54. Юпитер Юпитер


Галактикалардың және галактикалар жүйелерінің жасырын массасы



бет29/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

82.Галактикалардың және галактикалар жүйелерінің жасырын массасы.
Метагалактиканың құрамындағы галактикалар санының 1011 екендігі есептеліп анықталады. Ал, Метагалактиканың мөлшері 6000 Мпс болып бағаланғанын ескеріп, әрбір галактиканың массасы шамамен біздің Галактиканың массасындай болады деп қабылдасақ, онда заттың Метагалактикадағы орташа тығыздығы 10-31г/см3болады. Демек, p
Әлемнің құрамындағы заттың орташа тығыздығын бағалаған кезде оның тек бақыланылатын (сәуле шығару) массасы ғана ескеріледі. Кейінгі жылдары Әлемнің «жасырын массасы» деген мәселеге көңіл аударылып отыр. Бұл объектінің сәуле шығару процессі негізінде анықтай алмайтын ерекше массасы болады. Мұндай масса жарқырауы аз кішігірім жұлдыздар формасында не нейтрино формасында шоғырланған болып келуі ықтимал. Олардың осындай «жасырын массаларын» ескерген жағдайда Әлемнің құрамындағы заттың орташа тығыздығы артады.
Дегенмен біз қарстырған Әлемнің біртекті және изотропты модельдері R=O болатын күймен сипатталады. Бұл күй to шекті өткен уақытқа сәйкес келеді де, заттың тығыздығы осы күй кезінде шексіз болған болуы керек. Мысалы, Евклид кеңістігі болған жағдай үшін млрд жылға тең болады.
Бұл уақытты «Әлемнің жасы» деп те атайды. Демек осы уақыттың шамасына дейін белгілі физикалық заңдылықтарды қолдануымызға болады.
Егер p

83. Күн жүйесінің космогониясы. Кант пен Лапластың космогониялық болжамдары. Жер мен планеталардың жасы.
Жұлдыздардың пайда болуы жайындағы гипотезалардың ішінен біз Канттың космогоникалық гипотезасына сүйенсек, онда суық тозаңдық бұлттардың қоюланып ортасында Күн – жұлдыз тұратын күн жүйесін беру мүмкіншілігі бар екендігін көреміз. Оқымысты Лаплас осы процесті барлық жұлдыздардың пайда болуын түсіндіру үшін пайдаланады.
Атақты грек философы Платон алғашқы құрлыссыз материя-хаосты Әлемге айналдыратын уақыт деген пікір айтады. Осыған байланысты гипотезаны неміс философы И.Кантта 1755 жылы басылған «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегінде дамытады. Ол гипотеза бойынша әлемдік кеңістік алғашқы хаостық күйде болатын материямен толған болу керек. Тартылыс және тебіліс күштерінің әсерінен сол материя уақыттың өтуімен ұйымдасқан бір формаға келү керек. Үлкен тығыздығы бар элементтер бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша өзіне тығыздығы аз болатын элементтерді тартып, материяның жеке шоғырлары пайда болады. Осындай жеке шоғырлардың төңірегінде соқтығысуының салдарынан планеталар жүйесі жасалу керек.
Ал, П.Лаплас өзінің 1769 жылы басылған «Дүние жүйесін баяндау» деген еңбегінде планеталардың пайда болуы туралы басқа гипотезаны ұсынады. П.Лапластың айтуынша Күннің өзі алғашқы даму кезеңінде қатты қызған және жай айналысқа қатысатын өте үлкен тұман тәріздес объектіге жатады. Гравитация әсерінен алғашқы Күн /протокүн/ сығылады да, оның айналыс жылдамдығы біртіндеп арта береді. Осының нәтижесінде Күннің формасы сығылған формада болады. Сөйтіп, экватордағы салмақ күшімен центрден тепкіш күш теңелген кезде алғашқы күннен алып сақина бөлінеді де, олар суынған кезде олардан жеке-жеке шоғырлар бөлініп, планета пайда болу керек.
Лапластың гипотезасы бойынша қозғалыс мөлшері моментінің Күнмен планеталар арасындағы үлесуін түсіндіре алмаймыз. Екіншіден ыстық газдан планеталардың жасалуы мүмкін емес, үйткені ондай жоғары температурадағы тұрған газ тез ұлғаяды да, кеңістікке шашырап кетеді.
Қазіргі деректер бойынша Жердің жасы 4,6 млрд жыл. Айдың пайда болу жолы бірнеше гипотезалармен түсіндіріледі. Айдың Жерге жеткізген топырағының жасы 3,3 млрд жыл. Осыған қарағанда Жер мен Ай бір уақытта бірге пайда болмаған. Жер екінші бір үлкен денемен соқтығысып үлкен қопарылыс болып соның нәтижелерінде Жердің серікті пайда болды деген қоз қарас кең жайылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет