№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


Орта білімнен кейінгі білім берудің



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

Орта білімнен кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты (бұдан  əрі – стандарт) «Білім  туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі

Қазақстан  Республикасының  Заңына  сəйкес  əзірленді  жəне  орта  білімнен

кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы  стандартты  меншік  нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына

қарамастан  орта  білімнен  кейінгі  білім  берудің  білім  беру  бағдарламаларын

іске  асыратын  білім  беру  ұйымдары  мен  білім  беру  бағдарламаларын

əзірлеушілер қолданады.

2.Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) базалық  құзырет – өзін-өзі  жəне  жеке  қызметін  басқару  қабілеттілігі,

өзін-өзі ынталандыруға жəне өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;

2) біліктілік – алынған  кəсіп  пен  мамандық  бойынша  қызметтің  белгілі

бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;

3) оқу  жоспарының  моделі – орта  білімнен  кейінгі  білім  беру

мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу

жоспарын ұсынудың нысаны;

4) модуль – білім беру бағдарламасының тəуелсіз, өзіндік жеткілікті жəне

толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;

5) модульдік  оқыту – модульдік  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру

негізінде оқу процесін ұйымдастыру тəсілі;

6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі,

сырттай) бойынша оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;


2

7) 


кəсіптер  мен  мамандықтардың  тізбесі  –  оқытудың  неғұрлым

жалпылама  параметрлерін (мамандықтың  бейіні, кəсіптік  біліктілік  деңгейі,

базалық  білім  беруге  байланысты  оқыту  мерзімі) айқындайтын  кəсіптер  мен

мамандықтардың жүйеленген тізілімі;

8) білім  беру  бағдарламасы – оқыту  мақсаттарын, нəтижелерін  жəне

мазмұнын, білім  беру  процесін  ұйымдастыруды, оларды  іске  асыру  тəсілдері

мен  əдістерін, оқыту  нəтижелерін  бағалаудың  өлшемшарттарын  қамтитын

білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

9) кəсіптік  құзырет – білім, іскерлік  пен  дағдылар, сондай-ақ  кəсіптік

қызметті  тиімді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жеке  қасиеттер  негізінде

маманның кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;

10) кəсіптік  практика – болашақ  кəсіптік  қызметпен  байланысты  белгілі

бір жұмыстың түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді,  дағдыларды

бекітуге, практикалық  дағдылар  мен  құзыреттерді  иемденуге  жəне  дамытуға

бағытталған оқу қызметінің түрі;

11) оқу  жұмыс  жоспары – білім  беру  ұйымының  басшысы  бекітетін  оқу

пəндерінің (модульдерінің) тізбесі  мен  көлемін, бірізділігін, қарқындылығын

жəне  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  нысандарын, білім  алушының  білімі

мен  іскерлігін  бақылауды  жəне  кəсіптік  даярлық  деңгейін  бағалауды

регламенттейтін үлгілік оқу  жоспарының негізінде  орта білімнен  кейінгі білім

беру ұйымы əзірлейтін құжат;

12) оқу жұмыс  бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін

үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пəні (модулі)

үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары əзірлейтін құжат;

13) үлгілік оқу жоспары – орта білімнен  кейінгі білім беру ұйымдарында

мамандықтар  мен  біліктіліктерге, оқыту  мерзіміне  қатысты  оқу  пəндерінің

(модульдерінің) тізбесі  мен  көлемін  белгілейтін, оқу  жоспарының  моделі

негізінде əзірленетін құжат;

14) үлгілік  оқу  бағдарламасы – үлгілік  оқу  жоспарының  нақты  пəні

(модулі)  бойынша  меңгерілуге  тиіс  білім, іскерлік  жəне  дағдының  мазмұны

мен көлемін айқындайтын құжат;

15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пəндерінің (модульдерінің)

жиынтығы;

16) дуальді  оқыту – кəсіпорынның, оқу  орнының  жəне  білім  алушының

жауапкершіліктері  тең  болған  кезде  білім  беру  ұйымындағы  оқытуды

кəсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына отырып жəне өтемақы

төлемін  төлей  отырып  оқыту  мен  практиканың  міндетті  кезеңдерімен

ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

17) кредиттік  оқыту  технологиясы – кредитті  білім  алушы  мен

оқытушының оқу жұмысының көлемін сəйкестендірілген өлшем бірлігі ретінде

пайдалана  отырып, білім  алушылардың  пəндерді (модульдерді) таңдауы  жəне

өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;



3

18) қолданбалы  бакалавриат – білім  беру  бағдарламалары «қолданбалы»

бакалавр  біліктілігін  бере  отырып, кадрлар  даярлауға  бағытталған  орта

білімнен кейінгі білім;

19) қолданбалы  бакалавр – орта  білімнен  кейінгі  білімнің  білім  беру

бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;

20) эксперименталдық  білім  беру  бағдарламалары – оқытудың  жаңа

технологияларын  сынақтан  өткізуге, білім  берудің  жаңа  мазмұнын  енгізуге

бағытталған бағдарламалар.

3. «Білім  алушылардың  даярлық  деңгейіне  қойылатын  талаптар» деген

бөлімде  орта  білімнен  кейінгі  білімнің  білім  беру бағдарламаларына, базалық,

кəсіптік құзыреттерге жəне білім беру ұйымдарында білім алушыларды даярлау

деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.

4. «Білім беру ма змұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде білім беру

бағдарламаларының  мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске  асырылуы  мен

құрылымы жəне орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерудің

нормативтік мерзімдері айқындалған.

5. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын

талаптар» деген бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, кешкі

жəне  сырттай  оқыту  нысандары  үшін  міндетті  оқу  уақыттарының  көлемін

бақылау нысаны көрсетілген.

6. Орта  білімнен  кейінгі  білімі  бар  кадрларды  даярлау  осы  стандартқа,

сондай-ақ мыналарға:

1) оқу-бағдарламалық  құжаттарға – оқу  жоспарының  моделіне, үлгілік

жəне оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке  оқу жоспарларына;

2) білім беру бағдарламаларына;

3) Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органы

бекіткен  басқа  да  нормативтік  құқықтық  жəне  құқықтық  актілерге  сəйкес

жүзеге асырылады.

2. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын

талаптар

7. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы

орта  немесе  техникалық  жəне  кəсіптік) білімі  бар  азаматтардың  қатарынан

білікті  жұмысшы  кадрлар, орта  буын  жəне  қолданбалы  бакалавр  мамандарын

даярлауға бағытталуы тиіс.

8. Орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушылардың

даярлық  деңгейіне  қойылатын  талаптар  оқыту  аяқталған  соң  қолданбалы

бакалавр (кіші инженер) біліктілігін беру мүмкіндігін көздейді.

9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сəйкес болуы қажет

жəне мынадай:



4

ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;

əскери, медициналық мамандықтар жəне əдебиет пен өнер мамандықтары

бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.

Білім  беру  ұйымдарының  оқу  жұмыс  жоспарлары  мен  оқу

бағдарламалары үлгілік оқу жоспарларынан мынадай:

эксперименталды режимдегі жұмыс;

кəсіптік  білім  беру  базасында  қолданбалы  бакалавриат, орта  буын,

жоғары деңгей мамандарын даярлау;

ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  адамдар  қатарынан  мамандар  даярлау

жағдайларында өзгеше болуы мүмкін.

Оқу  процесін  жоспарлау  кезінде  орта  білімнен  кейінгі  білім  берудің

əзірлеушілері  осы  стандартқа 1-қосымшаға  сəйкес  орта  білімнен  кейінгі  білім

берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.



3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

10. Орта  білімнен  кейінгі  білімнің  білім  беру  бағдарламаларының

мазмұны мыналарды:

1) жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып

табылатын жалпы білім  беретін пəндер бойынша  интеграцияланған курстарды

зерделеуді, кəсіптік  дағдыларды  меңгеру  бойынша  өндірістік  оқудан  жəне

кəсіптік практикадан өтуді;

2) жалпы  білім  беретін, жалпы  гуманитарлық, экономикалық, жалпы

кəсіптік, арнайы  пəндерді  зерделеуді, кəсіптік  дағдыларды  игеру  жəне  бекіту

бойынша өндірістік оқудан жəне кəсіптік практикадан өтуді;

3) 

техникалық  жəне  кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімнің



интеграцияланған, модульдік 

бағдарламаларын 

жəне 

бакалавриаттың



жекелеген пəндерін зерделеуді;

4) аралық  аттестаттау  қорытындылары  бойынша  кəсіптік  даярлық

деңгейін бағалау негізінде:

біліктілік (разряд, сынып, санат);

күрделі (аралас) кəсіптер бойынша біліктіліктің жоғары деңгейін;

орта буын маманы біліктілігін;

5) оқыту  аяқталғаннан  кейін  қолданбалы  бакалавр (кіші  инженер)

біліктілігін беруді көздейді.

Бұл  ретте, орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  бағдарламалары  модульдік

оқыту қағидаты бойынша құрылады.

11. Орта білімнен кейінгі білімнің мақсаты:

1) нақты  біліктілік  алуға  жəне  біліктілік  деңгейін  арттыруға  қажетті

құзыреттерді қалыптастыру;


5

2) біліктілік  деңгейлерінің  төменнен  жоғарыға  қарай  дамуының

үздіксіздігі жəне сабақтастығы;

3) білім  алушылардың  маманның  біліктілік  деңгейіне  сəйкес  келетін,

жалпы  оқу-тəрбие  процесінің  барысында  қалыптастырылатын  базалық

құзыреттерді игеруі;

4) білім алушылардың кəсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сəйкес келетін

кəсіптік құзыреттерді игеруі.

12. Орта білімнен кейінгі білім берудің құндылықтары:

1) кəсіби  қызметтегі  шығармашылыққа, басқарудағы  бастамашылыққа

қабілеттілік, кəсіптік  білімді  дамытуға  жəне  кəсіптік  қызмет  нəтижелері  үшін

жауапкершілікті қабылдау;

2) кəсіптік  ұтқырлықты, бəсекеге  қабілеттілікті  жəне  қазіргі  қоғамда

əлеуметтік  қорғалуды  қамтамасыз  ететін  білім, іскерлік  пен  дағдылар,

қасиеттер мен қабілеттер;

3) маманның  кəсіптік  қызметті  өз  бетінше  орындауға, өз  еңбегінің

нəтижелерін  бағалауға, қызметтің  негізгі  міндеттерін, сондай-ақ  білімнің,

іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындық.

13. Білім  беру  бағдарламаларын  əзірлеу  жəне  іске  асыру  кезінде  орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының:

1) циклдер  үшін  оқу  материалын  меңгеруге  бөлінетін  оқу  уақытының

көлемін 30 %-ға  дейін  жəне  міндетті  оқытуға  жалпы  сағат  санын  сақтай

отырып, жалпы  білім  беретін  пəндерден  басқа  əрбір  пəн (модуль) бойынша

30 %-ға  дейін (оқытудың  дуальді  нысаны  кезінде  жалпы  кəсіптік, арнайы

пəндер (модульдер), өндірістік  оқыту  жəне  өндірістік  практика  циклдері  үшін

оқу  материалын  меңгеруге  бөлінген  оқу  уақытының  көлемін 50 %-ға  дейін)

өзгерту;

2) оқытудың  əртүрлі  технологияларын, оқу  процесін  ұйымдастыру  мен

бақылау нысандарын, əдістерін таңдау;

3) жұмыс  берушілердің  сұраныстарына  сəйкес  жалпы  білім  беретін

пəндерден  басқа, пəндер (модульдер) жəне  практика  бойынша  оқу  жұмыс

бағдарламаларының  мазмұнын 50 %-ға  дейін  өзгерту. Жұмыс  берушілердің

талаптары  бойынша  жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндер  цикліне  міндетті

оқытуға  арналған  жалпы  сағаттар  санын  сақтай  отырып, қосымша  пəндер

(модульдер) енгізу;

4) білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылау  жүргізу  жəне  білім

алушыларды  аралық  аттестаттау  нысанын, тəртібін  жəне  кезеңділігін  таңдау

мүмкіндігі бар.

14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары міндетті  пəндермен

қатар  білім  беру  ұйымдары  айқындайтын  пəндерді, факультативтік  сабақтар

мен консультацияларды қамтиды.

Консультациялар  мен  факультативтік  сабақтар  білім  алушылардың  жеке

қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.


6

15. Орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыруды

базалық жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімі бар, оқытылатын пəн бейініне

сəйкес  келетін  əрі  педагогикалық  жəне  əдістемелік  қызметпен  жүйелі  түрде

айналысатын  инженерлік-педагогикалық  кадрлар, сондай-ақ  қажет  болған

жағдайда  базалық жоғары немесе техникалық, кəсіптік білімі бар, оқытылатын

пəн бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.

16. Кəсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:

1) жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндерді оқытуды;

2) жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндер  бойынша  зертханалық-

практикалық сабақтарды орындауды;

3) өндірістік оқыту мен кəсіптік практикадан өтуді;

4) курстық жəне дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды қамтиды.

Өндірістік  оқыту  оқу-өндірістік  шеберханаларда, зертханаларда, оқу

шаруашылығы  мен  оқу  полигондарында  өндірістік  оқыту  шеберінің

жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Оқу  практикасы  оқу-өндірістік  шеберханаларда, зертханаларда, оқу

шаруашылықтарында, оқу  полигондары  мен  өндірісте  өндірістік  оқыту

шеберінің, арнайы пəндер оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның

басшылығымен жүзеге асырылады.

Кəсіптік  практика  тиісті  ұйымдарда  шарт  негізінде  жұмыс  берушілер

ұсынатын  жұмыс  орындарында  өткізіледі  жəне  кəсіптік  құзыреттерді

қалыптастыруға бағытталған.

Кəсіптік  практикадан  өту  кезеңінде  біліктілік  емтиханын  тапсырумен

бірге білім алушының бір немесе бірнеше ұқсас біліктіліктерді игеруі көзделеді.

Кəсіптік  практика  аяқталғанда  білім  алушыға  қол  жеткізілген  кəсіптік

біліктілік деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.

Кəсіптік  практиканың  мерзімдері  мен  мазмұны  жұмыс  оқу  жоспарлары

мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.

Практикалық даярлық (білім беру ұйымы айқындайтын пəндер бойынша,

жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндер  бойынша  зертханалық-практикалық

сабақтар, өндірістік  оқыту, кəсіптік  практика, курстық  жəне  дипломдық

жобалау) міндетті  оқытудың  жалпы  оқу  уақыты  көлемінің  кемінде 40 %-ын

құрауы  тиіс (жалпы  білім  беретін, əлеуметтік-экономикалық  пəндерді

ескермегенде).

Дуальді  оқыту  пайдаланылатын  техникалық жəне  кəсіптік білімнің  білім

беру  бағдарламалары  білім  беру  ұйымдарындағы  теориялық  оқытуды  жəне

кемінде  алпыс  пайыз (60 %) кəсіпорын  базасында өндірістік  оқытуды,

практиканы көздейді.

17. Орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  оқу

əдебиеттері  мен  оқу-əдістемелік  құралдардың  кітапханалық  қорының, оның

ішінде: электрондық  оқу  құралдарының, аудио  жəне  бейне  материалдардың,

əдістемелік көрнекі құралдардың жəне пəндер, кəсіптік практикалар, жазбаша-


7

біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен

қамтамасыз етіледі.

18. 


Оқыту 

процесін 

материалдық-техникалық,  оқу-əдістемелік

қамтамасыз ету білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген нормативтік

талаптарға сəйкес болуы тиіс.

19. 


Білім  беру  бағдарламаларының  тəрбиелік  компоненттері  білім

алушылардың  бойында  ұлттық  құндылықтарды  дарытуға, патриотизм  мен

азаматтылықты 

қалыптастыруға, жан-жақты 

қызығушылықтары 

мен


қабілеттерін дамытуға бағытталған.

20. Орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  деңгейінде  оқу  мазмұнын

ұйымдастыру тəсілдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары

негізінде əзірленетін білім беру бағдарламаларымен айқындалады.

21. Мамандықтар  бойынша  үлгілік  оқу  жоспарларында  көрсетілетін  орта

білімнен  кейінгі білім  беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі

күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделігіне жəне білім алушылардың

базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді жəне күндізгі оқу нысаны кезінде:

1)  жалпы  орта  білім  базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай,

2 жыл 10 ай оқу мерзімін;

2) техникалық жəне кəсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл  6 ай, 1 жыл

10 ай оқу мерзімін құрайды.

22. 

Кешкі  жəне  сырттай  оқыту  нысандары  үшін  міндетті  оқу



сабақтарының  оқу  уақытының  көлемі  тиісінше 70 %-ды  жəне  күндізгі  оқыту

нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ын құрайды.



4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары

көлеміне қойылатын талаптар

23. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аудиториялық

жəне аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда аптасына

54 сағаттан аспауы тиіс.

24. Күндізгі  оқу  нысаны кезінде міндетті  оқу  жүктемесі теориялық оқыту

мерзімі  үшін  аптасына 36 сағаттан  аспауы  тиіс  жəне  бұл  көрсетілген  көлемге

факультативтік пəндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді.

Оқу  жылы 1 қыркүйектен  басталады  жəне  мамандықтың  ерекшелігіне

байланысты  оқу  процесінің  ұйымдастырылуына  қарай  аяқталады. Каникул

уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде  əскери мамандықтардан басқа, қысқы

мерзімде – кемінде 2 аптаны  құрайды. Дуальді  оқыту  бойынша

кəсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кəсіпорындарда

практикадан өте алады.

Факультативтік  пəндер 1 оқу  тобына  аптасына 4 сағаттан  артық  емес

көлемде көзделеді.


8

Оқытудың  күндізгі  нысанында  білім  алушылар  үшін  консультациялар

əрбір  оқу  жылындағы  оқу  тобына 100 сағаттан  аспайтын  көлемде  көзделеді

жəне консультациялар емтихандар мен  курстық жəне дипломдық жұмыстарды

орындау  түрінде  аралық  жəне  қорытынды  аттестаттау  көзделген  пəндер

бойынша, сондай-ақ  кəсіптік  даярлық  деңгейін  бағалау  мен  біліктілік  беруді

ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдеріне арналып жоспарланады.

Оқу  процесінің  жоспарында  білім  алушылардың  білім  беру

бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:

1) аралық аттестаттау;

2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;

3) кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беру көрсетіледі.

Пəндер  бойынша  емтихандар  мен  бақылау  жұмыстарының  саны  білім

алушы  меңгеруі  тиіс  білім, іскерлік  жəне  құзырет  деңгейіне  қойылатын

талаптарға сəйкес айқындалады.

Бақылау  жұмыстары  пəндерді  зерделеуге  бөлінген  оқу  уақыты  есебінен

жүргізіледі.

Курстық  жобалар (жұмыстар) жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндер

бойынша  оқу  жұмысының  бір  түрі  ретінде  қарастырылады  жəне  оқытуға

бөлінген  оқу  уақыты  шегінде  орындалады. Семестрдегі  курстық  жобалардың

(жұмыстардың) саны  біреуден  аспауы  тиіс. Қосымша  бір  курстық  жұмыс

(жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі.

Барлық  пəндер  бойынша  негізгі  нысандары: бақылау  жұмысы, сынақ,

тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.

Бақылау  жұмыстары  мен  сынақтар  аталған  пəнді  оқытуға  бөлінген  оқу

уақытының  есебінен, емтихандар – аралық  аттестаттауға  бөлінген  мерзімде

өткізіледі.

Білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  аяқталғаннан  кейін  білім

алушылардың  даярлық  деңгейін  бағалау  үшін  қорытынды  аттестаттау

өткізіледі.

Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды

қорытынды аттестаттау:

1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;

2) кəсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.

Білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушыларды  аттестаттау  оқытудың

толық  курсының  қорытындысы  бойынша  білім  алушылардың  білім  беру

бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.

Білім  беру  бағдарламаларын  оқытуды  аяқтау  қорытындылары  бойынша

білім  беру  ұйымдарында  өткізілетін  аттестаттаудың  ықтимал  нысандары:

жалпы кəсіптік жəне (немесе) арнайы пəндер бойынша емтихан тапсыру немесе

дипломдық  жобаны  орындау  жəне  қорғау, немесе  дипломдық  жұмысты

орындау жəне қорғау, немесе арнайы пəндердің бірінен қорытынды аттестаттау

емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау жəне қорғау.


9

Білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау

нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан асырылмай

айқындалады.

Кəсіптік  даярлық  деңгейін  бағалау  жəне  біліктілікті  беру (бұдан  əрі –

КДДББ) екі кезеңнен:

кəсіптік  даярлықты  айқындайтын  пəндер  бойынша  теориялық

тестілеуден;

біліктілік  деңгейлері  бойынша  практикалық  тапсырмаларды  орындаудан

тұрады.


Өнер  жəне  мəдениет  саласының  мамандықтары  үшін  шығармашылық

тапсырмаларды орындау көзделеді.

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кəсіптік даярлық деңгейін

бағалау негізінде:

1) біліктілік (разряд, сынып, санат);

2) күрделі (аралас) кəсіптер  бойынша  біліктіліктің  жоғарылатылған

деңгейі беріледі.

КДДББ  нəтижелері  бойынша  біліктілік  комиссия  шешімінің  хаттамасы

негізінде  біліктіліктің  тиісті  деңгейлері  жəне  белгіленген  нысандағы

сертификат беріледі.

Практикалық емтихандар əрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен

жарақталған  өндірістік  алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда  немесе  оқу

орталықтарында өткізіледі.

Оқытуды  аяқтауға (дипломдық  жобалау  жəне  қорытынды  аттестаттау)

бөлінген  уақыт 8 аптадан  аспауы  тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың

ұзақтығы  мамандықтың  күрделілігі  мен  маманның  көзделген  біліктілік

деңгейіне байланысты 1 айдан 3 айға дейін жоспарланады.

25. Оқу  пəндерін  зерделеудің  бірізділігін  белгілеу, олардың  əрқайсысы

бойынша  оқу  уақытын  курстарға  жəне  семестрлерге  бөлу  пəнаралық

байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.

Арнайы пəндердің тізбесін айқындау жəне оларды зерделеуді жоспарлау

кезінде  көрсетілген  пəндерді  зерделеу  бəсекеге  қабілетті  мамандарды

даярлауды  жəне  келешектегі  кəсіптік  қызметтерінің  негізгі  түрлері  бойынша

немесе  нақты  сала  ерекшеліктеріне  сəйкес  интеграциялау  мүмкіндігін

қамтамасыз  етуге  бағытталғанын  басшылыққа  алу  қажет. Əлеуметтік-

экономикалық  пəндер  циклі 180 сағаттан аспайтын оқу  уақытының  көлемімен

орта  буын  мамандарын  даярлауда  іске  асырылады. Осы  циклдің  жекелеген

пəндері жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндермен интеграциялануы мүмкін.

«Дене  тəрбиесі» бойынша  сабақтар  міндетті  болып  табылады  жəне

аптасына 4 сағаттан  асырылмай (мамандыққа  байланысты) жоспарланады,

олардың 2 сағаты  екінші  курстан  бастап  спорт  секцияларында  сабақ  өткізуге

бөлінуі мүмкін. «Дене тəрбиесі» курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік

уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.


10

Алғашқы  əскери  дайындыққа 100 сағаттан  асырылмай, оның ішінде

36 сағат  оқу-далалық (лагерьлік) жиындарды  өткізуге  беріледі. «Өмір

қауіпсіздігі  негіздері» курсы «Алғашқы  əскери  дайындық» оқу  курсы

шеңберінде іске асырылады.

Оқу-далалық (лагерьлік) жиындар  өткізілетін  орынды  денсаулық  сақтау

органдарымен  жəне  төтенше  жағдайлар  басқармаларымен  келісу  бойынша

қалалық жəне облыстық білім беру органдары айқындайды.

___________________________________


1

Орта білімнен кейінгі білім

берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандартына

қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі



Академиялық  сағат/кредит

Ескертпе:

*оқу  мерзімі  білім  беру  деңгейіне  жəне  оқу  бейініне  байланысты

белгіленеді;

Р/с№

Циклдердің, пəндердің,



модульдер мен

 оқу жұмыстарының атауы

Оқыту мерзімі

жалпы орта білім негізінде

техникалық жəне кəсіптік

білім негізінде*

1

жыл


6 ай

1 жыл


10 ай

2

жыл



6 ай

2 жыл


10 ай

10 ай


1

жыл


6 ай

1 жыл 10 ай

1

2

3



4

5

6



7

8

9



1

Жалпы білім беру пəндері,

модульдер

-

-



-

-

-

-

-

2



Жалпы гуманитарлық

пəндер, модульдер

+

+

+



+

+

+



+

3

Əлеуметтік-экономикалық



пəндер, модульдер

+

-



+

+

+



+

-

4



Жалпы кəсіптік пəндер,

модульдер

+

+

+



+

+

+



+

5

Арнайы пəндер, модульдер



+

+

+



+

+

+



+

6

Білім беру ұйымы



айқындайтын пəндер мен

модульдер

+

+

+



+

+

+



+

7

Өндірістік оқыту жəне



кəсіптік практика

оқу  уақытының жалпы көлемінен кемінде  40 %**

8

Кəсіптік даярлық деңгейін



бағалау жəне біліктілікті

беру


бір топқа кемінде 12 сағат

9

Қорытынды  аттестаттау



9.1

Білім беру ұйымында

оқытудың толық курсының

қорытындысы бойынша

аттестаттау

10

Консультация



оқу жылына 100 сағаттан аспайды

11

Факультативтік сабақтар



аптасына 4 сағаттан аспайды

Б

ар



лы

ғы

2



6

8

0



/5

4

3



3

1

2



/6

6

4



3

2

0



/8

6

4



9

6

0



/1

0

0



1

6

5



6

/3

3



2

6

8



0

/5

4



3

3

1



2

/6

6



2

**оның  ішінде  жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндер  бойынша

зертханалық-практикалық сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалау;

*** орта  буын  мамандарын  даярлау  барысында  оқыту  уақыты

180 сағаттан аспайтын əлеуметтік-экономикалық пəндер циклі іске асырылады.

Аталған  циклдің  жеке  пəндері  жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндермен

(модульдермен) интеграцияланған болуы мүмкін;

**** кредитті  есептеу  үшін  академиялық  сағаттың  ұзақтығы 50 минут

болып белгіленеді.

Модульдік білім беру бағдарламаларының мазмұны  кəсіптік стандарттар

негізінде  жəне  Ұлттық  біліктілік  шеңберіне  сəйкес  біліктілік  деңгейін

меңгеруге бағытталған.

____________________________


1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

       2016 жылғы «  »

№      қаулысына

4-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет