№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Әдебиеттер 
1  Махмутов  М.И.  Проблемное  обучение.  Основные  вопросы  теории.  –  М.: 
Педагогика, 1975. – 368 с. 
2 Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология творческого мышления. – Минск, 
2003. – 205 с. 
3 Өзіндік таным. – №2. – 2007; №№5-6. – 2006. 
 
Резюме 
В  современном  этапе  требованием  к  обучению  являются  высокое 
интеллектульное  развитие,  в  том  числе  непрерывное  обучение  учащихся, 
направленное по-мировому обучению и воспитанию детей. 
В  работе  рассмотрено  представление  замысла  многоязычия,  так  же  методы  и 
приемы организации учебной деятельности. 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
40 
Summary 
The  present  stage  of  training  reguirc  ments  are  higl  intellectual  development  in 
cluding tea cling students  nejriryvnoe aime btraining and vompitanie child ren. This  jajet 
we consid er the reg resentation multilingualism as methods training activities. 
 
АХМЕТКАЛИЕВ Нұржан Нығметоллаұлы, 
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Тарих-география» пәндерінің 
мұғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ШИЛИЯСОВА Рымғайша Құтайбақызы, 
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің 
мұғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ОРАЗХАНОВА Жанаргүл Жеңісқазықызы, 
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің 
мұғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА 
ДАЙЫНДАУДА АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Қазіргі заманда жастарға 
ақпараттық технологиямен байланысты 
әлемдік стандартқа сай мүдделі 
жаңа білім беру өте қажет. 
Н.Ә. Назарбаев 
Егемен еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасындағы оқушылар. Оларды 
заман  талабына  сай  жан-жақты,  білімді,  өз  бетімен  білуге  талпынатын,  өзінің  ой-
тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері құрылысын жетілдіру, оқытудың 
жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану – бүгінгі күннің талабы. 
Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу 
ісін  дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  мұғалімнің  кәсіптік  шеберлігін 
арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. 
Ұлы  ағартушы  Ы.  Алтынсарин:  «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат, 
өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», - деген екен. Онда  «мектептің жүрегі» 
болумен  қатар,  жаңа  егемен  еліміздің  ұрпағына  жаңа  білім  нәрін  сусындатып, 
саналы тәрбие, сапалы білім беретін білікті, білімді ұстаз болайық. 
Заман талабына сай оқу  үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, 
жас  ұрпақты  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  басты  талабына  айналып  отыр.  Осы  орайда, 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Жаңа  заманның  жаңа  адамын  тәрбиелейтін  ұстаздар, 
сіздер  ізденіс  пен  ілгерілеуден  жалықпаңыздар.  Олар  заман  талабына  сай 
тәрбиеленуі тиіс», - деген болатын. 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  кең  қанат  жайған  кезеңінде  оқыту  әдістерін 
жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға 
да үлесін қосты. 
Ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  негізгі  артықшылықтары 
мынадай: 
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында 
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 
2.  Оқыту  жүйесінің  көп  деңгейлі  жетілдірілуі,  олардың  тарамдалуы  мен  оқу 
материалының сапасын арттырады. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
41 
Білім  ауқымы  адам  айтқысыз  кеңейді,  технология  дамып,  ақпаратты  таңдай 
білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. 
«Нені  оқыту  керек?»  деген  сауалға  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  жауап 
берсе,  «Қалай  оқыту  керек?»  сауалына  жауапты  тек  мұғалімнің  кәсіптік 
даярлығынан,  жаңа  технологияны  пайдалана  білуінен,  өзінің нақты мақсатын  дәріс 
үстінде  қалыптастыра  білу  шеберлігінен  іздеу  керек.  Әрбір  мұғалім  тиісті 
әдістемелік  іскерлікті  меңгере  білуі,  оқу  материалы  мазмұнын  логикалық-
дидактикалық  тұрғыдан  талдай  білуі  керек.  Сабақты  интерактивті  әдіс  арқылы 
жүргізу тиімді. 
Оқушының  бейімділігіне,  қабілетіне,  шеберлігіне  бағыт  беріп,  тұлға  ретінде 
қалыптасуына  мүмкіндік  туғызатын  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану  – 
ұстаздың міндеті. 
ҰБТ-ны  жақсы  тапсыру  үшін  оған  сапалы  дайындық  қажет.  Оқушы  білімді 
меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алуы керек. 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәні  «Тарих»  пәнімен  тығыз  байланысты.  Осы 
себептен ҰБТ-ға оқушыларды  «Қазақ тілі»,  «Тарих» пәндерінен дайындауда тиімді 
әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. 
Соның ішінде, оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда ақпараттық технологиялардың 
тиімділігіне  тоқталғымыз  келеді.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  бізге 
әдістемелік  әдіс-тәсілдерді  таңдауға,  сабақтардың  қызықты  да,  есте  қаларлық 
болуына  көмектеседі.  Сонымен  бірге  оқыту  үдерісін  өзгертіп,  балалардың  жүйелі 
ойлау қабілеттерін қалыптастырады. 
АКТ-ны  қолдану  оқыту  үдерісінің  аясын  кеңейтеді,  оның  практикалық 
бағыттылығына себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға деген уәждемелерін 
көтереді. 
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «Интерактивті оқыту әдісі». Бұл 
әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі 
арқылы  жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  дамыту.  Интерактивті  оқыту  –  бұл,  ең 
алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып 
оқыту болып табылады. Интерактивті оқытудың мәнісі – сыныптағы барлық оқушы 
таным  үрдісімен  қамтылады,  олар  өздерінің  білетін  және  ойлайтын  нәрселері 
арқылы  түсінуге  және  қарсы  әсер  етуге  мүмкіндік  алады.  Таным  үрдісінде,  оқу 
материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы 
өзіне  тән  еңбегін  сіңіреді,  білім,  идея,  әрекет  ету  тәсілдерімен  алмасу  үздіксіз 
жүреді. Сонымен қатар, бұл  үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету 
аясында болады. 
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: 
- тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы; 
- тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; 
- педагогикалық қолдау көрсету. 
Интерактивті  әдістерге  мыналар  жатады:  проблемалық  шығарма  әдістері, 
презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан 
ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, 
тест сынағы әдісі, дебат, т.б. 
Интерактивті  әдіске  сондай-ақ  әр  түрлі  көмекші  құралдарды:  тақта,  кітаптар, 
бейнематериалдар,  слайдтар,  флипчартттар,  постерлер,  компьютерлер  және  т.б. 
пайдалана  отырып,  таныстырулар  жатады.  Өз  сабақтарымызда  көптеген 
электрондық 
ресурстарды 
қолданамыз: 
мультимедиялық 
бағдарламалар, 
Интернеттен  табылған  материалдар,  интерактивті  тестілер.  Олар  сабақты 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
42 
түрлендіреді  және  қызықты  етеді,  балаларды  әр  түрлі  жаңа  технологияларды 
пайдалануға үйретеді. 
Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, 
біріктіру,  ұсыну  әрекеттерін  ақпараттық  және  бағдарламалық  жабдықтарды 
пайдалану  арқылы  жүзеге  асыратын  құралдар,  әдістер  мен  тәсілдер  жиынтығы. 
Мультимедиялық  технологиялардың  дамуы  бейнетехниканың  және  дербес 
компьютердің  өркендеуі  нәтижесінде  жүзеге  асуда.  Мультимедия  статикалық, 
динамикалық  және  дыбыстық  ақпараттарды  талапқа  сай  дәрежеде  ұсынуды  іске 
асырады.  «Мультимедия»  термині  латын  тілінің  «     »  (көп)  және  «  d  »  (орта) 
сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. 
Білім  берудегі  мультимедия  –  таным  процесінің  жоғарылауына  септігін 
тигізетін,  білім  беру  мазмұнын  интерактивті  формада  ұсынатын,  дидактикалық 
ақпаратты – бағдарламалық құрал. 
Мультимедия  –  пайдаланушыға  әртүрлі  типті  ақпаратты  біріктіріп  ұсыну 
технологиясы.  Зерттеушілердің  пікірі  бойынша  дәстүрлі  оқу  әдісімен  берілген 
материалдың  25%-ы,  көру  арқылы  33%-ы,  көру-есту  арқылы  50%-ы,  ал 
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 
75%-ы есте сақталады екен. 
Мультимедияның  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  лазерлік  дискілерде 
жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде 
ерекше  орынға  ие.  Мысалы,  электрондық  сөздіктерде  әрбір  сөздің  аудармасы  ғана 
емес,  сонымен  бірге  оның  айтылу  үлгісі  де  қамтылады.  Оқыту  процесінде 
мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»,  «Тарих»  сабақтарында  мультимедиялық 
презентацияларды  әрбір  мұғалім  кеңінен  пайдаланып  жүр.  Олар  мұғалімге  де, 
оқушыларға  да  қолайлы.  Презентацияларға  мәтінмен  бірге  суреттер,  графиктер, 
кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет. 
Мультимедиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай: 
1) барлық оқушылардың зейінін белсендіреді; 
2) оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады; 
3) оқу уақытын үнемдейді; 
4)  презентацияға  интерактивті  тақтаны  қолдану  және  лексикалық, 
грамматикалық,  фонетикалық  материалдарды  көрнекті  жүйелеуге  мүмкіндік 
жасайды және барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады; 
5) түрлі мәтіндік аудио және бейнекөрнекіліктерді қиыстырады. 
«Қазақ  тілі»  және  «Тарих»  сабақтарында  интерактивті  тақтаны  үнемі 
пайдаланамыз.  Бұның  тиімді  жағы  көп:  сабаққа  қажетті  материалдар,  кестелер  мен 
сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және 
тәжірибелік)  фильмдері,  анықтама  сөздік,  оқушы  білімін  бекітетін  дидактикалық 
материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары 
(сөздік  диктант,  диктант)  оқушы  білімін  бақылауда  және  оқушының  өз  бетінше 
ізденісін туғызуда көмегі зор. 
Сонымен  қатар  интерактивті  тақта  арқылы  электронды  оқулықтарды 
пайдалану  өте  ыңғайлы.  Ал  білім  берудің  кез  келген  саласында  «Электрондық 
оқулықтарды»  пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  арттырып  қана 
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне 
жағдай  жасайды.  Әлі  де  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе 
оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі 
ақпараттандыру  қоғамында  электрондық  оқулықтарды  пайдаланбай  алға  жылжу 
мүмкін емес. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
43 
Оқушыларды  тестпен  жұмыс  істей  білуге  үйрету  –  мұғалімнің  ең  басты 
міндеті,  тест  тәсілдері  оқушыны  ынталандыратындай,  қызықтыратындай, 
ойландыратындай болуы керек. Осы орайда, оқушылармен өткізілетін «Әлсіз буын», 
«Интеллектуалды  шоу  ойын»,  «ХХI  ғасыр  көшбасшысы»  ойындары  өз  нәтижесін 
беріп келеді. 
«Тест  сынағы»  әдісі,  әсіресе,  11  сынып  оқушыларын  ҰБТ-ға  дайындау 
сабақтарында  өте  тиімді  әдіс.  Тест  сынағы  әдісінің  көмегімен  оқушылардың 
ақпараттандырылу  деңгейін  немесе  олардың  талқыланатын  тақырыпқа  қатынасын 
анықтайды.  Тест  сынағы  сұрақтарының  мазмұны  дұрыс  құрылуы  тиіс:  сауатты, 
анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек. 
Сонымен  бірге,  үй  тапсырмасы  ретінде  оқушыларға  жаңа  тақырып  бойынша 
бірнеше  (3-5)  тест  сұрақтарын  (жауаптарымен)  құрастыруды  тапсыруға  болады. 
Оқушылар келесі сабақтарда өздері құрастырған тестерімен алмасады, жауап береді. 
Бірін-бірі тексереді. 
Оқушылар құрастырған сұрақтар мен олардың жауаптарын алдын ала қараған 
дұрыс, тест құраудың талаптарының орындалуын (оқушылар үшін бастысы – өткен 
тақырыптар  бойынша  құрастырылуы  және  жауаптар  нұсқасының  дұрыс  болуы) 
қадағалап, бағалауды ұйымдастырған жөн. Бұл әдіс оқушылардың ҰБТ-ға дайындық 
деңгейін арттыруға ықпал етеді. 
Қорыта 
келгенде, 
АКТ 
білім 
беру 
саласының 
қызметкерлерінің 
шығармашылық  ізденіс  қабілетін  дамытуға,  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. 
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру 
мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани  азаматтылық,  адами 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  білгірі  болуды  емес,  педагогикалық-
психологиялық  сауаттылық,  саяси-экономикалық  білімділік  және  ақпараттық 
сауаттылық та талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны 
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп,  оқу  мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа 
технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші 
тұлға ретінде ұлағатты саналады. 
 
Әдебиеттер 
1 Қараев Ж.А. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы. – Алматы, 2003. 
2 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. – №4. – 2012. 
3 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. – №5. – 2012. 
4  Мұхамбетжанова  С.Т.,  Мелдебекова  М.Т.  Педагогтардың  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
бойынша 
құзырлылықтарын 
қалыптастыру әдістемесі. – Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
44 
ЖУРАБАЕВА Махаббат Сейтуллиновна, 
№93 жалпы орта мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, Ақсукент ауылы, 
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
«БИОЛОГИЯ» САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, 
БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жоғарғы  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  және  жаңа  ақпараттық  технологиялар  көмегімен  білім  берудің 
тиімділігі  мен  сапасын  көтеру  мақсатында  ұсынған  мемлекеттік  бағдарламасын 
жүзеге асыру педагог-ғалымдардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып 
табылады. 
Оқу-тәрбие  үрдісінде  ақпараттық  технологияны  пайдалану  қажеттілігі  бүгінгі 
күннің  әлеуметтік-экономикалық  талаптарынан  туындап  отыр.  Көп  жылдан  бері 
қалыптасқан  дәстүрлі  сабақ  беру  әдісіне  ақпараттық  технологияның  жаңаша 
өзгерістер мен идеологияларды қосатынына сенім мол. 
Сабақ  үстінде  электрондық  оқулықты  қолдану  мақсатында  мәліметтер  қорын 
яғни,  білім,  ақпарат,  терминдер,  ұғымдар,  кестелер,  графиктер,  диаграммалар, 
суреттер қолданылады. 
Жаңа  технологиялар  арқылы  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  ұлағатты  тәрбие 
беру,  өз  өміріне  жолдама  алуына  барлық  жағдай  жасау  үшін  білім  беру  ісін 
әлеуметтендірудің маңызы зор. 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  меңгеру  – 
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы 
білім  жүйесін  дамытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  маңызы 
зор. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  және  пәндерді  ғылыми-технологиялық  негізде 
оқыту  мақсаттары  алға  қойылуда.  Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы 
кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді,  әрі  білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау 
оқытушының  басты  міндеті  болып  табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру 
үрдістерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға 
қалыптастыруды талап етеді. 
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі  – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, 
өздігінен  білім  алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  өз  бетінше  өрлеуіне  қажеттілік 
тудыру. Б л м беру саласында инновациялық үрд ст  жүзеге асыру мұғал мдерден өз 
мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрленд руд  талап етеді. 
Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениет н 
қалыпастыру  қаз рг   таңда  үзд кс з  педагогикалық  б л м  беру  жүйес ндег   ең 
көкейтест  мәселелерд ң б р не айналып отыр. 
«Биология»  сабақтарында  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
пайдаланудың тиімділігі: 
- оқушының өз бетімен жұмысы; 
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру 
арқылы жүзеге асыру; 
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
- экономикалық тиімділігі; 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
45 
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 
-  қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну  немесе  құлақ  пен  есту 
мүмкіндіктері  болмайтын  табиғаттың  таңғажайып  процестерімен  әр  түрлі  тәжірибе 
нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 
- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
Оқытушы 
сабағында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану  арқылы  оның  тиімділігін  жүйелі  түрде  көрсете  біледі.  Ақпараттық-
коммуникациялық  технологияны  пайдалану  оқытудың  тиімді  әдістерінің  бірі  деп 
ойлаймын. 
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық  заман ағымына  сай күнделікті 
сабаққа  компьютер,  электронды  оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану  айтарлықтай 
нәтиже  беруде.  Білім  берудің  кез-келген  саласында  «Электрондық  оқулықтарды» 
пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  арттырып  қана  қоймай, 
логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына 
жағдай жасайды. 
Осы  орайда,  «Биология»  пәнін  оқытуда  қолданылатын  жаңа  ақпараттық 
технологияларға  интерактивті  оқыту  құралдарымен  электрондық  оқу  құралдарын 
жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту үрдісін 
үздіксіз және толық  деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық  ізденіс қабілетін 
дамыту. 
Электрондық  оқулық  оқушының  уақытын  үнемдеуіне,  бұрынғы  алған 
білімдерін  кеңейтуіне  мүмкіндік  береді.  Әрбір  оқушы  қалаған  тақырыптары 
бойынша  тапсырмалар  орындап,  тестке  жауап  беріп,  зертханалық  жұмыстарды 
орындауға дағдыланады. 
Электронды  оқулық  арқылы  түрлі  суреттер  бейнекөріністер  көрсетуге,  дыбыс 
және музыка тыңдауға болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен 
әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. 
Оқу  материалдарын  ұтымды  игерудегі  электрондық  құралдардың  атқаратын 
рөлі  зор.  Сабақта  электрондық  оқулықтарды  қолдану  барысында  оқушылардың 
пәнге  деген  қызығушылығының  артқандығы  байқалады.  Сондай-ақ  мұғалімдер 
өздеріне  қажетті  әдістемелік  материалдарды,  көмекші  құралдарды  молынан  ала 
алады. 
Электрондық  оқулық  оқушыға  оқу  материалын  меңгеруге,  өзін-өзі  бағалауға 
мүмкіндік  береді.  «Биология»  пәніне  арналған  электрондық  оқулықтың  тест  бөлімі 
арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып, өз білімін тексере алады. 
Компьютер  оқыту  үрдісінің  барлық  кезеңдерінде  қолданылады:  жаңа 
материалдарды  түсіндіргенде,  бекіткенде,  қайталағанда,  білімін,  іскерлігін  және 
дағдыларын  бақылағанда.  Оқытушыға  оқушылардың  әрқайсысының  жұмыстарын 
бақылауға,  басқа  оқушыларға  кедергі  келтірмей  үлгерімі  төмен  оқушылармен  жеке 
жұмыс  жүргізуге  болады.  Сабақтан  тыс  уақытта  оқытушы  компьютер  жадына 
сақталған  оқушылардың  жұмыстарын  саралап,  талдау  жасау  арқылы  олардың 
тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады. 
Презентация  ұғымы  өзінің  толық  мағынасында  (лат. тапсырамын  немесе 
ағыл. –  ұсыну)  өзін  көрсету,  баяндама,  жобаны,  ессп  беруді  қорғау,  жұмыс 
жоспарын,  дайын  өнім  мен  қызмет,  енгізу  нәтижесін  бақылауды,  сұрауларды  және 
басқа да көптеген дүниені ұсыну, таныстыру. 
Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін 
ұсыну – бұл әрдайым презентация. 
Слайд –  ол  күрделі  объект.  Оның  құрамына  тақырыптар,  мәтін,  кестелер, 
графикалык 
кескіндемелер, 
ұйымдастыру 
сызбалары, 
дыбыс 
үзінділері, 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
46 
бейнеклиптер  кіреді.  Әрбір  слайд  ескерту  парағымен  бірге  келеді.  Бұл  параққа 
түсініктемені,  мәтінді  оны  жасау  кезінде  де,  демонстрация  кезінде  де  енгізуге 
болады.  Бұл  мәтін  презентацияның  басты,  керекті  сәттерін  және  оған  қатысты 
жағдайларды фиксациялау кезінде колданылады. 
АКТ-ны сабақ үрдісінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге 
тура келеді: 
-  дидактикалық  (сабақтың  оқу  материалын  дайындау,  компьютерлік 
бағдарламаны талдау); 
- әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың 
нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою); 
-  ұйымдастырушылық  (оқушының  шамадан  тыс  жүктелуін  және  уақытты 
тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру); 
-  оқыту (қарастырылған  тақырып  бойынша  оқушылардың  білімдерін  және 
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту). 
АКТ-ны  «Биология»  сабағында  қолдану  арқылы  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? 
Ол үшін мұғалім не істеуі керек? Ол үшін: 
- ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу; 
- ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту; 
-  сыни  тұрғыдан  талданған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім  қабылдауға 
үйрету; 
-  ақпаратты  өз  бетінше  табу,  талдау,  іріктеу,  сақтау,  түсіндіру  және 
ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен жүзеге 
асыруды қалыптастыру; 
- оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету; 
- өз бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету 
үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру. 
АКТ-ны  «Биология»  сабағында  қолдану  арқылы  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін арттыру үшін: 
- сабақты түрлендіріп өткізу; 
- сабақта ақпарат құралдарын пайдалану; 
-  оқушының  өз  бетімен  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істеуге  үйрету  – 
ғаламторға шығу. 
«Биология» сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады: 
- Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану
-  Жаңа  сабақты  өту  кезінде  электронды  оқулық,  ғаламтор  материалдарының 
бірнеше фрагменттерін қолдануға; 
- Зертханалық жұмыстарда; 
- Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда. 
Соның  ішінде  сабақ  кезінде  жаңа  материалды  өтуде  презентацияны  қолдану 
арқылы  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығы,  танымдық  қабілеті  артып,  өзіне 
деген сенімділігі, яғни олардың білім, білік, дағдылары артады. Мысалы: 10 сыныпта 
«Жыныс генетикасы» тақырыбын өткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы 
өзіндік ізденісін дамытуға болады. Оқулықтағы мәтінге қосымша суреттер, қызықты 
генетикалық  есептерді  көре  отырып,  оқушылар  түртіп  алу  әдісімен  жұмыстанады 
және  берілген  есептерді  символдармен  жазады,  оны  шығаруға,  жауабын  табуға 
талпынады. 
11  сыныпта  «Эволюция  заңдылықтары»  тақырыбын  өткенде,  презентацияны 
пайдалана  отырып,  тақырыпты  жеңіл  меңгереді,  дивергенция,  конвергенция, 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
47 
паралеллизм  ұғымдарын  салыстыра  отырып  жете  түсінеді,  өмірден  мысалдар 
келтіріп, табиғи құбылыстардың жүру заңдылықтарын ажырата білуге дағдыланады. 
Кез-келген  жұмыс  нәтижемен  өлшенеді  десек,  презентация  жасау  және  оны 
сабақ  үрдісінде  қолдану  мұғалімнің  білім  беру  кезінде  күнделікті  дағдысына 
айналуы қажет. 
Презентацияны  «Биология»  сабақтарында  жиі  қолдану  сабақтың  сапасын 
елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ол мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің 
дамуына  мүмкіндік  береді,  дағды  қалыптастыруға,  білім  қорының  толығуына, 
сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. 
«Биология»  сабақтарында  слайдтардың  көмегімен  мысалдарды,  есептерді 
тақтада  көрсетуге,  түрлі  мысалдар  құрастыруға,  биологиялық  сергіту  сәттерін 
ұйымдастыруға,  бақылау,  тест  жұмыстарын  жазған  кезде  оқушының  білімін 
тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. 
Тапсырманы  оқушылар  өз  сөздерімен  түсіндіріп,  компьютер  алдындағы 
қорқыныш  жойылады,  аса  күрделі  тапсырмаларды  қызығушылықпен  орындауға 
тырысады. 
«Биология»  сабағында  мультимедиалық  презентацияларды  сабақтың  барлық 
кезеңдерінде: 
- пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу; 
-  өзін-өзі  бақылау  дағдыларын  құру,  толық  немесе  нақты  бір  пәнге  оқыту 
қабілетін құру; 
-  оқу  материалындағы  өзіндік  жұмыста  оқушыларға  оқу-әдістемелік  көмек 
көрсету кезінде қолдануға болады. 
Әр  сабақта  компютерлік  технология  арқылы  барынша  толық  жұмыс  істеу 
оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет