61.Крахмал және крахмал өнімдеріне сипаттама беріңіз. Крахмал – крахмал дәндерінен тұратын ақ ұнтақ. Крахмал картоптан,
дәнді-дақылдан және басқа шикізаттан өндірілетін полисахарид болып
табылады.
Крахмалды кисель қайнату үшін немесе ұннан дайындалатын кондитер
өнімдерін өндіру үшін қолданады. Ол саго, глюкоза өндірісінің негізгі
шикізаты; балмұздақ, кейбір кәмпит сұрыптарының, шұжық өнімдерінің
рецептурасына кіреді; кәмпиттерді пішіндеу материалы (қалыбы) болып
табылады; тоқыма, қағаз, парфюмерия және т.б. өндіріс салаларында
қолданады.
Өсімдіктерде крахмал дән түрінде болады. Крахмалды алу үшін
қолданылатын шикізатқа байланысты ол картоп крахмалы (диаметрі 0,1 мм
дейін овал тәрізді ірі дәндер), жүгері крахмалы (диаметрі 0,2-0,03 мм көп
қырлы дәндер), бидай крахмалы (0,04 мм), күріш крахмалы (0,01 мм) болып
бөлінеді.
Біздің елімізде крахмал жасаудың негізгі шикізаты картоп пен жүгері
болып табылады. Картопта крахмал мөлшері – 12-25%, жүгері дәндерінде -70%
дейін.
Картоп крахмалы- картоптың құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері
14-36% дейін болады. Крахмалдың орташа мөлшері 15-18,5%. Крахмал
өндіруге, өндіріске алып келінген картоптың құрамында крахмал ирл болу
керек, қабығы жұқа, өзі домалақ, жасұнық, қант, ақуызды заттар мөлшері аз
болу керек. Картопта 2,1% -тей азотты заттар бар, олар крахмалдың крахмал
сүтінен бөлуін қиындатса, ақуыздар жапырақтаныа крахмалдың сапасын
төмендетеді. Сонымен бірге ақуызды заттар көпіршіктеніп технологиялық
процестердің жүруін қиындатады.
Картоптан шикі (ылғалдылығы 50%- ке дейін) және құрғақ (ылғалдылығы
20%-ке дейін) крахмал өндіріледі. Картоп өндіріске гидравликалық
транспортермен жуылып, жеңіл, ауыр қоспалардан тазаланып картоп жуу
машинасына түседі. Жуылған және өлшенген картоп ұнтақтау машинасына
түсіп картоп жасушаларын бұзып крахмалды босатады. Келесі операция осы
ботқа сияқты қоймалжыңды ішіндегі жасушалық шырыннан бөлу. Ол үшін
ботқаны крахмал сүтімен араластырып, әр түрлі електі аппараттарға береді.
Електердің негізгі мақсаты ботқадан бос крахмалды бөліп алу және пайда
болған крахмал сүтін майда езінділерден тазалау. Қалған өнім қайтадан
ұнтақталынады.
Крахмал сүті езінді массасының көбінен ажырағанымен құрамында әл де
езінді бар болғандықтан ары қарай рафинацияланады- .жібектен жасалынған
тор көздерден тербетіліп өткізіледі. Мұнда қалған езіндіні құрғатуға
бағыттайды.
Рафинацияланған шырында аз мөлшерде езінді болғандықтан, одан тазалау
үшін, қайтадан сумен жуатын гидроциклондар мен тұндырмалы- жуу 130
центрифугаларда қолданылады. Осыдан алынған шикі крахмалды кептіруге
жіберіледі. Кептірілген крахмал арнаулы қаптарға салынып сақталынады.
Тамаққа пайдаланылатын крахмалдың бөтен иісі, дәмі және ауыр қоспалары
болмауы керек.
Төмен сұрыпты крахмал техникалық мақсатқа немесе сірне өндіруге
бағытталынады.
Крахмал өндірісінің қалдығы - картоп езіндісі мал жемі ретінде
пайдаланылады.