56. Татымдықтарға жалпы сипаттамасы


Тамырлы татымдықтар және олардың пайдасы



бет4/10
Дата29.12.2023
өлшемі30,08 Kb.
#144915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
57.Тамырлы татымдықтар және олардың пайдасы


Імбір (имбирь) – тропиктік өсімдіктің кептірілген тамыр сабағы. Өзіне тән иісі және дәмі бар. Құрамында эфир майлары бар. Үгітілген імбірден гөрі үгітілмегенінде хош иіс ұзағырақ сақталынады. Кейбір тағамдар мен кондитер өнімдеріне қосып дәмін кіргізуге пайдаланады. Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада, Австралияда, Африкада, Үндістанда, Жапонияда 80–90 түрлері өседі. Қарапайым імбір тамырында эфир майларымен бірге фенол тәріздес заттектер бар.
Алдын ала өңдеуге байланысты імбірдің екі сұрыбын ажыратады: ақ – қабығынан ажыратылған және қара – қабығынан ажыратылмаған. Құрамында эфир майы болуына байланысты өзіне тән жағымды ароматымен және гингерол фенол затының болуына байланысты күйдіргіш дәмімен ерекшеленеді. Імбір саудаға тамырлар түрінде және ұнтақталған болып түседі. Оны аспаздықта, шұжық және ликер-арақ өндірісінде қолданады.

  1. Дәмқосарлар.Қолданылуы. 59.Дәмқосарларды тамаққа қосқаннан кейін қандай өгерістер орын алады?

Дәмқосарлар тамақтың дәмі мен ароматын жақсарту үшін қолданылады.
Оларға асханалық қыша, түбіртамыр (хрен), ас тұзы, тағамдық қышқылдар,
натрий глютоматы, т.б. жатады.
Асханалық қышаны қыша ұнтағын сумен тұз, қант, сірке қышқылын,
сұйық май және татымдықтар қосып араластыру арқылы алады. Қышаны
құрғақ салқын бөлмелерде 10С дейін температурада: суытылатын қоймада 3
ай, суытылмайтын қоймада 1,5 ай сақтайды.
Асханалық түбіртамыр (хрен) – тамырын үгітіп, оған сірке қышқылын,
тұз, кейде ұнтақталған пісірілген қызылшаны қосады. Оны 10С дейін
температурада: суытылатын қоймада 1,5 ай, суытылмайтын қоймада 1 ай
сақтайды.
Сірке қышқылы тамақ өнімдерін маринадтағанда сірке эссенциясы
немесе асханалық сірке қышқылы түрінде қолданады.
Сірке эссенциясын древесинаны химиялық жолмен құрғақ айдау арқылы
алады, оның құрамының 80%-ы сірке қышқылы болып табылады.
Асханалық сірке қышқылы – сірке қышқылының әлсіз ерітіндісі (3-9%).
Оны спирті бар сұйықтарды, уытты сірке қышқылдарды ашыту арқылы немесе
сірке эссенциясын сұйылту арқылы алады.
Сірке қышқылын және эссенциясын герметикалы жабылған шыны
ыдыстарды шығарады. 10С дейін температурада сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет