5. Биология ғылымының салаларын айтып беріңіз. Негізгі арасында биология бағыттары



бет3/18
Дата25.01.2023
өлшемі1,8 Mb.
#62744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тәжірибе (эксперимент) – әсер етуді жан жақты есепке алуға жағдай туғызатын жерде құбылыстың пайда болуын, оның шығуын, себептілігін анықтау.
Агрономия тәжірибелеріндегі негізгі зерттеу объектісі – өсімдік және өсуіне, дамуына және дақылдың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Тәжірибедегі бақылаулар – сандық және сапалық дамудың пайда болуын есепке алу, констатациялық жағдайына байланысты өсімдіктің өсуі және дамуы, оның ішінде фенологиялық бақылауды, өлшеуді, өсімдікті вегетациялық және басқа кезеңдерде өлшеуді айтуға болады.
Агрономиялық зерттеуде негізгі әдістері болып келесі негізгі тәжірибелер: вегетациялық, зертханалық, лизиметриялық, өндірістік, танаптық, сонымен қатар өмірлік тәжірибеде үлкен роль атқарады
16. Жануарларды бағалау, сұрыптау әдістерін сиаттаңыз.
Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан сұрыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды.
Саналы сұрыптау. Үй жағдайында жануарлар мен өсімдіктерді өсіру кезінде, адамдар бағалы, пайдалы белгілері бар ата-аналық даралар өздеріне ұқсас, жетілген ұрпақ әкелетінін байқаған. Оларды бірнеше ұрпақ бойы қадағалап, көбейтіп, өсіріп отырған. Адам саналы сұрыптау барысында белгілі бір мақсат қойып, қандай нәтиже шығатынын да болжай алады. Осы сұрыптаудың нәтижесінде жануарлардың белгілері өзгеріп, адам қажетіне керек, жабайы ата тегінен өзгеше, жаңа түрлері пайда болады. Сұрыптаудың шығармашылық маңызы осында. Қолдан сұрыптаудың екі түрі бар. Ол — жаппай және жеке сұрыптау.
Жаппай сұрыптау деп фенотипі (сыртқы белгілері, қасиеттері) бойынша сұрыптауды айтады. Мұнда генотип есепке алынбайды, фенотип жағынан бірдей даралардың тобын іріктейді.
Жеке сұрыптау кезінде жекеленген өсімдіктің немесе жануарлардың біреуін іріктеп, оның ұрпақтарының генотипін зерттейді. Ұрпақтарына бағалы, қажетті қасиеттер мен белгілерін тұрақты беретін дараларды сұрыптайды. Жеке сұрыптаудың маңызы генотипі жағынан бағалы бір дарадан көп ұрпақ алуға болатынында. Мысалы, қолдан ұрықтандырудың тәсілдерін пайдалана отырып, бір бұқадан, қошқардан ондаған, жүздеген ұрпақ алуға болады. Жеке сұрыптаудың жаппай сұрыптаумен салыстырғанда маңыздылығы жоғары. Адам қолдан сұрыптаудың әдістері арқылы популяцияда қажетті, бағалы белгілері бар дараларды көбейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет