Ертегілер 27. Ертегілер – өте ерте заманда пайда болған ауыз әдебиетінің ең көне жанры,
қиялдан туған шытырман оқиғалы, қызықты әңгіме.
28. Қазақ ертегілері өзінің тақырыбы мен мазмұнына байланысты
қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
29. Қиял-ғажайып ертегілер:
«Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар» және т.б. 30. Хайуанаттар туралы ертегілер: «Арыстан, қасқыр, түлкі», «Аю, түлкі және ары-
стан», «Түлкі мен ешкі» және т.б.
31. Шыншыл ертегілер:
«Аяз би», «Айлалы тазша», «Дүмше молда» және т.б. 32. Шыншыл ертегілердің бір саласы –
тұрмыс-салт ертегілері.
33. Тұрмыс-салт ертегілеріне:
«Бозінген», «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы» сияқты шағын ертегілер жатады. 34. Ертекші – ертегіні айтушы адам.
35. А.В.Сухомлинский: «Ертегі – халық мәдениетінің, рухани байлығын, оны тану
арқылы бала туған халқын жүрегімен танып-біледі».
36. Кендебайдың тұлпары: Керқұла.
37. Лирика. Лирикалық шығармада, негізінен алғанда, жеке адамның көңіл
күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әртүр-
лі құбылыс, жағдайларға көзқарасын сипаттайды.
38. Драма (грекше drama - қимыл-әрекет) – сахнаға арналған оқиғаны, оған
қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін көрсету арқылы баяндайтын
әдеби шығармалар.
39. Эпос (грек. евро – сөз, баяндау, әнгіме, өлең) – халық ауыз әдебиетінің бір
саласы; өмір құбылыстарын кең көлемде қамтып, кейіпкер образын, күрделі
оқиғаларды мейлінше мол беру арқылы суреттеу.
40.
ЭПОС – миф, ертегі, аңыз, әңгіме, повесть, поэма, роман