5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет32/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Ескі өнеркәсіптік аудандар ─ өнеркәсіптің алғашқы дамыған орталықтары. Оларға көбінесе таскөмір, тау-кен, кеме жасау, тоқыма өнеркәсіптері тән. Ескі өнеркәсіпті аудандардың көпшілігі Ұлыбританиядағы Мидленд, Оңтүстік-Уэльс, Солтүстік-Шығыс, Шотланд, Францияның Солтүстігі мен Лотарингия, Бельгиядағы Антверпен, Льеж-Шарлеруа, Германия мен Люксембург шекарасындағы Саар-Люксембург, Польшадағы Силезия-Краков, Чехиядағы Острав, Испаниядағы Астурийде орналасқан.
Жаңадан игерілген аудандар ─ бұл табиғат ресурстарына бай, бірақ табиғаты қатал болуына байланысты аз игерілген аумақтар.Техника мен технологиядағы ҒТР жетістіктері барысында осы аудандарды игеруге мүмкіндіктер туды. Олардың қатарына: Канаданың Солтүстігі мен Аляска (АҚШ), Аустралияның орталығы, солтүстігі мен батысы, Оңтүстік Америкадағы Амазонка, Ресейлік Батыс Сібір мен Қиыр Шығыс жатады. Шаруашылық пен қоныстанудың географиялық көрінісі жылдан жылға күрделенуде. Аудандар арасындағы алшақтықтар қысқаруда.
Өндіргіш күштерді орналасуға әсер ететін факторлар. Дүниежүзілік шаруашылықтың ХХ ғасырдың аяғында қалыптасқан географиялық суреті – экономикалық, әлеуметтік, табиғи, саяси және басқа да факторлардың ықпалының тарихи нәтижесі. ҒТР дәуірінде олардың әрекетінің сипаты едәуір өзгеріп келеді. Мысалы, ХІХ ғасырдың аяғы –ХХ ғасырдың басы кезіндегі өнеркәсіптің орналасуына ресурстық факторлар – минерал-шикізат базаларының орналасуының ықпалы күшті болды. Мидленд және Англияның басқа да көмір бассейндері ХІХ ғасырдағы өнеркәсіптік революцияның ұйытқысы болды.
Тосыннан қарағанда оғаш көрінетін болса да , ҒТР дәуірінде қауырт дамып отырған көптеген елдердің өз шикізат базалары жоқ. Мұны Жапонияның мысалы айқын көрсетеді: шикізат пен отынның 90 пайызын импорттан алатынына, ол соған қарамастан жоғары индустриялы ел болып отыр. Басқа мемлекеттерде өнеркәсіптің дені шикізат пен отын базаларынан заманға сай индустриялық құрылым қалыптасқан жаңа аудандарға ойысты (АҚШ-тың Солтүстік-Шығысынан Калифорнияға, ГФР-де Рурдан елдің оңтүстігіне және т.б).
Өндіруші өнеркәсіпдамыған елдердің жаңа ресурсты аудандарында ғана өндірістің негізі күйінде қалды (Канаданың солтүстік және батыс аудандары, АҚШ-та Альяска, Австралияның солтүстік өңірі, Дүниежүзілік мұхиттың қайраңды аймақтары).
Дамушы елдерде жағдай басқаша; бұларда минерал –шикізат ресурстары индустрияланудың аса маңызды факторы күйінде қалуының үстіне шаруашылықтың орналасуына шешуші ықпалы болып отыр. Экономикалық дербестікке жету жолында мол ресурстарды Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер ғана дұрыс пайдалана алды.
Қазіргі дүние жүзінде өндірістің орналасуының бірі ғылым мен білім орталықтарына қарай ойысу болып отыр. Ең алдымен бұл фактор ғылым көп пайдаланылатын салалардың географиясына әсер етуде. Олар жаңа зерттеулер жүргізуші ғылыми орталықтарға және терең зерттеулер іске асырылатын, кадрлар даярланатын жетекші университеттерге қарай жақындауда. Білім беру – ғылым – өндіріс тізбегі дамыған елдердің көптеген жетекші аудандары мен орталықтарына тән жағдай болуға айналды. Мысалы, Жапонияда 80-ші жылдарда арнаулы технополистер – ғылым қалалары құрыла бастады да, оларға ғылым неғұрлым көп пайдаланылатын бағыттар: авиағарыштық техника, ЭЕМ дайындау мен жасап шығару , роботтар жасау және т.б іріктеліп орналастырылды. АҚШ-та мұнадй технополис – Калифорниядағы Силикон – Велли (Кремний жазығы).
Мұнымен тікелей байланысты тағы бір фактор – білікті жұмыс күшіне ойысу. Қазір қай озық елге болса да қарапайым еңбек ресурстары ғана емес, заманға сай техниканы басқара алатын білімді, жоғары білікті адамдар керек. Осыған орай Батыс елдерінде өндіргіш күштерді орналастыруға біліктіліктегі айырмашылық пен жұмыс күшінің құны едәуір әсер етіп отыр. Ұқстаушы өнеркәсіптің «бірінші қабаттарын» монополиялар арзан жұмыс күшін пайдалану үшін бірден-бірге үшінші елдерге көшіруде.
Әлбетте, ҒТР дәуірінде өндіргіш күштердің орналасуының басқа факторлары мән-маңызын жойған жоқ. Бұлар: тұтыну факторы, энергетика факторы, көлік факторы және т.б. Жекелеген елдер мен аудандардың географиялық орын жағдайы да одан әрі маңызды болып отыр. Мысалы, Еуропадан және Таяу Шығыстан Жапонияға баратын аса маңызды теңіз жолдарының бойында орналаспаған болса Сингапурдың, Корея Республикасының, Гонконгтың «жаңа индустриалды елдер» қатарына қосылуы екітаалй болар еді.
Экология факторы жаңа фактор болып отыр. Жетекші индустриялы елдерде шаруашылық обьектілерін салған кезде бұл фактор міндетті түрде есепке алынады. Экологияға немқұрайды қараушыларға заңдарда қатаң шаралар қолдану көзделген.
Дүниежүзілік шаруашылықтың қазіргі кезеңде дамуы өндіріс пен халықтың аумақтық тұрғыда барынша шоғырлануына әкеліп отыр. Бір жағынан, мұның өзі шаруашылықтың дамуына біршаам тиімді еді: аумақ үнемделетін, ортақ инфрақұрылым пайдаланылатын, кәсіпорындарды кооперациялау, ірі қалаларда ғылыммен байланыс үшін қолайлы болатын. Екінші жағынан, өндіріс пен халықтың шоғырлануының шекті мөлшері сақталмаса, мұның өзі экологиялық ортаның нашарлауына, көлік қарбаластығына, сумен жабдықтаудағы және т.б қиыншылықтарға апарып соғады. Мехико, Сан-Пауло, Нью-Йорк және басқада көптеген өнеркәсіпті аудандардың бақылаусыз өсуі шетелдерді қандай алаңдатып отырса, мұндай проблемалар туындамас үшін біздің елімізде де күн ілгері алдын алу шаралары қолданылуға тиіс екені түсінікті.
Сонымен, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық көрінісі ғылыми –техникалық революцияның ықпалымен өзгеріп отыр. Жер шарында өндірістен «бос» аумақтар барған сайын аз қалып отыр, өндіріс одан әрі шоғырлана түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет