12. Рәбиға Сыздықова: «Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары
Дулат өлендерінен көрінеді».
13. Шығарманың кейіпкері – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы
адам, әдеби образ.
14. Әдеби образ – шығармадағы көркем бейне.
15. Шығарманың қаһарманы – көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін,
негізгі тұлға басты кейіпкер болады.
16. Әдеби жанрлар (французша genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша
жазылған көркем шығармалардың түрі. Шығарма жанры
мазмұнына, құрылысы - на, композициясына және түріне қарай анықталады.
17. Шығарманың тақырыбы – көркем шығармаға негіз, арқау болған өмір құбылы-
старының түйіні.
18. Шығарманың идеясы (грекше idea - түсінік, елес, бейне) – шығарманы
жазған автордың айтайын деген негізгі ойы.
19. Шығарманың мазмұны - шығарманың шындыққа негізделген тақырыбы мен
идеясы.
20. Шығарманың пішіні – әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, өмірі-
не, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, көркем шығарманың тілі.
21. Шығарманың түрі – шығарманың жанрына қарай анықталуы.
22. Шығармадағы тартыс (латынша: қақтығыс, айқас, кейде алауыздық, талас) – өмірдегі қайшылықтардың шығармада берілуі.
23. Шығарманың сюжеті (французша: зат) – шығармада баяндалатын оқиғалар
тізбегі.
24. Шығарманың фабуласы – шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын қысқаша
баяндау.
25. Шығарманың композициясы – шығарманың құрылысы. Шығарма сюжетіндегі
композицияның өрбу кезеңдері – шығармада баяндалатын оқиғалар тізбегінің
рет-ретімен орналасу ерекшелігі.
26. Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, шығарма арқауын-
дағы негізгі оқиғаның туындау себебі.