№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


Негізгі орта білім берудің мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

(бұдан  əрі – стандарт)  «Білім  туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан

Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 56-бабына сəйкес əзірленді жəне білім

алушылар  мен  тəрбиеленушілердің  дайындық  деңгейіне, білім  берудің

мазмұнына, оқу  жүктемесінің  ең  жоғары  көлеміне  қойылатын  талаптарды

айқындайды.

2. Негізгі  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  іске

асыратын  білім  беру  ұйымдары (бұдан  əрі – білім  беру  ұйымдары) меншік

нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына, сондай-ақ  оқыту  тіліне

қарамастан білім беру қызметін:

1) осы стандартқа;

2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;

3) Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органы

белгіленген тəртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық жəне құқықтық

актілерге сəйкес жүзеге асырады.

3. Стандартты қолдану:

1)  оқытудың  күтілетін  нəтижелері  түрінде  көрсетілген  негізгі  орта  білім

беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тəрбиелеудің сапасын

арттыруға;

2)  қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру

үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  арқылы  үштілді  білім  беру  саясатын  іске

асыруға;

3)  білім  алушылардың  теориялық  білім  негіздерін  меңгеруін  жəне  алған

білімдерін  қолданбалы  сипаттағы  міндеттерді  шешу  үшін  қолдана  білу

іскерлігін  дамытуды  көздейтін  негізгі  орта  білім  берудің  академиялық  жəне



2

практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;

4)  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, пəндік  білім

мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;

5)  білім  беру  процесінің  мазмұндық  негізін  айқындайтын  білім  берудің

құндылықтары  мен  оқытудан  күтілетін  нəтижелер  жүйесінің  өзара

байланыстылығы  мен  өзара  шарттылығына  негізделген  оқыту  мен  тəрбиенің

бірлігі қағидатын іске асыруға;

6)  балалардың  денсаулығын  сақтауды  қамтамасыз  етуге, сондай-ақ  білім

алушылардың  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  мен  қосымша  білім  беру

қызметтерін  алуға  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  қолайлы  жағдайлар

жасауға;


7)  орта  білім  беру  ұйымдарының  типтері  мен  түрлерінің  əртүрлілігі

жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;

8)  білім  беру  ұйымдарында  инновациялық  практиканы  қолдауға  жəне

дамытуға;

9)  білім  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша  білім  беру  ұйымдарының

қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.

4. Стандарт:

1)  білім беру ұйымдарының əртүрлі типтері мен түрлері үшін негізгі  орта

білім берудің үлгілік оқу жоспарын;

2)  негізгі орта білім берудің оқу пəндері бойынша оқу бағдарламаларын;

3)  оқу пəндері бойынша оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді;

4)  білім  алушылардың  оқу  пəндері  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалау

өлшем шарттарын;

5)  білім 

беру  ұйымдарында  оқыту  мен  тəрбиелеуден  күтілетін

нəтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;

6)  білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;

7)  білім  беру  ұйымдарындағы  білім  беру  процесін, оның  ішінде  ерекше

білім беру  қажеттіліктері бар білім  алушылар  үшін  материалдық-техникалық,

ақпараттық-коммуникациялық  қамтамасыз  етуге  қойылатын  бірыңғай

талаптарды;

8)  білім  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша  білім  беру  ұйымдарының

қызметін бағалау параметрлерін əзірлеу үшін негіз болып табылады.

5.  Білім  беру  ұйымдары  тəрбиелеудің, оқыту  мен  дамытудың  əр  түрлі

педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны

қамтамасыз етеді.

6.  Стандартта  Заңға  сəйкес  терминдер  мен  анықтамалар  қолданылады.

Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:

1) негізгі  орта  білім  берудің  базалық  мазмұны – типіне, түріне  жəне

меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында

оқып  білуге  міндетті  негізгі  орта  білім  беру  мазмұнының  құрамы, құрылымы

мен көлемі;

2) сабақтан тыс іс-əрекет – біртұтас оқу-тəрбие процесінің құраушы бөлігі,


3

білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;

3) білім беру саласы – мəндес оқу пəндерінің жиынтығын қамтитын негізгі

орта білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;

4) үлгілік  оқу  жоспары –оқу  пəндерінің  тізбесін  регламенттейтін  жəне

тиісті  білім  беру  деңгейінің  оқу  жүктемесінің  инвариантты  жəне  вариативті

компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;

5) оқу  жүктемесінің  инвариантты  компоненті –білім  беру  ұйымдарында

типіне, түріне  жəне  меншік  нысанына, сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан

барлық  білім  алушылардың  оқып  білуі  үшін  міндетті  оқу  пəндерін

айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;

6) оқу жүктемесінің  вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге

деген  қажеттіліктеріне  сəйкес  білім  беру  ұйымдары  айқындайтын  үлгілік  оқу

жоспарының құраушы компоненті;

7) элективті  курс – білім  алушының  таңдауы  бойынша  курс, білім

алушылардың білім алу дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарындағы

вариативті компоненттің құраушы бөлігі;

8) оқытудан  күтілетін  нəтижелер– оқыту  процесі  аяқталғанда  білім

алушының  нені  біліп, түсініп, көрсете  алатынын  сипаттайтын  құзыреттіліктер

жиынтығы;

9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара

мүмкіндіктерін  ескере  отырып, барлық  білім  алушылардың  білім  алуына  тең

қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

10) ерекше  білім  беру  қажеттіліктері – денсаулығына  байланысты  білім

алуда  тұрақты  немесе  уақытша  қиындық  көріп  жүрген, арнайы, жалпы  білім

беретін  оқу  бағдарламалары  мен  қосымша  білімнің  білім  беру

бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;

11) бағалау – білім  алушылардың  оқуда  нақты  қол жеткізген  нəтижелерін

оқытудан  күтілетін  нəтижелермен  əзірленген  өлшемшарттар  негізінде

салыстыру процесі;

12) бағалау  өлшемшарттары – білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін

бағалау жүргізуге негіз болатын белгілер;

13) формативті  бағалау – сыныпта  күнделікті  жұмыс  барысында

жүргізілетін  бағалау  түрі, білім  алушылар  үлгерімінің  ағымдағы  көрсеткіші

болып  табылады, оқыту  барысында  білім  алушылар  мен  мұғалім  арасындағы

жедел  өзара  байланысты, оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты

қамтамасыз етеді жəне білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;

14) жиынтық  бағалау – белгілі  бір  оқу  кезеңін (тоқсан, триместр, оқу

жылы), сондай-ақ  оқу  бағдарламасына  сəйкес  бөлімдерді  оқып  аяқтағаннан

кейін өткізілетін бағалау түрі;

15) білім 

берудегі  құндылықтар – білім  алушының  тұлғасын

қалыптастыруда  жетекші  фактор  болып  табылатын  жалпыадамзаттық

құндылықтарға  негізделген  оқыту  мақсаттарының  жүйесін  қалыптастырудағы

бағдарлар.


4

7.  


«Білім 

алушылар  мен  тəрбиеленушілердің  даярлық  деңгейіне

қойылатын талаптар» деген бөлімде белгілі бір білім беру саласына енетін оқу

пəндері бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түрінде білім беру

салалары (жəне  оқу  пəндері) бойынша  оқытудан  күтілетін  нəтижелер

көрсетілген.

8. «Білім  беру  мазмұнына  қойылатын  талаптар» деген  бөлімде  типіне,

түріне  жəне  меншік  нысанына, сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан, білім  беру

ұйымдарында  міндетті  оқып  білуге  жататын  негізгі  орта  білім  беру

мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.

9.  «Оқу  жүктемесінің  ең  жоғары  көлеміне  қойылатын  талаптар» деген

бөлімде  апталық  оқу  жүктемесі, оқу  жылының  ұзақтығы, топтарға  бөлу  үшін

сыныптың толымдылығы көрсетілген.

10.  Стандарт қолданысқа кезең-кезеңімен енгізіледі:

1) 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 5, 7-сыныптарда;

2) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 6, 8-сыныптарда;

3) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9 (10) сыныптарда.

2. Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

11.  Негізгі  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары

білім  алушылардың, оның  ішінде  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім

алушылардың  ғылым  жүйесінің  базалық  негіздерін  меңгеруіне, олардың

бойында  тұлғааралық  жəне  этносаралық  қатынастың  жоғары  мəдениетін

қалыптастыруға, жеке  тұлға  ретінде  өзін-өзі  танытуына  жəне  кəсіптік

бағдарлануына, сондай-ақ  білім  алушылардың  бейіналды  даярлығына

бағытталады.

12.  Білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  бірнеше  мəндес  оқу  пəндерін

біріктіретін «Тіл  жəне  əдебиет», «Математика  жəне  информатика»,

«Жаратылыстану», «Адам  жəне  қоғам», «Технология  жəне  өнер», «Дене

шынықтыру» білім  беру  салаларының  ерекшеліктері  ескеріле  отырып

жобаланған оқытудан күтілетін нəтижелер арқылы айқындалады.

13.


 Білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан  күтілетін

нəтижелер  негізгі  орта  білім  берудің  базалық  мазмұнын  айқындау  үшін  негіз

болып табылады.

14.  Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларында білім беру салалары

(жəне  оқу  пəндері) бойынша  оқытудан  күтілетін  нəтижелер  əрбір  оқу  пəнінің

бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарында нақтыланады.

15. Оқытудан  күтілетін  нəтижелер  жүйесі  білім  алушылардың, оның

ішінде  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім  алушылардың  жеке  даму

траекторияларын  қалыптастыруға  жəне  олардың  оқытудың  ұзақ  мерзімді

мақсаттарына кезең-кезеңмен қол жеткізуге ілгерілеуіне мүмкіндік жасайды.



5

16. «Тіл жəне əдебиет» білім беру саласы бойынша негізгі орта білім беру

аяқталғанда күтілетін нəтижелер

Қазақ  тілі (оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  сыныптар  үшін) / орыс  тілі

(оқыту  орыс  тілінде  жүргізілетін  сыныптар  үшін)/ ана  тілі (оқыту

ұйғыр/өзбек/тəжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін):

1) тыңдалым жəне айтылым:

білім  алушы  қарым-қатынастың  əлеуметтік-тұрмыстық, əлеуметтік-

мəдени, оқу-кəсіптік  салалардағы  мəтіндерін  түсінеді; сөйлесу  тəртібінің,

бағалаудың  ашық  жəне  жабық  түрде  берілген  нысандарын  таниды; əртүрлі

өмірлік  жағдаяттарда  ауызша  тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге  асырады; тілдік

қарым-қатынастың əртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі

тілдік  құралдарды  пайдалана  отырып, əңгімеге  бастамашы  бола  алады  жəне

диалогты  қолдайды; проблемалық  сипаттағы  ақпаратты  жинақтай  отырып,

монолог құрастырады; өз пікірін  қорғайды жəне дəлелдейді; өз пікірін білдіре

отырып, əңгіме  нысанасына  қатысты  сөйлеушінің  көзқарасын  бағалайды;

тақырыбы/басы/соңы  бойынша  мəтін  мазмұнын  болжайды; өз  сөздерін

ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;

2) оқылым:

білім алушы əртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мəтіндерден негізгі

жəне  егжей-тегжейлі  ақпаратты (мəтіндік, сандық, графикалық) түсінеді  жəне

өзінше  түсіндіреді; мəтіннің  астарлы  мағынасын  түсінеді; зерттеп, шолып,

таңдап, белгілеп  оқуды, арнайы  ақпарат  алу  үшін  оқуды, талдамалық  оқуды,

белгілі  бір  мақсатпен  оқуды  қоса  алғанда, оқу  стратегияларын  пайдаланады;

əртүрлі  дереккөздерден  қажетті  ақпараттарды  алады, оларды  талдайды  жəне

жинақтайды; қарым-қатынастың  əлеуметтік-тұрмыстық, əлеуметтік-мəдени

жəне 

оқу-танымдық 



аяларына 

қатысты 


мəтіндердің 

құрылымдық,

лингвистикалық  жəне  стилистикалық  ерекшеліктерін  салыстырады; дəлелдер

мен  фактілерді  ажырата  отырып, ақпараттың  өзектілігі  мен  құндылығы

тұрғысынан мəтінді бағалайды;

3) жазылым:

білім алушы естіген жəне оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, əртүрлі

типтегі, жанрдағы  жəне  стильдегі  мəтіндерді  жазады; ақпаратты  ұсынудың

əртүрлі  нысандарын  пайдалана  отырып, мəтін  құрастырады (оның  ішінде,

баспа); ұсынылған  ақпаратты  талдау  жəне  бағалау  қабілетін  көрсете  отырып,

өзінің  проблемалық  сипаттағы  мəтінін (мақала, эссе, хат  жəне  т.б.) жазады;

əртүрлі  типтегі, жанрдағы  жəне  стильдегі  мəтіндердің  құрылымдық-

композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды

пайдалана  отырып  мəтіндерді  түзетеді  жəне  редакциялайды; белгілі  бір

тақырып  бойынша  қарапайым, күрделі  жəне  жан-жақты  жоспар  жасайды;

орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық нормаларды сақтайды.

Қазақ  тілі  мен  əдебиеті (оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптар

үшін)/орыс  тілі  мен  əдебиеті (оқыту  орыс  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптар

үшін)


6

1) тыңдалым:

білім  алушы  мəтіннің  негізгі  мазмұнын, сондай-ақ  сөйлеушінің  ниетін

білдіретін  функционалдық  маңызды  мағыналы  ақпаратты  түсінеді; мəтіннен

арнайы  ақпаратты  алады; терминдердің  мəнін  жəне  əлеуметтік-тұрмыстық,

əлеуметтік-мəдени  жəне  оқу-танымдық  аялары  бойынша  мəтіннің  негізгі

бөліктерін  түсінеді; фактілер  мен  пікірлерді  ажырата  отырып, мəтіннің

мазмұнын  бағалайды; əртүрлі  стильдегі  жəне  жанрдағы  мəтіндердің  негізгі

проблемаларын  айқындайды; мəтінде  айтылған  деректер  мен  құбылыстар,

оқиғалар  арасындағы  байланыстар  мен  қарым-қатынастарды  аша  отырып,

мəтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша

айтылған ойдың мазмұнын болжайды;

2) айтылым:

талқылау, өзінің  пікірін  білдіру  жəне  оқиғаларды, пікірлер  мен

проблемаларды  бағалау  арқылы  білім  алушы  оқылған  тақырыптар  аясындағы

диалогты  қолдайды; назарды  өзіне  қарату  тəсілдерін  пайдаланып  жəне

мақсатты  аудиторияны  есепке  ала  отырып  монолог  құрады, ұсынылған

тақырып бойынша ақпаратты талдайды жəне жинақтайды; белгілі бір тақырып

бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің

лексикалық жəне грамматикалық құралдарын пайдаланады;

3) оқылым:

білім  алушы  оқылған  тақырыптар  аясында  белгілі  бір  күрделі  тұтас  жəне

аралас  мəтіндердің  мазмұнын  түсінеді; əртүрлі  типтегі, стиль  мен  жанрдағы

мəтіндердің  ерекшеліктерін  анықтайды; сөздердің  айқын  жəне  астарлы

мағынасын, көркем  бейнелеуіш  құралдардың  мəнін  түсінеді; өзектілігін,

шынайылығын, пайдалылығын  жəне  құндылығын  анықтай  отырып, əртүрлі

дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара жəне

оқығанына  сыни  тұрғыдан  баға  бере  отырып, мəтіннің  мазмұнын  талдайды

жəне  жинақтайды; көркем  шығарманың  тақырыбын, идеясын, проблемасын,

автордың  көзқарасын  анықтай  отырып  мəтінді  салыстырады, белгіленген  оқу

стратегияларын пайдаланады;

4) жазылым:

білім  алушы  əртүрлі  тілдік  құралдарды  пайдалана  отырып, естігені  жəне

оқығаны негізінде əртүрлі типтегі, жанрдағы жəне стильдегі мəтіндерді жазады;

əртүрлі  деректерден  ақпарат  алу  арқылы  проблемалық  сипаттағы  мəтіндерді

жазады; тұтас  мəтіндердің  негізінде  сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды

жасайды; белгілі  бір  тақырып  бойынша  қарапайым, күрделі  жəне  жан-жақты

жоспар  жасайды; əртүрлі  типтегі, стильдегі  мəтіндердің  мазмұнын

салыстырады, талдайды жəне бағалайды; орфографиялық жəне грамматикалық

нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын

пайдаланады.

Шет тілі:

1) тыңдалым:

білім  алушы  оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  мəтіндердің  негізгі



7

мазмұнын  түсінеді; екінші  кезектегі  мəселелерді  қалдырып, басты  фактілерді

анықтайды; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  егжей-тегжейлі  ақпаратты

түсінеді; қосымша ақпарат  алу мақсатында  естігені негізінде күрделі сұрақтар

құрастырады; түпмəтіндік  мəнге  сүйене  отырып, естігені  бойынша  ой

қорытады; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  арнайы  ақпаратты  ажырата

алады; оқытылған  тақырыптар шеңберінде берілген дəлелдердің сəйкессіздігін

анықтайды;

2) айтылым:

білім  алушы  оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  оқиғаның  логикалық

дамуын  құрастырып, мəтіннің  негізгі  мазмұнын  жеткізеді; формальды  жəне

формальды  емес  стильдерді  қолданады; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде

ақпаратпен  таныстырады; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  мəтіннің  атауы,

иллюстрациялары, түйін  сөздері, мəтін  үзінділері  жəне  т.б. бойынша  ықтимал

мазмұнын болжайды; нақты ақпарат алу үшін қарапайым жəне күрделі сұрақтар

қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін құрбы-құрдастарымен (жұпта, топта)

бірлесіп  жұмыс  жасайды; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  мəтіндерді

салыстырады  жəне  қарама-қарсы  қойып  салыстырады; өз  көзқарасын  негіздей

отырып, пікірін білдіреді;

3) оқылым:

білім  алушы  оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  əртүрлі  стиль  мен

жанрдағы  мəтіндердің  негізгі  мазмұнын  анықтайды; оқытылған  тақырыптар

шеңберінде  əртүрлі  стиль  мен  жанрда  берілген  мəтіндердегі  егжей-тегжейлі

ақпаратты  ажырата  алады; түрлі  ақпараттық  ресурстарды (анықтамалық

материалдар, сөздіктер, Интернет  жəне  басқалары) пайдаланады; оқытылған

тақырыптар шеңберінде мəтіндегі арнайы ақпаратты жəне мəтіндердің əртүрлі

стилі  мен  жанрларын  анықтайды; мəтіннің  атауы, мəтін  үзіндісі,

иллюстрациялары, түйін  сөздері  жəне  т.б. бойынша  мазмұнын  болжайды;

автордың  көзқарасын  немесе  пікірін  анықтайды; түрлі  мəтіндерден  алынған

ақпаратты бағалайды;

4) жазылым:

білім  алушы  кестелерді, диаграммаларды, схемаларды, сауалнамаларды,

формулярларды  жəне  т.б. толтырады; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде

жоспар 


құрады, мəтінді 

жазады, редакциялайды 

жəне 

түзетеді;



коммуникативтік  міндеттерге  сəйкес  мəтіннен  үзінділер  алады; бұрын  оқыған

тақырыптар  бойынша  алған  біліміне  сүйене  отырып, шынайы  жəне/немесе

ойдан  шығарылған  өткен, осы  шақтағы  жəне  болашақта  болатын  оқиғаларды

суреттейді; оқытылған  тақырыптар  шеңберінде  мəтіндегі  сөйлемдер  мен

абзацтарды  бір-бірімен  байланыстырады  жəне  үйлестіреді; оқытылған

тақырыптар  шеңберінде  берілген  мəтіннің  тыныс  белгілерін  сауатты  жəне

дұрыс қояды; тиісті ережелер мен форматты сақтай отырып,  əртүрлі стиль мен

жанрда мəтіндер құрайды.

Қазақ  əдебиеті/орыс  əдебиеті/ұйғыр  əдебиеті/өзбек  əдебиеті/тəжік

əдебиеті:



8

Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) əдебиеттің  негізгі  даму  кезеңдерін; əртүрлі  жанрдағы  шығармалардың

мазмұнын, фольклорда  халық  тұрмысының, салт-дəстүрінің  бейнелену

ерекшеліктерін, əдеби  терминдер  мен  əдеби  бағыттарды, түрлері  мен

жанрларын, көркем  шығармалардың  бейнелі  суреттеулерді  біледі, өлең

мəтіндері  мен  прозалық  мəтіндердің  фрагменттерін (таңдауы  бойынша) жатқа

біледі; оқылатын шығармалардан дəйексөздерді біледі;

2) ұлттық  көркем  мұраның  əлемдік  мəдениеттегі  мəнін; əдебиеттің

мəдениеттің  аса  маңызды  жетістіктерінің  бірі  ретіндегі  рөлін; адам  өміріндегі

көркем əдебиеттің мəнін, əдеби терминдер мен əдеби бағыттарды, түрлері мен

жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы

автордың  көзқарасын, көркем  шығармалардағы  бейнелі  суреттеулерді,

шығармаларда ашық жəне астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;

3) əдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша

əңгіме құрастыру үшін əдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде)

дайындау – кейіпкерлердің  біреуіне  немесе  бір  топ  кейіпкерге (топтық

мінездеме), екі  кейіпкерге (салыстырмалы  мінездеме) мінездеме  беру  кезінде,

өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық

сипаттағы  өзіндік  мəтін  құрастыру  кезінде, АКТ  қатыстыра  отырып, оқыған

мəтінге  өзіндік  түсініктеме  беру  процесінде; өзі  үшін  өзекті  оқу  ортасын

анықтау жəне көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік

алдында  сөз  сөйлеуге  қатысу; қажетті  ақпаратты  іздестіру  үшін  алған  білім,

білік  жəне  дағдыларын; оқытылатын  шығармаларды  талдау  үшін  арнайы

терминдер мен  ұғымдарды; өзекті  проблемаларды  талқылау  кезінде меңгерген

дағдыларын; өз  ойын  білдіру, мəдени  іс-шараларға  қатысу  үшін

шығармашылық қызметтің тəсілдерін қолданады;

4) оқығанына  өзінің  көзқарасын  дəлелмен  тұжырымдай  отырып, əртүрлі

жанрда  бейнеленген  шығармаларды; тақырыпты, идеяны  жəне  шығарма

композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін,

негізгі  эпизодтарын, кейіпкерлердің  іс-əрекетін  жəне  амалдарын, жазушы

стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды əлем əдебиеті туындыларымен жəне

өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;

5) көркем  мəтіннің  жанры  жəне  түрі  жағынан  ұқсас  шығарманы  талдау

жолдарын  таңдау; фактілерді, детальдарды  тарихи  деректермен  салыстыру;

əртүрлі жоспарлар құру үшін; əртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша

мəтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін жəне дағдыларын жинақтайды;

шығармалардағы  құндылықтарды  қазақ  жəне  басқа  да  халықтардың

құндылықтарымен өзара байланыстырады;

6) оқылған  шығарманы  композициялық, стильдік  тұтастығы, тілдік

ресімделуі  жəне  қойылған  коммуникативті  міндеттерге  қол  жеткізу  тиімділігі

тұрғысынан; өнердің  басқа  да  құралдары  арқылы  жасалған  көркем  мəтінді

түсіндіруді бағалайды.

17. «Математика  жəне  информатика» білім  беру  саласы  бойынша



9

оқытудан күтілетін нəтижелер

Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) қарапайым 

математиканың, статистиканың  жəне  ықтималдық

теориясының  негізгі  ұғымдарын; сандар  жіктемесін; нақты  сандармен  есептеу

амалдарын; қарапайым  математиканың  негізгі  формулаларын; функция

ұғымын, оның  қасиеттері  мен  графигін; алгебралық  теңдеулер, теңсіздіктер

жəне  олардың  жүйелерін  шешу  тəсілдерін; көпбұрыштар  жіктемесін; жазық

фигуралардың  негізгі  түрлерінің  қасиеттерін  жəне  белгілерін; комбинаторика

ережелерін; оқиға  ықтималдығының  классикалық, статистикалық  жəне

геометриялық  анықтамаларын; статистикалық  деректерді  жинау  жəне  өңдеу

əдістерін;

қолданбалы  есепті  шешу  үшін  математикалық  модельді  пайдалану

алгоритмін; ақпарат, ақпараттық  процестер, технологиялар  жəне  модельдер

туралы  ғылыми  түсініктердің  негізін; қазіргі  заманғы  қоғамдағы  жəне  əрбір

адамның  өміріндегі  ақпараттық  технологиялардың  рөлін; компьютерлік

жүйелер  мен  желілер  құрылысының  негіздерін, сондай-ақ  олардың

бағдарламалық  қамтылыммен  өзара  əрекеттестігін; модельдеу, алгоритмдеу

жəне  бағдарламалау  арқылы  есептерді  шешу  тəсілдерін; əртүрлі  сандық

құрылғылармен дұрыс жəне қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін біледі;

2) математиканың  академиялық  тілін; санды  стандартты  түрде  жазу

тəсілін; квадрат  үшмүшенің  түбірлері  мен  коэффициенттері  арасындағы

байланысты; түрлі  қолданбалы  есептерді  шешуде  математикалық  модельдерді

пайдаланудың  маңыздылығын; аксиома  мен  теорема  сияқты  математикалық

категориялардың  мағынасын; жазықтықтағы  геометриялық  салулар  мен

өлшемдердің  қағидаттарын; таңдау  жəне  бас  жиынтықтың  сандық

сипаттамаларының  мағынасын; сандық  жəне  сапалық  талдау  жүргізудегі

статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін;

компьютердің 

негізгі 

құрылғыларының 

өзара 

əрекеттестігін;



қолданушының 

жүйемен 


жұмыс 

істеуіне 

арналған 

бағдарламалық

қамтылымның  қажеттілігін; барлық  деректер  мен  нұсқауларды  беру  үшін

компьютермен  екілік  кодты  пайдалануды; ақпаратты  өлшеу  бірліктері

арасындағы  байланысты; ақпаратты  жəне  ақпараттық-коммуникациялық

технология  құралдарын  қолданудың  экономикалық, құқықтық  жəне  этикалық

аспектілерін түсінеді;

3) практикалық есептерді шешуде  математикалық  білімін; математикалық

есептерді 

шешу 


алгоритмдерін; түпмəтінге 

сəйкес 


математикалық

терминологияны; нақты  сандарды  есептеу  амалдары; ауызша  жəне  жазбаша

түрде  дəл  жəне  жуықтап  есептеуді; геометриялық  есептерді  шешуде  жазық

фигуралардың қасиеттерін; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық

модельдерді; математикалық  есептерді  шешуде  есептеу  техникасын  жəне

бағдарламалық қамтылымды;

қажетті ақпаратты жинау, ұсыну, өңдеу, сақтау жəне беру үшін ақпараттық

жəне 


коммуникациялық 

технологиялардың 

заманауи 

бағдарламалау



10

құралдарын; объектілер  мен  процестерді (физикалық, биологиялық,

экономикалық  жəне  ақпараттық) визуализациялау  жəне  зерттеу  жұмыстарын

жүргізу үшін олардың компьютерлік модельдерін; практикалық есептерді шешу

үшін  алгоритмдерді  жазудың  негізгі  ережелерін  жəне  бағдарламалау  тілдері

мүмкіндіктерін; құжаттарды жасау, қарастыру жəне редакциялаудың бірлескен

жұмысы үшін жергілікті жəне ғаламдық желі мүмкіндіктерін қолданады;

4) заңдылықтарды  талдайды  жəне  олардың  негізінде  математикалық

модельдер  құрастырады; статистикалық  деректердің  берілуінің  түрлі

нысандарын  пайдаланып, статистикалық  деректерді; рационал  жəне

иррационал  өрнектерге  жасалған  түрлендірулерді; теңдеулерді, теңсіздіктерді

жəне  олардың  жүйелерін  шешуді; геометриялық  фигуралардың  өзара

орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдер құрастыру

үшін  мəтіндік  есептердің  шарттарын; графика, диаграмма  жəне  əртүрлі

сызбалар түрінде ұсынылған деректерді жəне олардың нəтижелерін;

шынайы  жəне  ойдағы  объектілер  мен  процестерді  зерттеуге  арналған

компьютерлік  модельдерді; ең  тиімдісін  анықтау  үшін  компьютерде  есептерді

шешудің  əртүрлі  тəсілдерін; бар  қателерді  анықтау  жəне  оларды  кейіннен

түзету үшін бағдарламалау тілінде бағдарламалау кодын талдайды;

5) математикалық  есептерді  шешудің  алгоритмдерін; статистикалық

деректерді  өңдеу  жəне  талдау  нəтижелері  бойынша  қорытындыларды;

аксиомалар  мен  теоремалар  арқылы  дəлелді  пікірлерді; геометриялық

түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тəсілдерін;

өз  идеяларын  ұсыну  жəне  іске  асыру  үшін  мəтіндер, кестелер, деректер

қоры, графика мен мультимедиа түріндегі ақпаратты; электрондық кестелерде,

3D-редакторларда, сондай-ақ  бағдарламалау  ортасында  объектілер  мен

процестердің (физикалық, биологиялық, экономикалық  жəне  т.б.) модельдерін

жинақтайды;

6) есептің  түпмəтініне 

қатысты  есептеулер  нəтижесін; берілген

параметрлердің  мəндеріне  байланысты  функциялардың  графиктерінің

орналасуын; шамалардың  жуық  мəндерін  жəне  олардың  стандартты  түрде

жазылуын; жүргізілген  тəжірибелер  санының  артуына  байланысты  оқиға

нəтижесінің  абсолюттік  жəне  салыстырмалы  жиілігін; ақпараттың  сапасын,

маңыздылығын, пайдалылығын 

жəне 


тиімділігін; пайдаланушының

қажеттіліктеріне 

байланысты 

компьютердің 

пішін 

үйлесімін 



жəне

бағдарламалық  қамтылымын  таңдауды; компьютерлік  модельдің  шынайы

объектілерге  сəйкестігін; алгоритмнің  тиімділігін  жəне  оны  орындаудың

нəтижелерін; АКТ  құралдарының  адам  денсаулығына  теріс  əсер  етуін

бағалайды.

18. «Жаратылыстану» білім  беру  саласы  бойынша  оқытудан  күтілетін

нəтижелер

Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) бастапқы  географиялық, биологиялық, физикалық  жəне  химиялық

ұғымдарды; заманауи  өмірдегі  жаратылыстану  ғылымының  рөлін; негізгі



11

биологиялық, физикалық  жəне  химиялық  теориялар  мен  заңдардың  мəнін;

атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына

қосқан  үлесін; энергия  көздерін, оның  түрлерін  жəне  қолданылу  салаларын;

практикалық жəне эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік

техникасының  ережелерін; физикалық  жəне  химиялық  шамалардың  өлшем

бірліктерін; механика (кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары), жылу

физикасы (молекулалық физика жəне термодинамика), электр жəне магнитизм

(электростатика, тұрақты  жəне  айнымалы  электр  тогы, магниттік  өріс,

электромагнитті индукция), оптика (геометриялық жəне толқындық), кванттық

физика  элементтері, атом  физикасы, астрономия  бөлімдеріндегі  ұғымдарды,

формулаларды, заңдарды  жəне  физикалық  тұрақты  шамаларды; атом-

молекулалық  ілімді, атомның  құрылысы  жəне  элементтер  қасиетін; химиялық

таңбаларды; заттардың  жіктелуін; химиялық  жəне  физикалық  құбылыстарды;

химиялық  байланыс  түрлерін  жəне  заттардың  құрылысын; химиялық

реакциялардың  типін, жүру  белгілерін  жəне  заңдылықтарын; бейорганикалық

жəне  органикалық  қосылыстардың  маңызды  кластарын  жəне  олардың

қасиеттерін; электролиттік  диссоциация  теориясын; химиялық  элементтердің

периодтық заңын жəне периодтық жүйесінің құрылымын; Қазақстанның химия

жəне  металлургия  өнеркəсіптерінің  маңызды  салаларын; микробиология,

молекулалық, жасушалық  биология  негіздерін; өсімдіктер  жəне  жануарлар

ағзаларының  ішкі  ортасы  мен  мүшелер  жүйесінің  компоненттерін;

өсімдіктердің жəне жануарлардың негізгі топтарын; тірі ағзалардың адам жəне

табиғи  кешен  үшін  маңызын; эволюциялық  дамудың  негізі  мен

заңдылықтарын; сұрыптау  əдістерін; биогеоценоздар  мен  агроценоздардың

құрылымын; тірі  ағзаларға  қоршаған  орта  факторларының  əсерін, адам  іс-

əрекетінің  қоршаған  ортаға  əсерін; географиялық  зерттеулер  əдістерін;

аумақтық 

кешендерді; географиялық 

объектілердің, процестер 

мен

құбылыстардың  мəнін, жіктелуін, таралу  жəне  орналасу  ерекшеліктерін;



заманауи  геоақпараттық  жүйелердің  жұмыс  істеу  ерекшеліктері  мен  қолдану

аясын; географиялық  қабық  пен  географиялық  ортаның, геосфералардың

құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, дамуының  басты  кезеңдерін;

карталардың  түрлерін, жіктелуін  жəне  элементтерін; материктер  мен

мұхиттардың, жекелеген 

аумақтардың, елдердің 

жəне 

Қазақстан



Республикасының  табиғаты  ерекшеліктерін; əлем, жекелеген  аймақтар, елдер

жəне  Қазақстан  Республикасы  шаруашылығының  аумақтық  жəне  салалық

құрылымын, даму  жағдайлары  мен  факторларын; халықаралық  экономикалық

қатынастардың  мақсаттары  мен  нысандарын; елді  мекендердің  түрлерін,

құрылымын, функцияларын, орналасу факторлары мен даму серпінін; ғаламдық

жəне  аймақтық  демографиялық  проблемаларды; жекелеген  аймақтардың,

елдердің  жəне  Қазақстан  Республикасының  демографиялық  саясаты

ерекшеліктерін; Қазақстан  Республикасының  экономикалық  жəне  саяси

географиялық 

жағдайын, аумақтық-əкімшілік 

бөлінуін; Қазақстан

аймақтарының 

табиғи-ресурстық 

əлеуетін; елдердің 

типологиясын;


12

экономикалық  жүйелердің  модельдерін; халықаралық  байланыстардың

түрлерін; табиғатты қорғау жəне тұрақты даму шараларын біледі;

2) шамалардың  физикалық мағынасын, механика, электр жəне магнетизм,

оптика, атом  физикасы, астрономияның  негізгі  терминдері  мен  заңдарын;

физикалық  жəне  химиялық  құбылыстардың  адам  өміріндегі  маңыздылығын;

химиялық  реакциялардың  жүру  жағдайларын; тотығу  жəне  қалпына  келу

процесін; органикалық  жəне  бейорганикалық  заттар  кластарының  арасындағы

айырмашылықтарды; ИЮПАК  халықаралық  номенклатурасын; химиялық

өндірістің  технологияларын  жəне  ғылыми  қағидаттарын; микробиологияның

медицинадағы, ауыл  шаруашылығындағы  жəне  өнеркəсіптегі  маңызын;

жасушалардағы 

молекулалар  жəне 

органоидтар  деңгейінде 

жүретін

процестерді; өсімдік  жəне  жануарлар  ағзаларының  ішкі  ортасы  мен  мүшелер



жүйесінің  функцияларын, өсімдік  пен  жануарлардың  негізгі  топтарының

жіктелу  қағидаттарын; метаболизм  процестерін; жаһандық  жəне  жергілікті

экологиялық  проблемаларды; жердегі  биокөптүрлілікті  сақтаудағы  Қызыл

кітаптың  рөлін; табиғи  жəне  əлеуметтік-экономикалық  заңдылықтардың,

процестердің, құбылыстардың  мəнін; заманауи  географиялық  кеңістіктің,

аумақтық кешендердің ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестер

мен  құбылыстардың  өзара  байланыстарын; географиялық  қабық  пен

географиялық  ортадағы  процестердің  себептерін, кезеңдерін, салдарын, мəнін;

геосаяси  процестерді; геосаясат  субъектілерінің  рөлі  мен  ықпал  өрісін, өзара

əрекеттестігін; «Байқоңыр» ғарыш  айлағының  өңірлік  жəне  халықаралық

маңыздылығын түсінеді;

3) тірі  жəне  өлі  табиғаттағы  объектілерді, процестер  мен  құбылыстарды

сипаттау  үшін  негізгі  физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық

ұғымдар  мен  терминдерді; тəжірибелік-эксперименттік  жəне  зерттеу

жұмыстарын  қауiпсiз  жүргізу  əдістерін; қолданбалы  жəне  оқу  тапсырмаларын

шешу, практикалық  жəне  зертханалық  жұмыстарды  орындау  барысында

физика, химия, биология, географияның  заңдары  мен  формулаларын;

нəтижелерді ұсынуда графикалық тəсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық

жүйесін; алынған білімдерін  физикалық жəне химиялық құбылыстардың жүру

жағдайларын  жəне  процестерді  түсіндіруге; ағзалардың  əртүрлі  топтарын

сипаттаған  кезде  бинарлық  номенклатураны; географиялық  қабық  пен

географиялық  орта  компоненттерінің  сандық  жəне  сапалық  сипаттамаларын

анықтау  əдістерін; картометрия  тəсілдерін, кеңістікте  бағдарлау  жəне

навигациялық дағдыларды қолданады;

4) ғылыми-жаратылыстану  эксперименті  нəтижесінде  алынған  деректерді;

графиктік  жəне  кестелік  нысанда  берілген  ақпаратты; заттардың  қасиетінің

сапалық  жəне  сандық  құрамына  жəне  оның  құрылымына  тəуелділігін;

заттардың  қасиеті  мен  қолданылуы  арасындағы  себеп-салдарлық  байланысты;

адам  ағзасының  химиялық  құрамын  жəне  оның  дұрыс  жұмыс  істеуі  үшін

микроэлементтер  мен  макроэлементтердің  маңызын; биологиялық  процестер

мен  құбылыстардың  заңдылықтарын; тірі  ағзалардың  мүшелер  жүйесінің


13

құрылысы  мен  функциясын; трансгендік  технологияларды  қолдануға

байланысты 

проблемаларды; биогеоценоздағы 

заттар 

айналымының



процестерін; географиялық  қабық  пен  географиялық  ортадағы  процестер  мен

құбылыстардың  себеп-салдарлық  байланыстарын; жаратылыстану  ғылымдары

саласындағы  жетістіктер  мен  ғылыми  жаңалықтарды  қолдану  аясын;

географиялық  объектілердің  орналасу  факторларын; қоғамдық  өндірістің

ғылыми-жаратылыстану, əлеуметтік-экономикалық  негіздерін; Қазақстанның

географиялық  жəне  геосаяси  жағдайын, саяси, экономикалық  жəне  əлеуметтік

дамуының  ерекшеліктері  мен  факторларын, оның  дүниежүзіндегі  рөлі  мен

орнын талдайды;

5) кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету

үшін  жинақталған  жəне  өңделген  деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дəлел

жəне түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді жəне дəлелдемелерді;

эксперимент  жəне  зерттеулер  жүргізу  жоспарын; эмпирикалық  қағидаларды,

қағидаттар  мен  заңдылықтарды  жүйелеу, жіктеу  жəне  анықтау  үшін  тірі  жəне

өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;

6) жасалған  эксперименттің  нəтижелерін, зертханалық  жұмыстарды

жүргізу  кезіндегі  тəуекелдерді, түрлі  физикалық  жəне  химиялық  процестердің

адамның  тыныс-тіршілігі  мен  қоршаған  ортаға  əсерін; табиғи  биогеоценоздар

мен  агроценоздардың  жағдайын; өнеркəсіптің  технологиялық  қағидаттарының

тірі  табиғат  компоненттері  арасындағы  тепе-теңдікті  сақтауға  əсерін; пайдалы

қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; əртүрлі

мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен

құбылыстардың жарамдылық жəне пайдалану дəрежесін бағалайды.

19. «Адам  жəне  қоғам» білім  беру  саласы  бойынша  оқытудан  күтілетін

нəтижелер

Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) отан  жəне  дүниежүзі  тарихы  кезеңдерін; Қазақстан  жəне  əлем

тарихының  ежелден  бастап  қазіргі  күнге  дейінгі  негізгі  оқиғаларын,

құбылыстарын, процестерін; отан жəне əлем тарихында маңызды рөл атқарған

тарихи  қайраткерлерді; тарихи  даму  барысында  қалыптасқан  ұлттық  жəне

əлемдік  мəдениеттің  маңызды  жетістіктерін; тарих  ғылымының  базалық

ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін;

құқық пəні мен ұғымын; заманауи құқық жүйелерін; іргелі құқықтық жəне

əлеуметтік  құндылықтарды: адам  құқығы, демократия, азаматтық  қоғам  жəне

құқықтық  мемлекет, заңдылық  жəне  құқық  тəртібі; қазақстандық  құқық

саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын; құқық дереккөздерін;

гуманизмге, адалдыққа,отан  алдындағы  борыш  пен  толеранттылыққа

негізделген құндылықтар мен нормалар мəнін; адамның өзіне, қоршаған əлемге,

жалпы  адамзатқа  деген  қарым-қатынасын  ескеретін  адамгершілік  мінез-құлық

негіздерін,əлеуметтік  маңызды  бағдарды; адамның  жағымды  жəне  жағымсыз

қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы ұғымдарды біледі;

2) тарихтың  барлық  кезеңдері  бойы  отан  жəне  дүниежүзі  тарихының


14

дамуының  тұтастығы  мен  үздіксіздігін  сипаттайтын  негізгі  оқиғалардың,

құбылыстар  мен  процестердің  мəнін; Қазақстан  мен  түрлі  əлем  елдерінің

қоғамдық-саяси, экономикалық  жəне  əлеуметтік-мəдени  дамуының  сипатты

белгілерін; заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың

мəдени  əртүрлілігін; Қазақстанның  тарихи  жолының  ерекшеліктерін, əлем

тарихындағы  оның  рөлі  мен  орнын; отан  жəне  əлем  тарихындағы  көрнекті

тұлғалардың  рөлі  мен  орнын; өзін  Қазақстан  Республикасы  азаматы  ретінде

сезінуі  нысанында  азаматтық  жəне  ұлттық  біртектілігін; отан  жəне  əлем

тарихына, мəдениетіне, дəстүрлеріне, адам  құқығы  мен  бостандығына, қоғам

өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін;

мемлекет  жəне  құқықтың  пайда  болуы, олардың  өзара  байланысы;

қазақстандық  құқық  салаларының  негізгі  ұғымдары  мен  базалық  санаттарын;

құқық мазмұнын, нақты  құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде

азаматтың  міндеттері  мен  жауапкершілігін; əлеуметтік  өмірдің  негізгі

салаларындағы  қоғамдық  қатынастарды  құқықтық  реттеу  қажеттілігін;

тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін;

адамның ұдайы өзін-өзі дамыту мен тану қажеттілігін; жалпы адамзаттық,

этномəдени жəне ұлттық құндылықтардың өзара байланысын; сөзі мен əрекеті

үшін  жауапкершілікті; отбасындағы, ұжымдағы  жəне  қоғамдағы  өзінің  рөлін;

болашақ  мамандығын  саналы  таңдау  маңыздылығын; өмірде  өзара  көмектің

маңыздылығын; практикада  салауатты  өмір  салты  туралы  білімді  қолдана

отырып, өз өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде түсінеді;

3) тарихи  ойлау  дағдыларын: өмірлік  міндеттер  мен  мəселелерді  шешу

үшін; тарихи  картадағы  өзгерістерді, түрлі  нысандардың  орналасуын  анықтау

кезінде; тарихи  тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді

салыстыру  кезінде; Қазақстанның  жəне  əлемнің  басқа  да  елдерінің  саяси,

əлеуметтік-экономикалық  жəне  мəдени  дамуын  сипаттау  кезінде; тарихи

негізіне сүйене  отырып, заманауи өмірдің  құбылыстарына  қатынасы бойынша

өз ұстанымын анықтау кезінде; тарихи материалдармен жұмыс кезінде;

күнделікті  өмірде  жəне  практикалық  əрекетінде  құқықтық  ақпаратты;

құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сəйкес іс-қимыл мен  мінез-құлық

тəртібін таңдау кезінде; құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тəсілдерін

айқындау  кезінде, сондай-ақ  бұзылған  құқықтарды  қорғау  кезінде; тиісті

органдар  мен  ұйымдарға  білікті  заң  көмегіне  жүгіну  кезінде; өзекті  қоғамдық

жəне құқықтық мəселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде;

қоғамға 

қызмет 


етуге 

бағытталған, проблемаларды 

шешуде

шығармашылық  тəсілді; адамгершілік  нормаларына  сəйкес  түрлі  мəселелерді



сындарлы  шешуде; басқа  адамдармен  жəне  қоршаған  ортамен  тілектестік

қарым-қатынас  орнату  кезінде  алынған  білімді, білікті  жəне  дағдыны

қолданады;

4) себеп-салдарлық 

байланыстарын  анықтау  мақсатында  тарихи

оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді; жалпы  сипатты  белгілері  мен

ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның жəне басқа да елдердің  тарихи


15

дамуын; тарихи тұлғалар қызметінің нəтижесі мен уəждерін; тарихи паралелль

өткізу  жолымен  Қазақстан  мен  əлемнің  жекелеген  мемлекеттерінің  даму

үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси  жəне  мəдени  процестерін;

проблемалық  сұрақтарға  жауап  беру  үшін  түрлі  тарихи  дереккөздерді; бір

тарихи  оқиғаларға, құбылыстар  мен  процестерге  түрлі  көзқарастарды; түрлі

таңбалы  жүйеде (мəтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне  қатары) ұсынылған

ақпараттарды;

қоғамдағы  құқықтық  қатынастарды  реттейтін  нормалар  мен  тетіктерді;

құқықтық  қатынастар  субьектілерінің  негізгі  құқықтары  мен  міндеттерін;

қоғамдағы  құқықтық  қатынастарға  байланысты, күрделі  емес  практикалық

жағдаяттарды; жасөспірімдердің  заң  алдындағы  жауапкершілігін  жəне

құқықтық  ережелерінің  ерекшеліктерін; түрлі  деректерден  алынған  құқықтық

сипаттағы ақпараттарды;

адамдарда  тұлғалық  өзін-өзі  анықтау, өзін-өзі  таныту, өзін-өзі  бақылау

қабілетін  қалыптастыру  нысандары  мен  əдістерін; материалдық  жəне

материалдық  емес  жоспардың  қажеттіліктері  жəне  олардың  қалау  мен

мүмкіндіктерге сəйкес келуін талдайды;

5) жалпы  заңдылықтарды  анықтай  отырып, тарихи  құбылыстардың,

процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау жəне саралау үшін

түрлі  дереккөздердегі  ақпараттарды; қоғамда  болып  жатқан  қазіргі  заманғы

саяси, əлеуметтік-экономикалық  жəне  мəдени  процестерге  бағдарлану  үшін

тарихи мəліметтерді;

қоғамда  əлеуметтік  бейімделу  үшін  құқықтық  жəне  адамгершілік

нормаларын  ескере  отырып, түрлі  практикалық  жағдаяттардағы  мінез-құлық

моделін жинақтайды;

6) тарихи  оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды  отандық

жəне  əлемдік  тарихқа  ықпалы  тұрғысынан  бағалайды, оларды  əртүрлі

түсіндіруді; əртүрлі  тарихи  дереккөздердің  анықтығын; заманауи  өркениеттің

перспективасын, оның  дамуындағы  қиындықтар  мен  проблемаларды; қазіргі

қазақстандық қоғамның əлемдік экономикадағы, саясаттағы жəне мəдениеттегі

рөлін;


қоғамдағы  мемлекеттік-құқықтық  институттардың  қызметі, олардың

дамуына  өз  үлесін  қосу  мүмкіндігін; қоғам  өміріндегі  оң  жəне  келеңсіз

құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мəнін;

нақты  мəселелерді  шешуде  саналы  белсенділік  таныту  қабілетін  көрсету;

адамгершілік  нормаларына  сəйкес  белгіленген  міндеттерді  сындарлы  шешу

үшін өзінің ұжымда жəне топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды.

20.  

«Технология  жəне  өнер» білім  беру  саласы  бойынша  оқытудан



күтілетін нəтижелер

Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) өнер  түрлерінің  əртүрлі  стильдері, бағыттары  мен  жанрларының

жіктемесі  мен  ерекшеліктерін; музыка  мен  өнердің  бейнелеу  жəне  суреттеу

құралдарын; өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының пайда болу тарихын;


16

қазақ халқының жəне əлемнің басқа халықтарының сəндік-қолданбалы өнердегі

салт-дəстүрлерін; əлемдік  жəне  ұлттық  үздік  музыка  мен  өнер  туындыларын;

халық  жəне  классикалық  музыка  аспаптарының  жіктемесін; табиғи, жасанды

жəне  көркем  материалдардың  негізгі  түрлері  мен  қасиеттерін; кейбір

материалдардың  қолмен, механикалық  жəне  көркем  өңдеудің  негізгі

технологияларын; тамақ 

дайындаудың 

негізгі 

технологияларын;

электротехникалық  жұмыстардың  негізгі  түрлерінің  жалпы  сипаттамасын;

электротехникалық

материалдардың

жіктемесін; технологиялық

машиналардың, аспаптардың, аппараттар  мен  құралдардың  жіктемесін;

технологиялық машиналар мен жабдықтардың тұтынымдық жəне функциялық

сипаттамасын; тоқыма  бұйымдарын  өңдеу, құрастыру  жəне  модельдеу

негіздерін; өнер 

саласында 

қолданылатын 

заманауи 

ақпараттық

технологияларды  жəне  бағдарламалық  қамтылымды; жабдықтармен  жəне

құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;

2) адам  мен  қоғам  өмірінде, қоршаған  ортаны  қорғау  мен  сақтауда  өнер

түрлерінің, техника  мен  технологияның  маңызы  мен  рөлін; қазақ  халқының

жəне əлемнің басқа халықтарының музыка мен бейнелеу өнері туындыларының

құндылығын; өнер түрлерінің стильдері мен бағыттарының тарихи кезеңдермен

байланысын; шығармашылық  ойды  түрлі  өнер  құралдары  арқылы  жеткізудің

ерекшеліктерін; табиғи жəне жасанды материалдар қасиеттерінің бұйымдардың

функциялық  жəне  эстетикалық  сапасына  əсерін; шешім  қабылдау, идеяларды

дамыту, шығармашылық  бұйымдарды  жасау  үшін  топтық  жəне  ұжымдық

жұмыстың маңызын түсінеді;

3) əртүрлі  өнер  түрлерінде  шығармашылық  жобаларды  жасау  үшін;

қарапайым  электромонтаждау  жұмыстарын  жүргізу  үшін; қоршаған  əлемдегі

образдарды, заттар  мен  құбылыстарды  бейнелеуде  көркем  əдістер  мен

тəсілдерді, оның  ішінде  компьютерлік  бағдарламалар  мен  қосымшаларды

пайдалану  арқылы; бұйымдарды, сондай-ақ  өнер  туындыларын  жасау  жəне

дайындау барысында конструктивтік, көркем материалдардың түрлі қасиеттері

туралы білімін; жаңа бұйымдардың прототиптерін, сондай-ақ АКТ құралдарын

пайдалана 

отырып 


жасау 

үшін 


материалдарды 

өңдеудің 

негізгі

технологияларын; өз  идеяларын  коммерциялық  салада  жүзеге  асыру  үшін



шығармашылық өнімдерді жылжытудың түрлі тəсілдерін; өз еңбегін жоспарлау

жəне ұйымдастыру əдістерін; қоршаған  ортадағы экологиялық  проблемаларды

өнер арқылы көрсету тəсілдерін қолданады;

4) түрлі  өнер  туындыларындағы  шығармашылық  идеялар  мен  ойларды;

өнер  қайраткерлерінің  жəне  өзінің  жұмысында  пайдаланылған  тəсілдерді,

техникалар  мен  материалдарды; сапаны  жақсарту  мақсатында  жасалған

бұйымдардың 

прототиптерін; шығармашылық 

еңбек 

нəтижелерінің



тұтынушылық  мүмкіндігін; əлеуметтік-тарихи, өңірлік, ғылыми-техникалық,

мəдени  факторлардың  өнер  туындыларына  ықпалын; өнердің, технологиялар

мен  өндірістің  қоршаған  ортаға  жəне  адамның  тіршілік  əрекетіне  əсерін

талдайды;



17

5) əртүрлі өнер түрлері бойынша шығармашылық жобаларды, оның ішінде

АКТ  пайдалана  отырып; əртүрлі  материалдар  жəне  құралдарды  пайдалану

арқылы  түрлі  техникаларда  жұмыс  жасаудың  əдістері  мен  тəсілдерін; түрлі

стильдер  мен  жанрларда  импровизация, аранжировка  жасау  үшін  əртүрлі

идеяларды; шығармашылық  жұмыстарды  жасау  үшін  гуманитарлық  жəне

жаратылыстану-ғылыми 

пəндер 


бойынша 

білім 


мен 

дағдыларды;

материалдардың технологиялық жəне пайдаланылу қасиеттерін ескеріп, кейбір

бұйымдарды  жасау  үшін  конструкторлық  жəне  дизайнерлік  шешімдерді

жинақтайды;

6) түрлі  өнер  туындыларындағы  негізгі  ойды, бейнелер  мен  идеяларды;

ұлттық  жəне  əлемдік  өнер  туындыларының  көркемдік  жəне  эстетикалық

құндылығын; өздігінен/ұжыммен 

орындаған 

көркемдік, техникалық

жұмыстарды; бұйымдардың  функционалдық, эргономикалық  жəне  тиімділік

мүмкіндіктерін; еңбек өнімдерінің тұтынушылық сапасын жəне технологиялық

операцияларды орындаудың сервистік мүмкіндіктерін бағалайды.

21.  «Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша күтілетін нəтижелер

Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:

1) дене  шынықтыру  сабақтарында  қауіпсіздік  ережелері  мен  техникасын;

қимыл-қозғалыстарды, əр  бағыттағы  дене  шынықтыру  жаттығуларының

кешендерін; дене  шынықтыру  сабақтары  кезіндегі  ағзадағы  өзгерістерді

(сыртқы  жəне  ішкі  белгілері  бойынша) жəне  дене  шынықтыру  жүктемесінің

режимдерін (жүрек  соғуының  жиілігі  бойынша) бақылау  əдістері  мен

тəсілдерін біледі;

2) еңбекке  қабілеттілік  деңгейін  арттыру  үшін  денсаулықты  сақтау  жəне

нығайту қажеттілігін; күн режимінде дене шынықтыру жаттығуларының рөлін;

дене  шынықтырудың  ағза  жүйелерінің  функционалдық  күйіне  ықпал  етуін;

салауатты  өмір  сүрудің  қажеттілігін; орындалатын  қимыл-қозғалыстардың

күрделілік  деңгейін; дене  даярлығының  түрлі  сатыларында  дене  шынықтыру

жүктемесінің талап етілетін қарқынына жету қажеттілігін түсінеді;

3) денені  жетілдіру  үшін  кең  диапазондағы  іс-қимыл  дағдыларын; өзінің

жəне  топтың  қызығушылығын  есепке  ала  отырып, жеке  жəне  бірлескен  дене

шынықтыру  сабақтарын  болжау; өзінің  жəне  басқалардың  дене  шынықтыру

тəжірибелерін  байыту  үшін  білімі  мен  дағдыларын; оқу  бағдарламасында

көрсетілген  спорт  ойындары  мен  циклдік  спорт  түрлерінде  тактикасы  мен

стратегиясын; бағдарламадағы  спорт  түрлері  бойынша  мектеп  жарыстарында

қазылық жасау кезіндегі қағидалар туралы білімін қолданады;

4) болашақ  оқуды  жəне  топтағы  мінез-құлықты  басқару  үшін  дене

шынықтыру  жаттығуларындағы  жетістіктер  мен  тəжірибені; іс-əрекетті

оңтайландыру  негізінде  өзі-өзі  дамытуға  жəне  білімін  жетілдіруге  даярлығын

жəне  қабілеттілігін; қысқа  жəне  ұзақ  уақытты  жаттығулар  кезінде  ағзадағы

физикалық өзгерістерді басқарудың түрлі əдістерін талдайды;

5) қозғалыстың  түрлері  мен  олардың  ретін  қозғалыстың  жақсартылған

комбинациясында; салауатты  жəне  қауіпсіз  өмір  сүруді  қалыптастыруда  білім


18

мен  дағдыларды; дене  шынықтыру  сабақтарының  шеңберінде  проблемаларды

зерттеу  жəне  шешу  үшін  сын  тұрғысынан  ойлау  құралдары  мен  білімін; адам

өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін  төтенше  жағдайларда  жеке  жəне

ұжымның қауіпсіз əрекеттерінің қағидаларын білуді жинақтайды;

6) өзінің  физикалық  қабілеттері  мен  басқалардың  қабілеттерін; түрлі  дене

жаттығуларын  орындау  кезінде  туындайтын  қиындықтар  мен  тəуекелдерді;

денсаулықтың  түрлі  аспектілеріне  дене  жаттығуларының  əсерін; салауатты

өмір  салтын  таңдау  мен  қалыптастыруда, мектепішілік  жəне  мектептен  тыс

спорттық  іс-шараларға  қатысуда  белсенді  шығармашылық  іс-əрекетке  араласу

үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.

22.  Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  білім  алушылардың

білімін бағалау өлшемшарттарын  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады. Бағалау

өлшемшарттары білім алушылардың  оқу  жетістіктері  деңгейлерін өлшеу үшін

пайдаланылады.

23.  Бағалау  өлшемшарттары  əрбір  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқыту

мақсаттарына сəйкес əзірленеді.

24.  Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  формативті  жəне

жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.

25.  Білім  алушылардың  білімін  бағалау  өлшемшарттарын  білім  беру

саласындағы уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.

26.  Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін олардың білім алуына,

даму  бұзушылықтарын  түзетуіне  жəне  əлеуметтік  бейімделуіне  жағдай

жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет