№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Әдебиеттер 
1 Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының 
басты  бағыты»  атты  Елбасымыздың  Қазақстанның  халқына  Жолдауы  //  «Егемен 
Қазақстан» газеті. – 2006. – №115. 
3  Бекбаева  З.  Оқушылардың  математикалық  тапсырмаларды  орындауындағы 
дербестігін арттыру. – Алматы. 
4 Кабушева Н. Математиканы деңгейлеп оқыту технологиясы. – №2. – 2001. 
 
ОРТИКОВА Жазира Каланбаевна, 
№93 жалпы орта мектебі «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі, Ақсукент ауылы, 
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
«АҒЫЛШЫН ТІЛІ» САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
 
Ағылшын  тілі  –  XXI  ғасырдың  тілі.  Бұл  тіл  қазақты  дүниеге  танытатын, 
әлемдік  деңгейге  шығаратын  тіл.  Шет  елдермен  қарым-қатынас  күшейіп  отырған 
қазіргі  кезде  оқушылардың  шет  тіліне  қызығуын,  білімге  құштарлығын  ояту, 
танымдық  белсенділігін  арттыру  –  әрбір  шетел  тілі  мұғалімінің  міндеті.  Демек, 
балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. 
Шетел тілі қазіргі кезде көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. 
Тілді  үйретудегі  негізгі  мақсаты  –  ағылшын  тілінің  әлемдік  тіл  екенін  ескере 
отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету;  оқушылардың сөйлеу 
қабілетін  жаңа  технологияларды  пайдалана  отырып  дамыту;  оқушыларды  өзге 
ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 
Шәкірттердің  сабақтағы  белсенді  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру,  ойлау, 
шығармашылық,  ізденіс  қабілеттерін  дамыту  арқылы  білім  сапасын  көтеруде 
интерактивті оқыту технологиясын пайдаланудың мәні зор. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
55 
Интерактивті оқыту технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына 
емес,  сапасына  назар  аударған  жөн.  Күнделікті  бір  сарынды,  дәстүрлі  сабақпен 
оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше, жалықтырып аламыз. 
«Ағылшын  тілі»  сабағында  білім  сапасын  арттыру  үшін  ойын  технологиясын 
қолдану керек. Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым-
қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. 
Ойын  технологиясын  қолдану  арқылы  барлық  мәселе  шешілмесе  де, 
қиындықтар  азаяды.  Себебі,  ойын  –  оқушылардың  негізгі  әрекеті.  Мұғалім  үнемі 
ізденіс үстінде болуы керек. Кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез 
әрі  дұрыс  айттыру  арқылы  оқушылардың  тілдері  жаттығады,  логикалық  ойлау 
қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады. 
Сергіту  сәтін  ұйымдастырған  кезде  интернеттен  онлайн  жүйесінде  «X pp  
song»,  «B ngo»  т.с.с.  сияқты  әндерді  бейнеге  қарап  тұрып  орындатса,  оқушылар 
сергіп, қызығушылықтары оянады. Бір жағынан, тілдері жаттықса, екінші жағынан, 
ағылшын тілінде әндер жаттайды. 
«Ағылшын  тілі»  сабағында  ойын  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқушы 
құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген 
білім,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  білу,  проблеманы  шешу,  дайындық  сапасының 
құрылымдық  сипатын  анықтайтын  жаңа  сапа.  Тиімді  қолданылған  кез  келген 
технология білім сапасын арттыратыны ақиқат. 
Қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  басты  міндет  –  оқушылардың 
шығармашылық  білім  дағдыларын  қалыптастыру.  Міне,  өз  ұрпағының  өнегелі, 
өнерлі,  еңбексүйгіш,  абзал  азамат  болып  өсуі  үшін  халық  педагогикасының  негізгі 
мақсатын  шығармашылықпен  оқу-тәрбие  үрдісіне  тиімді  пайдалану  әрбір  ұстаздың 
міндеті болып табылады. 
Ағылшын  тілінің  мектепте  шетел  тілі  ретінде  таңдап  алынуы  көптеген 
факторлардан туындайды, атап айтқанда: 
-  әлеуметтік  лингвистикалық:  адамзат  тарихында  бірде  бір  тілге  тән  болмаған 
қызметті  атқаратындықтан  қазіргі  әлемде  халық  әмбебап  құралы  болуымен 
байланысты; 
-  әлеуметтік  мәдениеттілік:  ағылшын  тілді  мәдениеттің  қазіргі  әлемдегі 
мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін мемлекеттерге және континенттерге әсерін 
тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындығынан
-  экономикалық:  әлемдік  экономикалық  кеңістіктегі  ықпалдасуда  әлеуметтік 
қалыптасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатындығынан; 
-  ақпараттық:  ғылыми,  техникалық  ақпараттар  легі  ағылшын  тілінде 
сақталатындықтан,  ағылшын  тілінің  бүкіләлемдік  интернет  тілі  болып 
отыратындығынан. 
Сондықтан,  жалпы  орта  білім  беретін  мектептегі  ағылшын  тілін  оқытудың 
мазмұны  білім  беру  стандартының  талаптарына  сәйкес  болуы  керек.  Жалпы 
ағылшын  тілін  үйрену  8  жастан  басталғаны  жөн.  Балалардың  ойлау  іс-әрекеті 
мектепке  дейінгі  ойлау  тәрізді,  сондықтан  оқыту  үдерісінде  көрнекіліктерді  көп 
пайдалануды, абстрактілі тілдік ұғымдарды енгізуді талап етеді. 
Тіл  жүйесінің  дамуы  дегеніміз  –  жеке  тұлғаның  тілді  меңгеруі,  рухани-
адамгершілік, азаматтық қасиеттерін қарым-қатынас құзырлығын ұйымдастыру. 
Ең  маңызды  мәселе  –  ол  оқытудың  бірыңғай  мазмұнын  талдау  бастапқы, 
сатысында оқыту: 
-  Оқытудың  нәтижелілігіне  бағытталған  тіл  материалдарының  көлемін 
анықтау; 
- Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының презентациясы; 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
56 
-  Қарым-қатынастық  құзырлығын  және  тілдік  сөйлеуді  дамытуға  арналған 
арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру; 
-  Ағылшын  тілін  үйретудегі  қарым-қатынас  аспектісі  мен  сөйлеу  қабілетін 
арттыру мақсатында жүйелі тапсырмаларды өңдеу; 
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту; 
-  Ағылшын  тілін  оқытуда  бағдарламаның  мазмұны  оқушының  жеке  тұлға 
ретінде  тілін  дамытады,  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  үрдісін  толық  меңгеруге 
бағытталған. 
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту 
керек»?  деген  сұрақтарға  жауап  іздесе,  оқыту  технологиясы  «Қалай  нәтижелі 
оқытуға  болады?»  деген  мәселенің  шешімін  іздейді.  Олардың  мақсаты  бір,  яғни 
оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. 
Оқытудың  тиімді  жолдары  оқытудың  әр  түрлі  әдістері  арқылы  анықталады. 
Көптеген  жаңа  технологиялармен  қатар  соңғы  кездері  ағылшын  тілі  сабақтарында 
ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. 
Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз  –  білім  беру  ісінде  ақпараттарды 
даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісті іске асырудың негізгі құралы 
компьютер  болып  табылады,  сол  себепті  қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс 
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық 
шеберлігі  қалыптасқан  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  тілін  білетін  мұғалім 
қажет. 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл  оқушыларға  өз 
бетімен  немесе  бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге, 
өз  жұмысының  нәтижесін  көріп,  өз  өзіне  сын  көзбен  қарауына  және  жеткен 
жетістігінен  ләззат  алуға  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  мұғалім  өткізетін  сабағының 
түріне дұрыс таңдау жасай білуі қажет. 
Ағылшын  тілі  сабағында  логикалық  жүйеге  құрылған  бағдарламаларды 
пайдалану  арқылы  өтілген  тақырыптардан  қайталау,  пысықтау,  мәтінді  оқыту 
барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. 
Фонетиканы, морфологияны оқытуда компьютерді өз ретімен пайдалану қажет. 
Мысалы: 
- Ағылшын тілі фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, 
дауыссыз дыбыстар санын анықтау
-  Сөз  құрамындағы  қажетті  әріпті  табу  бағдарламасын  құруға  арналған 
тапсырма беруге болады; 
- Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін 
бағалауға болады. 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  басты  тиімділігі  –  бұл  мұғалімге  ағылшын 
тілі  сабақтарындағы  оқу  үрдісін  түбегейлі  өзгертуге,  оқытудағы  пәнаралық 
байланысты  күшейте  отырып,  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейтуге  және 
қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. 
Сабақта АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін былай  көрсетуге болады: 
-  Оқушы  мен  мұғалімнің  позитивтік  оң  қатынаста  болуына  ықпал  етеді.  Олай 
дейтініміз,  оқушылар  компьютермен  тікелей  қатысты  болғандықтан  өзін  еркін 
сезінеді; 
-  Компьютермен  жұмыс  барысында  оқушылардың  белсенділік,  жауапкершілік 
және  өзіндік  шығармашылық  қабілеттері  қалыптасады.  Оқушы  өз  бетінше 
еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. 
Тапсырмаларды  мұғалімнің  көмегінсіз  орындайды.  Сол  арқылы  ойлау  және  есте 
сақтау қабілеттері дамиды. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
57 
Берілетін  материал  бірсарынды  болып,  тек  мұғалім  ғана  сөйлейтін  болса, 
балалар  тез  шаршап  қалады  да,  сабақ  сәтсіз  аяқталады.  Осындай  көңілсіз 
жағдайларды  болдырмау  мақсатында  ағылшын  тілі  сабағында  компьютер  арқылы 
оқушылардың  белсенділігін  арттыратын  элементтер  қолданылады.  Мысалы,  СТО 
стратегияларын,  дидактикалық  үлестірмелер,  түрлі  ребустар,  суреттер  мен 
басқатырғыштарды жатқызуға болады. 
Қазіргі  кезде  оқу  үрдісін  ақпараттық  коммуникациялық  құралдарынсыз  көзге 
елестету  мүмкін емес. Әсіресе, интернет технологиясы  арқылы оқыту өте танымал 
болып  келеді.  Интернет  технологиясы   арқылы  оқыту  (E-learning)  –  бұл  интернет 
желісі  арқылы  оқу  үрдісіне  қажетті  ақпараттың  үлкен  көлемін  тасымалдауды  және 
оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік ара қатынасты жүзеге асырып, бұл 
үдерістер компьютерлік бақылауға негізделген. 
Электрондық  оқыту  жүйесін  білім  саласына  енгізудегі  басты  мақсат  – білім 
беру  үрдісінің  барлық  құрамдас  бөліктерінің  үздік  білім  беру  ресурстары  мен 
технологияларына  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Соңғы 
онжылдықта  цифрлық  қоғам  белсенді  түрде  қалыптасып,  электронды  оқыту, 
электронды  денсаулық  сақтау,  электронды  үкімет,  электронды  ғылым  т.б. 
ұғымдармен біздің сөздік қорымыз толықты. 
Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар – Smart, Smart 
 d c   on ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. S      d c   on ұғымы тіпті көптеген 
елдерде іс жүзінде жиі қолдануда. 
S       d c   on  ұғымының  негізгі  мәні  неде?  Сөздің  түбіріне  келетін  болсақ, 
«s    » сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. 
Смарт  –  бұл  неологизм,  негізгі  мағынасы –  парасатты,  тапқыр,  ақылды  деген 
мағынаны  білдіреді.  Осы  сұраққа  кең  көлемде  жауап  беру  үшін  білім  беру 
жүйесіндегі бағыттардың дамуын қарастырған орынды. 
Бұл бағыттарды үш кезеңге бөліп, қарауға болады: 
І  кезең  –  «өткен  шақта»  оқушы  үшін  жалғыз  білім  көзі  оқытушының  өзі  
болып,  оқытушының  кеңесімен  оқушы   жаңа  білімдерді  сыныпта  немесе 
оқулықтардан  ала алатын болды. 
ІІ кезең – «қазіргі кезде» білім тек оқытушыдан оқушыға беріліп қана қоймай, 
оқушыдан оқушыға  беріледі, ал бұл білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік береді. 
Өз  кезегінде  білім  беру  технологияларын  жетік  меңгеріп,  оқытушылар  білімді 
аудиториядан тыс уақытта да ұсына алады. 
SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі 
кезде  интерактивті  панельдер,  интерактивті  орталықтар,  үстелдер,  интерактивті 
экрандар,  оқушылар  үшін  жауаптар  жүйесі,  сымсыз  «грифельді»  тақталар, 
күшейткіш  аудиожүйелер,  документ-камера  секілді  т.б.  бағдарламалық  қамтамасыз 
етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді. 
SMART  education-нің  негізгі  идеясы  техникалық  құралдарды,  қызметтер  мен 
интернетті  қолдану  арқылы  адам  өмірінің  барлық  аспектісін  жетілдіру  болып 
табылады.  Ал  келешекте  оқушы  үшін  негізгі  білім  көзі  интернет  болады, 
технологиялар тұлғаға бағдарланады және жаңа білімді құруға бағытталады. 
Жаңа  технологияның  бізге  ұсынып  отырған  тағы  бір  жетістігі  – 
мультимедиялық  оқулығымыз  –  электрондық  оқулық.  Білім  берудің  кез  келген 
саласында  танымдық  белсенділікті  арттырып,  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға 
шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. 
Электрондық 
оқулықты 
пайдалану 
мұғалімнің 
ғылыми-әдістемелік 
потенциалын  дамытып,  оның  сабақ  үстіндегі  еңбегін  жеңілдетеді.  Оқытудың  әр 
сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
58 
бейнелеу,  мәтіндері  түрінде,  мультимедиалық,  бейне  және  дыбыс  бөлімдерінің 
бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. 
Электрондық  оқулықтарды  қарапайым  оқулықтарға  қарағанда  пайдалану 
ыңғайлы  және  оларда  өзін-өзі  тексеру  жүйесі  бар.  Бұл  электронды  оқулықтың 
артықшылығы  болып  табылады.  Электронды  оқулық  арқылы  түрлі  суреттер, 
видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Бұл  әрине, 
мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі 
қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа 
деген баланың құштарлығы оянады. 
Компьютерлер  мен  интерактивті  тақта  оқушылардың  тілдік  құзіреттілігін, 
шығармашылық  потенциалын  дамыту  құралы  ретінде  пайдалану  интеллектуалдық, 
эстететикалық  және  ақпараттық  сауаттылығын  арттыруға  көмектеседі,  ал  көрнекі 
құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. 
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің 
дамуымен  тығыз  байланысты.  Қай  халықтың,  қай  ұлттың  болсын  толығып  өсуіне, 
рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. 
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану 
арқылы  оқу-тәрбие  үрдісін  тиісті  деңгейге  көтеру,  мектеп  ұстаздарының, 
басшыларының,  педагогикалық  ұжымның  жүйелі  басшылыққа  алған  бағыты  деп 
есептейміз. 
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер 
әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық, 
психологиялық  жағдай  жасау  үшін  де  тигізер  пайдасы  аса  мол. Ақпараттық 
технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына 
үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы мол. 
Қазіргі  заманның  даму  қарқыны  мұғалімдерден  шығармашылығын  жаңаша, 
ғылыми-зерттеу  бағытында  құруды  талап  етеді.  Сондықтан,  ХХІ  ғасырдың 
информатика  ғасыры,  яғни  ақпараттандыру  технологиясы  дамыған  заманда 
мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты 
дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен  шығармашылық  ізденісті,  үлкен  сұранысты  талап 
етеді. 
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. 
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі 
оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар 
мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби мүмкіндіктерінің 
қалыптасуына жол ашады. 
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін 
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан 
тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. 
 
Әдебиеттер 
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. 
2 Аяпова Т., Ұқбаев Д. Ағылшын тілі. Оқыту әдістемесі.  – Алматы: Атамұра, 
2001. 
3 Smart- d c   on: келешекке бағытталған білім. 
4 «Педагогика» журналы. – №2. – 2009. 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
59 
РАЗУЕВА Бахыт Тұрсынахуновна, 
«№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ 
«Ағылшын тілі» пәнінің 1 санатты мұғалімі, Семей қаласы, 
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖАҚСЫБАЕВА Ардақ Ерсоветовна, 
«№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ 
«Тарих» пәнінің 2 санатты мұғалімі, Семей қаласы, 
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ГУМАНИЗАЦИЯЛАУ АЯСЫНДА 
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР 
 
Ұстаз бойында педагогикалық әдеп, 
ғылымилық, ілтипаттылық 
– ең басты қасиеттердің бірі болуға тиіс. 
Әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр... 
Сабаққа қызықпаса, себебіне үңіл, 
себебін өзіңнен ізде... 
Балаға сыйлы боламын десең
баланың өзін сыйла... 
баға құнды емес, 
бала құнды. 
В. Синица 
Тұңғыш  рет  адамзат  тарихында  идеяның  және  дүниенің,  адам  дамуына 
қарағанда  қарқындырақ  өзгеріп,  дамып  бара  жатқаны  байқалады.  Жаңа  ғылыми-
ақпараттық,  инновациялық  технологияларға  көшу,  жаһандық  үрдістердің  көбеюі  – 
адамзаттың  даму парадигмасының өзгерісіне себепші болады. 
Бұл  жағдайда  әрқашан  өзін  өзгертуге  және  жетілдіруге  дайын  жеке  тұлғаның 
даму  деңгейі  маңыздырақ.  Дәл  осы  мәселе  әр  маманның  бәсекеге  қабілеттілігін 
анықтайды,  демек  жалпы  мемлекеттің  де  бәсекеге  қабілеттілігі    анықталады.  Міне, 
сондықтан да жеке тұлғаның даму деңгейін айқындайтын білім беру жүйесі көптеген 
әлем  елдерінде,  оның  ішінде  Қазақстанда  да  жалпыұлттық  басымдық  болып 
табылады. 
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру 
жүйесінің  алдына  үлкен  міндеттер  қойып  отырғандықтан  ХХІ  ғасырда  білім  мен 
ғылымды  жаңа  инновациялық  технология  бағытында  дамыту  қажеттілігі  басты 
назарда.  Бұған  дәлел,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
«Қазақстан  –  2050»  мемлекеттік  стратегиялық  жолдауында:  «Біз  «білім  –  ғылым  – 
инновациялар»  үштігі  билеген  постиндустриялық  әлемге  қарай  жылжып 
келеміз, бірінішіден, бұл – уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры», - деп 
атап көрсетілген болатын. 
Екіншіден, инновациялық  әдісте  оқыту,  яғни,  өздігінен жаңалық  ашу,  алдын 
ала болжау аса маңызды. 
Үшіншіден, оқытудың  белсенді  әдісі (Майхнер)  инновация  (лат.  сөзінен 
«жаңа») деген ұғымды береді. 
Э. Роджерс: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея», - 
десе,  Майлс:  «Инновация  –  арнайы  жаңа  өзгеріс.  Біз  одан  жүйелі  міндеттеріміздің 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
60 
жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. Олай болса, инновация – жаңаны көру, 
жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет. 
Инновация  кең  салалы,  кең  қолданыста,  педагогика  ғылымында  өзіндік 
категориясы  болмаса  да,  педагог  зерттеуші  ғалымдар:  «Білім  беру  жүйесіндегі 
жаңалық енгізу», - деп пайдалануда. 
Білім беру жүйесіндегі гуманизм – оқушының жан-жақты білім алуы, қоршаған 
ортамен  ашық  қарым-қатынас  жасап,  диалогқа  түсуі,  сонымен  қатар  тек  қана  өз 
еліңнің ғана емес, әлемдегі болып жатқан саяси, экономикалық, мәдени үдерістерді 
түсінуі. Заман талабына сай білім беру жүйесін, нақтырақ айтқанда, мектеп жүйесін 
қайта құрылымдау мәселесі демократиялаудың басты міндеті болып табылады. Дәл 
осы  мектептен  бала  өзіне  керек  білімдер  мен  қабілеттер  жиынтығын  алып, 
келешекте  тұлға  болып  қалыптасуына,  өмірде  өз  орнын  тауып,  қоғамға,  отбасына, 
өзіне пайда келтірер талант иесі болатыны белгілі. 
Осыған  байланысты  бүгінгі  күннің  маңызды  проблемасы  мектептің 
демократияландыруы мен гуманизациясы, ол – балаға деген бетбұрыс, баланың жан-
жақты  дамуына  барлық  мүмкін  жағдайды  жасау,  олардың  қызығушылығы  мен 
мүмкіншіліктеріне  сай  білім  берудің  қол  жетімділігі.  Осы  орайда,  гуманизацияның 
гуманитарлық пәндермен тығыз байланысын көруге болады, өйткені гуманитарлық 
пәндерді  оқытуда  нақты  гуманистік  ұлтаралық  дүниетанымның  қалыптасуына  кең 
мүмкіндік  береді.  Тіл  мамандары  немесе  тарих  пәнінің  мұғалімдерінің 
ұйымдастыруымен  жаңа  ииновациялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  арқылы 
оқушылардың қиялына ерік беріп, ой-өрісін дамытып, сыни ойлауға жетелейтін, сөз 
шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін қалыптатыратын сабақтар өткізуге болады. 
Шын мәнінде, қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын 
жақсартуды,  жаңа  технологияларды  кеңінен  қолдануды,  жаңа  формациядағы 
ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне 
жеткізуді,  нарық  экономикасына  бейімделген,  бәсекеге  қабілетті  білімді  де  білікті 
мамандар дайындауды негізгі стратегиялық межеге жатқызады. 
Әрбір  ұстаз  жаңа  кезең  мұғалімінің  қызметіне  сай  болу  үшін  педагогикалық 
үрдістің  бірізділігін  және  оқу  мен  тәрбиенің  бір  тұтастығын  сақтай  отырып, 
оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға құмбыл, 
өз  әрекетіне  өзгеріс  енгізе  алатын,  өзгермелі  өмірге  оқушыны  да,  өзін  де  даярлай 
білетін  шығармашыл  тұлға  болуы  тиіс.  Осыған  орай,  педагог  қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру курстарының үшінші базалық деңгейлік бағдарламасы бойынша 
оқыған  курс  нәтижесі  біздің  де  заманауи  педагогикаға  деген  көзқарасымыз  мен 
дүниетанымның өзгеруіне зор үлесін қосты. 
Ендеше осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? 
Ол  –  қазіргі  мұғалімнің  45  минуттағы  іс-әрекеті.  Мұғалім  кіреді,  сабақ  сұрайды, 
сабақ  түсіндіреді.  4-5  оқушыны  бағалайды,  қалғандары  сол  қалпында  қалады.  Бұл 
жердегі  мұғалім  тарапынан  берілген  дайын  білімге  оқушылар  өздігінен  ары  қарай 
дамыту,  іздену,  ойлану,  атсалысу,  салыстыру,  пікір  алмасу,  пікір  таластыру  т.б. 
жайлар қолға алынбайды. 
Мұндай  білімнің  аясы  тар,  көбіне  жаттанды  есте  сақтауға  алып  келеді. 
Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың 
төменгі  деңгейінде  ғана  жүзеге  асырылады.  Ары  қарай  терең  ойлану  үрдісі  іске 
асырылмайды.  Ал  сындарлы  («конструктивті»)  оқытуда,  керісінше,  мұнда  басты 
басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, 
достарымен  көп  сөйлесіп,  әрекеттенуі  керек.  Ал  мұғалімнен  өз  сабақтарын 
оқушының  идеясын,  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай  етіп 
ұйымдастыру талап етіледі. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
61 
Мұндай  міндеттер  оқушылардың  оқыған  тақырып  бойынша  білімдерін  өз 
деңгейінде  көрсетіп,  кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнды  ойларын  білдіре 
алатындай  пікір-көзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ұғым-түсініктерін  өрістетуге 
орайластырылып  құрылады.  Бұл  жерде:  «Маған  айт,  мен  оны  ұмытамын,  көрсет, 
мүмкін,  есімде  сақтармын,  мені  қызықтыр,  мен  сонда  түсінемін»,  -  деген  қытай 
мақалының түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдар оқыған, естіген, 
көрген  т.б.  әрекеттерден  гөрі  адамның  өзі  өзгелерге  түсіндірген  білім  көп  есте 
сақталатынын айтады. 
Білім  беру  жүйесіндегі  технологиялық  амалдың  маңызды  белгілерінің  бірі 
мұғалімге өзі мен оқушылардың жұмысын бағалауға және түзету енгізуге мүмкіндік 
беретін мақсаттардың бар болуы. 
Ең  тиімдісі  –  оқыту  мақсаттарының  оқушылар  әрекеттері  арқылы  көрінетін 
оқыту нәтижелері түрінде берілуі. Ол үшін әр сабаққа: 
1) мақсаттардың деңгейленген нақты жүйесін (таксономиясын) жасау; 
2) мақсаттарды айқын және нақты тілмен сипаттау. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  тиімді 
тетіктерін мектеп тәжірибесіне жедел және жүйелі енгізу үшін Б. Блумның  «Толық 
меңгерту  теориясы»  сапалы  білім  алып,  бағалаудың  критериалдық  жүйесін  де 
меңгертетін, нәтижеге бағытталған таксономия пайдаланылады. 
 
Блум таксономиясы 
 
Білім игеруге бағытталған 6 қадам 
 
Бағдарламаның  басты  жаңа  бағыты  –  іс-әрекет  арқылы  зерттеу  болып 
табылады.  Ағылшын  ғалымдары  теориялық  білімдерін  міндетті  түрде  мектептерде 
қолданып,  оның  дұрыс-бұрыс  жақтарына  терең  талдау  жасап  отырады  екен.  Осы 
бағытта  әрбір  жаңашыл  мұғалімнен  өзі  сабағында  қолданған  жаңа  тәсілдердің 
дұрыс-бұрыс  жағын  терең  талдап,  зерттеу  жүргізу  талап  етіледі.  Құндылықтар  мен 
ұстаным,  мәдениет  дегеніміз  не,  мәдениетаралық  оқушыны  қалыптастыру, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет