55. Lesson Study өткізу және жоспарлау


Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы



бет3/3
Дата13.06.2023
өлшемі23,24 Kb.
#100958
түріСабақ
1   2   3
59. Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылды. Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту. 
Мектепішілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін төмендегідей мақсаттар қою керек:
Нақты бағдарлама жасау: педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс-тәжірибесімен қаруланған болуы;
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.


60. Қазақ тілі пәнін оқытудың заңдылықтары мен басқа пәндермен байланысы
Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі..
Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға тікелей байланысты. Педагогиканың дидактика саласы жалпы дидактикалық принциптерді қарастырады. Педагогика жалпы методика теориясының мәселелерін зерттейді. Ал методика әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан методика жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен білім берудің заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып,педагогикалықдидактикалықпринциптер казақ тілінен білім беруде қалай іске асыру жолдары ойластырады.
Педагогика негізінен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім — оқушыларғаберілетінтеориялықбілім мен практикалық дағды. Алтәрбие — қазақ тіліненбілім беруде мәтіндер (текстер), сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тіліненбілімберуде тәрбие жүмыстары мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілі оқыту методикасы психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материалдардың толық қалыптасуыда түсінік, ой, түйсік, сезім және сигналжүйелеріүлкен рөл атқарады. Бүл психикалық категориялар мен пунктуатциялар білім мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады.Оқушыларғатілдікматериалдардытолық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.
Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дүрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дүрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектепокулығындағыәр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет