Қазақстан ұстазы 56
Мақалада айтылған ойлардың тереңдігінен
Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі
халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен
өткізе айтқанын байқау қиын емес. Халқымыз небір
аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жа
-
зуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре
тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында
ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің
жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін
міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды
қалыптастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң
мен солымызды әбден танып, өткеннің кемшіліктері
мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жа
-
сайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының
сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам.
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа
оқулық жобасын қолға аламыз» [3] деп осы мәселе
басымдығын айтты. Сондай-ақ патриотизмді дамыту
мақсатында «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық
патриотизмнің нағыз өзегіне айналу керектігін ата
-
ды. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы
мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр
шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар
болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған
ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары
азамат болып өседі. Сондықтан, қазір ғалымдардың
алдына зерттеу-зерделеу тұрғысында үлкен мақсат-
міндеттер қойылып отыр[4].
ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге
ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек,
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жоба
-
сын іске асыруға тиіспіз деген ұсынысты да білдірді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы –
Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің
әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос
өкілдерінің тарихынан сыр шертетіндігін айтты. Жоба
-
да адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары
арқылы, бүгінгі заманауи Қазақстанның келбетінің
көрініс табуы негізделген. Ұлттық болмыс пен
бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және
білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына
алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы,
дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар
алға батыл қадам басып, жоғары технологиялар
-
ды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы,
халықаралық коммерциялық һәм концептуалды
жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан
көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілеттіліктің» бір
шарты.