№5 (125), мамыр 2023 жыл 55
№1 бөлім науқандары тіпті дамыған елдерде де жұртшылықтың
бос демагогия мен популизмге қарсы иммунитетінің
жоқтығын, өтірік – қаңбақ, шын – салмақ екенін түсіне
бермейтінін паш етті. Әлемде шын жүйріктердің
емес, «тіл жүйріктердің» заманы туған ба дерсіз. Бұл
халықаралық қоғамдастық кезігіп отырған кезекті
«сын-қатер» болса керек. «Ұлт немесе жеке адам
нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде
ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға
бастайтын популистік идеологиялар пайда болады»
деген
Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына
«реализм мен прагматизмді» ұсынады. Біз – баба
-
лар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз.
Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос
демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына
елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырды.
Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке
бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге
айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы.
Біз тек ұлтымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді
дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды
дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай
жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс
берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Үшінші
бағыт «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп аталады.
Қазақстан тарихы – бұл рухани дамудың, күрес пен
табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы.
Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстанның
сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы болды.
Осы құндылық негізінде ұлттық бірегейлікті сақтауды
алға кою мемлекет үшін маңызды. Елбасы біріншіден,
ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуді басты
назарға ұстай отырып, ұлттық болмыстың өзегін
сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту
көзделуде. Қазақ елі қазір өркениетті елдермен иық
теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге тал
-
пынуда. Дегенмен, жаһандық өзгерістерге сай болу
үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз
керек. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен да
-
мып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз
қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шар
-
ты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым
есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау
жүйесін қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты
сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып,
оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз[2]. Ұлттық
болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи
салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық ру
-
хани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына
өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға
сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың
санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың
жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.
Қазақ халқының дәстүрлі мадениетін сақтай оты
-
рып, келешек дамуға қол жеткізу назарда болуы ке
-
рек. Ұлы Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы,
Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар
біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана деп
бағалаған Елбасы жас ұрпақты баянды бірегейлікке
шақырды.
Елбасы осындай басымдықтарды негіздей оты
-
рып, бұл тақырып бойынша екі жолды негіздеді.
«Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса,
ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі
болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тар
-
ту керек». «Білімнің салтанат құруы» атты бағытта
тәуелсіздік тұсындағы Қазақтандағы білім мәселесін
талқылай келе білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет деп түйіндеді.
Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана
сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере
алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және
мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар ша
-
ралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы
атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамуының
жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне
сенімдімін.
Бесінші бағыт «Қазақстанның революциялық
емес, эволюциялық дамуы» атты бағыт. Дамудың
эволюциялық дамуына жол салу табысты қоғам
кепілі екендігіне назар аудара отырып, күнде көріп
жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашаққа
бағдар жасаудың маңыздылығын саралады. Ал
-
тыншы бағыт «Сананың ашықтығы» жер жүзіндегі
миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар,
кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып
жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел
үйренуіміз керектігін атап өтті. Мақаланың басты
бағыты «Таяу жылдардағы міндеттер» болып табыл
-
ды. Ең алдымен Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын
әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауды айта келе:
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның,
сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру
процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп
қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, ла
-
тын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан,
жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ
емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың
көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса оты
-
рып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай
стандартты нұсқасын қабылдау керек.
2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін
мамандарды және орта мектептерге арналған
оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы
2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар
жүргізілуге тиіс. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде
белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла
тұрады. Аталған мақаласында Елбасы Үкіметке нақты
тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын
қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға
қарай іс-қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар,
бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл
қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара
болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен
жауапкершілік артып отыр. Әрине, бұған үлкен
дайындық керек.