№4144 Р. Бегимбетовке Жұмыс үшін А. Шериязданов


 Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата31.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10670
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

56. Магистранттың  оқу  жүктемесінің  көлемі  оның  оқу  жылы  ішінде  əр

пəн немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.

57. ПОҚ оқу жүктемесін  жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу

сабақтарын  кесте  бойынша  немесе  оқу  жұмысының  басқа  түрлері  үшін  жеке

бекітілген  график  бойынша  оқытушының  магистранттармен  байланыс

жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.

Студиялық жəне зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың

бір  академиялық  сағаты 50 минутқа  тең. Студиялық  сабақтар  үшін  бір

академиялық  сағат 75 минутқа  жəне  зертханалық  сабақтар  үшін

100 минутқа тең.

Магистрант  практикасының  барлық  түрлерінің, ғылыми-зерттеу

(эксперименттік-зерттеу) жұмысының  жəне  қорытынды  аттестаттаудың  бір

академиялық сағаты 50 минутқа тең.

58. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:

1) семестр  түріндегі  академиялық  кезең  бойындағы  магистранттың

аудиториялық жұмысының;

2) кəсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;

3) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы 

кезеңіндегі

магистранттың оқытушымен жұмысының;

4) магистранттың  магистрлiк  диссертацияны  жазу  жəне  қорғау  бойынша

жұмысының;

5) магистранттың  кешенді  емтиханға  дайындық  жəне  оны  тапсыру

кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет

59. Магистранттардың 

оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың

ұзақтығымен  жəне  оқу  жұмыстарының  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен

ілесе  жүретін  оқу  сағаттарының  көлемдерімен (50 минуттық  байланыс

сағаттары) айқындалады.

60. Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа  тең

болуы  мүмкін. Магистранттардың  аудиториялық  жұмысының  академиялық

сағаттары  тиісті  МӨЖ  сағаттарымен  толығады, осылайша  бір  кредитке

магистранттың  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің  бір  аптасындағы

жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.

61. Практиканың  əр  академиялық  сағаты  магистранттың  қосымша

жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады:

педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат жəне

зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.


16

62. Магистранттың 

ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу)

жұмысының, магистранттың  магистрлiк  диссертацияны  орындауын  қоса

алғанда, əрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен толықтырылады.

63. Магистрантты  қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты

магистрлік  диссертацияны  жазу  жəне  қорғау  немесе  кешенді  емтиханға

дайындық  жəне  оны  тапсыру бойынша  магистранттың оқытушымен  байланыс

жұмысының бір сағаты (50 минут)  болып табылады. Магистрантты қорытынды

аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты 6 сағаттық  МӨЖ-бен  қамтамасыз

етіледі.

64. Кредиттік  оқыту  технологиясында  магистранттардың  өздігінен

орындайтын  жұмысының  көлемі  артады, ол  екі  түрге  бөлінеді: оқытушының

жетекшілігімен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік  жұмысы (ОМӨЖ) жəне

магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ).

65. Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік

жұмысы  жеке  график  бойынша  оқытушымен  байланыста  орындалатын

магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады жəне жалпы оқу

кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын

сұрақтар, үй  тапсырмалары, курстық  жобалар (жұмыстар) бойынша

консультациялар  өткізіледі, МӨЖ  тапсырмаларының  орындалуына  бақылау

жүргізіледі.

ƏАОО-да  магистранттың  дербес  жұмысы  оқытушының  басшылығымен,

оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.

66. ОМӨЖ  бен  МӨЖ-дің  өзіндік  жұмыстың  жалпы  көлеміндегі

арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды.

67. Дəріс  пен  практикалық (семинар) сабақтар  кезіндегі  магистранттың

оқытушымен  жұмысының  байланыс  сағаттары  жиынтығында  əр  байланыс

сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

68. Студиялық  жəне  зертханалық  сабақтар, магистранттың  ғылыми-

зерттеу, эксперименттік-зерттеу  жұмыстары, қорытынды  аттестаттау  сияқты

оқу жұмысының түрлері үшін ОМӨЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін жəне

оның  көлемін  жоғары  оқу  орны  өзі  белгілейді (мысалы, магистрлік

диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).

69. Оқу 

жылы  академиялық  кезеңдерден, аралық

аттестаттау

кезеңінен, практикалардан,тағылымдамалардан  демалыстардан, магистранттың

ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу  жұмысынан  жəне  соңғы  курста

қорытынды аттестаттаудан тұрады.

70. Академиялық  кезең  ұзақтығы 15 апта  болатын  семестрден  немесе

ұзақтығы 10 апта  болатын  триместрден  немесе  ұзақтығы 7-8 апта  болатын

тоқсаннан тұрады.

ƏАОО-да  академиялық  кезеңді  академиялық  күнтізбе  жəне  ЖОЖ

айқындайды. ƏАОО академиялық кезеңнің, оны ұйымдастырудың құрама түрін

қосқанда оның нысанын дербес анықтайды.

71. Əр  академиялық  кезеңнен  кейінгі  аралық  аттестаттаудың  ұзақтығы

кемінде 2 аптаны құрайды.



17

ƏАОО-да  аралық  аттестаттаудың  ұзақтығы  əрбір  академиялық  кезеңнен

кейін кемінде 1 аптаны құрайды.

72. Аралық  аттестаттау  кезеңінде  барлық  оқытылған  пəндер  бойынша

қорытынды бақылау  жүргізіледі  жəне ағымдағы  үлгерім  бағаларын (ағымдағы

жəне межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы) ескере

отырып,  пəндердің қорытынды бағалары шығарылады.

Пəн  бойынша  қорытынды  бағада  ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі

60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.

ƏАОО-да  аралық  аттестаттау  кезеңінде  жүргізілген  барлық  пəндер

бойынша  қорытынды  аттестаттау  жүргізіледі  жəне  ағымдағы  жəне  межелік

бақылау  нəтижелері  бойынша  ағымдағы  үлгерім  бағаларын  ескере  отырып

пəндер  бойынша  қорытынды  баға  шығарылады. Пəн  бойынша  қорытынды

бағада  ағымдағы  үлгерімнің  баға  үлесі 60% кемінде, ал  қорытынды  бақылау

бағасының үлесі 40%-дан аспайды.

73. Оқу  жылы  ішіндегі  демалыс  ұзақтығы  соңғы  курсты  қоспағанда,

курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс.

ƏАОО-да каникул ұзақтығы оқу жылы бойында бітіру курсын қоспағанда

кемінде 6 аптаны құрайды.

74. Магистранттардың  кəсіби  практикасы  бекітілген  академиялық

күнтізбе  мен  магистранттың  жеке  жұмыс  жоспарына  сəйкес  осы  стандартпен

жəне мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.

75. Практикалардың  ұзақтығы  магистранттың

практика  кезіндегі

30 сағатқа  тең  апта  бойғы (5 күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күніне 6 сағат)

нормативтік  жұмыс  уақытын  есепке  ала  отырып, аптамен  анықталады. Апта

санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика

түрінің  байланыс  сағатымен  есептелген  еңбек  сыйымдылығына  көбейту  керек

жəне оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа

бөлу керек.

Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика

үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік  практика, тағылымдама  үшін 75

сағатты (50 минуттан), зерттеу  практикасы  үшін 120 сағатты (50 минуттан)

құрайды. 1 кредитке сəйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде

педагогикалық  практика  үшін 1 аптаны, өндірістік  практика  үшін 2,5 аптаны,

зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.

76. Магистранттарды  қорытынды  аттестаттау  жəне  МҒЗЖ, МЭЗЖ

аптамен  жоспарлау 54 сағатқа  тең  магистранттардың  апта  бойғы  жұмысының

нормативтік  уақытына (6 күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  МӨЖ-ді  қоса

есептегенде  күніне 9 сағат) сүйене отырып айқындалады.

МҒЗЖ, МЭЗЖ бір  кредитіне  магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты,

яғни 2,2 апта сəйкес келеді.

Қорытынды  аттестаттаудың  бір  кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни

2 апта  сəйкес  келеді, оның  ішінде 15 байланыс  сағаты  магистранттың

оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді.


18

Кешенді  емтиханға  дайындалуға  жəне  тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта

бөлінеді.

Магистрлік  диссертацияны  ресімдеуге  жəне  қорғауға 3 кредит, яғни

тиісінше 6 апта  беріледі. Магистрлік  диссертацияны  орындау  процесінің  өзі

алдын  ала  магистранттың  ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы

барысында жүргізіледі.

ƏАОО-да  магистрлік  диссертацияны  ресімдеуге  жəне  қорғауға  кемінде

2 кредит, яғни  тиісінше 4 аптадан  кем  емес, магистрлікті  ресімдеуге  жəне

қорғауға кемінде 1 кредит беріледі, яғни тиісінше кемінде 2 апта беріледі.

77. Бітіруші  курсты  қоспағанда, магистранттардың  қосымша  оқу

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін, оқу  жоспарларындағы  академиялық

айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттерін

өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу

орнында  оқу  пəндерін  оқып-үйрену  үшін,  үлгерімнің  орташа  балын (GPA)

көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.

Бұл  ретте  академиялық  берешекті  немесе  оқу  жоспарларындағы

айырмашылықты жою жəне қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.

ƏАОО-да  магистранттардың  қосымша  оқу  қажеттілігін  қанағаттандыру,

академиялық  қарызын  немесе  оқу  жоспарларындағы  айырмашылықты  жою,

басқа жоғары оқу орнындағы оқу пəндерін зерделеу, үлгерімнің орташа балын

арттыру  үшін  ұзақтығы  кемінде 2 апта  жазғы  семестрді (бітіруші  курсты

қоспағанда) енгізуге рұқсат етіледі.

78. Магистрлер  даярлау  бойынша  білім  беру  процесінің  аяқталуының

негізгі өлшемі:

1) ғылыми жəне педагогикалық дайындық бойынша кемінде 59 кредитті,

оның  ішінде  теориялық  оқытудың  кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде

6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін игеруі;

2) бейіндік  дайындық  бойынша – кемінде 28 кредитті (оқу  мерзімі –

1 жыл) жəне  кемінде 48 кредитті (оқу  мерзімі – 1,5 жыл), оның  ішінде

теориялық  оқытудың  тиісінше  кемінде 18 жəне 36 кредитін, практиканың

тиісінше  кемінде 2 жəне 4 кредитін, эксперименталды-зерттеу  жұмысының

тиісінше кемінде 4 жəне 4 кредитін игеруі болып табылады.

Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп,

оған  қойылатын  талаптарды  орындаған  жағдайларда  магистрантқа  оқу

мерзіміне қарамастан «магистр» дəрежесі беріледі.

79. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіннің

бағдарламаларын қосымша меңгерген жағдайда докторантураға рұқсат етіледі.

ƏАОО-да  магистр  тиісті  деңгейдің  білім  беру  бағдарламаларын  іске

асыратын  ƏАОО-ға  оқуға  қабылдау  қағидаларына  сəйкес  докторантураға

рұқсат етіледі.

80. Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқудың  толық

курсын  меңгерген, бірақ  ғылыми-зерттеу  компонентін  орындамаған

магистрантқа  келесі  оқу  жылында  ақылы  негізде  ғылыми-зерттеу



19

компонентінің  кредиттерін  қайта  игеруге  жəне  диссертацияны  қорғауға

мүмкіндік беріледі.

ƏАОО-да  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларының  теориялық

оқудың  толық  курсын  меңгерген, бірақ  ғылыми-зерттеу  компонентін

орындамаған  магистрантқа  ғылыми-зерттеу  компоненттерінің  кредиттерін

қайта игеру жəне магистрлік диссертацияны қорғау тəртібін тиісті мемлекеттік

органдар айқындайды.

81. Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқытуының

толық 


курсын 

меңгерген, бірақ 

белгіленген 

мерзімде 

магистрлік

диссертациясын  қорғамаған  магистрантқа  магистратурада  оқу  мерзімі  ақылы

негізде ұзартылады.

ƏАОО-да  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларының  теориялық

оқудың толық  курсын  меңгерген, бірақ  магистрлік диссертацияны белгіленген

мерзімде  қорғамаған  магистрантқа  тиісті  мемлекеттік  орган  айқындаған

тəртіппен  келесі  оқу  жылы  магистрлік  диссертацияны  қорғауға  мүмкіндік

беріледі.

82. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға

сəйкес  ұйымдастырады  жəне  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде

қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.

83. Жоғары оқу орны білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық

базамен, білікті  профессорлар-оқытушылар  құрамымен, кітапхана  қорымен,

Интернет жəне басқа да ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген

магистранттарды  жатақханамен  жəне  басқа  да  қолдау  қызметімен  қамтамасыз

етеді.


84. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыратын  жоғары  оқу

орнында  қолданыстағы  санитариялық-техникалық нормаларға  сəйкес  келетін

жəне  оқу  жоспарында  көзделген  теориялық  жəне  практикалық  дайындықтың

барлық  түрлерін  жүргізуді, сондай-ақ  магистранттың  ғылыми-зерттеу  жəне

эксперименттік-зерттеу  жұмыстарының  нəтижелі  орындалуын  қамтамасыз

ететін  материалдық-техникалық  базасы (аудиториялық  қор, компьютерлік

сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен  қамтамасыз  ету, қор материалдары)

болуы тиіс.

85. Оқу-əдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

1) оқу  процесін  оқу-əдістемелік  жəне  ақпараттық  қамтамасыз  ету

магистранттардың  магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  сапалы

меңгеруіне кепілдік беруі тиіс;

2) білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  халықаралық  ақпараттық

желілерге, электронды 

деректер 

қорларына, кітапхана 

қорларына,

компьютерлік  технологияларға, оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми  əдебиеттерге

еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс;

3) кітапхана  қоры  мен  электронды  жəне  магнитті  тасымалдаушылардағы

оқу  əдебиеттерімен  қамтамасыздандыру  білім  беру  қызметін  лицензиялау

кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс.


20

86. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

ғылыми 

жəне 


педагогикалық 

магистратурадағы 

білім 

беру


бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді:

1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика;

2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы.

Педагогикалық  практика  оқытудың  практикалық  дағдылары  мен

əдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Педагогикалық практика  теориялық  оқыту кезеңінде  оқу процесінен  қол

үзбей  өткізіледі. Осы  ретте  магистранттар  бакалавриатта  сабақ  жүргізуге

тартылуы мүмкін.

Магистранттың  зерттеу  практикасы  отандық  жəне  шетелдік  ғылымның

жаңа  теориялық, əдіснамалық  жəне  технологиялық  жетістіктерімен, ғылыми

зерттеудің, эксперименттік деректерді өңдеу мен  интерпретациялаудың  қазіргі

əдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Бейіндік  магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  өндірістік

практиканы қамтуы тиіс.

Магистранттың  өндірістік  практикасы  оқу  процесінде  алған  теориялық

білімін бекіту, оқып жатқан мамандығы бойынша кəсіптік қызмет дағдыларын,

құзыреттері  мен  тəжірибесін  жинақтау, сондай-ақ  озық  тəжірибені  игеру

мақсатында өткізіледі.

Зерттеу/өндірістік  практиканың  мазмұны  диссертациялық (жобалау)

зерттеу тақырыбымен айқындалады.

87. Ғылыми-зерттеу  немесе  эксперименттік-зерттеу  жұмыстарының

нəтижесі  өтілуіне  қарай  əрбір  академиялық  кезеңнің  соңында  магистранттың

есебі түрінде ресімделеді.

МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде  магистранттың  жеке  жұмыс  жоспарында

инновациялық технологиялармен жəне өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін

ғылыми  ұйымдарда  жəне/немесе  тиісті  қызмет  салалары  бойынша  ұйымдарда

міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.

88. Магистранттың  ғылыми-зерттеу  немесе  эксприменттік-зерттеу

жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (магистрлік жоба)

болып табылады.

89. Магистрлік  диссертацияның  негізгі  нəтижелері  ең  кемі  бір

жарияланымда  жəне/немесе  ғылыми-практикалық  конференцияға  қатысуында

көрінуі тиіс.

ƏАОО-да  магистрлік  диссертацияның  негізгі  нəтижелері  ұсынылуы

қажет:

бейінді  магистратураның  магистранттары  ғылыми  журналда  немесе



ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда  кемінде  бір

жарияланым;

ғылыми  жəне  педагогикалық  магистратураның  магистранттары  ғылыми

журналда немесе ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларда

кемінде екі жарияланым.


21

90. Магистрлік  диссертацияның (магистрлік  жобаның) мазмұны  мен

ресімделуіне, оның  дайындалуы  мен  қорғалуына  қойылатын  талаптарды

жоғары оқу орны өзі айқындайды.

ƏАОО-да  магистрлік  диссертацияның  мазмұнына  жəне  ресімдеуге,

оларды  əзірлеу  мен  қорғауға  қойылатын  талаптарды  ƏАОО  дербес  немесе

тиісті уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

91. Магистрлік  диссертация  міндетті  түрде  плагиатқа  тексерілуден  өтуі

тиіс, мұндай  тексерісті жүргізу  қағидалары  мен  тəртібін  жоғары оқу  орнының

өзі анықтайды.

92. Жоғары  оқу  орнының  кадрлық  құрамына  қойылатын  талаптар

лицензиялау  кезінде  білім  беру  қызметіне  қойылатын  біліктілік  талаптарымен

айқындалған.

ЖОО  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларының

талаптарын  ұстанған  жағдайда  оқу  сабақтарын  ұйымдастыру  мен  өткізудің

əдіс-тəсілдері мен нысандарын, оқытудың əдістерін еркін таңдауға құқылы.

93.Магистратураға  оқуға  қабылданғаннан  кейін  екі  ай  ішінде  əрбір

магистрантқа  магистрлік диссертацияға (магистрлік  жобаға) жетекшілік  жасау

үшін  ғылым  кандидаттары  мен  докторларының, PhD докторларының  немесе

тиісті  салада  кемінде 5 жыл  жұмыс  өтілі  бар  білікті  мамандардың  қатарынан

ғылыми жетекшілер тағайындалады.

Ғылыми  жетекші  жəне  магистранттың  зерттеу  тақырыбы  ғылыми  кеңес

шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың  ғылыми  жетекшісінің  ғылыми  дəрежесінің  болуы  жəне

ғылымның  осы  саласында (магистранттың  оқу  мамандығы  бойынша) ғылыми

зерттеулермен  белсенді түрде  шұғылдануы  тиіс. Қажет болған  жағдайда ұқсас

ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

ƏАОО-да қабылдаудан кейін екі ай ішінде əрбір магистрантқа магистрлік

диссертацияға басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми

жетекші  жəне  магистранттың  зерттеу  тақырыбы  ғылыми  кеңес  шешімінің

негізінде ƏАОО басшысының бұйрығымен бекітіледі. Магистранттың ғылыми

басшысы  ғылыми  дəрежесі «магистр» дəрежесі  немесе  кем  дегенде 5 жыл

ғылыми-педагогикалық  жұмыс  тəжірибесі  бар  полковник  атағы (арнаулы

атағы) болуы  жəне  ғылымның  осы  саласын (магистрантты  оқыту  мамандығы

бойынша) ғылыми зерттеумен белсенді араласуы қажет. Қажет болған жағдайда

ғылымның аралас саласы бойынша ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін.

94. ЖОО  магистранттың  зерттеу  нəтижелерін  жариялауға  көмек

көрсетеді.

95. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің

көлемі шеңберінде алынған білім беру деңгейі əртүрлі бақылау түрлері арқылы

қамтамасыз етіледі.

96. Магистранттардың  оқу  жетістіктерін  бақылау  жəне  олардың  оқу

пəндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік

кезеңдерінде  (əр  академиялық  кезең  мен  оқу  жылы  аяқталған  кезде) тіркеу



22

кеңсесі(бөлімі, секторы) жүргізеді  жəне  бақылау  мен  бағалау  білім  берудің

қорытынды нəтижесіне бағдарлануы тиіс.

97. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу кеңсесі есепке

алып отырады жəне  магистранттардың  белгіленген  нысандағы  транскриптінде

көрінеді.

Транскрипт  магистрантқа  білім  алудың  кез  келген  кезеңінде  оның

жазбаша өтініші негізінде беріледі.

98. Магистранттардың  білімін, іскерлігін, дағдысын  жəне  құзыреттерін

бақылау оларды  қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.

99. Магистранттарды  қорытынды  аттестаттау  академиялық  күнтізбеде

жəне  мамандықтардың  оқу  жоспарында  қарастырылған  мерзімде  кешендi

емтихан  тапсыру  жəне  магистрлiк  диссертацияны (магистрлік  жоба) қорғау

нысандарында өткізіледі.

100. Қорытынды  аттестаттаудың  мақсаттары  бітіруші  магистранттың

қалыптасқан арнайы жəне басқару құзыреттіліктерінің ғылыми-теориялық жəне

зерттеу-талдау деңгейін, кəсіби міндеттерді орындауға дайындығын жəне оның

дайындығының  кəсіби  стандарт пен білім  беру  бағдарламасының  талаптарына

сəйкестігін бағалау болып табылады.

101. Кешенді  емтихан  диссертация  қорғауға  дейін 1 ай  бұрын

кешіктірмей 

өткізіледі, мамандық 

бойынша 

кешенді 


емтиханға

магистратураның  білім  беру  бағдарламасындағы  бейіндеуші  пəндер

циклдерінің пəндері кіреді.

ƏАОО-да кешенді мемлекеттік емтихан диссертацияны қорғағанға дейін

жүргізіледі, оған  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларының  базалық

жəне/немесе бейіндік пəндер циклінің пəндері енеді.

102. Магистрлік  диссертацияны (магистрлік  жобаны) қорғау  магистрлік

диссертацияны (магистрлік жобаны) дайындауды, оны ресімдеуді жəне қорғау

рəсімін қамтиды.

Магистрлік  диссертацияны (магистрлік  жобаны) қорғау  рəсімін  жоғары

оқу  орындары  өз  бетінше  жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың

үлгерімін  ағымдағы  бақылау, аралық  жəне  қорытынды  аттестаттау  жүргізу

қағидаларына сəйкес айқындалады.

ƏАОО-да  магистрлік  диссертацияны  қорғау  рəсімі  тиісті  мемлекеттік

органның  ƏАОО  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау, аралық

жəне қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сəйкес айқындалады.

103. Магистратураның  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқуды  аяқтаған

тұлғаларға  тиісті  мамандық  бойынша «магистр» дəрежесі  жəне  қосымшасы

(транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.

Жоғары  оқу  орны  бітірушіге  дипломға  жалпыеуропалық  қосымша

(Diploma Supplement) бере алады.

ƏАОО-да  магистратураның  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқуды

аяқтаған  адамдарға  тиісті  мамандық  бойынша «магистр» дəрежесі  беріледі

жəне/немесе  біліктілік  беріледі, қосымшасы  бар (транскрипт) мемлекеттік

үлгідегі диплом беріледі.


23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет