Бадьяннемесе жұлдызды анис – магнолит тұқымдасына жататын мәңгі
жасыл ағаштың кепкен жемістері. Сыртқы түрі бойынша жұлдызшаға ұқсас.
Бадьян анис иісті және сәл тәтті, аздап ауыз қуыратын дәмі бар. Бадьянға дәм
мен иісті ацетолдан (85-95%) тұратын эфир майлары береді. Бадьянды
аспаздықта, ұн және ликер-арақ өнімдерін жасауда қолданады.
Тмин – екі жылдық татымды өсімдіктердің піскен, кепкен жемістері, ол
ұзынша жұмыртқа тәрізді пішінді, жасыл реңді қоғыр түсті. Тминнің өткір
ароматы мен күйдіргіш ащы дәмі эфир майларына (3-7%) негізделген, оның
құрамына (α-каврон (50-60%) мен (α-лимонен (40%) кіреді. Тминді
консервілеуде, көкөністерді ашытуда, түздауда, нан пісіруде, сыр, кондитер
және ликер-арақ өндірісінде қолданады.
Кориандр- шатыргүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктің
шар тәрізді сары қоңыр түсті жемістері.Жемістерге дәм мен ароматты негізгі
құрамдас бөлігі линолоол спиртінен (70% дейін) тұратын эфир майлары береді.
Кориандрды нан, кондитер, ликер-арақ, шұжық, сыр, сыра, маринадтар, соустар
өндірісінде қолданады.
Кардамон – имбирь тұқымдасына жататын мәңгі жасыл өсімдіктің
жетілмеген жемістерін кептіріп алынған өнім. Кардамон жемістері овал
формалы (ұзындығы 8-14 мм) және ерекше жағымды аромат пен күйдіргіш
дәмімен ерекшеленеді. Кардамонның дәмі мен ароматы негізінен (α-
терпинеолдан тұратын эфир майларына негізделген. Саудаға кардамон бүтін
жімістер немесе ұнтақталған түрде түседі. Аспаздықта, ликер-арақ және
кондитер өндірісінде қолданады.113
Бұрыш – татымдықтардың ішінде кең тараған түрі. Оның төрт түрін
ажыратады: қара, ақ, хош иісті және қызыл.
Қара бұрыш – тропикалық өсімдіктердің жетілмеген жемістерін кептіру
арқылы алады. Олар өте хош иісті ароматымен және күйдіргіш дәмімен
ерекшеленеді. Дәмін пиперин алкалоиді (7%) береді. Саудаға қара бұрыш бүтін
жеміс (бұршақтар) немесе ұнтақталған түрде түседі. Қара бұрышты аспаздықта,
шұжық, ет, балық консервілерін жасауда және т.б. қолданады.
Хош иісті бұрыш – мирт тұқымдасына жататын тропикалық өсімдіктің
жетілмеген жемістерін кептіру арқылы алады. Хош иісті бұрыштың өткір
ароматы қалампыр, корица және мускат жаңғағының ароматына ұқсайды, ол
эфир майларына (3-4,7%) негізделген. Эфир майларының құрамына эвенгол
(60-80%) кіреді. Хош иісті бұрыш саудаға бұршақ түрінде түседі.
Қызыл ұнтақталған бұрышты (паприка) өткір қызыл бұрыштың кепкен
жемістерін ұнтақтау арқылы алады. Ауыз күйдіргіш өткәр дәмі капсаицин
алкалоидына (0,92-1%) негізделген. Бұл бқрышты аспаздықта, шұжық, балық
және көкөніс консервілері, маринад, соустар және т.б. өндірістерінде
қолданады.