Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан əрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне білім алушылардың даярлық
деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне жəне меншік
нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында,
оның ішінде əскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан əрі – ƏАОО) білім
алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды
айқындайды.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес
терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың
анықтамалары енгізілген:
1) жоғары арнаулы білім – нормативті оқу мерзімі кемінде 4 жыл,
теориялық оқудың кемінде 161 кредиті жəне кəсіби практиканың кемінде
6 кредиті міндетті түрде меңгерілетін, тиісті мамандық бойынша біліктілікті
бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білімнің білім беру
бағдарламасы;
2) бакалавриат – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша
«бакалавр» дəрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары
білім;
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру
бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды жəне
2
құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту
нəтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы
санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің жəне курсанттың (бұдан əрі –
студент) таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманы өз бетінше
зерделеу нəтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (бұдан əрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен
элективті пəндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің əр оқу
жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
6) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға
тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
7) элективті пəндер каталогы (бұдан əрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын,
қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) жəне зерттеуден күтілетін нəтижелерді
(студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете
отырып, пəннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері
бойынша барлық пəндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
8) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде
студенттердің өздері таңдай алатын оқу пəндерінің жəне тиісті кредиттердің
(немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
9) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білімін,
іскерлігін жəне дағдысын кəсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана
білу қабілеті;
10) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген жəне білім
беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пəндерінің
жəне тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
11) оқу жұмыс жоспары (бұдан əрі – ОЖЖ) – мамандық бойынша үлгілік
оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру
ұйымы дербес əзірлейтін оқу құжаты;
12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан əрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін,
ұсынылатын əдебиетті анықтайтын жəне білім беру саласындағы уəкілетті
орган
бекітетін
мамандықтың
үлгілік
оқу
жоспарының
міндетті
компонентіндегі пəннің оқу құжаты;
13) үлгілік оқу жоспары (бұдан əрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының
жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші
мен осы стандарт негізінде əзірленетін, міндетті компонент пəндерінің тізбесі
мен кредиттердің ең аз көлемін жəне практиканың, қорытынды аттестаттаудың
барлық түрлерін көрсете отырып, пəндер циклі бойынша білім беру
бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру
саласындағы уəкілетті орган бекітетін оқу құжаты;
3
14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан əрі – ЖК) – мамандықтардың
білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін ƏАОО дербес айқындайтын
оқу пəндері мен кредиттердің тиісті көлемдерінің тізбесі;
15) кəсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесінде жəне тиісті
лауазымда кəсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер,
шеберліктер мен дағдылар;
16) біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің жүйесінде жəне тиісті лауазымда кəсіби қызметті тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар;
17) біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде
жəне тиісті лауазымда кəсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті
білімдер, шеберліктер мен дағдылар.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан əрі –
жоғары оқу орны) жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломы бар
мамандар) даярлауды:
1) осы стандартқа жəне жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу
жоспарларына;
2) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім мамандықтарының жіктеуішіне;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырады.
ƏАОО бакалаврларды даярлауды:
1) ƏАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша
мамандықтар мен біліктіліктер тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларына;
4) пəндер бойынша үлгілік жəне оқу жұмыс бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге сəйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) жоғары білім берудің жəне оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне жəне
даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларын;
5) пəндер бойынша оқу бағдарламаларын əзірлеу кезінде міндетті.
4
5. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне
сəйкес азаматтар бейіні мамандықтар тобында мынадай түрде айқындалатын
жоғары білім алады:
1) «Білім» мамандықтар тобы бойынша – жоғары педагогикалық білім;
2) «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары
гуманитарлық білім;
3) «Құқық» мамандықтар тобы бойынша – жоғары заң білімі;
4) «Өнер» мамандықтар тобы бойынша – жоғары өнертану білімі;
5) «Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес» мамандықтар тобы
бойынша – жоғары əлеуметтік-гуманитарлық тиісінше жоғары экономикалық
білім;
6) «Жаратылыстану ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары
жаратылыстану ғылыми білімі;
7) «Техникалық ғылымдар жəне технологиялар» мамандықтар тобы
бойынша – жоғары техникалық білімі;
8) «Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша –
жоғары ауылшаруашылық білімі;
9) «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша – қызмет көрсету
саласындағы жоғары білім;
10) «Əскери іс жəне қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша – əскери іс
жəне қауіпсіздік саласындағы жоғары білім;
11) «Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамсыздандыру (медицина)»
мамандықтар тобы бойынша – жоғары медициналық білім.
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ведомстволық
бағыныстылығына жəне меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың жəне
жоғары арнаулы білімнің тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін
жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
7. «Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген
бөлімде оқытудан күтілетін нəтижелер Дублин дескрипторларының бірінші
деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады жəне құзыреттілік арқылы көрінеді.
Оқыту нəтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ жеке пəн
модулінің деңгейінде сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса
алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кəсіби деңгейде қолдана білу;
3) дəйектемелер
құрастыру
жəне
зерттеп
отырған саладағы
проблемаларды шешу;
4) əлеуметтік, этикалық жəне ғылыми көзқарастарды ескере отырып,
пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды жəне интерпретациялауды
жүзеге асыру;
5
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды жəне шешімдерді мамандарға
да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
8. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жоғары
білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беру оқу бағдарламаларын меңгерудің
нормативтік мерзімдері, типіне, түріне жəне меншік нысанына, сондай-ақ
оқыту тіліне қарамастан,жоғары оқу орындарында білім алушылардың міндетті
меңгеруі тиіс мазмұн көлемі көрсетілген.
9. «Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген
бөлімде студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде əр пəн
немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредиттерімен өлшенеді.
10. Осы стандарт білім алушыларды даярлау деңгейіне жəне жоғары оқу
орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде
жоғары білімді ұсынуды көздейді.
2. Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар
11. Жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дəрежесін
жəне біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
ƏАОО-да жоғары білім беру тиісті мамандық бойынша «бакалавр»
дəрежесін жəне/немесе біліктілік бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
12. Жоғары оқу орны бітірушісінің негізгі құзыреттері жалпы
білімділікке, əлеуметтік-этикалық
құзыреттерге, экономикалық
жəне
ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, кəсіби құзыреттерге қойылатын талаптар
негізінде қалыптасады.
ƏАОО-да
оқыту
нəтижелері
кəсіби
құзыретке (біліктілік
сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) сəйкес бітіруші құзыретінің моделіне
сəйкес келуі тиіс.
13. Жалпы білім беретін пəндер (бұдан əрі – ЖБП) циклі міндетті
компонент пəндерінен тұрады жəне таңдау компоненттерін де қамтуы мүмкін.
Базалық пəндер (бұдан əрі – БП) жəне бейіндеуші пəндер циклдері міндетті
компонент жəне таңдау бойынша компонент пəндерін қамтиды.
ƏАОО-да ЖБП, БП, бейіндеуші пəндер циклдері міндетті жəне жоғары
оқу орны компоненті пəндерінен тұрады.
14. Міндетті компонент пəндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен
айқындалады. Міндетті компонент пəндерінің көлемін азайтуға жол берілмейді.
Бұл ретте техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім
базасында жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру
бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.
15. Таңдау компоненті нақты өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму
ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнында
6
қалыптасқан
ғылыми
мектепті, сондай-ақ
білім
алушының
жеке
қызығушылығын ескереді.
Таңдау компоненті пəндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
ƏАОО-да жоғары оқу орны компоненті кəсіби құзыреттерге (біліктілік
сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) қойылатын ƏАОО талаптарының
ерекшелігін, нақты ƏАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептерді ескереді.
16. ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пəндердің жалпы
көлемінен кемінде 20 %-дан аспайды немесе 28 кредитті құрайды. Олардың
21 кредиті міндетті компонент пəндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман
тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар.
Таңдау компоненті үлгілік оқу жоспарындағы пəндердің жалпы
көлемінен кемінде 9 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты жоғары
оқу орындары өз бетінше мына пəндерді қосады: экология жəне тұрақты даму,
саясаттану, əлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, тіршілік
қауіпсіздігі негіздері, мəдениеттану, өзін-өзі тану, психология.
Бұл ретте жоғары оқу орындары аталған пəндер бойынша
интеграцияланған бағдарламалар əзірлей алады.
Таңдау компонентіндегі пəндер білім алушылардың бойында ұлттық
бірегейлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға жəне «Мəңгілік ел» жалпыұлттық
идеясын, жалпы мəдени дүниетанымды, қоғамдық қатынастарда əлеуметтенуді,
сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік, креативті жəне инновациялық
дағдыларды дамытуға бағытталуы қажет.
ƏАОО-да ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пəндердің
жалпы көлемінен 20 %-дан аспайды немесе 27 кредитті құрайды. Олардың
кемінде 18 кредиті міндетті компонент пəндеріне жəне жоғары оқу орны
компонентіне кемінде 9 кредит тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы,
философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі.
17. БП цикліндегі пəндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пəндердің
жалпы көлемінің 55 %-ын немесе 69 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит
міндетті компонент пəндеріне жəне 49 кредит таңдау компоненті пəндеріне
тиесілі.
Бұл ретте таңдау компоненті кафедралардың, жұмыс берушілердің жəне
білім алушылардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
ƏАОО-да БП циклі пəндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы
пəндердің жалпы көлемінің 55%-нан аспайды жəне кемінде 70 кредитті
құрайды, олардың ішінде кемінде 20 кредит міндетті компонент пəндеріне жəне
кемінде 50 кредит жоғары оқу орны компонентіне тиесілі.
18. ƏАОО-ларды қоспағанда, БП цикліндегі міндетті компонентке
əрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кəсіби қазақ (орыс) тілі» жəне «Кəсіби
бағытталған шет тілі» пəндері енгізіледі.
7
Көрсетілген пəндер бірлесіп тілдік жəне тиісті мамандық бойынша
бейінді кафедраларға жүктеледі.
19. Бейіндеуші
пəндер цикліндегі пəндер көлемі үлгілік оқу
жоспарындағы пəндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті
құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пəндеріне жəне 27 кредит
таңдау компоненті пəндеріне беріледі.
ƏАОО-да БП циклі пəндерінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы
пəндердің жалпы көлемінің кемінде 25%-ын немесе кемінде 32 кредитті
құрайды, олардың ішінде кемінде 5 кредит міндетті компонент пəндеріне жəне
кемінде 27 кредит жоғары оқу орны компонентіне беріледі.
20. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен жəне таңдау
компонентінен тұрады.
Міндетті компоненттің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды жəне
көлемі 8 кредит «Дене шынықтыру» пəнінен жəне кемінде 6 кредит кəсіби
практикадан тұрады.
Таңдау компонентінің көлемін білім алушылар мен жұмыс берушілердің
ұсыныстары бойынша жоғары оқу орны өз бетінше анықтайды.
ƏАОО-да оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен жəне
жоғары оқу орны компонентінен тұрады. Міндетті компонент көлемі кемінде
14 кредитті құрайды жəне кемінде 8 кредит көлеміндегі «дене шынықтыру»
пəнін жəне кемінде 6 кредит кəсіби практиканы қамтиды. Жоғары оқу орны
компонентіне əскери тағылымдама жəне/немесе басқа да қосымша оқыту
түрлері енгізіледі. «Дене шынықтыру» пəнін ОЖЖ-дағы базалық пəндер
цикліне енгізуге жол беріледі.
21. Оқытудың қосымша түрлерінің міндетті компонентін меңгеру
мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде қамтамасыз етіледі.
22. «Өнер», «Əскери іс жəне қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық
сақтау жəне əлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша
жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы стандарттың
79-тармағына сəйкес білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі
өлшемшарты білім алушылардың теориялық оқудың 129-дан астам кредитін
меңгеруі болуы мүмкін.
23. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы
стандартқа 1-қосымшаға сəйкес келтірілген.
ƏАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы осы
стандартқа 2-қосымшаға сəйкес келтірілген.
24. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын
жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тəсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын,
олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы
жүзеге асырылады.
8
25. Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген жоғары оқу орындары
білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде,
екінші тілде жəне ағылшын тілінде жүзеге асырады.
Бұл ретте оқу пəндерінің 50 %-ын оқыту (қазақ немесе орыс) тілінде,
20 %-ын екінші тілде (сəйкесінше орыс немесе қазақ), 30 %-ын ағылшын
тілінде оқыту көзделуде.
Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ƏАОО-лар оқытуды үш тілде
жүзеге асырады: қазақ, орыс жəне ағылшын тілдері. Екі тілде білім беру
бағдарламасын енгізген ƏАОО-лар оқытуды екі тілде жүзеге асырады: қазақ
жəне орыс тілдері. Бұл ретте əртүрлі тілдерде оқытылатын пəндердің пайыздық
арақатынасын ƏАОО айқындайды.
26. Дуальді оқыту элементтерін енгізген жоғары оқу орындары білім беру
қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі
практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте пəннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей өндірісте
(технологиялық
процесс, шығармашылық
қызмет
процесі, қаржы-
экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс жəне т.б.)
меңгерілуі тиіс екені көзделген.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
27. Жоғары білімнің мақсаты белгілі бір мамандық бойынша дербес
жұмыс жасау үшін жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын
заманауи талаптарға сай келетін білікті, бəсекеге қабілетті кадрлар даярлауды
қамтамасыз ету болып табылады.
28. Кəсіби құзыреттер ƏАОО-ны қоспағанда, жоғары білімнің əрбір
мамандығы бойынша кəсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің
талаптары мен қоғамның əлеуметтік сұранысын ескере отырып əзірленеді.
29. Жоғары білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
30. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мəдениеті жоғары жəне дүниетанымы кең жоғары білімді
тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (əлеуметтік,
гуманитарлық, экономикалық) пəндері саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кəсіби қызмет
саласында ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кəсіптік қызметке жəне магистратурада білім алуды
жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
9
31. Əлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дəстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін
əлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу жəне өзінің кəсіптік қызметінде
оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық жəне
құқықтық нормаларын игеру;
3) Қазақстан халқының дəстүрі мен мəдениетін білу;
4) əлемнің басқа халықтарының дəстүрі мен мəдениетіне толерантты
болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) ғылым жəне ғылыми ойлау туралы жалпы түсінігінің болуы;
7) қоғамның əлеуметтік даму үрдістерін білу;
8) түрлі əлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
9) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын əдеппен
дəлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
10) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
11) кəсіби жəне тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
32. Экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын
талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг,
қаржы жəне т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен əдістерін,
экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу жəне түсіну.
33. Өзгерістер мен белгісіздіктер серпінінің өсуі жағдайында əлеуметтік,
экономикалық, кəсіби рөлдердің ауысуына, географиялық жəне əлеуметтік
ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу жəне əлемдік
экономикадағы серпінді түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге
бейімделе білу;
2) кəсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді жəне ұтқыр
болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық жəне
ұйымдастыру сипатында шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
34. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орны Ұлттық
біліктілік шеңберіне, кəсіптік
стандарттарға
сəйкес
жəне
Дублин
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген əртүрлі
білім беру бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқытудың нəтижесіне бағдарлануы тиіс.
35. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшем
құралдары: оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне,
академиялық кезеңдердің ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу
материалының көлеміне қойылатын талаптарға сəйкес айқындалады.
10
36. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының
негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) жəне жұмыстық (ОЖЖ)
болып бөлінеді.
ƏАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) жəне жұмыс (ЖОЖ) болып
бөлінеді.
37. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары
бойынша əзірленеді жəне оны білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің əрбір оқу пəнінің еңбекті қажетсінуін
жəне əрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық
жұмысты жазу жəне қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пəндерінің əр
циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
ƏАОО-да ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу
бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді. ҮОЖ-да міндетті
компоненттің əрбір оқу пəнінің еңбекті қажетсінуі жəне оқу қызметінің əрбір
түрі (практикалар, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу жəне
қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пəнінің əрбір циклі бойынша жоғары
оқу орны компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
38. ƏАОО-ны қоспағанда,ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны
таңдау компонентіндегі барлық пəндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі
болып табылатын элективті пəндер каталогын (ЭПК) əзірлейді.
ЭПК-де əр оқу пəнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі.
ЭПК студенттерге элективті оқу пəндерін баламалы таңдау мүмкіндігін
қамтамасыз етуі тиіс.
39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің
көмегімен ЖОЖ құрады. ƏАОО-ларды қоспағанда, ЖОЖ əрбір студенттің
жеке білім алу траекториясын айқындайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пəндері жəне оқу қызметінің
түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны)
жазу жəне қорғау) жəне ЭПК-дан таңдау компоненті пəндері кіреді.
40. ƏАОО-ны қоспағанда,ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы
мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде əзірленеді жəне оны ғылыми кеңестің
шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ƏАОО-ларда ЖОЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы негізінде
əзірленеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пəндер тізбесі жəне олардың
кредитпен санағандағы еңбекті қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының
түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері
(практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу
жəне қорғау) айқындалады.
41. ЭПК, ЖОЖ жəне ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, əзірлеу жəне
бекіту тəртібін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
11
ƏАОО-ларда ОЖЖ əзірлеу жəне бекіту нысанын, құрылымын, тəртібін
ƏАОО белгілейді.
42. Барлық оқу пəндерінің мазмұны үлгілік жəне оқу жұмыс
бағдарламаларымен (силлабус) айқындалады.
43. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пəндері
бойынша əзірленеді жəне оларды білім беру саласындағы уəкілетті орган
бекітеді.
ƏАОО-ларда ҮОЖ-ны тиісті мемлекеттік органдардың басшылары
бекітеді.
44. Оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық
пəндері бойынша əзірленеді жəне оларды жоғары оқу орны дербес бекітеді. Бұл
ретте оларды міндетті компонент пəндері бойынша əзірлеу ҮОБ негізінде
жүзеге асырылады. Оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустардың)
нысанын, құрылымын, əзірлеу жəне бекіту тəртібін жоғары оқу орны өзі
айқындайды.
45. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің
көлемі шеңберінде алынған білім деңгейі бақылаудың əртүрлі түрлері арқылы
қамтамасыз етіледі.
46. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды жəне олардың оқу
пəндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік
кезеңдерінде (əр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Тіркеу
(бөлім, сектор) кеңсесі ұйымдастырады жəне бақылау мен бағалау оқытудың
қорытынды нəтижесіне бағытталуы тиіс.
47. Тіркеу кеңсесі білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке
алады, ол студенттердің белгіленген үлгідегі транскриптінде көрсетіледі.
Транскрипт білім алушыға білім алудың кез келген кезеңінде оның
жазбаша өтініші негізінде беріледі.
48. Бітірушілердің білімін, іскерлігін, дағдысын жəне құзыреттерін
бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
49. Жоғары оқу орны бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық
күнтізбеде жəне мамандықтардың оқу жоспарларында көзделген мерзімде
өткізіледі.
50. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты бітірушінің теориялық деңгейін,
қалыптасқан кəсіби құзыреттерін, кəсіптік мəселелерді шешуге дайындығын
жəне оның дайындығының білім беру бағдарламасы мен кəсіптік
стандарттардың талаптарына сəйкестігін бағалау болып табылады.
51. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан
тапсыру жəне дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық
бойынша жəне қосымша екі бейіндеуші пəн бойынша мемлекеттік емтихан
тапсыру түрінде жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны)
жазудан жəне қорғау рəсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба)
12
бітірушінің талдау жəне зерттеу қабілеттерін анықтау жəне бағалау мақсатын
көздейді.
ƏАОО-ларда қорытынды аттестаттау мамандық бойынша кешенді
мемлекеттік емтихан тапсыру жəне дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
түрінде немесе мамандық бойынша жəне қосымша екі базалық жəне/немесе
бейіндеуші пəндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны)
жазудан жəне қорғау рəсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыстың
(жобаның) мақсаты – бітірушінің талдау жəне зерттеу қабілеттіліктерін анықтау
жəне бағалау.
52. Жоғары оқу орны білім алушылардың теориялық дайындығының, оқу
жетістіктерінің деңгейін, оқу нəтижелерін жəне зерттеу-талдау қабілеттерін
ескере отырып, олардың қорытынды аттестаттау нысанын дербес айқындайды:
мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру жəне дипломдық жұмысты
(жобаны) қорғау немесе мамандық бойынша жəне қосымша екі бейіндеуші пəн
бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру.
ƏАОО білім алушылардың мамандықтарын, теориялық дайындық
деңгейлерін, оқу жетістіктерін, оқыту нəтижелерін жəне зерттеу-талдау
қабілеттерін ескере отырып, олардың қорытынды аттестаттау нысанын дербес
айқындайды: мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру жəне диплом
жұмысын қорғау немесе мамандық бойынша жəне қосымша екі базалық
жəне/немесе бейіндеуші пəндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру.
53. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру жəне
жүргізу тəсілін жоғары оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз
бетінше жүзеге асырады.
ƏАОО оқыту технологиясы тиісті уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен
Əскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесiн, оқу-əдістемелік жəне ғылыми-
əдістемелік қызметті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру қағидаларымен жəне
Əскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана
отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен айқындалады.
54. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа
3-қосымшаға (бакалавриат үшін) жəне 4-қосымшаға (жоғары арнаулы білім
үшін), ƏАОО – 5-қосымшаға сəйкес бакалавриаттың білім беру
бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
55. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын
айқындайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады.
56. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық жəне бейіндеуші пəндер циклдерін
меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері – кəсіптік практиканың түрлерін, дене
шынықтыруды, əскери дайындықты жəне т.б.;
3) аралық жəне қорытынды аттестаттауды қамтиды.
13
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары модульді оқыту
қағидаты бойынша құрылады.
57. Оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есепке алу оқытылатын
материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады жəне оқытудың нақты
нəтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек
шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пəндерінің
жəне/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді.
Жалпы еңбекті қажетсіну ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық),
зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық,
есептік-графикалық
жұмыстар (жобалар), кəсіптік
практиканың,
тағылымдамалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық жəне
одан өту кіреді.
58. Теориялық оқытудың жалпы еңбекті қажетсінуі оқытылатын оқу
пəндерінің тізбесімен анықталады.
59. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру
кезінде əр оқу пəнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пəн,
əдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Ерекше жағдайда пəнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
ƏАОО-ларда əрбір пəн көлемі кредиттердің тұтас санын құрайды жəне
пəндерді 1 кредитке бағалауға жол беріледі.
60. Дене шынықтыруды, тілдік пəндерді қоспағанда, əрбір оқу пəні
қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.
ƏАОО-ларда пəндерді бірнеше академиялық кезеңдер ішінде меңгеруге
жол беріледі.
61. Білім алушылар əрбір оқу пəнін бір академиялық кезеңде меңгеріп,
оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады.
Кəсіби практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша
қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жұмысының аталған түрлерін
қорғау түрінде өткізіліп, белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланады.
ƏАОО-ларда курсанттар əрбір пəнді оқуды аяқтағаннан кейін емтихан
нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пəн екі жəне одан да көп
академиялық кезеңнен тұрса, əрбір академиялық кезең аяқталғаннан кейін
емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кəсіби практикалардың,
курстық жұмыстардың (жобалардың), əскери тағылымдамалардың барлық
түрлері қорғау арқылы бағаланады.
62. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы əрбір
пəнге тиісті əріптік жəне сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін
қарастыратын пəндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
63. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу
жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пəндер
міндетті түрде кіреді.
14
64. Бакалавриатта білімді меңгерудің нормативтік мерзімі 4 жылды,
жоғары арнаулы білім беруде (мамандық) – 5 жылды құрайды.
ƏАОО-ларда жоғары білімді меңгерудің нормативтік мерзімі кемінде
4 жылды құрайды.
65. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген жəне
қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға осы стандартқа
6-қосымшаға сəйкес тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дəрежесі немесе
біліктілік жəне қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом
беріледі.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша
(Diploma Supplement) бере алады.
ƏАОО-ларда жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды
бітірген адамдарға «бакалавр» дəрежесі жəне/немесе біліктілік жəне
қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
ƏАОО бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma
Supplement) бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |