Вводное занятие. Знакомство с коллективом. Создание предпосылок для
свободного выражения своих чувств, эмоций, артистических и творческих
способностей, создание психологического комфорта в группе. Беседа о теат-
ре. Значение театра, его отличие от других видов искусств.
Мастерство актера. Знания и навыки сценического поведения ребятам
необходимы. Их значения значительно может облегчить репетиционный пе-
риод. Ребятам дается задание сделать сценические импровизации на задан-
ную тему или просто изобразить кого-то. На этих этапах педагог объясняет,
как нужно говорить и двигаться на сцене, сочетая словесное действие с физи-
ческим.
Театрализованная игра. Учит детей ориентироваться в пространстве,
равномерно размещаться по площадке. Учит строить диалог с партнером на
заданную тему. Развивает способность произвольно напрягать и расслаблять
213
отдельные группы мышц. Развивает зрительное, слуховое внимание, память,
образное мышление, фантазию, интерес к сценическому искусству. Упражня-
ет в четком произношении слов, работать над дикцией. Воспитывает нрав-
ственно-этические качества.
Ритмопластика. Включает в себя комплексные ритмические, музыкаль-
ные, пластические игры и упражнения, призванные обеспечивать развитие
естественных психомоторных способностей дошкольников, свободы и выра-
зительности телодвижений, обретения ощущения гармонии своего тела с
окружающим миром.
Культура и техника речи. Объединение игры и упражнений, направ-
ленных на развитие дыхания и свободы речевого аппарата, умение владеть
правильной артикуляцией, четкой дикцией, разнообразной интонацией, логи-
кой речи и орфоэпией. В этот же раздел включены игры со словами, развива-
ющие образную речь, творческую фантазию, умение сочинять небольшие
рассказы и сказки, подбирать простейшие рифмы.
Основы театральной культуры. Этот раздел программы призван по-
знакомить детей с элементарными понятиями и различными видами теат-
рального искусства.
Основы кукловождения и кукольного театра. Обучение приемам кук-
ловождения различных видов кукол. Разыгрывание кукольных спектаклей,
инсценировок.
Работа над спектаклем. Включает в себя знакомство с пьесой, работу
над спектаклем от этюдов и отдельных сцен до показа зрителям.
Приемы и методы, используемые на занятиях.
1. Эмоциональный настрой. Этот метод предполагает использовать раз-
нообразные задания под музыку, настраивать детей, активизировать их вни-
мание.
2. Художественное слово. Художественное слово активизирует художе-
ственное восприятие образа. Особенно эмоционально дети откликаются на
красоту поэтических строк, они помогают осмыслить чувства и переживания
героев, прежде чем изобразить их.
3. Педагогическая драматургия. Занимательный сюжет сказки помогает
детям легко и свободно импровизировать, через роль проявлять свои творче-
ские способности – это помогает развивать у детей мир эмоций и воображе-
ния.
4. Пластика. Важно при развитии ребенка постараться избежать психо-
логических зажимов в теле, образующихся в результате переживаний, именно
поэтому на занятиях используются приемы релаксации, движения, танец.
5. Игра. Одним из важных методов развития является игра. В театрали-
зованной деятельности – это сюжетная развивающая игра. Работа с образом
стимулирует процессы мышления, в том числе творческую интуицию. Харак-
терной особенностью игры является ее двуплановость, присущая драматиче-
скому искусству, элементы которого присутствуют в любой коллективной иг-
ре. Двуплановость обуславливает развивающий эффект игры.
214
6. Игра-разминка. Разминка – необходимый компонент занятия. Это все-
гда начало занятия. Необходимо «включить» в процесс деятельности эмоцио-
нальное состояние ребенка, как работу индивидуального характера, так и
коллективных взаимоотношений. Необходимо тренировать внутренний аппа-
рат, активизирующий процесс переживания.
7. Тренировка произвольного слухового, зрительного, осязательного
внимания. Для этих целей необходимо подбирать, составлять специальные
упражнения, типа «Поймай хлопок», «Поймай взгляд».
8. Ассоциативные игры. Это игры на одушевление предметов, игры в ас-
социации, массовые игры-этюды.
9. Моделирование. Использование моделей для наложения грима, уме-
ние соотносить схематический образ с реальным – графическое изображение
лица, силуэты людей, пантомимическое отражение эмоций.
Построение среды для театрализованной деятельности
Среда является одним из основных средств развития личности ребенка,
источником его индивидуальных знаний и социального опыта. Предметно-
пространственная среда должна не только обеспечивать совместную театра-
лизованную деятельность детей, но и являться основой самостоятельного
творчества каждого ребенка, своеобразной формой его самообразования. По-
этому при проектировании предметно-пространственной среды, обеспечива-
ющей театрализованную деятельность детей, следует учитывать.
– индивидуальные социально-психологические особенности ребенка;
– особенности его эмоционально-личностного развития;
– интересы, склонности, предпочтения и потребности;
– любознательность, исследовательский интерес и творческие способно-
сти;
– возрастные и полоролевые особенности.
Классификация игр в кукольный театр для детей дошкольного возраста.
Например, педагоги Л.В. Куцакова, С.И. Мерзлякова рассматривают:
1) настольный кукольный театр (на плоской картине, на кружках, маг-
нитный, конусный, театр игрушки);
2) стендовый театр (фланелеграф, теневой, магнитный, стенд-книжка);
3) театр на руке (пальчиковый, картинки на руке, варежковый, перчаточ-
ный, теней);
4) верховые куклы (на гапите, на ложках, бибабо, тростевые);
5) напольные куклы (марионетки, конусный театр);
6) театр живой куклы (театр с «живой куклой», ростовые, люди-куклы,
театр масок, танта-морески).
Театр и родители
Развитие театральной деятельности в дошкольных образовательных
учреждениях и накопление эмоционально-чувственного опыта у детей – дли-
тельная работа, которая требует участия родителей. Важно участие родителей
в тематических вечерах, в которых родители и дети являются равноправными
участниками.
215
Важно участие родителей в таких вечерах в качестве исполнителей роли,
авторов текста, изготовителей декораций, костюмов и т.д. В любом случае
совместная работа педагогов и родителей способствует интеллектуальному,
эмоциональному и эстетическому развитию детей.
Необходимо участие родителей в театральной деятельности. Это вызы-
вает у детей много эмоций, обостряет чувства гордости за родителей, которые
участвуют в театрализованных постановках.
БЕЙІНДІ ОҚЫТУ: ТӘЖІРИБЕ, ПРОБЛЕМАЛАР, БОЛАШАҒЫ
Қ.Қ. Рамазанова
Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі
Бейімді оқыту-ерте заманнан келе жатқан үрдіс. Бірақ, ол үрдіс заман
талабына сай өзгеріп отырған. Бүгінгі таңда бағдарлы оқытудың жаңа
бағыты – бүгінгі өмір талабы. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу – тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді
пайдаланудың маңызы ерекше. Жаңа заман талабына сай білім берудің негізгі
мақсаты:оқушыларда басты құзіреттіліктердің қалыптасуы, яғни балалар мен
жастардың шығармашылық қабілетін ұштау, өздігінен білім алу дағдысын,
қоғамдық белсенділігін қалыптастыру, олардың бойындағы тұтас
дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды, қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру.
Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп
жатыр. Оларда бейімдік оқыту мәселесіне көп көңіл бөледі. Бейімділік және
бейімалды дайындық – бұл оқушыны өзінің кәсіби жолын саналы таңдауға
дайындау жүйесінің екі басты бөлігі. Соңғы жылдары оқушының өзіндік
танымын дамыту мақсатында олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына
көңіл бөлінуде. 12 жылдық мектепте оқушының жеке ізденушілік және
шығармашылық дамуын қамтитын оқу жоспары қарастырылып отыр.
Оқушының ізденушілік мәдениетінің ерте бастан қалыптасуы-оның өз
бетінше білім алу нәтижелігінің кепілі болмақ. Әртүрлі білім беру
бағдарламасының бірін таңдау мүмкіндігі бейімдік оқытудың икемді жүйесін
жүзеге асырудың механизмі болып табылады. Бүгінгі таңда бағдарламаның
үш түрі анық болып отыр. Олар: нақты бейімдік білім беру бағдарламасы,
дифференциалды білім беру бағдарламасы және жеке білім беру
бағдарламасы. Осындай әртүрлі деңгейлі білім беру ұйымы таңдалынған
бағыттың мазмұнын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар оқушыларға
басқа да бейімдік бағдарламалардың ішінен мазмұндағы қызықтысы мен
маңыздысын меңгеруге мүмкіндік береді.
Бейімдік оқытудың тұжырымдамасы бейімдеп білім беру идеясына
негізделеді. Ал бейімдеп білім беру-бұл осы идеяны жүзеге асыру
216
тәсілдерінің бірі. Тұжырымдамада бейімдік білім беру ұйымының бірнеше
нұсқалары көрсетілген. Мектепішілік бейімдендірудің үлгісі. Желілік
ұйымның үлгісі. Осындай үлгідегі нақты бір мектептегі оқушылардың
бейімдік оқытуы басқа білім беру мекемелерінің білім беру ресурстарын
мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуы арқылы жүзеге асырылады. Әр
баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің
алғашқы белгісі. Баланың жасырын тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің
көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің
басшылығымен іске асады. Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ,
қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдеген. Сол себепті, баланың қабілетін
кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушылардың шығармашылық, бейімділік қабілетін дамытуда әртүрлі әдіс-
тәсілдерді қолдануға болады.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйрету. Мұғалім сабақта әдіс – тісілдерді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және
өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Түрлі
әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан –
жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру
әрбір мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастыр-
малы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма.
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері
есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу және т.б.)
3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шағарма-
шылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу. Мұнда
басты назар аударатын мәселе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара
ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде
көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты
да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу. Оқушылардың білімін тексеру
мақсатында арнайы сабақ беріледі. Баланы заманына қарай икемдеп, өз
заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты міндеті және талабы.
Дарынды балаларды анықтау-оңай шаруа емес. Осы айтылғандарды ескере
отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынандай ұстанымдары
тұжырымдалды. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес
келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Дарынды
217
оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты – олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат
қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Менің өз сабағыма негізге қойған міндетім-оқушылардың ой-қиялын
дамыту. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы, балалардың кішкентай
кезінен бастап, белгілі бір салаға бейімдігін анықтау. Мысалы: кейбір
балалардың бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері
сурет салғанды тәуір көреді. Сол себепті бейімі бар балаларды сол бағытта
әрі қарай дамыту, дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу
міндеті қойылады.
Бала қиялын дамыту барысында, оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға,
өзінің болашағын болжауға және идеялармен еркін әрекет жасауға үйренеді.
Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға және
қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды. Олардың
қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әртүрлі болады.
Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез,
дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың
бөліктерінің ара қатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым
болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты
сапаларымен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі
түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат
баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден,
кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа
өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен,
сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару,
жалпыны жекелей қолдану және т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке
баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен
ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін,
«жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен
мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы,
біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.
Екінші сынып оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарға
тоқталайық. Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар
орындауға болады. Фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш,
бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?
деген сұрақ қою. Мақсаты: геометриялық фигураларды ажырата және тани
білуге үйрету. Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты:
оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.
Дүниетану пәні – жоғары сыныптардағы биология, география, физика,
химия, тарих пәнінің бастамасы. Осы себепті дүниетану сабақтарында
оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Оқушыларға
ой тудыратын сұрақ қоямын: – Егер адам барлық ағашты кесіп алып тастаса,
218
не болар еді? Мысалы: әдебиет сабағында шығармашылық тапсырмалар
беруге болалы. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын,
диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет
және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның
ойлау жүиесі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып
дамиды тамаша (өлең шығарады). Шарты: мұғалім не оқушы ойдан
шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар
басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Пән
аралық байланысты жүзеге асыру да сабақ барысында жүргізіліп отырады.
Ақын өлеңдерін оқығаннан кейін, өлеңдегі теңеу сөздерді қатыстырып, қазақ
тілі сабағында ертегі құрастырдық. Абуева Алтынай деген оқушы «Кедей»
деген тақырыпқа мәтін құрастырды. Сабақта жаңылтпашты құрғақ
жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Екі
жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма беріледі.
Сонымен қатар: «Соңғы алма» сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастырып
жазуға тапсырма бердім. Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып
қойған бір жалғыз алманы көріп қалды... Ары қарай не болуы мүмкін? Оны
өздерің аяқтап жазыңдар», – деген проблеманы алдарына қойдым.
Қорытынды: өзіміздің іс тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін
түюге болады. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп
қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты. Ол үшін жалықпай,
жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып,
сонымен қатар, оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған
шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық
әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Әдебиет
1. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007.
2. Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. – Алматы, 1999.
3. Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаева С.Ш., Өміртаева Р.Қ. Математикадан қызықты
тапсырмалар.
4. «Бастауыш білім» журналы. – 2004.
5. Сәтімбаева М. Математиканы оқытудағы методикалық көмек.
6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы. – 2008. – №1, 2.
7. «Қазақстан Мектебі» журналы. – 2011. – №4.
8. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы. – 2011. – №7, 8.
9. Негимов С. Шешендік сөздер. – Алматы: Ана тілі, 1997.
219
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ж.К. Рахатбаева, Н.Н. Алгалиева
№47 орта білім беретін мектеп, Семей қаласы
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой – өрісінің шыңдалуын, жеке
тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушин-
скийдің «Бала-балқытылған алтын», – деген қанатты сөзі еске түседі.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі
керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны
өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру
ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік
қабілеттеріне байланысты. Ж. Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» – деген, яғни оқу үрдісін
жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын
жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында «Біздің міндет
жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім
мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына
жаңа міндеттер қойды.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып,
оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру. Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің
жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен, педаго-
гикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, пе-
дагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы прин-
циптерді жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым –қатынастарында
және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастыры-
лады. Педагогикалық технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі –
шеберлік.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға
қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал
және түрлерінің жүйесі болып табылады. Педагогикалық технология үш ас-
пектіде қаралады: ғылыми, процессуалды – сипаттамалы, процессуалды –
әрекеттік. Осындағы жолмен педагогикалық технология оқытудың рационал-
ды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде принциптер мен зерттеуші қызметін
атқарады.
Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару оқушының білімге, ғылымға деген
құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін
ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен
іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз – оқы-
тушының өзін – өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі.
Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құрал-
дарының
табыстарына
байланысты
дамудың
барлық
мүмкіндік-
220
теріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып
табылады. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау
үшін материалды түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығы, кешенді
бірлігін айтуға болады.
Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың
бірі – орыс ғалымы В.П. Беспалько. Ол «педагогикалық технологияны прак-
тикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен.
Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір
мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірлік-
тердің жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айта-
ды.
Қазақстандағы Ж.А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің және тағы басқа ғалым-
дардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Бастауыш саты – оқушының интелектілік дамуының іргетасы, оқу әре-
кетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Бала мектеп жасына жеткенімен, олар-
дың есте сақтау қаблеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не
нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап көзбен көргенді ұнатады.
Сондықтан да сабақта көрнекіліктерді, ойын элементтерін қолданып оқыту
процесін қызықты ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын
технологиялар: «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту тех-
нологиясы», «Сын тұрғысынан оқыту технологиясы», «Білім беруді
ізгілендіру технологиясы», «Дамыта оқыту технологиясы».
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамы-
тушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психо-
логиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап талғамдарына сүйенеді. Бала-
ның бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді
көздейді.
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жоба-
лау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу,
мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және
құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету
жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды
балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде құрылымды бөліктен: кіріс-
педен, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу мо-
дулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол
тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байла-
нысты. Кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған
уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім
оқушыларды оқу бөлімінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндет-
терімен таныстырады.
Онан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытында есептелген оқу
материалын қысқаша сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып
түсіндіреді.
221
Оқушылардың оқу материалдарын жаңғырту деңгейін, қарапайым білік
пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу
бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлесу бөлімінде танымдық про-
цесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара
әрекет етуіне құрылған. 3, 4-сабақтан бастап оқушыларға стандарт талапта-
рына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр
оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында сабақтың
ережелерімен немесе оның жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдар-
ламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрби-
елеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір-
түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның
негізі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста
оқушылардың:
1. Өз бетінше тұжырым жасау, қортындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікірталасты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлау маңыздылығының нәтижесі:
1. Әдіс түрлері.
2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы.
3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу.
4. Қажет болса, өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту
технологиясы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, елестету мен есте
сақтауын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар,
өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған
тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына
мәтіндер, тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес
оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша
оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады.
Бұл технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық
қызметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар төрт деңгейде
беріледі. 1-деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында «танып білу» және
үлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады, яғни жаңа сабақ бойынша
берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Бұл тапсырмалар білімнің
минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама
222
мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 2-деңгей
тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше
қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары.
Оқушының қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті
деңгейден әлдеқайда жоғары болады. 3-деңгейдегі тапсырмаларға, талдау
жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі. Ал 4-деңгейлік тапсырмалар
дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Ондай
оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын
қояды, нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетінше орындайды.
Дамыта оқыту теғнологиясы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала
өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз
екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға
әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктен тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Қорыта
келгенде,
оқу-тәрбие
үрдісінде
жаңа
педагогикалық
технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді.
Сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы – өмір
талабы.
Достарыңызбен бөлісу: |