5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет22/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117
Халықтың жыныстық құрамы. Дүние жүзіндегі халықтың жыныстық құрамында ерлер әйелдерден шамамен 2%-ға артық. Әдетте дүниеге келетін ұлдар саны қыздарға қарағанда 5–6% артық болады. Әрбір 100 қыз балаға шаққанда орташа есеппен 104–106 ұл баладан келеді. Жекелеген елдерде, мысалы, Арменияда 100 қызға шаққанда 114 ұл туылса, Азербайжан мен Грузияда–113, Үндістанда–112, Қытайда–110, Барбадоста, Лихтенштейнде–101, Гондураста–100 ұлдан дүниеге келеді. Ұл балалар физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты нәресте шағында әлжуаз болып, сәби кезінде көбірек шетінейді. 18–20 жасқа келгенде ұлдар мен қыздардың саны біршама тұрақтанып теңеседі. Дамыған елдерде ер адамдардың жасы әйелдерге қарағанда қысқарақ болуының себебі: соғыстар, кәсіби аурулар, өндірістік жарақаттар, ішімдік, нашақорлық, шылым шегу сияқты зиянды әрекеттер ер адамдар арасында өлімнің көбеюіне әкеліп соғады. Дамушы елдерде, әсіресе халқы көп Үндістан мен Қытай, Бангладеш, Пәкстанда ерлердің үлес салмағы көп. Ол әйелдердің ерте тұрмыс құрып, жиі босануы, тұрмыс жағдайының ауырлығы, медициналық көмектің жетіспеуі салдарынан әйелдер арасында өлім жоғары. Дүние жүзі бойынша ер адамдар саны әйелдерден шамамен 51 млн. адамға көп. Соның ішінде дүние жүзінің барлық елдерінде 35 жасқа дейінгі ер адамдар басым. Ерлер мен әйелдердің арасалмағы шамамен 49:51қатынаста. Мысалы: Шетелдік Еуропа ер адамдар ─ 49%, әйелдер ─ 51% болса, Шетелдік Азияда керісінше ер адамдар ─ 51%, әйелдер ─ 49% Қазақстанда ─ ерлер 48% және әйел адамдар ─ 52%-ды
құрайды.
6.2 Дүниежүзі халықының ұлттық және тілдік құрамы
Этностық құрамы. Әлем халықтарының этностық құрамы алуан түрлі. Ғалымдардың болжауынша қазіргі кезде дүние жүзінде 3–4 мың шамасында этнос, халықтар бар. Осы этностық топтардағы әрбір халық саны бірнеше жүзден (алеуттер), жүздеген миллионға (қытайлар, хиндустар, орыстар, жапондықтар т.б.) дейін жетеді. Жер шары тұрғындарының жартысына жуығын ірі он этнос құрайды: ең ірі этнос ─ қытайлар; үндістер, америкалықтар, бенгалдықтар, орыстар, бразилиялықтар, жапондықтар, пенджабтар, бихарлар, мексикалықтар.
Этногенез ─ ұлттардың пайда болуынан бастап жойылған уақытына дейін қалыптасқан даму үрдісі. Этногенез ілімін дамытуда Л.Н. Гумилевтің еңбегі зор. Этностардың бірігуінің екі түрі бар: консолидация және ассимиляция.
Консолидация ─ тілі мен мәдениеті бір-біріне жақын, туыстас бірнеше жеке этностық топтардың біршама дамыған үлкен этносқа айналуы. Мысалы, салар, теке, гоклен этностық топтардан түркмен ұлты пайда болса; неміс, француз, итальян және ретромандықтардың бірігуінен қазіргі швейцариялық ұлт қалыптасты.
Ассимиляция ─ дамыған үлкен этностық топтың екінші аз санды топты өзіне сіңіріп, қосып алуы. Финляндия, Швеция, Норвегияда саами (лопари), Ұлыбританияда уэльс (ағылшын) және гэлы (шотланд) ұлттары. Көбінесе халқының құрамында шеттен қоныс аударғандар үлесі жоғары елдерде байқалады. Мысалы, АҚШ халқы көптеген ұлт өкілдері ішінде саны жағынан басым ағылшын тілінде сөйлеп ─ «американдықтар» деп аталатын ортақ ұлтты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет