Қазақстан ұстазы 50
басшы, саяси және діни қызметкерлерде болды.
Лагерьдегі суретші, ақын, әртіс, жазушы, сәулетші,
әнші, темірші, тоқмашылардың шығармашылық
жұмыстарына темір тор тосқауыл бола алмады.
Қарлагта болған өнер адамдарының шығармашылығы
өнердің түрлі жанырында көрінді: балет, драмалық
қойылым, ән, поэзия, кескіндеме, мүсіндеу, кестелеу
т.б Туындылары түрлі тақырыпта өрбіді, көбінесе
лагерьлердегі сұрықсыз өмір суреттері көрініс тапты.
Олардың картиналары тұтқынның ащы тағдыры ішкі
шері жан дүниесі жалғыздық қорқыныш тығырыққа
тірелу-анық сезілді. Шынайы таланттар бастықтардың
тапсырыстары бойынша әлемдік шедеврлердің
көшірмесін жасады., киімдер түрлі тұрмыстық заттар
тікті, тоқыды. Ағаш шеберлері ағаштан көздің жауын
алатын керемет туындылар жасады. Лагерьде көріп
жатқан қиындықтары көрген қорлықтары, тартқан
азаптарын уақытша болсада ұмытып өмірден мән
тауып арықарай өмір сүруді жалғастарды оған
көмектескен олардың бойындағы өмір суруге деген
құштарлықтары мен шабыттары және бойындағы
таланттары көмектесті. Сол бойындағы таланттарын
ашып өмірден мән тауып қиындыққа мойымады
алдығақарай жүре берді. Темір тор адамдардың
өнерінің өркендеп өсуіне тосқауыл болмады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Д.А.Шаймұханов, С.Д.Шаймұханов «КАРЛАГ»
Алматы 1997 104б
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)
Бес томдық 5 том Алматы 708б
«Қарлаг» Н.Т:Жұмаділова, Ж.М.Баймұрынов,
Б.А.Жүнісов, Алматы 2012 576б.
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті Рамазанов Ризат Талғатұлы РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ӘСЕРІ. Көрші
елдердің
экономикалық
жағдайы
Қазақстанға әсері өте үлкен. Ресей мен Украина
арасындағы қақтығыс, біздің еліміздің экономикасына
әсер етіп жатқаны баршамызға анық. Украинадағы
қақтығыс басталғалы Қазақстан өзінің әскери
науқанында Мәскеуге ресми түрде қолдау білдірген
жоқ.
Тіпті Ресейдің әрекетіне Қытай бұрынғыдай
«ақылға қонымды қауіпсіздік мәселелері» ретінде
қолдайтын сөздер де айтпады.Керісінше, Қазақстан
президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзін-өзі жариялаған
ДНР мен ЛНР республикаларын мойындамай,
Ресейді қолдаудан ашық түрде бас тартты. Ел ішінде
Қазақстан шенеуніктері Кремльдің Украинаға қарсы
әрекетін қолдау көріністеріне қарсы күресіп, ресейлік
әскери рәміздерге тыйым салып, тіпті 9 мамырдағы
Жеңіс шеруінен бас тартты.
Demoscope жобасына сай 2022 жылғы сауалнамаға
қазақстандықтардың 18 пайызы Украинадағы
оқиғаларды күн сайын бақылап отырса, 44 пайызы
оқтын-оқтын бақылап тұратыны белгілі болды. 38
пайызы мүлде жазылмайтынын айтты. Оқиғаларға
қызығушылық танытқандардың 37%-ы YouTube
арналарынан, 25%-ы қазақстандық телеарна
-
лардан, 24%-ы басқа ақпарат көздерінен, 18%-ы
ресейлік телеарналардан, 15%-ы Украинадағы та
-
ныстарынан ақпарат аладыРесей ақпан айын
-
да әскери жорық бастағалы бері Қазақстанда Ре
-
сеймен қарым-қатынаста қызыл сызықтар ушыға
түсті. Егер бұрын Қазақстан НАТО-мен бірлескен
әскери оқу-жаттығулар өткізіп, Ресейдің қаһарын
тудырмаса, қазір Батыспен соғысып жатқан Мәскеу
мұндай әрекеттерге басқаша әрекет етуі мүмкін.Бірақ
Ресейдің экономикалық күшінің басым бөлігі соғысқа
және Путин режимінің тұрақтылығын сақтауға
жұмсалатындықтан, Астана осы сәтті басқа елдермен
ынтымақтастықты кеңейту үшін пайдалана алады.
Экономика бойынша, дейді мамандар, өте ауыр
соққы болды және республика одан әлі қалпына
келмеді.Қаржы нарығында ресейлік Сбердің кетуі