– Қостанайға жиі келе бермейтін едің,
бұл жолғы сапардың сыры неде?
– Қазақтың тамаша ақыны, ақберен аза-
маты, жан-жақты талант Серікбай Оспанұлы
70 жасқа толған мерейтойына шақырған
еді. Торғайдың киелі топырағынан жаралған
жандармыз, екеуіміз де сол туған жер төсінің
«Құрметті азаматы» атағын алғанбыз. Илеген
теріміз, діттеген мақсатымыз, алға қойған жо-
ба-жоспарымыз бір жандармыз. Ол – қалам-
мен халыққа қызмет ету. Тойға келіп, облыс
басшылығының рухани әлемге деген ықы-
лас-пейіліне тәнті болдым. Алдымен облыс
әкімі Нұралы Садуақасов ақын ағасы мен
Астанадан келген үлкен жазушы-ғалым, Қа-
зақстан Мемлекеттік сылығының иегері Қой-
шығара Салғараұлын қабылдап, мерейтой
иесіне құтты болсын айтып, қос азаматтың
иығына зерделі шапан жапты. Ал мерейтой-
лық кешке ұлтжанды азаматымыз, облыстық
мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов ініміз
келіп, құттықтау сөз айтты. Сөзі қандай те-
рең, мазмұнды, төгіліп тұр. Ақын ағаларының
шашбауын көтеріп, облыс әкімінің орынба-
сары Мұрат Дәрібаев, облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы Жанділдә Мақа-
нов, облыстық мәдениет басқармасының бас-
шысы Лариса Сероус, облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Кенжебек Укіұлы және
басқа белгілі адамдар жүрді. Жарасып тұрды.
«Әкімі ақынын сыйлаған ел озады» деген де
осы болса керек.
Жанділдә інім ілтипатпен сәлем беріп,
тілектестік пейілін білдіріп жатты. Кезінде
«Егемен Қазақстан» газетінде менің «Мәри-
ям мұңы» атты мақалам шыққанда әдейі
Қостанайдан телефон соғып, оң пікір айтқан
бауырым да осы Жанділдә Қожахметұлы еді.
Осы жерде облыс әкімі аппаратының
басшысы Арман Әбенов інім туралы да айта
кеткім келіп тұр. Алаш арыстарының бірі
Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар апамыз
қайтыс болғанда, осы қайғылы хабарды туған
еліне естіртуді сол бауырымнан өтінген едім.
Арман Тарғынұлы асыл жанды соңғы сапарға
шығарып салуды ұйымдастыруға көп үлес
қос ты.
Жақында облыста Қазақстанның халық
ақыны Қонысбай Әбілдің, белгілі тележур-
налист Гүлжібек Бекмұхамедованың мерей-
тойлары өзіндік ерекше өрнегімен өтіпті. Қа-
зақстанның халық ақыны Әсия Беркенова да
ел алдында есеп беріп жүр екен. Мұның бәрі
өсетін елдің өркені емес пе?...
– Құрметті Қайсар, енді өз шығар-
машылығыңа келейік. Оқырман қолына ти-
ген сегіз томдық жинақ бар, басқа да талай
тың туындылар бар, алдағы жоспар қандай?
– 2013 жылы қажылық сапарға барып
қайттым. Көпті көрдім, көңілге түйдім. Осы
сапардағы ой-толғамдарымнан жаңа бір
кітап туды, аты «Мекке, Мәдинам менің!».
Тағы бір кітап «Ана тілі» баспасында жатыр.
«Кәусар» атты бұл туындыға әдеби портрет-
тер мен эсселерді топтастырдым. «Мектеп»
баспасынан Міржақыптың туғанына 130 жыл
толуына орай «Міржақыптың оралуы» хика-
яты жарық көрмек.
– Қайсар, осы арада Міржақып Дулатов
сияқты халқымыздың ардагер ұлы, қайрат-
кер тұлға, ғажап ақын сүйегін сонау Карелия
жерінен алып келіп, өзінің туған жеріне қай-
та жерлеуге мұрындық болған жандардың
бірі өзің екенін де айта кетейік. Алыс сапар-
дан оралып келе жатып, халқы үшін қасірет
шеккен жанның сүйегі салынған машина
Би-ағаң құрған газет редакциясы алдына
тоқтап еді. Бәріміз сыртқа шығып, «Оян, қа-
зақ!» деп жар салған жанның аруағына бас
идік. Сенің мұныңды асқан ерлік деп бағалап
едік. Енді шығармашылығыңның өн бойына
сол Жақаңды арқау етіп жүруіңнің өзі сол
ерліктің жалғасы іспетті.
– Бұл пікіріңе рахмет. Ұлы Ахаң мен Ұлы
Жақаңа қандай құрмет көрсетсек те, артық
болмайды. Бұған осы «Қостанай таңының»
бастауында болған Мұхамеджан Сералин
мен Бейімбет Майлинді де қосуға бола-
ды. Бұл төрт арысты түгендеу үшін сіздер,
«Қостанай таңының» ұжымы жасап жатқан
шаралары да аз емес екен. Биылғы Наурыз
тойында редакция ішінен Мұхамеджан Сера-
лин, Бейімбет Майлин ауылдарын құрып, ду-
мандатқан екенсіңдер. Осы қатарда қазақтың
тұңғыш журналист қызы Нәзипа Құлжанова
мен біздің асыл ұстазымыз Бақытжан Жан-
гисин ауылдарының да болғаны қандай жа-
расымды.
– Қайсар, Алтын замандасымыз екеу-
іңнің бес балаң біздің көз алдымызда өсті.
Бүгіндер бәрі де үлкен азамат, өмірден өз
орнын тапқан жандар. Осы Қостанай қала-
сының, кейін Рудный қаласының прокуроры
болған Арай баламыз Солтүстік Қазақстан
облысы прокуроры орынбасарының қыз-
метіне тағайындалыпты. Жаңа ғана теле-
фон соққан балаңыз осындай жаңалықты
жеткізді. Құтты болсын!
– Рахмет! Қасиетті қара шаңырағыма
кірген бетте осы хабар жетті. Әрине, «жақсы
десе жан семіреді». Біздің басты тілек – сол
көбелектердің, өсіп келе жатқан немере-
жиен дердің, ағайын-туғанның, көз көрген,
сыйлас-сырлас болған өздеріңдей достар-
дың, жалпы елдің, қазақ жұртының амандығы.
Орталарыңа келіп, ой бөлісуге шақырған-
дарыңызға ризамын. «Қостанай таңының»
оқырманы көп, айтары салмақты болсын!
СУРЕТТЕРДЕ: Қайсар Әлім; бас редактор
Жанұзақ Аязбеков, оның орынбасары Сәлім
Меңдібай және Қайсар Әлім.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
СЫР-СҰХБАТ
«Қара шаңырағымды
сағынып келдім...
»
Сәлім
МЕҢДІБАЙ
Көзі қарақты оқырманға Қайсар Әлімнің есімі жақсы таныс.
Ол жетпісінші жылдардың басында журналистік жолын осы қара
шаңырақ «Қостанай таңынан» (ол кезде «Коммунизм таңы»)
бастап еді. Торғайдың Қызбелінен қалам тартып жүрген жас
жігіттің қабілетін бірден танып, басылымның сол кездегі басшысы
Бақытжан Жангисин редакцияға қызметке шақырып еді. Содан ол
осы ұжымда табаны күректей жиырма екі жыл бойы тер төкті.
Әдеби қызметкерден беделді бір бөлімнің меңгерушісі, редакция
алқасының мүшесі дәрежесіне дейін жетті. Республикалық талай
беделді басылымдардың штаттан тыс тілшісі болды. Сондықтан да
болар республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне Торғай облысына
меншікті тілші қажет болғанда қалау осы Қайсарға түсті.
Қайсар да аянып қалған жоқ, ежелгі Торғайдың талай
түйткілдерін газет бетінде көтеріп, өзінің қаламгерлік қарымын
танытты. Кейін бас газеттің аппаратына ауысты. Қиынға
салар, жүктің ауырын көтерер танымал тұлғасы болды. Талай
рет шетелдерде болып, алыс та жақын елдердің жаңалықтарын
жария етті.
Қаламгерлік қарымы мен адал еңбегі, ізденісі мен іскерлігі
оны қатарының алды етті, абыройға бөледі. Отыз шақты
кітап шығарды, оның ішінде сегіз томдық жинағы шоқтығы биік
туындылар.
Біздің Қайсар досымыз – Қазақстан Жазушылар одағының және
Журналистер одағығының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының, Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығының, Журналистика академиясы «Алтын Жұлдыз»
сыйлығының тағы басқа мәртебелі марапаттардың иегері.
Қазақстанның Құрметті журналисі, Мәдениет қайраткері.
Күні кешелер әріптесіміз өзін қанаттандырған «Қостанай
таңы» газеті редакциясына соқты. Сыр-сұхбат та редакция
қабырғасында өтті.
Өмірімнің соңғы 25 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде
өтті. Әрине, Астанада тұрып, қызмет істеп, зиялы қауым-
мен күнбе-күн араласу шығармашылыққа да оң әсер етеді. Оның
үстіне бас газетіміздің тізгінін соңғы он бес жыл бойы ұстап келе
жатқан Сауытбек Абдрахманов мырза да көшелі азамат, газетті
де, онда істейтін азаматтарды да көтерді. Газет таралымы
200 мыңнан асты. Менің сый-құрметке бөленуім де осы ұйымшыл
ұжым арқасы.
Қайсар ӘЛІМ, журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының иегері:
Сәрсенбі
№8
29 сәуір
2015 ж.
«Қостанай таңының» танымдық-тағылымдық, көңілашар қосымшасы
Бүгінгі санда:
Жеңіс жырлары
12-бет
Ерлік
шежіресіне толы
мәңгілік құжат
13-бет
Жеңіске
арналады
14-бет
Менің атам –
майдангер
16-бет
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Жеңіс күні де келіп жетті. Бұл күнге 70 жыл
толса да ол күндердің азабын айтып тауысу
мүмкін емес шығар. Ал қатары сиреп жатқан
ардагерлеріміз бүгінгі ұрпаққа «Енді соғыс
болмасын!» деп тілек айтады көздеріне жас
ала. Бұл жолы да қос ардагеріміз Қасымхан
Алдабергенов пен Сабыр Батырғалиұлы ба-
лалардың ортасында отырып, бірге шай ішіп,
оларға өз ақылдарын, өсиеттерін айтып, ба-
таларын берді.
Облыстық балалар үйінде өткен кеш «Ер
есімі – ел есінде» деп аталады. Игі шараны
ұйымдастырған қазақ тобының тәрбиешісі
Айгүл Әбілқасымова әр балаға бұл мерекенің
мән-мағынасын түсіндіруде. Балалармен кез-
десуге келген ардагерлермен қатар Марал
ишан мешітінің бас имамы Асылхан қажы
Түсіпбек, «Зекет» қорының төрағасы Жақ-
сылық Гайсин және қажы апаларымыз бар.
Бұл жай ғана бірге отырып тамақтану емес.
Ата-анасыз қалған әр балаға қиындықты жеңу
өз қолдарында екенін түсіндіру. Кешке кел-
ген қонақтар соғыс зардабын көрген кісілер.
Олар да соның салдарынан бірі әкеден, бірі
анасынан ерте айрылғандар. Жастық өмір-
лерін қиындықпен өткізгендер. Бірақ мұның
бәрі оларды мойытпады. Қайта намыстанып,
қайратты болуға бастады.
Ал ендігі болашақ осы балғындардікі.
Осы балалар үйінің ішінен ашылған №9 топ
тәрбиеленушілеріне қазақы тәрбие беріледі.
Жүрегінде иманы бар кісілер мұнда соқпай
кетпейді. Бұл отырысқа балалар да тиянақты
дайындалыпты. Олар өз қолдарынан түрлі
заттар дайындап, көрмеге қойыпты. Ал Қа-
либек Деріпсалдин ағамыз кештің шырайын
келтіріп, әндерін арнады. Әрбір кісі бала
жүрегіне жол табуға тырысты. Ең бастысы
бала үшін өмірді көрген кісілерден үлгі-өнеге
алып, өткенін біліп, алдыңғы күнге сеніммен
қадам басса, нағыз жеңіс сол емес пе.
СУРЕТТЕ: Ұлы Отан соғысының арда-
гері Қасымхан Алдабергенов балғындар
ортасында.
Бейбіт күннің гүлдері
Енді бірер күннен соң еліміз Ұлы
Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап
өтеді. Бұл қуанышы мен мұңы аралас ме-
реке біздің әрқайсымызға ерекше ыстық.
Өйткені сұрапыл соғыс зардабын тарт-
паған бірде-бір отбасы, бірде-бір адам
жоқ. Отты жылдар жаңғырығын біз бүгін
де айқын сезініп отырмыз. Оған газетіміз-
де «Әр хатта – ерлік шежіресі» айдарымен
жарияланып жатқан хаттар дәлел. Мұн-
дай жәдігерлер тасқыны толастар емес.
Соны ескеріп, бүгін біз газетіміздің
«Қостанай ақшамы» қосымшасын оқыр-
мандарымыздың отты жылдар туралы
жазған жүректен шыққан жазбаларына
арнап отырмыз. Ондағы мақсат жеңім-
паз жауынгерлер есімін тағы бір халық
жадына салып, ерлікке бас иіп, тағзым ету.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
Ерлік мәңгі жасайды.
ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА
Ерлік мәңгі жасайды
Ұлы Отан соғысы кезінде
1943 жылы тамыз айында
Украина жеріндегі шайқаста
ерлікпен қаза тапқан қазақ
азаматы, мерген Сұлтан
Еркімбайұлы «Ерлігі үшін»
медалімен, Қызыл Жұлдыз
орденімен және жан қиған аса
зор ерлігі үшін I-ші дәрежелі
Ұлы Отан соғысы орденімен
марапатталған. Батыр жігіт
өзі қорғап қалған Украинаның
Еремовка селосында
жерленген.
Үмітпен қарсы алатын нұр таңдарды,
Қолдамас қиындықтан бұлтарғанды,
Сыйлады тарихыма Әулиекөл
Туған тек ерлік үшін Сұлтандарды.
* * *
Шағында сәби-бала қарасыны,
Есейіп болған әке жанашыры,
Ел сыйлар Еркімбайдың шаңырағында
Сұлтаны – жалғыз тұяқ, бар асылы.
Қыздарды қызықтырған көркемдігі,
Жігітте болмас, сірә, ер кемдігі.
Аңыздай тарап кеткен ауылына
Сұлтанның сұңқардайын мергендігі.
Жас болып қыңыр ісі жоқ істеген,
Шекісіп, замандаспен керіспеген.
Тек әттең 18-і қатар келді
Қара бұлт елге төнген – соғыспенен.
…Маусымның атты таңы нұр арайлы,
Әскери міндет жайды сұрамайды
Комиссар:
«Майданға қажет қазір дәл өзіңдей
Мергендер көзден атар құралайды», –
деді де, мінезін де мақтан қылды,
Жігерін қайрап, жанын шаттандырды.
Еңіреп Еркімбайдың жанұясы
Сұлтанын «сәт сапар», деп аттандырды.
…Ілігіп басшылардың назарына,
Көндігіп сұм соғыстың азабына,
Украина жерінде түсті Сұлтан
Қайнаған қан майданның қазанына.
Медет қып жүрегіне бір Алланы,
Ұлтының қуат беріп ұранды әні,
Одақтық Отан үшін жан аямай,
Жайратты жауды талай қыр арланы.
Кез емес қателесіп, сүрінетін,
Қарашы бұл Тәңірдің құдіретін.
Хат жазып ата-анаға сағынышпен
Жіберді соңғы әскери суретін…
Көтерді Сұлтан шыдап заман жүгін
Елді ойлап, ой түбіне қамалды мың.
Бауыры Сақыш еді хат жазып тек,
Білдірер жанұяның амандығын.
…Харьковтың бұзу үшін бекінісін
Фашистер төкті аямай нөпір күшін.
Өзендей ақты қаны мергендердің
Шайқаста болған өткел көпір үшін.
Туған ел қалды кейін алыстап ән,
Абат па арыстандай алыспаған!
Қансырап жатсадағы Сұлтан мерген
Жауына аттатпады қарыс қадам.
…Сұм хабар жетті бірақ ел күтпеген.
(Қайратты халық неге көндікпеген?)
Шайқаста Харьков үшін болған ерен
Мерт болды Сұлтан мерген ерлікпенен.
Тосатын талай қызық алдан әлі,
Үзілді қыршын жастың арман әні…
Өзегін анасының өртеп өтті
Сұлтаннан бір тұяқтың қалмағаны…
Жыл өтіп, ай алмасу өмір заңы.
Күн бейбіт. Жас ұрпақтың көңілді әні.
Орнатты Сұлтан ерге мәңгі белгі
Сақыш пен Бигелдінің Өмірзағы.
Ерліктің алаулатып отын әлі,
Тарихтан танып ұрпақ оқыр әрі.
Жат жерде ер Сұлтанға торқа болар
Бір уыс туған жердің топырағы.
Жырақта туған елдің құла белі,
Жайқалып жауқазын гүл тұрар еді.
Мәңгіге тыныстады қайсар қазақ,
Бабалар ерлігінің мұрагері.
P.S. «Ел үшін, алға!» болып ұрандарды
Мерт болды қанша ұлттың қырандары.
Сұлтанның ерлігіне тағзым етіп,
Гүл қойып жүр украин ұландары.
Ұлы Отан соғысында 1942
жылдың шілде-тамыз айларында
Сталинград шайқасында
ерлікпен қаза тауып, 70 жыл
белгісіз жауынгер есебінде
саналған жерлесіміз Құдайқұл
Ордабаевтың мүрдесін жиені
Мұхамеджан Кәменұлы
Жетпісбаев 2013 жылдың 23-ші
шілдесінде туған жерге жеткізіп,
арулап жерледі.
...Орынды сөзді осы сәт қандай таба алам?
Көрмеген қазақ тарихта танып тағадан.
Алашқа аңыз айбарлы абат бабалар
Жорыққа шықса, жеңістің туын қадаған.
Даламда мына жайнаған шоқтай гүлдерім,
Сәулесін ерек шашатын сынды күн керім.
Ерлік боп елге оралды ердің есімі
Тарихта таңба болатын күні шілденің.
Өкініш - өксік тірелді келіп алқымға:
Азамат еді қайраты басым нар тұлға,
Қиылып қыршын, айқасып жаумен алапат,
Оралды мәңгі жауынгер жігіт қалпында.
…Тілегін тілеп артында дос пен туыс қап,
Ұмтылды ма екен жауына тура ту ұстап?
Қазаққа нәубет кер заман кездің құрбаны
Жатады енді топырақта туған тыныстап.
Күндерде бейбіт атса да талай таң күліп,
Сұм соғыс бейне өшпейтін ұзақ жаңғырық.
Ұрпаққа үлгі із салған тарлан тарихта
Ерлерім барда, өлмейді Ерлік мәңгілік.
Әсия БЕРКЕНОВА,
Қазақстанның халық ақыны.
ОТАН ҮШІН ОТҚА
ТҮСКЕН
Соғыс – бұл аласұрған жойқын далаң,
Талай жан сол майданда жай тұрмаған,
Сол майданда жауына берілмеген,
Батыр көп есімдері айтылмаған.
Мініп ап шабытатты жыр тағыма,
Шындықтан жатпай енді бұлтарыла.
Әмірхан нар атамды жырлайыншы,
Мақтан болып жүрген бар ұрпағына.
Болды ол бала жастан сөзге күшті,
Атқарып жауаппенен берген істі.
Хатшы боп, мұғалім боп, ел басқарып,
Әмірхан алғырлығымен көзге түсті.
Көрсетіп жүрді ол елге батыр үлгі,
Жүргенде адам болып халқына үлгі.
Сонау Мәскеу хабары келіп жетіп,
Әскери дайындыққа шақырылды.
Соғыстың қиындығын сезбеу үшін,
Басталды дайындықтың тездеу ісі.
Шапшаң болған Әмірхан мойнына,
Жүктелді катюшаның көздеушісі.
Ұстап ап намыс атты қолға туын,
Ден қойды жауынгерлік жолға буын.
Шала тамақ, шала ұйқымен бір ай бойы,
Үйренді қарулардың қолдануын.
Жігіттер бұл сен ат мен тұрам деген.
Тең болды бұл Әмірхан қыранменен.
Жаттықты олар «жаттығуда ауыр болса,
Ұрыста жеңіл» деген ұранменен.
Кетпесін деп жігері бар ынтамның,
Тіледі ол бір алланың жарылқауын.
Брянск, Калининде бастау алды,
Жер жаһандық майданы Әмірханның.
Қашанда бұл Катюша алып, күшті,
Жауына батыратын алып тісті.
Оны атқанда 16 снарядпен,
Жүздей шаршы метрге барып түсті.
Жібермей жүректегі талпынысты,
Жауменен жұлқынысты, алқынысты.
Әмірханға болды майдан әкесі айтқан,
Әзірет Әліден де қорқынышты.
Соғыстың жарасынан сыздады олар,
Жаурады, жарақат боп мұздады олар.
«Қиын сәт туа қалса Катюшамен
Бірге өлеміз» – деген антын бұзбады олар.
Осылай қаншама күн арып, талды,
Жендеттер тұтқиылдан жанып қалды.
Бомбалаушы немістің ұшағынан,
Құпия қаруды аман алып қалды.
Командир, жүргізуші өз ісімен,
Және болды көздеуші бес кісіден.
Тұтқиылдан келген жау кесірінен,
Біздің алып айрылды естісінен.
Емделді ол дәрігерлер ісін алып,
Көрсетем деп жауына күшін анық.
Зұл-заламат соғысқа қайта келді,
«Минаны тазартушы» ісін алып.
Шын майдангер беріл деп жар сала ма,
Жіберді алып сонша тер, сонша нала.
Көрсетті күшін Неман өзенінде,
Текті төр Релзат пен Варшавада.
Алға деп кейін қарай баспай ағын,
Таурог станциясында шашпай арын.
Жарақат ап, ерекше ерлігімен,
Туған жерге жеңіспен басты аяғын.
...Әмірхан жүрегінде – шалғай елі
Халықтың қошеметі балдай еді,
Алыпты сағынышпен күтіп алды,
Қуанышпен жиналып Торғай елі.
Бүгін міне мүлдем жоқ халықта мұң,
Татып жүр өр жеңістің алып дәмін.
Алқау жұрты ұлықтар Әмірханын,
Қазақ елі ұмытпас алыптарын.
Наргүл ҚАРАҒҰЛОВА.
Рудный қаласы.
Сөйтіп
жеткен бұл
Жеңіс!
Аналардың зарымен,
Әкелердің қанымен.
Әжелердің мұңымен,
Қараңғы қапас күніме.
Сөйтіп жеткен бұл жеңіс!
Сағынған бала уілін,
Самал желдің гуілін.
Асыға күткен хаттарын,
Артта қалған жарының.
Сөйтіп жеткен бұл жеңіс!
Амандығын тілеген,
Ойлаумен жадап жүдеген.
Түбі жеңіс болады деп,
Сезді ойы көреген.
Осылай жеткен бұл жеңіс!
Талай қыршын елі үшін,
Ұлтарақтай жері үшін.
Қан майданға аттанды,
Аямай еш жігер күшін.
Сөйтіп жеткен бұл жеңіс!
Қадірін соның білейік,
Пәктігіне сенейік.
Қазіргі мына жастарға,
Әңгімелеп берейік.
Осылай жеткен бұл Жеңіс!
Достарыңызбен бөлісу: |