№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


 Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

27.  Негізгі орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып

табылатын  жəне  білім  алушының  мінез-құлқы  мен  қызметін  ынталандыратын

өмірлік  тұрақты  бағдарлары  болуға  арналған  білім  алушылардың  бойына

ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.

28. Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу.

29.  Білім  берудегі  құндылықтарды  дарыту  негізінде  білім  алушылардың

мынадай қабілеттері дамуы тиіс:

1)  Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;

2)  Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы 

мен 

заңдарының



нормаларын құрметтеу жəне сақтау;

19

3)  əлеуметтік жауапкершілік жəне шешім қабылдай алу;

4)  мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;

5)  Қазақстан  халқының  мəдениеті  мен  дəстүрлерін, əлемнің  мəдениеттік

алуан түрлілігін құрметтеу;

6)  рухани келісім жəне толеранттылық идеяларын қолдау;

7)  қоршаған  ортаға  жəне  экологиялық  тұрақтылықты  сақтауға  оң  қарым-

қатынас;


8)  шығармашылықпен жəне сын тұрғысынан ойлау;

9)  коммуникативтілік  жəне  ақпараттық-коммуникациялық  құралдар  мен

технологияларды тиімді қолдана білу;

10)  өмір бойы білім алуға жəне өзін-өзі жетілдіруге талпыну.

30.  Негізгі  орта  білімнің  мақсаты  - тұлғаның  жалпы  мəдениетін

қалыптастыру, тұлғаны  қоғам  өміріне  бейімдеу, кəсіпті, мамандықты  саналы

түрде таңдауға жəне меңгеруге негіз жасау.

31.  Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:

1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;

2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;

3) өздігінен білім алу жəне тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;

4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-əрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;

5) сын тұрғысынан жəне шығармашылық ойлау дағдыларын;

6) қауымда  өзін-өзі  іске  асыру  жəне  өзара  əрекет  жасау  дағдыларын

қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

32.  Білім  берудің  базалық  мазмұны  стандарт  талаптары  негізінде

əзірленетін оқу пəндерінің оқу бағдарламаларымен айқындалады.

33.  Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны оқу, жобалау жəне зерттеу

іс-əрекеттерінің  мақсатты  ұйымдастырылған  тəрбие  жұмысымен  үйлесімі

арқылы  іске  асырылатын  академиялық  дайындықты, білім  алушылардың

дербестігін  дамытуды  жəне  рухани-адамгершілік  тəрбиені  кіріктіру  негізінде

айқындалуы тиіс.

34.  Негізгі  орта  білім  берудің  базалық  мазмұны  мынадай  бағдарларды

ескере отырып айқындалады:

1) заманауи қоғамның серпінді сұраныстарына сəйкес болу;

2) сын  тұрғысынан, шығармашылық  жəне  позитивті  ойлауды  дамыту

қажеттілігі;

3) оқу пəндері мазмұнын кіріктіруді күшейтудің орындылығы;

4) бастауыш білім беру жəне негізгі орта білім беру деңгейлері арасындағы

білім  беру  мазмұнының  үздіксіздік  жəне  сабақтастық  қағидатын  сақтауды

қамтамасыз ету;

5) білім  беру  мазмұнының  академиялық  жəне  практикалық  бағыттылығы

арасындағы теңгерімді сақтау;

6) оқыту, тəрбиелеу мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.

35.  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде  оқыту  процесін  ұйымдастыру

оқыту  мен  тəрбиенің  бірлігі  қағидатын  іске  асыруға  бағытталған. Оқытуды



20

ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым

рөл беріледі.

36.  Оқыту  процесінде  əр  оқу  пəні  арқылы  тəрбие  мəселесі  шешіледі.

Тəрбие  жұмысының  барлық  түрлері  білім  алушылардың  жаңа  білімді

субъективті  тануы  мен  меңгеруі  мəселелерін  шешуге, ұлттық  дəстүрлерді,

мəдениетті  зерделеуге  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  дарытуға

бағытталған.

37.  Сабақтан  тыс 

іс-əрекеттің  əртүрлі  нысандарын  ұйымдастыру

жинақтала  келе  білім  алушылардың  рухани-адамгершілік, азаматтық-

патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек жəне дене тəрбиесінің іске асырылуын

қамтамасыз етеді.

38.  Оқу  процесін  ұйымдастыру  білім  алушыларды  ізденуге, мəселелерді

талқылауда, көзқарасын  дəлелдеуде  белсенділікке, сындарлы  шешімдер

қабылдауға  ұмтылу  жолымен  өздігінен  тəжірибе  меңгеруін  ұйымдастыруға

негізделген оқытудың интерактивті əдістерін пайдалануды көздейді.

39.  Міндетті  оқу  пəндерін  оқытумен  қатар  элективті  курстар, сыныптан

тыс  сабақтарды  өткізу, білім  алушылардың  ғылыми  жобаларға  қатысуы

көзделген.

40.  Білім  алушылардың  жобалау  жəне  зерттеу  іс-əрекеті  дағдыларын

дамытуда  жүйелілікті  қамтамасыз  ету  білім  беру  ұйымдарында  білім  беру

процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.

41.  Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты

шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны –

кемінде  үш  тілді  меңгерген, қызметтің  əртүрлі  салаларында  үш  тілде  еркін

диалог  жүргізе  алатын, өз  халқының  мəдениетін  бағалайтын, басқа

халықтардың  мəдениетін  түсінетін  жəне  құрметтейтін  Қазақстанның  азаматын

қалыптастыруға негізделеді.

42.  Үштілді білім беру іс жүзінде:

1) қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін деңгейлік меңгеру;

2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пəндерді қазақ, орыс жəне ағылшын

тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;

3) сабақтан  тыс  іс-əрекеттер  мен  элективті  курстарды  қазақ, орыс  жəне

ағылшын тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

43.  Негізгі  орта  білім  берудің  əр  білім  беру  саласы  бойынша  базалық

мазмұны білім алушыларға тек ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, олардың

тиімді  əлеуметтенуіне  ықпал  ететін  рухани, əлеуметтік  жəне  мəдени

тəжірибелерін  одан  əрі  дамытуды  қамтамасыз  етудің  қажеттілігі  ескеріле

отырып анықталды.

44.  «Тіл жəне əдебиет» білім беру саласының мазмұны:

1) оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  сыныптар  үшін «Қазақ  тілі», «Қазақ

əдебиеті» жəне  оқыту  орыс  тілінде  жүргізілетін  сыныптар  үшін «Орыс  тілі»,

«Орыс əдебиеті»;

2) оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптар  үшін «Қазақ  тілі  мен


21

əдебиеті» жəне  оқыту  орыс  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптар  үшін «Орыс  тілі

мен əдебиеті»;

3) «Шет тілі» оқу пəндерінде іске асырылады;

4) Қазақстан  аумағында  жинақы  тұратын  этностардың  тілінде  оқытатын

білім беру ұйымдарында «Тіл жəне əдебиет» білім беру саласына осы этностың

ана  тілі  мен  əдебиеті  қосымша  енеді. Оқыту  ұйғыр/өзбек/тəжік  тілінде

жүргізілетін сыныптар үшін «Ана тілі», «Əдебиет» («Ұйғыр əдебиеті», «Өзбек

əдебиеті», «Тəжік əдебиеті») оқу пəндері үлгілік оқу жоспарының инвариантты

компонентіне енеді.

45.  «Тіл  жəне  əдебиет» білім  беру  саласының  мазмұны  басқа  тілдік  жəне

тілдік  емес  оқу  пəндерімен  пəнаралық  байланысты  пайдалануды; білім

алушылардың 

ойдағыдай 

əлеуметтенуін; білім 

алушылардың 

жас

ерекшеліктеріне, қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарына  сəйкес  тілдік



дағдыларын  дамытуды; қазіргі  əлемде  тілдерді  оқытудың  маңыздылығын

түсінуді; рухани-адамгершілік  құндылықтардың  дамуын; көптілді  жəне

көпмəдениетті  əлемнің  тұтастығын  түсінуді; қарым-қатынас  процесінде

тұлғаарлық  жəне  мəдениетаралық  байланыстарды  орнатуды; өзге  елдердің

мəдениетімен  танысу  арқылы  əртүрлі  көзқарастарды  сыйлай  білуге

тəрбиелеуді; оқыту  тілінде  түрлі  ақпарат  көздерімен, оның  ішінде  интернет

ресурстарымен  өз  бетінше  жұмыс  істей  білуді; шығармашылық  жəне  сын

тұрғысынан ойлауды дамыту жəне пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

46.  «Математика  жəне  информатика» білім  беру  саласының  мазмұны

«Математика», «Информатика» оқу пəндерінде іске асырылады.

47.  «Математика  жəне  информатика» білім  беру  саласының  мазмұны

математика  мен  информатиканың  əлемдегі  рөлін  айқындау  жəне  түсіну

қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның əмбебап тілі, құбылыстар

мен  процестерді  модельдеудің  құралы  ретінде  түсінуді; математика  мен

информатиканы оқыту  кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты,

пəнаралық  жəне  пəнішілік  байланыстарды; жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде

оқуды  жалғастыруға  жəне  сабақтас  пəндерді  оқуға, оларды  күнделікті  өмірде

пайдалануға  қажетті  базалық  математикалық  білім  мен  біліктерді  меңгеруді;

бағдарламалау 

технологиясының 

жəне 

ақпараттық-коммуникациялық



технологиялардың  теориялық  негіздері  бойынша  базалық  білім  жүйесін,

информатиканы  жəне  басқа  да  пəндерді  оқу  кезінде  ақпараттық  жəне

телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер

мен  процестердің  модельдерін  қолдану  жəне  түрлендіру  біліктерін  меңгеруді;

функционалдық  сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік  жəне  операциялық

ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін

(сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану  қабілеттерін, əртүрлі

нысанда  берілген  ақпаратты  қабылдау  жəне  сын  тұрғысынан  талдауды

дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

48.  «Жаратылыстану» білім  беру  саласының  мазмұны «Жаратылыстану»,

«Физика», «Химия», «Биология», «География» оқу пəндерінде іске асырылады.


22

49.  «Жаратылыстану» білім  беру  саласының  мазмұны  функционалдық

білім  мен  біліктерді, жоспарлау, талдау  жəне  өңдеу, түсіндіру, жүйелеу,

алгоритм  бойынша  жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік  дағдыларды

жетілдіру, қорытындыларды  бағалау  жəне  тұжырымдау  дағдыларын

қалыптастыруды; əлемнің  қазіргі  жаратылыстану  көрінісінің  негізінде  жатқан

іргелі  ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар  мен  қағидаттарды, табиғатты

ғылыми тану əдістерін, табиғатты, экономиканы жəне қоғамды кешенді зерттеу

негізінде  адамзаттың  ғаламдық  жəне  жергілікті  проблемаларын  түсінуді

тереңдетуді; экологиялық  мəдениетті, ғылыми, жобалық  жəне  кеңістіктік

ойлауды  дамытуды; патриоттық  сезімдерді, қоршаған  ортаға  деген

жауапкершілікті  жəне  ұқыпты  қарауды  тəрбиелеуді; білім  алушыларды

жаратылыстану  ғылымдары  бағытында  кəсіби  бағдарлауды  іске  асыруды

қамтамасыз етуі тиіс.

50.  «Адам  жəне  қоғам» білім  беру  саласының  мазмұны «Қазақстан

тарихы», «Дүниежүзі  тарихы», «Құқық  негіздері», «Өзін-өзі  тану» оқу

пəндерінде іске асырылады.

51.  «Адам жəне қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда

«Адам – Қоғам» жүйесі  шеңберінде  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар

бойынша  білім  негіздерін  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс. Оқу  пəндерінің

мазмұны  білім  алушыларда  тарихи  ойлау, өткен  жəне  қазіргі  жағдайды,

олардың  өзара  байланысын  түсіну  мен  ұғыну, тарихи, құқықтық,

экономикалық, саяси, əлеуметтік  ақпарат  көздері  материалдары  бойынша

талдау  мен  негізделген  қорытындылар  жасау  жəне  соның  негізінде  ешкімге

тəуелсіз  тұжырым  жасау, өзіндік  сараланған  шешімдер  қабылдау  дағдыларын

қалыптастыруға; патриотизм  сезімін  тəрбиелеуге, құқықтық  сауаттылықты,

демократиялық  құқықтық  қоғам  идеалдары  мен  құндылықтарын  түсінуді,

əлеуметтік-мəдени  байланыс  жағдайында  тиімді  өзара  қарым-қатынасты  іске

асыру  жəне  коммуникативтік  құралдарды  таңдау  үшін  белсенді  азаматтық

ұстанымды  қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномəдени  құндылықтар

жүйесіне, əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  жағдайларға  жеке  қатынасын

айқындай білуін дамытуға, адамгершілік таңдауды  жүзеге асыру  үшін қажетті

əлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау мен бағалауға бағытталған.

52.  «Технология  жəне  өнер» білім  беру  саласының  мазмұны «Көркем

еңбек», «Музыка» оқу пəндерінде іске асырылады.

53.  «Технология  жəне  өнер» білім  беру  саласының  мазмұны  қоршаған

əлемнің  бейнесін, өскелең  ұрпақтың  ортақ  мəдениетін  тұтастай  қабылдауды,

білім  алушылардың  эстетикалық, рухани-адамгершілік  жəне  эмоционалдық

саласын  қоғамның  ұлттық  жəне  əлемдік  көркем  құндылықтары  негізінде

дамытуға, адам  өміріндегі  өнер  мен  технологиялардың  рөлі  туралы  негізгі

түсініктерді  дамытуға, қазақ  халқының  жəне  əлемнің  басқа  да  халықтарының

салт-дəстүрлеріне, мəдениетіне  жəне  əртүрлі  өнер  түрлерін  түсінуге  жəне

құрметтеуге; өнердің  əртүрлі  түрлерінде  көркем, музыкалық  жəне  жобалық

əрекетті  жүзеге  асыру  білімдерін, біліктерін  жəне  дағдыларын  одан  əрі



23

дамытуға; негізгі  технологиялық  білім, білік, дағдыларды, соның  ішінде

компьютерлік  цифрлық технологияларды  қолдану арқылы; əртүрлі  музыкалық

цифрлық  технологияларды  қоса  алғанда, вокалды  жəне  инструменталды

дағдыларды  дамытуға; мəнерліліктің көркем  жəне музыкалық  құралдары жəне

заманауи  технологиялар  арқылы  əлемді  танудың  əртүрлі  əдістерін  өз  бетінше

меңгеруге бағытталуы тиіс.

54.  


«Дене 

шынықтыру»  білім  беру  саласының  мазмұны  «Дене

шынықтыру» оқу пəнінде іске асырылады.

55.  «Дене  шынықтыру» білім  беру  саласының  мазмұны  денсаулықты

нығайтуға, негізгі  дене  бітімі  қасиеттерін  дамытуға  жəне  ағзаның  қызметтік

мүмкіндіктерін  жоғарылатуға; қозғалыс  мəдениетін  қалыптастыруға, қозғалыс

тəжірибесін  жалпылай  дамыту  мен  түзетуге  бағытталған  физикалық

жаттығулар  арқылы  байытуға; дене  шынықтыру-сауықтыру  жəне  спорттық-

сауықтыру  іс-əрекеті дағдысы мен  іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз

бетінше  ұйымдастыруға  үйретуге; базалық  жəне  ұлттық  спорт  түрлерінің

техникалық  қимылдарымен  амалдарын  меңгеруге; патриоттық  сезімге, өз

Отанын  сүюге  жəне  рухани  ерік-жігер  қасиеттеріне  тəрбиелеуге  бағытталуы

тиіс.

56.  Негізгі  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламасын



меңгеру мерзімі – бес жыл.

4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

57.  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  білім  алушылардың  апталық  оқу

жүктемесінің  ең  жоғары  көлемі 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 32

сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 35 сағаттан, 9 (10)-сыныпта –

36 сағаттан аспауы тиіс.

58.  Білім  алушылардың  инвариантты  жəне  вариативті  компоненттерден

тұратын  оқу  жүктемесінің  жалпы  көлемі, сондай-ақ  сыныптар  бойынша

апталық жəне жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.

59.  Апталық  оқу  жүктемесі  үлгілік  оқу  жоспарымен (инвариантты  жəне

вариативті  компоненттер) айқындалған  оқу  жұмыстарының  барлық  түрлерін

қамтиды. Арнайы (түзеу) білім  беру  ұйымдарының  оқу  жоспарларында  даму

бұзушылығының түрлерін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті көзделген.

Арнайы (түзеу) білім  беру  ұйымдарының  оқу  жоспарларындағы  инвариантты,

түзеу жəне вариативті компоненттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім

алушылар ескеріле отырып белгіленеді.

60.  Меншік 

нысандарына  жəне  ведомостволық  бағыныстылығына

қарамастан, білім  беру  ұйымдарында  оқу  жылының  басталу  жəне  аяқталу

мерзімін  Қазақстан  Республикасының  білім  саласындағы  уəкілетті  органы

анықтайды.

61.  Сыныпты  екі  топқа  бөлу  қалалық  білім  беру  ұйымдарында


24

сыныптарда  білім  алушылар – 24-ке  немесе  одан  артық, ауылдық  жерлерде

білім  алушылар – 20-ға  немесе  одан  артық, шағын  жинақты  мектептерде

кемінде 10-ға толған жағдайда:

1)  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптарда – «Қазақ  тілі  мен

əдебиеті»;

2)  оқыту  орыс  тілінде  жүргізілмейтін  сыныптарда –«Орыс  тілі  мен

əдебиеті»;

3)  шет тілі;

4)  көркем еңбек (сынып толымдылығына қарамастан ұл жəне қыз балалар

топтарына);

5)  информатика;

6)  гендерлік  қағидат  бойынша  дене  шынықтыру  сабақтарын (қалалық

жерде – əрбір топта кемінде 8 ұл бала (немесе қыз бала), ал ауылдық жерде –

кемінде 5 ұл  бала (немесе  қыз  бала) болғанда) жүргізу  кезінде  жүзеге

асырылады.

_______________


1

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы «     »

№         қаулысына

7-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген

Жалпы орта білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1.Жалпы ережелер

1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

(бұдан əрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы

27 шілдедегі Заңының (бұдан əрі – Заң) 56-бабына сəйкес əзірленді жəне білім

алушылар  мен  тəрбиеленушілердің  дайындық  деңгейіне, білім  берудің

мазмұнына, оқу  жүктемесінің  ең  жоғары  көлеміне  қойылатын  талаптарды

айқындайды.

2. Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  бағдарламаларын  іске

асыратын  білім  беру  ұйымдары (бұдан  əрі – білім  беру  ұйымдары) меншік

нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына, сондай-ақ  оқыту  тіліне

қарамастан білім беру қызметін:

1) осы стандартқа;

2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;

3) Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органы

белгілеген  тəртіппен  бекіткен  басқа  да  нормативтік  құқықтық  жəне  құқықтық

актілерге сəйкес жүзеге асырады.

3. Стандартты қолдану:

1)  оқытудың  күтілетін  нəтижелері  түрінде  көрсетілген  жалпы  орта  білім

беру  мақсаттарының  жүйесіне  қол  жеткізу  арқылы  оқыту  мен  тəрбиелеудің

сапасын арттыруға;

2)  қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру

үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  арқылы  үштілді  білім  беру  саясатын  іске

асыруға;

3)  қолданбалы  сипаттағы  міндеттерді  шешу  үшін  білім  алушылардың

теориялық  білім  негіздерін  меңгеруі  мен  алған  білімдерін  қолдана  білуін


2

дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық жəне практикалық

бағыттылығының үйлесімділігіне;

4)  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, пəндік  білім

мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;

5)  білім  беру  процесінің  мазмұндық  негізін  айқындайтын  білім  берудің

құндылықтары  мен  оқытудан  күтілетін  нəтижелер  жүйесінің  өзара

байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тəрбиелеудің

бірлігі қағидатын іске асыруға;

6)  балалардың 

денсаулығын  сақтауды 

қамтамасыз  етуге,  білім

алушылардың  ерекше  білімге  деген  қажеттіліктерін, сондай-ақ  қосымша  білім

беру  қызметтерін  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  қолайлы  жағдайлар

жасауға;

7)  орта  білім  беру  ұйымдарының  типтері  мен  түрлерінің  əртүрлілігі

жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;

8)  білім  беру  ұйымдарында  инновациялық  практиканы  қолдауға  жəне

дамытуға;

9)  білім  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша  білім  беру  ұйымдарының

қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.

4. Стандарт:

1)  білім беру ұйымдарының əртүрлі типтері мен түрлері үшін жалпы орта

білім берудің үлгілік оқу жоспарын;

2)  жалпы орта білім берудің оқу пəндері бойынша оқу бағдарламаларын;

3)  оқу пəндері бойынша оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді;

4)  оқу  пəндері  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау

өлшемшарттарын;

5)  білім 

беру  ұйымдарында  оқыту  мен  тəрбиелеуден  күтілетін

нəтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін;

6)  білім беру ұйымдарының білім беру процесін мониторингтеу жүйесін;

7)  білім  беру  ұйымдарындағы  білім  беру  процесін  материалдық-

техникалық, ақпараттық-коммуникациялық  қамтамасыз  етуге, оның  ішінде

ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім  алушылар  үшін  қойылатын

бірыңғай талаптарды;

8)  білім  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша  білім  беру  ұйымдарының

қызметін бағалау параметрлерін;

9)  педагог  кадрлардың  біліктіліктерін  арттырудың, педагог  кадрларды

даярлаудың оқу бағдарламаларын;

10)  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  бітіру  емтихандарына  жəне

жоғары  оқу  орындарына  қабылдауды  ұйымдастыруға  арналған  бақылау-

өлшеуіш материалдарын əзірлеу үшін негіз болып табылады.

5. Білім  беру  ұйымдары  тəрбиелеудің, оқыту  мен  дамытудың  əртүрлі

педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны

қамтамасыз етеді.

6. Стандартта  Заңға  сəйкес  терминдер  мен  анықтамалар  қолданылады.


3

Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:

1)  жалпы  орта  білім  берудің  базалық  мазмұны – типіне, түріне  жəне

меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында

оқып  білуге  міндетті  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнының  құрамы, құрылымы

мен көлемі;

2)  сабақтан тыс іс-əрекет –біртұтас оқу-тəрбие процесінің құраушы бөлігі,

білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;

3)  үлгілік  оқу  жоспары – оқу  пəндерінің  тізбесін  реттейтін  жəне  тиісті

білім  беру  деңгейінің  оқу  жүктемесінің  инвариантты  жəне  вариативті

компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;

4)  оқу  жүктемесінің  инвариантты  компоненті – білім  беру  ұйымдарында

типіне, түріне  жəне  меншік  нысанына, сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан,

барлық  білім  алушылардың  оқып  білуі  үшін  міндетті  оқу  пəндерін

айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;

5)  оқу  жүктемесінің  вариативті  компоненті – білім  алушылардың  білімге

деген  қажеттіліктеріне  сəйкес  білім  беру  ұйымдары  айқындайтын  үлгілік  оқу

жоспарының құраушы компоненті;

6)  оқытудан күтілетін нəтижелер –оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім

алушының білуін, түсінуін, көрсетуін өрнектейтін құзыреттіліктер жиынтығы;

7)  инклюзивті  білім  беру – ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  мен  жеке-

дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына

тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

8)  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері – денсаулығына  байланысты  білім

алуда  ұдайы  немесе  уақытша  қиындық  көріп  жүрген, арнайы, жалпы  білім

беретін  оқу  бағдарламалары  мен  қосымша  білімнің  білім  беру

бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;

9)  бағалау – білім алушылардың оқуда қол жеткізген шынайы нəтижелерін

дайындалған  өлшемшарттар  негізінде  оқытудан  күтілетін  нəтижелермен

салыстыру процесі;

10)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау – тиісті  білім  беру

деңгейінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында  көзделген  оқу

пəндерінің  көлемін  олардың  меңгеру  дəрежесін  айқындау  мақсатында

жүргізілетін рəсім;

11)  бағалау  өлшемшарттары – білім  алушының  оқу  жетістігін  бағалауға

негіз болатын белгілер;

12)  формативті  бағалау  –  сыныпта  күнделікті  жұмыс  барысында

жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші

болып  табылады, оқыту  барысында  білім  алушылар  мен  мұғалім  арасындағы

жедел  өзара  байланысты, оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты

қамтамасыз етеді жəне білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;

13)  жиынтық  бағалау – анықталған  оқу  кезеңін (тоқсан, триместр, оқу

жылы), сондай-ақ  оқу  бағдарламасына  сəйкес  бөлімдерді  оқып  аяқтағаннан

кейін өткізілетін бағалау түрі;



4

14) білім 

берудегі  құндылықтар – білім  алушының  тұлғасын

қалыптастырудағы  жетекші  фактор  болып  табылатын  жалпыадамзаттық

құндылықтарға  негізделген  оқыту  мақсаттарының  жүйесін  қалыптастырудағы

бағдарлар.

7. «Білім  алушылар  мен  тəрбиеленушілердің  дайындық  деңгейіне

қойылатын  талаптар» деген  бөлімде  жаратылыстану-математикалық  жəне

қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пəндері мен

бейіндік  оқу  пəндерінің  бағытын  есепке  ала  отырып  топтастырылған  оқу

пəндері бойынша оқытудан күтілетін нəтижелер көрсетілген.

8. «Білім 

беру  мазмұнына  қойылатын  талаптар» деген  бөлімде

жаратылыстану-математикалық  жəне  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттарда

міндетті  оқу  пəндері  мен  бейіндік  оқу  пəндері  бойынша  білім  беру  мазмұны

көрсетілген.

9. «Оқу  жүктемесінің  ең  жоғары  көлеміне  қойылатын  талаптар» деген

бөлімде  апталық  оқу  жүктемесі, оқу  жылының  ұзақтығы, топтарға  бөлу  үшін

сыныптың толымдылығы көрсетілген.

10. Стандарт кезең-кезеңімен қолданысқа:

1) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптарға;

2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11 (12) сыныптарға енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет