Қазақстан ұстазы 52
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті Талғат Назарбай Талғатұлы ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ӘСЕРІ. КІРІСПЕ
Қазақстандағы ислам дінінің бүгіні мен ертеңі.
VIII ғасырдағы исламмен XXI ғасырдағы
исламның келбеті.
Нағыз дін мен жалған дінді ажырата білу.
Қазақстандағы діни ағымдардың қазақ жастарына
әсері және қазақ халқының діни білімі.
Осы сұрақтар кәзіргі таңда өте өзекті мәселелер
қатарына жатады деп ойлаймын. XXI ғасырда
исламның келбеті көп бағдарда өзгеріске ұшырады
және ұшырап жатыр. Кәзіргі ислами ағымдармен
алғашқы
исламның
ұқсастығына
қарағанда
алшақтығы көбірек секілді.
Кәзіргі заманда дінді жақсылық, иман, тәрбие
мен қамқорлық секілді ізгі қаситтерден алыстатып
саясат пен билік, мансап үшін қолданып жүрген қара
пиғылды адамдар қасымызда жүр. Оларды ажырату
өте қиын мәселе. Таяу Шығыс, Онтүстік Шығыс Азия
және Африка аймақтары исламның атын жамылған
теріс пиғылдарды көздеген ағымдардан жеткілікті
зардап шегіп отыр. Біздің яғни Қазақстанымыздың
оның ішіндегі ел басқарған азаматтардың алдына
қойған мақсаттарының біріде бірегейі сол теріс
ағымдарды қадағалап олармен күрес жүргізу сол
кезде отанымыз жоғарыда көрсетілген аймақтардың
тағдырын қайталамайдыдеп сенемін.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ХАҚ ДІННІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА КЕЛУІ:
Қазақ халқының тарихында рухани құндылықтардың
рөлі әр қашанда ерекше орында болған. Исламның
ұлы даламызға келмейтұрып сол жерде мекендеген
халықтар түрлі діндерді дәріптеп жөн жоралғыларын
өмірінің маңызды бөлігі ретінде қолданған. Ондай
діндерге магиялық әрекеттер, манихей, анимизм,
буддизм және түркі халықтарының бұрынғыдағы
ортақ діні көк тәңірге сиыну осы діндердің барлығы
халықтар арасында кең таралды. VIII ғасырда Орта
Азияда орын алған саяси мәселелер ушығып тарих
сахнасында маңызды оқиғалар болып жатқан еді.
Жетісуға басып кірген Тан империясының жорықтары,
түркі тайпаларының өз ішіндегі талас-тартысы Орта
Азия мен түркі халықтарының тағдырын шешер
уақыт еді. Сол кезде саяси сахнаға Таяу Шығыстан
жасыл жалау желбіреткен «дін үшін» соғысты
жариялаған Араб халифаты кіріп келді. Алланың сөзі
мен заңын таратқан араб әскері мен қолбасшылары
Орта Азияға аяқ басты. Ақыр соңында түркі тайпалыр
мен араб әскерлері ортақ жауға Тан империясына
қарсы Талас маңында, Атлах шайқасында 751 жылы
күйрете соққы беріп Орта Азия мен қазақ халқының
болашағын жаңа бағытқа бұрдыдеп айтсақ болады.
Сол кезден бастап түркі халықтары оның ішінде
қазақ халқы Алланың хақ діні исламды бойлары
мен жандарына сіңіріп болашақ ұрпағына дәріптеді.
Оған қоса Орталық Азия мен Қазақстанға келген
Ислами мәдениет сол жерде мекен етіп жатқан
халықтардың дамуына өте зор әсерін тигізді.
Архитектуралық саланың дамуы күмбездер, мешіттер
мен медіреселердің салынуы. Мәдениетпен білімнің
дамуы осының барлығы Қазақстан жерінде Әбунасыр
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари,
Қожа Ахмет Яссауи секілді ұлы ойшылдарды дүниеге
әкеліп исламның мәдениетімен дала эстетикасының
арқасында әлемге атышыққан еді. Исламдық шартты
қатаң ұстанған батыр бабаларымыз өмірінің әр сәтін
сол діни жоралғылармен астастырып отырды. Дана
хандарымыз халықты Шариғат заңдары мен әділде
айқын басқарып отырса, батыр бабаларымыз отаны
мен жері, ұрпағы мен елі үшін қолдарына қару алып
майдан далаларында шейіт болуды қалады. Осылайша
қазақтар өздерінің еркіндігінен айырылғанша ислами
қағидаттарының қаймағы бұзылмай халық арасында
дамып өркенди берді.
ДҮБӘРАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ БАСЫ, ШАРЫҚТАУ
ШЕГІ ЖӘНЕ АЯҒЫ: Қазақ халқының тарихында
қаралы уақыттардың саны өте көп егерде бәрін
біріктірсе қаралы тақта тасын құрса болатыншығар.
Сондай қаралы уақыттың бірі 1847 жыл қазақтың
соңғы ханы Кенесары сатқындықпен өлітірілгеннен
кейін қазақтың еркіндігі бірге өлді. Патшалық
Ресей қазақ даласының толықтай қожайынына
айналды. Ресейдің қазақтарды ата мекенінен қуып
сенделтуі, орыстандыру саясатының белсенді жүруі
осының барлығы қазақ халқының жаны мен тәнін
қатар күйзелтті. Патшалық Ресей қазақ халқын
өздеріне бағындырып саналарын улаудың бір құралы
хрестиандық миссионерлер болды. Қазақ ауылдарына
барып қазақтарға өздерінің дінін дәріптеуі қазақ
халқының дүбәралыққа аяқ басуының басы еді.
Хрестиандық миссионерлердің белсенді жұмыстары,
шіркеулердің салыныуы, молдалар мен медреселердің
жабылып қудалануы осының барлығы қазақтарды
рухани азықтан алыстатып жіберді. Осындай
саясаттың кесірінен қазақтар хрестиандық ілімді
үйрене бастады. Православиялық ілімді қабылдаған
қазақтардың сарқыншақтары әлі күнге дейін сақталып
отыр.
Патшалық Ресейдің жүргізген діни саясаты