№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


 Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

31. Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып

табылатын  жəне  білім  алушы  тұлғасының  мінез-құлқы  мен  қызметін

ынталандыратын  өмірлік  тұрақты  бағдарлары  болуға  арналған  білім

алушылардың  бойында  ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  құндылықтарды

дарытуға бағытталған.



33

32. Жалпы орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу.

33. Білім  берудегі  құндылықтарды  дарыту  негізінде  білім  алушыларда

дамыту қажет:

11) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;

12) Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  нормалары  мен

заңдарын құрметтеу жəне сақтау;

13) əлеуметтік жауапкершілік жəне шешім қабылдау білігі;

14) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталануы;

15) Қазақстан халқының мəдениеті мен дəстүрлерін, əлемнің мəдениеттілік

алуан түрлілігін құрметтеуі;

16) рухани келісім жəне толеранттылық идеяларына бейімділік;

17) қоршаған  ортаға  жəне  экологиялық  тепе-теңдікті  сақтауға  оң  қарым-

қатынасының болуы;

18) шығармашылық жəне сын тұрғысынан ойлау;

19) коммуникативтік  жəне  ақпараттық-коммуникациялық  құралдар  мен

технологияларды тиімді қолдана білу;

20) өмір бойы білім алуға жəне өзін-өзі ынталануы.

34.Жалпы орта білім берудің мақсаты:

кең  ауқымды  дағдыларды  дамыту  негізінде  білім  алушылардың  жоғары

оқу  орындарында  білімін  жалғастыруы  жəне  кəсіби  өзін-өзі  анықтауы  үшін

академиялық  дайындығын  қамтамасыз  етуге  қолайлы  білім  беру  кеңістігін

жасау болып табылады:

1) білімді функционалдықпен жəне шығармашылықпен қолдану;

2) сын тұрғысынан ойлау;

3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

5) коммуникацияның түрлі тəсілдерін қолдану;

6) топта жəне жеке жұмыс жасау білігі;

7) мəселелерді шешуі жəне шешім қабылдау.

35. Кең  ауқымды  дағдылар  мектептен «шығу» нəтижесі  ретінде  білім

алушыларға  ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  өзіне  үйлесімді

үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен

бəсекеге  қабілеттілігін  көрсетуге, сондай-ақ  оқу  жəне  қолданбалы

тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

36. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері болып табылады:

1) міндетті  оқу  пəндері  мен  таңдау  бойынша  бейіндік  оқу  пəндерін

үйлестіру 

негізінде 

жаратылыстану-математикалық 

жəне 

қоғамдық-



34

гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;

2) оқу  пəндерін  оқытудың  стандарттық  жəне  тереңдетілген  деңгейлерін

үйлестіру  негізінде  жоғары  оқу  орындарына  түсуге  білім  алушылардың

академиялық дайындығын қамтамасыз ету;

3) рухани-адамгершілік 

қасиеттерін, коммуникативтік, əлеуметтік,

зерттеушілік  дағдыларын  жəне  проблемаларды  сын  тұрғысынан  жəне

шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктігін мақсатты дамыту;

4) бітірушілерге  олардың  мүдделері  мен  қабілеттеріне  сəйкес  кəсіби  өзін-

өзі анықтауына көмектесу;

5) бітірушілерге  өмір  бойы  білім  алуын  жалғастыруға  оң  көзқарасының,

өмірде  мансаптық  өсуі  мен  танымдық  процесін  реттеуге  даярлығының

қалыптасуына көмектесу.

37. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім алушыларды жоғары

оқу  орындарына  түсу  мен  дербестігін  мақсатты  дамыту  үшін  білім

алушылардың академиялық дайындығын кіріктіру негізінде айқындалады.

38. Білім  алушылардың  академиялық  дайындығы  əлемді  танудың  ғылыми

əдістерін  меңгеруге  бағытталған  білімнің  іргелілігін  күшейтумен  қамтамасыз

етіледі.


39. Жалпы  орта  білім  берудің  базалық  мазмұны  мынадай  бағдарларды

ескере отырып айқындалады:

1)қазіргі  қоғамның  серпінді  сұраныстарына  жəне  ғылымның  даму

деңгейлеріне сəйкес болу;

2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен жəне  позитивті ойлауды дамыту;

3) пəнаралық  жəне  пəнішілік  байланыстар  негізінде  оқу  пəндері

мазмұнының кіріктірілуін күшейту;

4) негізгі  орта  білім  беру  жəне  жалпы  орта  білім  беру  деңгейлері

арасындағы  білім  мазмұнының  үздіксіздігі  жəне  сабақтастығы  қағидатын

сақтау;


5) білім  беру  мазмұнының  академиялық  жəне  практикалық  бағыттылығы

арасындағы теңгерімді сақтау;

6) оқытудың, тəрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.

40. Міндетті  оқу  пəндерімен  қатар  білім  алушылардың  оқытудың

стандарттық жəне  тереңдетілген деңгейлерінде  бейіндік  оқу  пəндерін  таңдауы

қарастырылған.

41. Бейінді  оқыту  білім  алушылардың  жеке  мүдделері  мен  қажеттіліктері

негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу

пəндерін  таңдаудың  икемді  жүйесі  ұсынылады. Білім  алушылар  қалауынша

өздеріне  маңызды  оқытудың  тереңдетілген  жəне  стандарттық  деңгейлеріндегі

оқу  пəндерін  таңдайды. Стандарттық  деңгейдегі  оқу  пəндеріне  қарағанда,

бейінді  оқытудың  тереңдетілген  деңгейдегі  оқу  пəндеріне  сағат  саны  көп

бөлінеді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пəндері оқытылады.

42. Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту

мен  тəрбиелеу  бірлігі  қағидатына  бағдарланған. Оқу  процесін  ұйымдастыру


35

кезінде оқушылардың  жетекші  қызметі  ретінде  оқуға басым  рөл беріледі. Оқу

оқушылардың  ізденуге, мəселелерді  талқылауда  белсенділік  танытуға,

көзқарасын  дəлелдеуге, сындарлы  шешім  қабылдауға  деген  ынтасын  таныту

арқылы  тəжірибені  игеруін  ұйымдастыруға  негізделген  интерактивті  оқыту

əдістерін пайдалануды қарастырады.

43. Оқыту  процесінде  əр  оқу  пəні  арқылы  тəрбиелеу  мəселесі  шешіледі.

Тəрбие  жұмысының  барлық  түрлері  білім  алушылардың  жаңа  білімді

субъективті  тануы  мен  меңгеруі  мəселелерін  шешуге, ұлттық  дəстүрлерді,

мəдениетті  зерделеуге  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  дарытуға

бағытталған.

44. Сабақтан  тыс  іс-əрекеттің  əртүрлі  нысандарын  ұйымдастыру  білім

алушылардың 

рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-

эстетикалық, еңбек жəне дене тəрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді.

45. Білім  алушылардың  жобалық  жəне  зерттеу  іс-əрекеттерін  дамытуда

жүйелілікті  қамтамасыз  ету  білім  беру  ұйымдарында  білім  беру  процесін

ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

46. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты

шеңберінде  іске  асырылады. Үштілді  білім  берудің  мақсаты  кемінде  үш  тілді

меңгерген, қызметтің  əртүрлі  саласында  үш  тілде  диалог  жүргізе  алатын, өз

халқының  мəдениетін  бағалайтын, басқа  халықтардың  мəдениетін  түсінетін

жəне  құрметтейтін  көптілді  тұлға – Қазақстанның  азаматын  қалыптастыруға

негізделеді.

47.Үштілді білім беру іс жүзінде:

1) қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін деңгейлік меңгеруді қамтамасыз ету;

2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пəндерді қазақ, орыс жəне ағылшын

тілдеріндеоқытуды ұйымдастыру;

3) білім  алушылардың  сабақтан  тыс  іс-əрекетін  жəне  əртүрлі  тəрбие

жұмыстарын  қазақ, орыс  жəне  ағылшын  тілдерінде  ұйымдастыру  мынадай

жолдармен іске асырылады.

48. Жалпы  орта  білім  берудің  практикалық  бағыттылығы  оқыту  процесі

мен  тəрбие  жұмысы  кезінде  оқу, коммуникативтік, əлеуметтік, зерттеушілік

дағдыларын дамыту арқылы жүзеге асырылады.

49. Жалпы  орта  білім  берудің  базалық  мазмұны  жаратылыстану-

математикалық  жəне  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттарда  бейінді  оқытудың

міндетті оқу пəндері  мен  бейіндік оқу  пəндері  бойынша  анықталған  оқытудан

күтілетін нəтижелерге сəйкес əзірленетін оқу бағдарламаларымен нақтыланады.

50. Бейінді  оқытудың  барлық  бағыттары  үшін  міндетті  оқу  пəндері

бойынша білім мазмұны

Қазақ  тілі, қазақ  əдебиеті (оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  сыныптар

үшін)/ орыс  тілі», орыс  əдебиеті (оқыту  орыс  тілінде  жүргізілетін  сыныптар

үшін)/ ана  тілі  мен  əдебиеті (оқыту  ұйғыр/өзбек/тəжік  тілінде  жүргізілетін

сыныптар үшін):

1) пəн  мазмұны  түрлі  салалар  мен  қарым-қатынас  жасау  барысында  тілді


36

еркін меңгеруін қамтамасыз ету үшін коммуникативтік  дағдыларын  дамытуға;

сыни  ойлауы  мен  ауызекі  сөйлеуін  дамытуға; ақпаратты  іздей  алу  біліктілігін

дамытуды жүзеге асыруға; қажетті ақпаратты алу, өңдей алуға бағытталу керек.

Тілді оқу процесінде алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білу жəне

ақпаратты  бағалау, жинақтау, талдау, салыстыру  сияқты  ойлаудың  жоғары

деңгейіндегі дағдылары қалыптасады;

2) пəннің  мазмұны  образдық  жəне  талдамалық  ойлауды  дамытуға,

шығармашылық  қиялдауға, оқырман  мəдениеті  жəне  автор  ұстанымын

түсінуге, білім  алушылардың  ауызша, жазбаша  сөйлесімін  дамытуға, əдебиет

теориясының  түсініктерін  жəне  негізгі  тарихи-əдеби  мəліметтерді,  көркем

шығарма  мəтінінің  мазмұны  мен  түрін  бірлікте  түсінуге  бағыттау  қажет.

Əдебиет  тарихына  қажетті  мəліметтерді  жəне  əдебиеттану  түсініктерін

қатыстыра  отырып  пəнді  оқыту  процесі  барысында  көркем  шығармаға  терең

талдау жасау;

3) оқу пəнін оқыту сөздік қорын байыту мен қолданылатын грамматикалық

құралдардың  аумағын  кеңейтуді, стилистикалық  ресурстарды, сөйлеу  этикеті

мен  əдеби  тілдің  негізгі  талаптарын, тілдің  қызметі  мен  қолданылуын  түрлі

қарым-қатынас  аялары  мен  жағдайларында  білім  спектрін  кеңейтуді

қарастырады. Білім  алушылардың  тілді  оқу  процесінде  алынған  дағдыларды

тиімді  пайдалану  тілдік  бірліктер  талаптарына, қарым-қатынас  жағдайына

сəйкестігі деңгейін бағалау;

4) тұлғаны 

рухани 


жағынан 

тəрбиелеуді  дамыту, гуманистік

дүниетанымын, азаматтық  сана-сезімін, патриоттық  сезімін, əдебиетке  жəне

отандық  құндылықтарға, отандық  жəне  əлемдік  мəдениетке  деген

сүйіспеншілігі  мен  сыйласымдылығын  қалыптастыру  пəн  мазмұнының

маңызды бөлігі болып саналады.

Қазақ  тілі  мен  əдебиеті (оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптар

үшін)/ орыс  тілі  мен  əдебиеті (оқыту  орыс  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптар

үшін):

1) пəннің  мазмұны  қазақ  тілі  шартты  түрде  мемлекеттік  тіл  мəртебесінде



қолданылады  жəне  орыс  тілі  мəртебесі  ресми  тіл  жəне  мемлекеттік  тілмен

бірдей қолданылатын ұлтаралық қарым-қатынас тілі мақсатын көздейді;

2) аталған  оқу  пəндерін  оқыту  тілді  оқу  іс-əрекетінде  жəне  күнделікті

өмірде  қолдануға  мүмкіндік  жасау, білім  алушылардың  Қазақстан

халықтарының  мəдениетімен  араласуы  олардың  ұлтаралық  қарым-қатынасқа

дайын болуын қамтамасыз етеді;

3) оқу пəнінің мазмұны негізінде ынтасы мен  тəжірибесіне сəйкес, қарым-

қатынастың  түрлі  салалары жəне  жағдайларында  тілді  қолданудың дағдылары

мен  біліктерін, ауызша  жəне  жазбаша  сөйлеу  тілі  мəдениетінің  негізін  жəне

сөйлесу іс-əрекетінің барлық түрлерін  меңгеруі жатыр;

4) тілді  оқыту  процесінде  білім  алушылар  тіл  туралы  тілдің  таңбалылық

жүйесі жəне қоғамның  құбылысы ретінде, оның құрылысы, дамуы мен қызметі

туралы  білім алады;


37

5) тіл  мен  əдебиетті  оқыту  əдеби  тіл  нормаларын  меңгеру  деңгейін

жетілдіре  түсуге, білім  алушылардың  сөздік  қорын  молайтуға  жəне  сөйлеу

тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді

жəне əдеби шығармаларды талдау жəне оларға баға беру қабілеттерін дамытуға

бағытталған.

Шет тілі:

1) «Шет  тілі» оқу  пəнінің  мазмұны  көптілді, көп  мəдениетті  тұлғаны

қалыптастыруға, түрлі стильде жазылған тең түпнұсқалы мəтіндердің мазмұны

арқылы  сөздік  қорын  молайтуға, коммуникативтік  біліктілігін  жетілдіруге,

шеттілді  коммуникативтік  біліктілікті  дамыту  процесінде  дүниетанымы  мен

əлемді  қабылдауын  əлеуметтік  мəдени  жағынан  байытуды  жүзеге  асыруға,

зерттеу  жұмыстары  мен  түрлі  оқу  міндеттерін  шығармашылық  жағдайында

шешуге  мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс;

2) «Шет  тілі» оқу  пəнінің  мазмұны  талдау  икемділіктерін  дамытуға,

тəжірибені  таратуға, маңызды  ақпаратты  кəсіби  тұрғыдан  саралауға, тілді

ғылыми  жəне  кəсіби  іс-əрекеттегі  қарым-қатынас  үшін  тиімді  пайдалануға,

сонымен  қатар  жеке, іскерлік  хаттарды  жазу, түйіндеме  құрастыру, берілген

тақырып бойынша эссе жазу, шет тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға

мүмкіндік береді;

3) «Шет  тілі» оқу  пəнінің  кіріктірілген  мазмұнын  басқа  пəндермен  қатар

білім  алушыларға  пəнаралық  байланыс  арқылы  икемділіктерін  қалыптастыру

үшін дəлел аралық байланыстың себеп-салдарын, шет тіліндегі дереккөздерден

негізгі  жəне  фрагментті  алып, ақпаратпен  жұмыс  жасау  үшін, орналастырып

іске асыруға  мүмкіндік беріледі;

4) «Шет  тілі» оқу  пəнінің  құралы  ретінде  рухани-адамгершілік

құндылықтарды  дамытуды, өз Отанына  деген  патриоттық  сезімін  тəрбиелеуді,

өз  халқына  жəне  басқа  мəдениеттің  өкілдеріне  төзімділікпен  қарау  қарым-

қатынасын, отбасында тұлғааралық қарым-қатынас əдебін тəрбиелеу, мектепте

құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл  үйретушілермен  қарым-қатынас

барысында əлеуметтік мəдениет материалдарын қолдану икемділіктерін дамыту

жүзеге асырылады.

Математика:

1) «Математика» оқу пəнінің мазмұны білім алушылардың келесі білім алу

деңгейінде табысты оқуы, содай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті

математикалық  білім  жүйелері  мен  біліктерін жəне математикалық мəдениетті

дамытуға  бағытталуы  қажет. Математика  курсы  адамның  жалпы  мəдениетін

қалыптастырудағы  математиканың  рөлін  түсінумен  қатар, функционалдық

сауаттылығын, кеңістіктегі  қиялын, абстрактілі, логикалық  ойлауын

қалыптастыруға мүмкіндік береді;

2) «Математика» оқу  пəнінің  мазмұны  білім  алушылардың  қоршаған

əлемнің  математикалық  заңдылықтары  туралы  түсініктерін  жүйелеу  жəне

дамытуға, олардың  математикалық  құралдар  мен  əдістер  тəжірибеде  барлық

білім  салаларында  құбылыстар  мен  процестерді  сипаттау  жəне  зерттеуде



38

қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған;

3) оқу пəні мазмұнында жалпы зияткерлік жəне танымдық, оқу  біліктерін

одан  əрі  дамыту  көзделген. Математикалық  заңдылықтарды  түсіну  барысында

гипотезаны тексеру жəне ұсыну проблемаларын тұжырымдау үшін  салыстыру,

саралау, тарату,  талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау  сияқты  біліктер

қолданылады;

4) оқу  пəнінің  мазмұны  мектептегі  математика  курсының  тақырыптарын

қамтитын  математиканың  негізгі  бөлімдерінен  тұрады: «Сан», «Алгебра»,

«Геометрия», «Статистика  жəне  ықтималдық  теориясы», «Математикалық

модельдеу жəне анализ».

Қазіргі əлемдегі Қазақстан:

1) аталған  пəн  Қазақстан  тарихы  жəне  география, қоғамтану, құқық

негіздері, əлеуметтану, саясаттану  мен  мəдениеттану  пəндерінің  жиынтығы

болып  табылады. Курстың  сипатты  ерекшелігі  біртұтас  қоғамдық  пəндердің

өзара тығыз байланысы болып табылады. Əрбір жекелеген ғылым өзінің қоғам

жəне  адам  туралы  білімнен  үзінді  мен  оған  өз  көзқарасын  ұсынады, жəне

«Қазіргі  əлемдегі  Қазақстан» оқу  пəні  осы  үзінділер  мен  позициялардан

əлеуметтік-саяси  əлемнің  толық  жəне  көлемді  бейнесін  қосуға  мүмкіндік

береді;


2) «Қазіргі əлемдегі Қазақстан» оқу пəнінің мазмұны қазіргі Қазақстанның

əр  алуан  кеңістігі, оның  жалпы  жəне  өңірлік  ерекшеліктері  туралы, сонымен

қатар  табиғат, этникалық, əлеуметтік, шаруашылық,  мəдени, діни жəне басқа

процестердегі  түрлі  деңгейге  таралуы  туралы  ұғымды  қалыптастыруға

бағытталған;

3) курстың оқытылу барысындағы мазмұны мемлекеттің пайда болуы мен

дамуының  жалпы  жəне  арнайы  ерекшеліктері  туралы, адамдардың  өмірлік  іс-

əрекеті ерекше саласы ретіндегі саясат туралы, адамдардың тарихи-əлеуметтік

тəжірибесі ретіндегі мəдениет туралы, пайда болу заңдылықтары туралы, діннің

дамуы мен қызмет етуі туралы білім қосылған;

4) білім  алушыларға  шектеулі  өндіріс  қорларын  пайдаланудың  тиімді

жолдарын  іздеу  процесінде  адамдардың  өзара  іс-əрекеті  туралы  халықаралық

саяси процестерге мемлекеттердің аумақтық-кеңістік ерекшеліктері жағдайына

нақты-тарихи  түрлерінің  ықпал  етуі  мен  рөлі  туралы  білімді  тұжырымдауға

мүмкіндік  береді. Түрлі  қоғамдық, əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси

құбылыстар  мен  процестер  арасындағы  себеп-салдар  байланыстары  мен

кеңістік – уақыттық  заңдылықтарды  түсіну  еліміздің  дамуына  қарым-қатынас

бойынша сол немесе өзгеде іс-əрекеттің нəтижелерін алдын ала болжау білігін

жасап  шығаруға, өмірдің  əлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани

салаларындағы ең əдеттегі мəселелер шешімдерді жобалауға мүмкіндік береді;

5) алынған  білім  негізінде  күнделікті  практикадағы  ақпараттарды

түсіндіру  мен  қолдану, түрлі  табиғи, əлеуметтік-экономикалық  жəне

экологиялық құбылыстарды түсіндіру мен бағалау үшін əлеуметтік-саяси жəне

қоғамдық білімді қолдану дағдыларын  дамыту қарастырылады.



39

Өзін-өзі тану:

1) «Өзін-өзі  тану» оқу  пəнінің  мазмұны  жалпыадамзаттық  құндылықтар

негізінде  адамның  рухани-адамгершілік  əлеуетін  ашуға, өзін-өзі  тануға  жəне

өзін-өзі 

жетілдіруге 

деген 

ынтасын 


дамытуға,

отбасындағы,

ұжымдағы,қоғамдағы  өзінің  рөлін  түсінетін  жоғары  адамгершілік  сапасын

дамытудың  қажеттілігін, қоғамға  қызмет  жасау  дағдыларын, физикалық  жəне

рухани  денсаулықтың  байланысын  түсінетін, еліміздің, қаланың, ауылдың,

мектептің, отбасының  өміріне  өзінің  қатыстылығын  сезінетін  жəне  өз  ойлары

мен сөзіне, іс-əрекетіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған;

2) «Өзін-өзі  тану» оқу  пəнін  оқыту  адамзаттың  рухани  мəдениеті  туралы

білімін  кеңейтуді, тəн  жəне  жан  денсаулығының  байланысын  түсінетін,

рефлексия  дағдыларын  меңгерген, өз  іс-əрекетіне  сыни  қарау  дағдыларын

дамытатын,өзін-өзі  тəрбиелеу, өзіндік  білімін  көтеру  дағдыларымен  түрлі

өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай алатын, адамгершілік талаптарға сай өз

мақсаттарын қоя білетін жəне оған жету жолдарын көрсете алатын, отбасында,

ұжымда, қоғамда  рухани-адамгершілік  негізінде  қарым-қатынас  жасай  білуді

қарастырады.

Экономика жəне кəсіпкерлік негіздері:

1) оқу  пəнінің  мазмұны  білім  алушыларда  дүниежүзілік  экономика

контекстінде  елдегі  экономикалық  ахуал, оның  қоғамдық-саяси  жүйемен

əрекеттесуі  туралы, экономиканың  адам  өміріндегі  жəне  іс-əрекетіндегі  рөлі

туралы  жалпы  түсінік; кəсіпкерлік  жəне  нарықтық  экономика  негіздері

саласында білім қалыптастыруға бағытталған;

2) экономика  жəне  кəсіпкерлік  негіздерін  оқыту  қаржылық  сауаттылық

жəне ойлаудың экономикалық бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу пəні

білім 


алушыларға 

болашақта 

қоғамдағы 

азаматтың, жұмысшының,

тұтынушының  жəне  кəсіпкердің  сындарлы  рөлін  атқаруына  көмектесу  үшін

қоғам өміріне жəне əлемдік қауымдастыққа бейімдейді;

3) оқу пəнінің мазмұндық желісі «Экономика негіздері» жəне «Кəсіпкерлік

негіздері» курстарынан тұрады.

Дене шынықтыру:

1) «Дене 

шынықтыру» оқу  пəнінің  мазмұны: қимыл-қозғалыс

белсенділігінің  заңдылықтары, спорттық  дайындық, дене  тəрбиесімен

шұғылданудың  болашақ  еңбек  жолындағы  маңызы, əскер  қатарында  қызмет

етуге дайындау туралы білім көлемін кеңейтуді; білім алушының жасына жəне

жыныстық  ерекшеліктеріне  сəйкес  ағзаның  қызмет  ету  қабілеттерін

жоғарылатуды; спорттың негізгі түрлері бойынша техникалық жəне тактикалық

əрекеттер  мен  тəсілдерді  жетілдіруді; дене  шынықтыру-сауықтыру  жəне

спорттық-сауықтыру  іс-əрекеттерінің  дербес  жəне  ұжымдық  түрлерінің

құзыреттілігін  дамыту, белсенді  демалыс  жəне  спорттық  жарыстарды

ұйымдастырудың  шығармашылық  дағдыларын  дамытуды; жеке  тұлғаның  өзін

шынайы бағалауын, адамгершілік сананы, өмірлік көзқарасты, ұжымшылдықты

қалыптастыру, мақсаткерлік, батылдық, ұстамдылық, табандылықты дамытуды;



40

спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті дамытуға жəне қалыптастыруға

жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс;

2) «Дене  шынықтыру» оқу  пəні  білім  алушыларға  пəн  бойынша  алған

білім, біліктілік  жəне  дағдыларын  күнделікті  өмірде  қолдануға; қимыл-

қозғалыс  құзыреттілігі  мен  дене  дамуларын  жақсарту  қажеттілігін  бағалауға;

адамгершілік  қасиеттерін дамытуға жəне  əділ ойын  мен  үздіксіз өздік дамуды

сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның

денелік  жəне  энергетикалық  жүйесіне  дене  жаттығуларының  əсер  ету

дəрежесін, өздік дене дамуы жəне қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейі, ағзаның

қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға; ойлаудың сыни жəне

шығармашылық  дағдыларын  дамытуға, қиындықтарды  жеңуге  мүмкіндік

береді.

Алғашқы əскери жəне технологиялық дайындық:



1) «Алғашқы əскери жəне технологиялық дайындық» оқу пəнінің мазмұны

білім  алушылардың  бойында  əскери  іс, робототехника  жəне IT-технология

негіздерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ету

жəне  əскери  іс  негіздері, əскери  ант  жəне  əскери  жарғылар  мазмұнына

қойылатын талаптар бойынша білім туралы түсінікті қалыптастыруды; өмірлік

маңызы  бар  дағдылары  мен  қасиеттерін  дамытуға  ықпал  етуді; теориялық

білімдері  мен  практикалық  дағдыларын  нық  игерулері  арқылы  оларды

Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет  етуге  дайындауды;

бойында  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет  ету  туралы

түсінікті қалыптастыруды;  жастардың бойында азаматтық көзқарас, Қазақстан

Республикасының  егемендігін  қорғау  қажеттілігіне  деген  сенімділікті, əскери

қызметке  деген  жауапкершілікке  саналы  тұрғыдан  дайын  болуды

қалыптастыруды; Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері, оның  дəстүрлері,

əскер  түрлерінде  қызмет  ету  ерекшеліктері, жалпы  əскери  мамандыққа  деген

қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс;

2) оқу  пəні  білім  алушыларды  əскери-патриоттық  жəне  адамгершілік

тəрбиелеу, олардың  сана-сезімі  мен  танымдық  қызығушылықтарын, қарым-

қатынас  орната  білу  қабілеттерін, жігер  сапаларын, əскери  іс, робототехника

бойынша  білім, білік  жəне  дағдының, сандық  фото  жəне  бейне  жабдықтарды

пайдаланудың  алғышарттарын  дамытудың  жалпы  жүйесінде  маңызды  орынға

ие;

3) «Алғашқы  əскери  жəне  технологиялық  дайындық» оқу  пəні  əскери



тұрғыдан  жігерлі, батыл, денсаулығы  мықты, білімді  тұлғаны  дамытуды

көздейді.

51. Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  оқытудың  тереңдетілген

деңгейіндегі оқу пəндері бойынша білім мазмұны.

Биология:

1) «Биология» оқу 

пəнінің  мазмұны  білім  алушылардың  тірі

организмдердің  көп  түрлілігі, қоршаған  орта  эволюциясы, табиғи

құбылыстардың  заңдылығы  мен  заңдары, бақылау, саралау, жүйелеу,


41

салыстыру, қатар  қою, талдау, затты  бағалау  жəне  ақпарат, себеп-салдарлық

байланысын анықтауға бағытталған;

2) «Биология» оқу  пəнінің  тереңдетілген  курсы  мазмұны  табиғи

биологиялық  көріністер  мен  процестердің  болмысын, білім  алушылардың

тереңірек  түсінуін, өсімдіктер мен  жануарлар  əлемінде  адамның  іс-əрекетінің

алатын  орнының  мəнін  ұғынуды, сондай-ақ  адам  денсаулығына  қатысын

қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мəнісін

ұғыну  білім  алушылардың  экологиялық  жағдайларды  бағалауына  жəне  тірі

əлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды;

3) «Биология» оқу  пəнінің  негізгі  құрылымдық  мазмұнын  мынадай

жетекші  жүйелі  идеялар  құрайды: тірі  ағзалардың  құрылысы  мен  қызметі,

көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық жəне эволюциялық дамуы; қоршаған

орта жəне ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.

Химия:

1) химия  курсының  мазмұны  тереңдетілген  білімге  бағытталған,



химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы туралы жəне олардың басқа

затқа айналуын, табиғи ресурстарды ұқыппен қолдануын дамыту, оқытылатын

процеске  шығармашылық  жəне  сыни  ойлауды  қолдану, практикалық  жəне

эксперименттік  біліктерін  кең  ауқымда  дамыту; табиғи  құбылысы  ретінде

химия туралы тереңдетілген білімдерін негізге ала отырып, білім алушылардың

түсінігін кеңейту;

2) оқу пəні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп,

қоршаған  ортаның  экологиялық  жағдайын  бағалауға  баулиды  жəне  өмірмен

тығыз байланысын қалыптастырады;

3) тереңдетілген  курстың  мазмұны  білім  алушылардың  химиялық

құбылыстар  мен  процестердің  айналасында  орын  алып  жатқан  өзгерістерді

түсінуге  жəне  олардың  салауатты  өмір  сүруіне  түрткі  болады; күнделікті

өмірлік  іс-əрекетінің  сапасын  жетілдіру  үшін, күнделікті  практикада  сапалы

өнімдер  мен  құралдарды  таңдау  үшін  химиялық  білімін  қолдануға  мүмкіндік

береді;

4) «Химия» оқу  пəні  бойынша  орта  білім  беру  мазмұнының  құрылымы



мынадай  бөлімдерден  тұрады: «Бөлшектер  жəне  олардың  құрылысы»,

«Химиялық  реакциялардың  заңдылықтары», «Химиядағы  энергетика», «Біздің

айналамыздағы химия», «Химия жəне өмір».

Физика:


1) физиканың  тереңдетілген  курсы  білім  алушылардың  табиғат  туралы

ғылым  ретіндегі  физика  туралы, ғылыми  танымның  əдістері  мен  əдіснамасы,

таным  процесіндегі  теория  мен  эксперименттің  рөлі  жəне  өзара  байланысы

туралы түсініктерін дамытуға бағытталған;

2) оқу  пəнінің  мазмұны  білім  алушылардың  табиғаттың  жалпы  заңдары

ретіндегі  механиканың, жылу  физикасының, электр  жəне  магнетизмнің,

оптиканың  жəне  атомдық  физиканың  заңдары  туралы  білімдерін  тереңдетуге

бағытталған. Танымның ғылыми əдістері негізінде білім алушылардың əлемнің



42

физикалық  бейнесі  туралы  түсініктері  кеңейеді  жəне  ғылыми  көзқарастары

қалыптасады;

3) физика  курсы  табиғи  құбылыстарға  бақылау  жүргізе  алу, нəтижелерді

сипаттай алу жəне қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды  зерделей алу

үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді;

4) тереңдетілген  курстың  мазмұнында  эксперимент  нəтижелерін  жинау

мен  талдау  негізінде  эмпирикалық  байланысты  айқындауға  бағытталған

экспериментті жоспарлау жəне жүргізу мүмкіндігі туғызылады.

5) Физикадан  тереңдетілген  жалпы  білім  беруге  дайындық  білім

алушылардың игерген білімдерін əр түрлі табиғи құбылыстар мен процестердің

себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын

түсіндіруге, модельдер құруға жəне болжам жасауға қолдануларын ұйғарады.

Информатика:

1) «Информатика» курсының  тереңдетілген  мазмұны  ақпаратты  іздеу,

талдау, сын  тұрғысынан  бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру  жəне  өңдеу,

объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға;  есептерді шешу

жəне  ақпараттық  технологиялардың  құралдары  мен  əдістерін  меңгеруге

бағытталған;

2) курстың  оқу  бағдарламасымен  нақты  объектілер  мен  процестердің

ақпараттық модельдерін қолдану, талдау жəне түрлендіру дағдыларын дамыту;

алгоритмдік  жəне  есептік  ойлау; компьютерлік  модель  құралдарымен

зияткерлік жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді;

3) оқу  пəнінің  мазмұны  компьютерлік  технологиялар  арқылы  ақпараттық

процестерді  іске  асыруды, компьютерлік  жүйелер  жəне  модельдермен  жұмыс

атқаруды, ақпаратты  сақтау  əдістерін  зерделеуді, интерактивті  компьютерлік

модельдерді 

пайдалана 

отырып 

модельдеу, визуализациялау 



жəне

формализациялау үшін тəсілдерді қарастыруды болжайды;

4) курс  мынадай  мазмұндық  бағыттарды  қамтиды: «Компьютерлік

жүйелер», «Ақпарат  жəне  ақпараттық  процестер», «Алгоритмдеу  жəне

бағдарламалау» жəне «Денсаулық жəне қауіпсіздік».

52. Жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  оқытудың  стандарттық

деңгейіндегі оқу пəндері бойынша білім мазмұны.

География:

1) «География» оқу  пəнінің  мазмұны  білім  алушылардың  əлемнің

географиялық  көрінісі  жайында  түсінік  қалыптасуына, географиялық  іргелі

заңдар  мен  заңдылықтар  жүйесінің  динамикалық  дамуы  туралы  түсініктерінің

қалыптасуына бағытталған;

2) пəннің  оқу  бағдарламасы  елтану  туралы  түсінік  қалыптастыру

тұрғысынан  құрылып, бүгінгі  күнгі  географиялық  ерекшеліктерін  танытуға

жəне өңірлердің сипаттамасын беруге құрылған;

3) география  курсы  білім  алушылардың  ғылыми  көзқарасын  қоғамның

табиғатпен 

бірлікте 

болатынын 

түсіндіру 

негізін 

қалыптастыруға,

географияның  адам  мен  табиғат  арасындағы  үйлесімді  қарым-қатынастағы


43

ролін танытуға бағытталған;

4) аталған  курс  қоғамдағы  заманауи  адамзаттық  жəне  ғаламдық

мəселелерді  зерделеу  негізінде  қоғам  мен  табиғаттың  қарым-қатынасын  жəне

оларды  туындаған  мəселелерді  шешу  жолдарын  түсінуді  дамытады; əлемде

жəне Қазақстан көлемінде географиялық мəселелер бойынша тұрақты дамуды,

табиғатты  тиімді  пайдалануды, қоршаған  ортаны  қорғаудың  маңыздылығын

түсіндіруге арналған;

5) «География» оқу пəнінің мазмұны кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының

жəне  географиялық  нысандардың  қызмет  ерекшеліктері  мен  қызметін,

процестер  мен  құбылыстарын, географиялық  білімдерін  түсіндіру  жəне  түрлі

табиғи  құбылыстарды  бағалау  үшін, əлеуметтік-экономикалық  жəне  геосаяси

құбылыстар мен процестерді қалыптастыру жəне дамытуға бағытталған.

Графика жəне жобалау:

1) «Графика 

жəне  жобалау» пəні  графикалық  бейнелеу  жəне

геометриялық-графикалық  модельдеу  теориясы  негіздерін  оқытуға, білім

алушылардың  жобалау  бойынша  шығармашылықтарын  дамытуға, олардың

графикалық мəдениеттерін қалыптастыруға  бағытталған;

2) оқыту пəнінің мазмұнының жиынтығы мынадай бес білім беру түзуімен

анықталады: «Ақпараттық 

жүйелер, əдістер 

мен 

тəсілдер 



жəне

визуализациялау құралдары», «Кескіндер. Графикалық бейнелеудің типтері мен

түрлері. Кескіндерді түрлендіру», «Графикалық модельдеу. Түр қалыптастыру.

Құрылым  жасау. Құрастыру», «Жобалау. Жобалау  əдістері. Жобалау

графикасы», «Компьютерлік (машиналық) графика. Жобалаудың

автоматтандырылған жүйесі (ЖАЖС)».

53. Қоғамдық-гуманитарлық 

бағыттағы 

оқытудың 

тереңдетілген

деңгейіндегі оқу пəндері бойынша білім мазмұны.

«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/«Орыс тілі»

(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):

1) оқу  пəні  жоғары  оқу  орнында  оқылатын «Тіл  біліміне  кіріспе»,

«Əдебиеттануға  кіріспе», «Жалпы  тіл  білімі» пəндерінің  пререквизиті  болып

табылады. Пəннің  білім  мазмұнында  қазақстандық  көптілді  білім  беру

жағдайында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім алушылар үшін маңызды

болып табылатын филологиялық маңызы үлкен теориялық мəліметтер беріледі

жəне практикалық дағдылар қалыптастырылады;

2) оқытудың  тереңдетілген  деңгейдегі  оқу  пəні  білім  алушыларға  тілмен

жəне  мəтінмен  жұмыс  жасауға  бағдарланған «мектеп – жоғары  оқу  орны»

тізбегінде тілді оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді (жоғары оқу орны

мамандықтары: «Филология», «Лингвистика», «Журналистика», «Аударма

ісі»);


3) оқу  пəні  білім  алушының  лингвистикалық  жəне  əлеуметтік-мəдени

құзыреттерін  қалыптастыруға  жəне  ол  өзіне  дыбыстық, лексикалық,

грамматикалық, сөзжасамдық  құбылыстарды  жəне  оқытылатын  тілдің  қызмет

ету  заңдылықтары  мен  оның  қызмет  ету  түрлерін  қамтитын  лингвистикалық



44

білім жүйесінің негізгі терминдері мен түсініктері бойынша білімді қамтамасыз

етуге бағытталған.

Қазақстан тарихы:

1) «Қазақстан  тарихы» оқу  пəнінің  мазмұны  Қазақстан  тарихының

этникалық, саяси, əлеуметтік-экономикалық  жəне  мəдени  негізгі  мəселелері

бойынша  тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған;

2) берілген  курс  түрлі  тарихи  кезеңдердегі  Қазақстанның  мəдени-тарихи

дамуының  ерекшеліктері  мен  мəнін  білім  алушыларға  түсіндіруді  кеңейтеді

жəне тереңдетеді;

3) «Қазақстан  тарихы» тереңдетілген  курсы  Қазақстан  тарихындағы

оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді  бағалау  жəне  жіктеу, жүйелеу,

қорытындылау, талдау  үшін  қажетті  тарихи  ойлау  дағдысын  дамытуды

қарастырады. Аталған  оқу  пəнінің  аксиологиялық  қызметі  патриотизмді

қалыптастырумен, ұлттық 

жəне 


жалпыадамзаттық 

құндылықтарға

дағдыландырумен жасалады.

Дүниежүзі тарихы:

1) «Дүниежүзі  тарихы» оқу  пəнінің  мазмұны  адамзаттық  өркениеттің

этногенез, саясигенез, мəденигенезі негізгі мəселелері бойынша  тереңдетілген

білімді қалыптастыруға бағытталған;

2) осы  курс  білім  алушылардың  əлемдік  мəдени-тарихи  процестің  мəнін

оның бірлігі мен əртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған;

3) «Дүниежүзі тарихы» оқу пəнінің тереңдетілген курсы əлемдік тарихтағы

оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді  бағалау  жəне  жіктеу, жүйелеу,

қорытындылау, талдау  үшін  қажетті  тарихи  ойлау  дағдысын  дамытуды

қарастырады;

4) аталған оқу пəнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды  ұлттық

жəне жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады.

География:

1) географияның тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғаттың даму

заңдылықтары  туралы  білімдерін  кеңейтуге, тұрғындар, экономика  жəне

геосаясат, əлем  туралы  білімдерін  жан-жақты  қалыптастыруға, табиғат

ерекшеліктерін  объективті  бағалауға, əлеуметтік, экономикалық  жəне  саяси

процестерді тануға бағытталған;

2) оқу  пəнінің  мазмұны  география  тұрғысынан  ойлануды  дамытуға,

адамзаттың жəне қоршаған ортаның қазіргі жəне болашақтағы жағдайына жеке

жауапкершілікті 

сезінуге, осының 

барлығы 


білім 

алушылардың

құндылықтарды бағалауын қалыптастыруға жəрдемдеседі;

3) оқу  пəнінің  географиялық  мазмұны  заманауи  əлемнің  кеңістіктегі

көптүрлілігін, оның  жалпы  жəне  өңірлік  ерекшеліктері  мен  серпінітуралы

түсінігін қалыптастыру; кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының жəне  қоғам мен

табиғаттың 

қарым-қатынасын, себеп-салдарлық 

байланысын 

түсінуге


дағдылану, кеңістіктегі  уақыт  заңдылықтарының  географиялық  құбылыстар

мен  процестердің  аралығын; географиялық  білімдерін  түсіндіру  жəне  түрлі



45

табиғи  құбылыстарды  бағалау  үшін, əлеуметтік-экономикалық  жəне

экологиялық  құбылыстар  мен  процестерді, түрлендіру  мен  географиялық

ақпараттарды  күнделікті  өмірде  қолдануды  қалыптастыру  жəне  дамытуға

бағытталған.

54. Қоғамдық-гуманитарлық 

бағыттағы 

оқытудың 

стандарттық

деңгейіндегі оқу пəндері бойынша білім мазмұны.

Информатика:

1) «Информатика» оқу  пəнінің  мазмұны  ақпаратты  іздеу, талдау, сын

тұрғысында бағалау, таңдау, ұйымдастыру, ұсыну  жəне өңдеу, объектілер мен

процестерді  модельдеу  ептіліктерін  дамытуға; алгоритмдік  ойлау, ойлау

икемділіктерін, зияткерлік жəне шығармашылық қабілеттерін ақпараттық жəне

коммуникациялық құралдар арқылы дамытуға бағытталған;

2) оқу  пəні  ақпараттық  процестерді  компьютерлік  технологиялар  арқылы

жүзеге  асыруды, ақпаратты  қорғау  əдістерін  одан  əрі  оқуға, əртүрлі  пəндік

аймақтардан  ақпараттық  жəне  компьютерлік  модельдерді  əзірлеу  жолдарын

қарастыруға бағытталған;

3) курс келесі мазмұндық бағыттарды қамтиды: «Компьютерлік жүйелер»,

«Ақпарат  жəне  ақпараттық  процестер», «Алгоритмдеу  жəне  бағдарламалау»

жəне «Денсаулық жəне қауіпсіздік».

Жаратылыстану:

1) оқу  пəні  пəнаралық  болып, ғылыми-жаратылыстану  циклінің  пəндері

бойынша білім мен дағдыларды біріктіреді; ол дəстүрлі «Биология», «Химия»,

«Физика», «География» пəндерінің  мазмұндары  аясында  білім  алушылардың

жинақты, жүйелі жəне іргелі білімдерін қамтамасыз етуге бағытталған;

2) оқу  пəнінің  мазмұны  қоршаған  ортада  болатын  процестерді,

экологиялық  жүйелер  мен  қоғам  арасындағы  өзара  байланысты  түсінуді

қалыптастыруға, экологиялық  мəселелердің  ғылыми, этикалық  жəне

əлеуметтік-саяси  аспектілерін  бағалауға  жағдай  жасауға, əлемнің  ғылыми-

жаратылыстану көрінісін түсінуді күшейтуге бағытталған;

3) пəннің  мазмұны  алған  білім  арқылы  табиғаттағы  оқиғаларды,

процестерді  тану, түсіндіру, оларға  сипаттама  беру; адам  қоғамының  Жер

табиғатына  тигізетін  əсерін  жəне  оның  салдарын  талдау; қоршаған  ортада

мінез-құлық  ережелерімен  əрекет  жасау; «табиғат-қоғам-адам-техносфера»

мегажүйесін  тұрақты  жəне  үйлесімді  дамытуды  қамтамасыз  ету  мақсаттарын

жəне  құндылықтарын  басшылық  ету; Қазақстанның  индустриалды-

инновациялық  дамуына  танымал  өндіріс  технологияларды  бағалау; əлемді

өзара  байланысты  нысандар  жүйесі  ретінде  көрсету  үшін  ғылыми-

жаратылыстану 

білімдер 

мен 


заңдылықтарды 

қолдану 


икемдерін

қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

55. Жаратылыстану-математикалық 

жəне 


қоғамдық-гуманитарлық

бағыттардағы  оқытудың  стандарттық  деңгейіндегі  оқу  пəндері  бойынша  білім

мазмұны.

Құқық негіздері:



46

1) «Құқық  негіздері» оқу  пəнінің  мазмұны  құқықтық  сауаттылықты

қалыптастыруға, демократиялық 

құқықтық 

қоғам 

идеалдары 



мен

құндылықтарын түсінуге бағытталған;

2) пəн мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері

мен мəнін түсіндіруді тереңдетеді;

3) «Құқық  негіздері» стандарттық деңгейде  құқық  нормалары, заңдар  мен

нормативтік  құқықтық  актілер  арқылы  қамтамасыз  етілетін  процестерді

бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау

дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пəнінің аксиологиялық қызметі

құқықтық 

сауаттылықты 

қалыптастырумен, құқықтық 

сана-сезім

құндылықтарына негізделген.

56. Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламасын

игеру мерзімі – екі жыл.

4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

57. Жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі  білім  алушылардың  апталық  оқу

жүктемесінің ең жоғары көлеміəр сыныпта аптасына 37 сағаттан аспайды.

58. Білім  алушылардың  инвариантты  жəне  вариативті  компоненттерден

тұратын  оқу  жүктемесінің  жалпы  көлемі, сондай-ақ  сыныптар  бойынша

апталық жəне жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.

59. Апталық  оқу  жүктемесі  үлгілік  оқу  жоспарымен (инвариантты  жəне

вариативті  компоненттер) анықталған  оқу  жұмыстарының  барлық  түрлерін

қамтиды. Арнайы (түзеу) білім  беру  ұйымдарының  оқу  жоспарларында  даму

бұзушылығын  ескере  отырып, міндетті  түзету  компоненті  қарастырылған.

Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты,

түзету  жəне  вариативті  компоненттер  ерекше  оқытуды  қажет  ететін  білім

алушыларды ескерумен белгіленеді.

60. Меншік  нысандарына  жəне  ведомостволық  бағыныстылығына

қарамастан, білім  беру  ұйымдарында  оқу  жылының  басталу  жəне  аяқталу

мерзімін  Қазақстан  Республикасының  білім  саласындағы  уəкілетті  органы

анықтайды.

61. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда

білім  алушылар 24-ке  немесе  одан  артық, ауылдық  жерлерде  білім  алушылар

20-ға  немесе  одан  артық, шағын  жинақты  мектептерде  кемінде 10-ға  толған

жағдайда:

7)  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптарда «Қазақ  тілі  мен

əдебиеті»;

8)  оқыту  орыс  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптарда «Орыс  тілі  мен

əдебиеті»;

9)  шет тілі;

10)

информатика;



47

11)


гендерлік  қағидат  бойынша  дене  шынықтыру (қалалық  жерде –

əрбір  топта 8-ден  кем  емес  ұлдар (немесе  қыздар), ал  ауылдық  жерде – 5-тен

кем  емес  ұлдар (немесе  қыздар) болғанда) сабақтарын  жүргізу  кезінде  жүзеге

асырылады.



_______________

Document Outline

  • Общая трудоемкость
    • Обязательный компонент
      • Современная история Казахстана
        • Философия
          • Иностранный язык
            • Казахский (русский) язык
              • Информационно-коммуникационные технологии
                • Компонент по выбору
                  • Компонент по выбору
                  • Компонент по выбору
                  • Дополнительные виды обучения (ДВО)
                  • Физическая культура
                  • Профессиональная практика (ПП)
                  • Профессиональная практика (ПП)(по видам)
                  • Компонент по выбору
                  • Обязательный компонент
                  • Современная история Казахстана
                  • Философия
                  • Иностранный язык
                  • Казахский (русский) язык
                  • Вузовский компонент
                  • Вузовский компонент
                  • Вузовский компонент
                  • Дополнительные виды обучения (ДВО)
                  • Физическая культура
                  • Профессиональная практика
                  • Профессиональная практика (по видам)
                  • Вузовский компонент
    • 1. Общие положения
  • Міндетті компонент
    • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
      • Философия
        • Шетел тілі
          • Қазақ (Орыс) тілі
            • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
              • Таңдау компоненті
                • Міндетті компонент
                  • Таңдау компоненті
                  • Міндетті компонент
                  • Таңдау компоненті
                  • Теориялық оқыту бойынша жиыны
                  • Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
                  • Міндетті компонент
                  • Дене шынықтыру
                  • Кәсіби практика (КП) (түрлері бойынша)
                  • Таңдау компоненті
                  • Міндетті компонент
                  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
                  • Философия
                  • Шет тілі
                  • Қазақ (орыс) тілі
                  • ЖОО компоненті
                  • ЖОО компоненті
                  • ЖОО компоненті
                  • Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
                  • Дене шынықтыру
                  • Кәсіби практика (КП) (түрлері бойынша)
                  • ЖОО компоненті
            • 1 Жалпы ережелер
      • Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (
        • 1. Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет