55. Lesson Study өткізу және жоспарлау


Оқытуды басқару және көшбасшылық



бет2/3
Дата13.06.2023
өлшемі23,24 Kb.
#100958
түріСабақ
1   2   3
57. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқыты сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады.
Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:
• мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруі;
• оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
• ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы 
жоғары мәдениетті оқу ортасын орнату;
• оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту;
• оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
• әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің әлеуеттерін бөлуге 
болатындығына сенімді болу;
• оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.


58. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмыстары
Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен 
өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп 
тұруы мүмкін, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған 
есепті оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен 
іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда 
зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог жүргізу үшін ізденудің негізгі стратегиясы болып 
табылады. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар 
педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп санайтын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен 
жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексия, жоспар құру, кеңес 
беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін 
маңызды шешімді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгеріс 
енгізу жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бой-
ынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. 
Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар 
жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай ала-
тындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да 
жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тара-
пынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы мен 
дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет