. «Өмір
қауіпсіздігі негіздері» курсы «Алғашқы əскери дайындық» оқу курсы
шеңберінде іске асырылады.
Оқу-дала (лагерьлік) жиындары өткізілетін орынды денсаулық сақтау
органдарымен жəне төтенше жағдайлар басқармаларымен келісім бойынша
қалалық жəне облыстық білім беру органдары айқындайды.
_____________________________
1
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
қосымша
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
(жоғарғы біліктілік деңгейі үшін)
(орта буын маманының деңгейі үшін)
Академиялық сағат/кредит
Р/с
№
Циклдердің,
пəндердің
(модульдер)
жəне
оқу
жұмыстарының
атауы
Оқыту мерзімі
негізгі
орта
білім
базасын-
да
жалпы
орта
білімсіз
негізгі орта білім негізінде
жалпы орта білім негізінде
орта
білімнен
кейінгі,
жоғары
білім
негізінде
техникалық жəне
кəсіптік білім
негізінде*
1
ж
ы
л
1
0
ай
1
ж
ы
л
1
0
ай
2
ж
ы
л
6
ай
2
ж
ы
л
1
0
ай
3
ж
ы
л
6
ай
3
ж
ы
л
1
0
ай
1
0
ай
1
ж
ы
л
6
ай
1
ж
ы
л
1
0
ай
2
ж
ы
л
6
ай
2
ж
ы
л
1
0
ай
1
0
ай
1
ж
ы
л
6
ай
1
0
ай
1
ж
ы
л
6
ай
1
ж
ы
л
1
0
ай
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
1
Жалпы білім
беру пəндері
(модульдер)
524
1448
1448
1448
1448
1448
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
2
Жалпы
гуманитарлық
пəндер
-
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
2
(модульдер)
Кəсіптік қазақ
(орыс) тілі
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
+
Кəсіптік шет
тілі
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
3
Əлеуметтік-
экономикалық
пəндер
(философия,
экономика,
құқық негіздері
жəне
мəдениеттану)
-
-
-
+
+
+
-
+
+
+
+
-
+
-
+
+
4
Жалпы кəсіптік
пəндер
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
5
Арнайы пəндер
(модульдер)
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
6
Білім беру
ұйымы
айқындайтын
пəндер
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
7
Өндірістік
оқыту жəне
кəсіптік
практика
оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %**
8
Аралық
аттестаттау
9
Қорытынды
аттестаттау
9.1
Білім беру
ұйымында
оқытудың
толық
курсының
қорытындысы
аттестаттау
2 аптадан аспайды
3
9.2
Кəсіптік
даярлық
деңгейін
бағалау жəне
біліктілікті беру
бір топқа кемінде 12 сағат
10
Консультация
Оқу жылына 100 сағаттан аспайды
11
Факультативтік
сабақтар
Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан аспайды
Б
ар
лы
ғы
*
*
*
*
3
3
1
2
/6
6
3
3
1
2
/6
6
4
3
2
0
/8
6
4
9
6
0
/1
0
0
5
8
0
0
/1
1
6
6
5
8
8
/1
3
2
1
6
5
6
/3
3
2
6
8
0
/5
4
3
3
1
2
/6
6
4
3
2
0
/8
6
4
9
6
0
/1
0
0
1
6
5
6
/3
3
2
6
8
0
/5
4
1
6
5
6
/3
3
2
6
8
0
/5
4
3
3
1
2
/6
6
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім беру деңгейіне жəне оқу бейініне байланысты белгіленеді;
** оның ішінде жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық
жəне дипломдық жобалау;
***орта буын мамандарын даярлау кезінде оқыту уақыты 180 сағаттан аспайтын əлеуметтік-экономикалық
пəндер циклі іске асырылады. Аталған циклдің жеке пəндері жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндермен
(модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;
**** кредитті есептеу үшін академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут болып белгіленеді.
Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны кəсіптік стандарттар негізінде жəне Ұлттық біліктілік
шеңберіне сəйкес біліктілік деңгейін меңгеруге бағытталған.
____________________________
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |