Əлмира ШƏНГИШБАЕВА,
Жаңа Үлгі негізгі орта мектебі,
Катонқарағай ауданы
И
нновациялық бағдарламамен танысқан күннен бастап, менің оқыту үрдісіне деген көзқа-
расым өзгере бастады. Тренеріміз Жұпар Сақанқызы «Кел, танысайық» тренингін жүргізіп, бір-
бірімізбен жақын таныстық. Өткізілген əрбір сабақта ынтымақтастық атмосферасы жоғары болды.
Қатысушыларды түрлі əдіс-тəсілдермен топтарға бөліп, тиімді де қызықты тапсырмалар орындату
арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетімізді дамыта түсті. Топтық жұмыста əріптестерімізді əр қыры-
нан көре бастадық. Тренеріміздің мол тəжірибесі мен біліктілігі, педагогикалық талантының рөлі
біздерге ерекше болғанын айта кету керек. Бірінші «бетпе-бет» жəне қашықтықтан оқыту кезең-
дерінде өзіме көптеген тыңғы-
лықты мəліметтер, деректер
немесе, дəлірек айтқанда, қа-
лай оқу керектігі туралы тың
идеяларды, əдіс-тəсілдерді
Жұпар Сақанқызы Құрманова-
дан алдым.
Курстың бірінші «Бетпе-бет»
кезеңінде алған теориямыз -
қазіргі білім беру тəсілдері
бойынша бірінші кезекте қалай
оқу керектігін үйрету міндеті
тұрды. Теориялық білімімді
тəжірибемен ұштастыру бары-
сында тізбектелген орта
мерзімді жоспарымды жасағанда
жеті модульді кіріктіре отырып,
оқу үдерісінде мақсатқа жету
жүйесін енгіздім, оның нəти-
жесінде оқушылардың əр қырынан танылуы жүзеге асты. Оқушыларды жұмысқа ынталандырып,
сыныпта болатын жағдайлардың бəріне белсенді қатысуы үшін «Амандасу», «Мен саған се-
немін», «Мен тілеймін» тренингтері мен сабақ арасында сергіту сəттерін өткізіп отырдым. Əр тре-
нингтің алдында жəне тренингтен соң оқушылардың өзара əрекеттесу біліктерінің, мəдениетті
қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуын бақылап, жалпы талдау жасадым. Тек қана қарым-
қатынас емес, баланың жалпы психикалық дамуына, сабаққа деген қызығушылықтарының артуына
əсері болатынына көзім жетті. Себебі, оқушыларым оқу үдерісіне белсене қатысып, материалды
терең меңгеруге қол жеткізді.
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – өзін-өзі есеп беріп, ойлары мен əрекеттерін тал-
дай білетін, өзін-өзі бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асыра алатын,
жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуға мейлінше тиімді жағдайлар жасау.
Тек ендігі уақытта ескі жолға қайтадан түсіп, үйреншікті тəсілмен кетпей, іздену қажет екенін
түсіндім. Бұл курс – ой қозғап, алға ұмтылдырған бағадарлама болды жəне бұл бізге үлкен сын
десек, артық айтпаған болармын.
Нұрбану БАТХОЛДИНА,
Би Боранбай атындағы орта мектебінің мұғалімі,
Тарбағатай ауданы
Өскемендгі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы біліктілікті арттыру институтында
ІІІ деңгейлік біліктілікті арттыру курсында жаңа Бағдарлама аясында өз білімімді
көтеруім осы баспалдақтың бір сатысы екенін оқу кезінде түсіндім. Бағдарлама иде-
ясы көңілден шықты, өз басымда талай ойтолғаныс туғызды.
Əлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған сондықтан
танымал əдістемелердің ішінде сындарлы теориялық оқытуға негізделген Кембридждік
тəсіл өз еліміздің білім беру жүйесіне ықпалдастырылып, енгізілуі - əлемдік деңгейге
шығуымызға, білім берудің бірегей кеңістігіне енуге бастайтын жол деуге болады.
О
қиғаны əріден бастасақ, өткен
жылдың қараша айында «Астана
дарыны» мектебінің директоры жəне
«Мың бала» жобасының авторы,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Майра Жаноразқызы Құрманбаева
бастаған астаналық мұғалімдер деле-
гациясы Шығыс өңірінде болып, Глу-
бокое ауданы, Бобровка ауылына ат
басын тіреген еді. Елорда қонақтары-
ның негізгі мақсаты - «Мың бала» жо-
басы бағдарламасымен жүзбе-жүз та-
ныстырып, тəжірибе алмасу болған-
ды. «Шығыс» өңірлік орталығының
бастамасымен келген Астана қаласы-
ның қонақтары өз тəжірибелеріне сү-
йене, білім беру мен тəрбиелеу бары-
сында үлкен нəтижеге қол жеткізген-
дері жөнінде пікірлерімен бөліскен еді.
Жоба үш үлкен мақсатқа құрыл-
ған. Оқушының əлеуметтік жағдайы,
қарым-қатынасын зерттеу арқылы
қолайлы орта қалыптастыру. Оқушы
бойындағы жеке қабілетін дамыту
арқылы шығармашылық ізденіске бау-
лу. Оқушының сабақ үлгерімін, тəрті-
бін, уақытын тиімді пайдалануын қада-
ғалау арқылы қызығушылығын ояту.
Жобаның құрылымына келсек, мек-
тептің мың баласы он баладан топта-
лып, қабілетіне, зейініне, ізденісіне қа-
рай бір мұғалімнің жетекшілігімен жұ-
мыс жүргізеді. Мұнда мұғалім ұлттық
құндылықтарға негізделген 10 орталық
бағыттарының жұмыс түрлеріне жұ-
мылдырып қана қоймай, қарамағын-
дағы əр оқушысының сабақта
отырған-отырмағанын, оның үлгерімі
қандай екенін, қандай мектепшілік іс-
шараларға қатысатынын, жақсы
жақтарымен қоса кемшіліктерін де
назардан тыс қалдырмауды басты
бақылауда ұстайды.
Елордалықтар сапарының əсері
жəне жаңа мектебіміздің зор мүмкіндігі
«Мың бала» жобасын жүзеге асыруға
итер-мелемей қоймады. 2012 жылдың
қараша айында-ақ мектебіміз «Мың
бала» жобасы бойынша жұмыс бастап
кетті. Мектепте «Мың бала» жобасы
бойынша əрбір оқушының бос уақы-
тын тиімді өткізуіне, қызығушылығын
арттыруға толық жағдай жасалған. Ол
үшін мектепте түрлі тақырыптық бұ-
рыштар ұйымдастырылған. Сонымен
қатар кабинеттер де жобаға сəйкес
безендіріліп, оқушылардың оқып, білім
алуына барлық мүмкіндік жасалған.
«Мың бала» жобасы барысында
мектебіміз бала тəрбиесінде жақсы
қырынан көрініп, біршама жетістіктер-
ге қол жеткізді. 2012-2013 оқу жы-
лында жасалған «Мың бала» жобасы
жұмысының қорытынды есебімен
мектеп директоры Нуралина Санду-
ғаш Жұмабековна 2013 жылы мамыр
айында Астана қаласы Білім басқар-
масы ұйымдастырған “Бала тəрбие-
сіндегі мектеп жəне қоғамның өзара
қатынасы” атты республикалық семи-
нарға қатысып, тəжірибе алмасып
қайтты. Елордаға сапар мектеп мəрте-
бесін бір көтеріп тастады: «Мың бала»
жобасы бойынша жұмыс нəтижесі
жоғарғы бағаланып, мектеп тарапына
айтылған мақтаулар мен алғыстарға
риза болған мектеп басшысы елге
қуанышпен оралған еді.
Осы жобамен жұмыс жасап
жатқан бір жарым жылда мекте-
біміздің жеткен жетістіктері мен
өзгерістерін көруге қаншама мектеп-
терден қонақтар келмеді десеңізші!
Сонау алыс ауылдар, аудандардан
қатынап,бір ұшы Солтүстік Қазақстан
облысынан келген-ді. «Шығыс» өңірлік
орталығының басшысы Асанова
Мұңлық Искаковна жəне Глубокое
аудандық білім беру бөлімінің бас-
шысы Сиванбаева Елгиза Қалихан-
қызының басшылығымен Солтүстік
Қазақстан облысынан қазақ тілі мен
əдебиеті пəнінің мұғалімдер делега-
циясы да келіп, мектебіміздегі «Мың
бала» жобасының бағдарламасымен
танысып қайтқан еді.
Бобровка мектебі мұғалімдерінің
жүйелі де тиімді жұмыс жасау нəти-
жесінде мектеп оқушылары аудандық,
облыстық, республикалық деңгейде
білім сайыстарында, ғылыми жобалар,
олимпиадалар, сыныптан тыс əртүрлі
шараларға қатысып, жүлделі орын-
дарға ие болуда. Бұл мұғалімдердің
білім кеңістігіндегі тек қана білгірлігі
мен біліктілігі ғана емес, тарихи
танымы, педагогикалық, саяси-ақпа-
раттық сауаттылықтарын көрсетеді.
Гүльшат НІЛИБАЕВА,
«Бобровка орта мектебінің
мұғалімі,
Глубокое ауданы
Қазақстан Республикасының Заңында білім ошақтарының педагогтарына «Педагогикалық үрдісті кез
келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді» делінген. Соның дəлелі ретінде, Астана
қалалық №49 орта мектебінен бастау алған, Құрманбаева Майра Жаноразқызының бастамашылдығымен
енгізілген «Мың бала» жобасын айтуға болады. Қазірде бұл жоба шұрайлы шығыс топырағында өз
серіктестерін тапты десе де болғандай. Олай дейтініміз - «Мың бала» жобасын мектептегі тəрбие үрдісіне
енгізуге Глубокий ауданындағы «Бобровка орта мектебі» ұжымы бір кісідей атсалысты.
Ө
з мамандығымды жан-жақты меңгеру, өз тəжірибеме өзгеріс
енгізу, біліктілігімді арттыру мақсатында Кембридждік оқыту
бағдарламасының 3-деңгейіне курсқа келіп, теория жүзінде алған
дəрістерімді ауданда, өзімнің Қабанбай ауылындағы мектебімде
практикамен ұштастырдым. Мектептегі іс-тəжірибе барысында жаңаша
əдіс-тəсілдер арқылы тізбектелген сабақтарымды өткіздім.
Бағдарламаның түйінді идеясы мен 7 модульді ықпалдастыра
ұйымдастырып, кездескен кедергілердің шешу жолдарын анықтап,
алдыма мақсат қойдым.
Кембридж тəсілінің теориялық негіздерін меңгере отырып, өз кəсіби
тəжірибеме төмендегідей өзгерістер енгіздім: оқушыларды
жалықтыратын бір сарынды бұрынғы сабақтан қызықты, сəл де болса
айырмашылықтары бар, сабақ бойы оқушылар ойланатын, сөйлейтін
сабақ беруге ұмтылдым. Неден бас тарттым? Бірінші: оқушылар үй
тапсырмасын оқымаса ұрсып, дауыс көтеруден бас тартып,
оқушылардың қызығушылығын оятып, өз еріктерімен оқуына жағдай
жасай білуге, теориялық білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра
өткізуге ұмтылдырдым.
Мендегі үлкен өзгерістер оқушылар назарынан тыс қалмады.
Алғашқы бейімделу сатысынан өте отырып, оқудың жаңа түрін меңгеруге
ден қойды. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен жеңісі ретінде
оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді пайдалануға, өз-
өздерін бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсыныстарын
айтуға үйренді.
Бұндай серпінмен, əр ұстаз «мамандыққа» деген сүйіспеншілікке
шынайы көзбен қараса, болашақтың мектебін елестету арман емес,
шындық болары сөзсіз.
Курстан кейінгі түйгенім: білім сапасын өзгертуге «Өрлеу» БАҰО» АҚ
арқылы бізге жетіп келген Кембридж Университетінің бағдарламасы
негізінде жасалған бағдарламаның мақсаты орындалмақ. Ағылшын тілін
меңгеруге Елбасы қатты назар аударып отырғаны белгілі, осы тілді қазақ
балаларына үйрету, олардың осы əлемдік тілмен бірге əлемдік бəсеке
деңгейіне қол жеткізуіне үлес қоссам – ол менің жеке парызым деп
білемін.
Бейбіт ДƏУРЕН,
Б. Майлин атындағы орта мектеп-бақшаның
ағылшын тілі пəні мұғалімі,
Қабанбай ауылы, Үржар ауданы
Педагог үшін өзгеріссіз қалудың өте қауіпті екенін түсі-
нетіндіктен, жылдам өзгеретін əлемде шəкірттерімді жалық-
тырып алмас үшін мен мұғалім ретінде үнемі ізденіс үстіндемін.
Əр күніміз: «Бүгін жаңадан не білдім, нені өзгерттім?» - деген
сауалдан басталуға тиіс сияқты.
Газет Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне
ақпарат министрлігінде 21.11.2012 жылы №13172-Г
куəлігімен қайта тіркелді.
Газет «Шығыс ақпарат» ЖШС-нің
баспаханасында басылды. Өскемен қ., Бажов к-сі, 12.
Заказ №1469
Жауапты редакторлар -
К.К. Тобатаева,
Г.И. Құсманова,
Ш.С. Ибраимова
Көркемдеуші жəне беттеген -
С.М. Райымханова
Меншік иесі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Редакция мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Қабанбай батыр к-сі, 160.
Тел.: 54-47-65, факс: 24-54-55, эл.пошта: red_PM_PV@mail.ru
Ай сайын шығады / Издается ежемесячно
Таралымы 1000 дана / Тираж 1000 экз.
Областная научно-педагогическая
информационная газета
8
№5
(141)
мамыр
2014
май
«Тар жол тайғақ кешуді басынан өткіз-
ген» лирик ақын Сəкен Сейфуллин «Далада»
деген арнауында: «Жолдарың көрінер қиын.
Талай ерлер қасірет, жапа шегіп, жалпы
əлемге бақыт іздеп, құрбан болған бұл жол-
да. Күрес үшін, еркін, шаттық еңбек үшін туған
- сендер. Шақырыңдар, арттағы ұйықтаған,
именшек, бақыт жолын білмейтін бауырла-
рыңды!» деген болатын. Ақын бақытқа барар
жол күреспен келетінін, оның тəуелсіздікте
екендігін анық айтқан. Тəуелсіздікке, елдікке
жеткізетін жастар екендігіне кəміл сенген.
Ал Мұқағали Мақатаев «Елім барда»
өлеңінде «Не істемекпін алтын, гауһар, жақұт-
ты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен
бақытсыз бола қойман сірə да, Туған елім
болса екен бақытты!» - деп, елім, халқым ба-
қытты болса, мен де бақыттымын дегенді
айтқан.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында - 2025 жылдан бастап əліпбиі-
мізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көші-
руге кірісуіміз керек екендігін айтты. Қазақ-
стан жолы - қазақ еліне, бірнеше ұлт бас
қосқан тəуелсіз ел болу үшін ең алдымен тіл
саясаты дұрыс жолға қойылу керек. Елбасы-
ның 2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір
мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» Жолдауында
«Ана тіліміз Мəңгілік елімізбен бірге Мəңгілік
тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлт-
тың ұйтқысы ете білгеніміз жөн» деген еді.
Елбасы Н.Ə.Назарбаев бұл туралы 1996
жылы Халықтар Ассамблеясының ІІІ сессия-
сында: «Латын қарпіне ұсынылып отырған
көшудің өзі қазақ тілін басқа этностар өкіл-
дерін игеруіне, Қазақстанның əлемдік ақпарат
кеңістігіне технологиялық тұрғыдан бейнелеу-
ге, сондай-ақ түркі тілді дүниемен мəдени
тұрғыдан бірігуіне неғұрлым тиімді көмек
көрсетер еді», - деді, ал осыдан он жыл
өткен соң, 2006 жылы ХІІ сессиясында: «Бір
кездерде туындаған латынға көшу мəселесіне
қайта оралуымыз қажет. Бүгінгі күні коммуни-
кативтік кеңістікке латын графикасы басымды-
лық танытып отыр. Көптеген елдердің, оның
ішінде, бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы
кейбір елдердің латынға көшуі тегін емес»,-
деп, осы мəселенің ғылыми жағын зерттеп
көруге нақты тапсырма берген еді. Еліміздің
ғалымдары əліпби жобаларын жасап, өз
ойларын ортаға салды.
Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалім
- оқытушыларының да бұл реформаға өзіндік
көзқарастары бары сөзсіз. Əліпби ауыстыру
мəселесі баспасөз бетінде бірнеше рет
талқыланған. Қазақ тілінің фонетикасында
əліпбиді реформалау бүгінгі күннің талабы.
Əлеми ақпараттық көштен қалмаймыз десек,
алдыңғы қатарлы 30 елдің құрамында болғы-
мыз келсе, əртүрлі техникалық қондырғылар-
ды еркін пайдаланамыз десек, қазақ жазуы
реформалануы керек. Бұл мəселенің бір
қыры десек болады. Екінші жағынан кирили-
цаға негізделеген əліпби жіктелімі мектеп
оқулықтары мен оқу құралдарында, əдісте-
мелік құралдарда əртүрлі берілетінін қазақ
тілінің мамандары біледі.
Латын графикасы қазақ жазуындағы кү-
мəнді тұстарды шешіп береді деп ойлаймыз.
Бұл мəселені бір ғана мақаланың көлемінде
талдап бере алмаймыз. Латын графикасына
негізделген қазақ жазуын меңгерту ең алды-
мен қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалім-
оқытушыларына жүктеледі. Қазақ елі мəңгілік
елге айналу үшін алдымен тіл мен тарихты
жүйеге түсірген дұрыс.
Б. АМАНОВА,
Өрел орта мектебінің
қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі,
Катонқарағай ауданы
«Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тəуелсіз əрі өзіне сенімді болып отыр.
Жаһандық дағдарыстың жалғасуының əсерінен əлемде болып жатқан өзгерістер
бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік
жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды
жалғастыру».
ҚР Президентінің Жолдауынан
М
оя главная задача – научить детей решать твор-
ческие задания, в которых нет готовых образцов, нет един-
ственно правильного решения, а есть целый спектр интерес-
ных возможностей и решений.
Особую роль на занятии играет атмосфера эстетических
переживаний и увлеченности, совместного творчества взрос-
лого и ребенка.
На занятиях ИЗО использую дидактические игры, схемы,
театрализацию, практические опыты, нетрадиционные виды
деятельности, которые способствуют развитию у детей как
креативность, гибкость, оригинальность мышления, то есть
мыслить нестандартно и
принимать неожиданные
решения. Например, игры
на развитие цветоощуще-
ния – набор «бабо-
чек» (из картона, цветной
бумаги), с чистыми цвета-
ми (без оттенков): синий,
красный, зеленый, жел-
тый, черный, белый. В
игровой форме интересу-
юсь какого цвета та или
иная бабочка села на руку
ребенка или на цветок.
Дети любят рисо-
вать, но не только каран-
дашами, фломастерами,
мелками, кистью. Для
своего любимого занятия они могут использовать и любые
другие предметы: собственные пальчики, ладошки, палочки,
нитки, зубные щетки, помаду, тени и другое, и это так интерес-
но и увлекательно – приспособить и использовать для необык-
новенных целей обычные предметы, уметь взглянуть на них
поособому, взглядом творца-волшебника! Например, ветку
мимозы дети рисуют пальчиком: фантастически красиво, дети
проделывают с удовольствием. Рисование нитками позволяет
детям окунуться в сказочный мир, ребенок смотрит на свое
творение с большим восторгом.
Монотипия – симметричный оттиск рисунка, с помощью
такой техники можно изображать деревья, цветы, бабочек. В
своей работе я использую одну или несколько красок.
Для создания живой, радостной, эмоциональной атмо-
сферы, подбираю такие приемы, которые направлены на фор-
мирование активности, самостоятельности ребенка. Вместе с
детьми я радуюсь солнцу в солнечный день, дождю в неясную
погоду, туману, ветру, говорю детям какой ветер сильный и
бесстрашный. И в своих рисунках ребенок отражает свой пре
красный мир, красками тех цветов, которые его окружают, что
он видит, любит и будет любить всю свою жизнь.
Пусть ребенок естественно и радостно воспринимает ее
красоту и при этом приобретает не только эстетический, но и
сенсорный опыт (чувствует шероховатость стволов деревьев,
шелковистость молодой травы, влажную прохладу опавших
листьев).
Однако работа по развитию восприятия не ограничивает-
ся только ознакомлением детей с природой. Большие возмож-
ности заключают в себе игрушки, которые постоянно присут-
ствуют в играх детей.
Большую роль в развитии вос-
приятия играет знакомство с книж-
ной иллюстрацией. Иллюстрации
отбираю понятные и интересные.
Вызываю интерес к рисунку, восхи-
щаюсь перед мастерством художни-
ка, и своей эмоциональной реакци-
ей привлекаю внимание детей.
Очень важно, что во многих рисун-
ках находят отражение националь-
ные традиции, местный колорит.
От того, как учитель организует
и проводит данную работу, зависит,
полюбят ли дети этот вид изобрази-
тельного искусства. Для того, чтобы
у детей возникло желание выпол-
нить задание, преподавателю надо
провести специальную работу,
направленную на формирование навыков рисования. С этой
целью я достаточно убедительно рассказываю вымышленную
историю о том, что надо помочь, кому-то из игровых персона-
жей (зайчиков, ежей, кукол и др.) Однако я должна обязатель-
но спросить, хотят ли дети выполнить просьбу. Получив утвер-
дительный ответ, я перехожу к постановке уже собственной
учебной задачи.
Освоение материала позволяет обогащать и развивать
внутренний мир ребенка, проявлять творческое воображение,
фантазию, используя разные способы решения. Систематиче-
ская комплексная работа с использованием новых методик
обучения рисованию, лепке, аппликации и общения с ребенком
является непрерывным условием развития творческих способ-
ностей детей.
Г. ЯКОВЛЕВА, преподаватель
изобразительной деятельности,
детский сад «СКАЗКА»,
Зыряновский район
Важным средством эстетического воспитания детей является изобразительная деятельность. Она позволяет
детям выразить в рисунках, лепке, аппликациях свое представление об окружающем мире, понимание его отноше-
ния к нему. Занятия доставляют детям радость, создают положительный эмоциональный настрой, способствуют
развитию творчества. В процессе художественной деятельности у детей развиваются эстетическое восприятие,
воображение эстетические чувства. Поэтому овладение изобразительной деятельностью в детском саду имеет
очень большое значение.
В Усть-Каменогорске состоялся II межрегиональный форум
учителей информатики «IT-образование - эволюция знаний».
В ходе форума были представлены и обсуждены новые
технологии, определились перспективные направления
информатизации регионального образования. Участники
представили новые педагогические практики использования IT-
технологий в обучении и поделились передовым педагогическим
опытом в применении информационных технологий, а также
формированием приоритетов информатизации в сфере
государственного управления с учетом региональной проблематики.
В ходе форума выступили Б.М. Юнусов, начальник отдела
информационных технологий и безопасности Министерства
образования Республики Татарстан, Н.А. Рисмагамбетова,
коммерческий директор АО "НЦИ", А.Р. Сыздыкпаева, директор
Центра компьютерных технологий ВКГУ им. С. Аманжолова, Д.Н.
Свиридов, территориальный менеджер по работе с партнерами
компании Microsoft в Казахстане.
Состоялась выставка лучших инновационных и ІТ проектов
одаренных учащихся и детей, обучающихся на дому. Прошел
круглый стол по обсуждению актуальных вопросов в сфере
информатизации системы образования, были проведены 10 мастер-
классов лучшими педагогами специализированных школ области. В
работе мастер-классов приняли участие около 250 учителей-
новаторов в сфере IT-технологий, представители системы образо-
вания Республики Татарстан (РФ), руководители и представители
сферы образования Алматинской и Карагандинской областей,
международные и отечественные IT-компании, руководители
отделов образования городов и районов ВКО, директора и педагоги
учебных заведений.
Участники Форума подтвердили его актуальность,
направленную на обсуждение нового видения развития системы
образования как очередной виток в процессе эволюции принципов
обучения и взаимодействия субъектов образовательного процесса.
Осмысление нового видения, по мнению участников, форум будет
способствовать повышению качества образования в условиях
электронного обучения, внедряемого в Восточном Казахстане, в
соответствии с Государственной программой развития образования
РК на 2011-2020 годы.
Были награждены победители конкурса "Лучший веб-сайт
организации образования 2014 г".
Гран-при было присуждено сайту КГУ "Ресурсный центр-школа
дистанционного и профильного обучения", г. Усть-Каменогорск,
первое место занял сайт отдела образования г. Семей, второе
место - КГУ "Средняя школа №26" г. Усть-Каменогорск, 3 место –
КГУ "Большевладимирская средняя школа" Бескарагайского района.
Все победители были награждены дипломами и ценными призами.
Ж. САГАНДЫКОВА,
заместитель директора
ВК РгЦ НТО УО ВКО
Информатизация образования становится одним из
самых значимых стратегических механизмов иннова-
ционного обновления казахстанской системы образования
в целом и является примером дальновидной политики
Главы государства, Н.А. Назарбаева.