Өнеркәсіп–материалдық өндірістің бірінші жетекші саласы.Дүниежүзілік өнеркәсіпте шамамен 350 млн. адам жұмыс істейді.Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, оның үстіне, бұл өсімнің 3/4-і ХХ ғасырдың екінші жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары әдетте үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа ескі салалар деп аталатын – тас көмір, темір кені, металлургия, темір жолдың жылжымалы құрамы өндірісі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсіптері кіреді. Қазір бұл салалар, әдетте, баяу қарқынмен өседі. Бірақ олардың дүниежүзілік өнеркәсіп географиясына ықпалы бұрынғыша айтарлықтай болып отыр.
Екінші топқа – жаңа салалар деп аталтын – автомобиль жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі кіреді. Олар, әдетте, неғұрлым тез қарқынмен өседі (дүние жүзінде жыл сайын конвейерлерден шамамен 100 мың автомобиль шығарылады), дегенмен соңғы кезде оның қарқыны бұрынғыдай емес. Негізінен экономиксы дамыған елдерге шоғырланғанымен, дамушы елдерге де айтарлықтай кең таралған мұндай жаңа салалар дүниежүзілік өнеркәсіп географиясына зор ықпал етіп келеді.
Ақырындап, үшінші топты ең жаңа салалар құрайды, бұлар көбінесе ғылымды көп қажет ететін саларға, немесе былайша айтқанда, “жоғары технология” салаларына жатады. Бұл микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатикаиндустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикаық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі – ҒТР - дың шынайы катализаторлары.Қазір олар, әдетте, неғұрлым тез және тұрақты қарқынмен өсіп келеді.АҚШ –та,ГФР – де,Ұлыбританияда, Францияда өндеуші өнеркәсіптің бүкіл жалпы өнімнің 35 – 40%-і осы саларға келеді..
9-дәріс. Дүние жүзінің өнеркәсіп салалары
9.1 Дүние жүзінің отын – энергетика өнеркәсібі.
9.2 Дүние жүзінің қара және түсті металлургия өнеркәсібі
9.3 Дүние жүзінің машина жасау өнеркәсібі
9.4 Дүние жүзінің химия, құрылыс материалдары және ағаш өнеркәсібі
9.1 Дүние жүзінің отын – энергетика өнеркәсібі.
Өндірістің және отынды пайдаланудың өсуі, дамудың үш кезеңі. Адамзат өркениетінің бүкіл тарихы отын мен энергия түрлерін игеруге байланысты екенін сендер білесіндер. ҒТР кезеңінде де энергетика өндірістің дамуы мен орналасуына үлкен ықпал жасайды.Бұл тұрғыдан алғанда, кейін ол “дүниені басқарады” деп те айтылады. Энергетика базалық өнеркәсіп салаларына жататындықтан оның өркендеуі өнекәсіптің басқа салаларының дамуына ұйытқы болды. Энергетиканың құрамы өндірістің барлық салаларын энергия ресурстарымен қамтамассыз ететін отын өнеркәсібі мен электр энергетикасы кіреді.Отын өнеркәсібіне отынның барлық түрлерін барлау өндіру өңдеп тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық техналогиялық үрдісті қамтиды.
Энергия көздерінің бірінің абсалютті және салыстырмалы қымбаттауы оларды тасымалдаудың жетілуі, оны энергияның жаңа түрлерін игеру өнеркәсіп өндірісінің дамуына, құрылымына оларды орналастыру сонымен қатар мемлекеттің шаруашылығының өркендеуіне ықпал етеді.
Дүние жүзілік шаруашылықта дамушы елдер отынмен қамтамасыз етуші дамыған елдер тұтынушы болып қалып отыр. Мұнай, газ, таскөмір электр энергетикасын орналастыруда үлкена йырмашылықтар бар. Сондықтан бастапқы энергия тасымалдаушылардың (мұнай газ,тас көмір, атом энергиясы) халықаралық саудасы жылдан-жылға артып келеді. 2010 жылы дүние жүзінде шамамен 19,0 млрд т шартты отын өндіріледі. 1кг тас көмір жанғанда бөлетін 7000к/кал жылуын шартты отын дейміз.
Мұнай, табиғи газ, тас көмір, атом энергиясынан басқа энергия тасмалдаушылардың (отын, шымтезек, жанғыш тақтатас, күн сәулесі, желдің, жердің ішкі энергиясының толысу-қайтуы, толқындардың энергиясының) үлесі шамалы (9.1-кесте).
9.1-кесте. Бастапқы энергия ресурстарының жылу бөлу қабілетінің салыстырмалы кестесі
Энергетика ресурстары
|
1кг жанғанда бөлінетін жылу к/кал есебімен
|
Жылу коэффициенті
|
мұнай
|
10500
|
1,5
|
газ
|
10400
|
1,5
|
Тас көмір
|
7000
|
1
|
Қоңыр көмір
|
3000
|
0,4
|
шымтезек
|
3400
|
0,5
|
Ағаш
|
2500
|
0,4
|
Жаңғыш тақтатас
|
2100
|
0,3
|
Тас көмір табиғи газ, уран өндіруден экономикасы дамыған елдер жетекші орын алады. Олар дүниежүзінде өндірілетін аталған отын түрлерінің 9/10 өндіреді. Ал дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 3/4 бөлігі дамушы елдердің солардың ішінде ОПЕК-ке мүше елдердің үлесіне тиеді.
ОПЕК-тің құрылуына байланысты 1974 жылғы энергетикалық дағдарыс дүние жүзінің энергетикасына үлкен өзгерістер әкелді. Нәтижесінде отын энергетикалық баланыста мұнай отынның басқа түрлерін ығыстырып, оның бағасыда көтеріле бастады.
Дүниежүзіндегі мұнай саудасының бағасын реттеуде, мұнай экспорттаушы елдердің мүдделерін қорғауды көздеген 1960 жылы Бағдат конференциясында құрылған және штаб пәтері Венада орналасқан ОПЕК зор рөл атқарады. Оған сыртқа мұнай Алжир, Венесуэла, Габон, Индонезия, Иран, Ирак, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, БАӘ, Сауд Аравиясы кіреді. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді: ол 1900 ж. 1 млрд. т шартты отыннан 1990 ж. 10 млрд. т-ға дейін өсті, 2000 ж. 14млрд. т-ға, ал 2010 жылы 19,0 млрд. т-ға жетті. . Ал жететін болуы керек. Дүниежүзілк энергетика дағдарысы, ең алдымен мұнай дағдарысы өткен 70-жылдардың ортасына дейін бұл өсудің қарқыны ерекше зор болды. Дағдарыстан кейін өсу қарқыны күрт баяулады.Бірақ осынау жалпы дүниежүзілік тенденцияның қалқасында өте үлкен географиялық айырмашылықтар жатыр.
Мысал. 315 млн млн. халқы бар АҚШ дүние жүзіндегі бастапқы энергетика байлықтарының 1/4- інен астамын тұтынады, ал 3 млрд. адамнан астам халқы бар барлық дамушы елдер де осындай мөлшердегі энергетика байлықтарын пайдаланады. Егер планетаның әрбір тұрғының орта есеппен алғанда жылына 2 т шартты отын келетін болса, АҚШ-тың тұрғынына -10 т-дай, дамушы елдердің тұрғынына -0,7 т. келеді.
Дамушы елдерде өндірілетін энергетика байлықтарының көпшілігі, ең алдымен мұнайдың басым бөлігі АҚШ-қа, Батыс Еуропаға және Жапонияға шығарылады; мұны азайту әрекетіне қарамастан, олардың импортқа тәуелдіпігі жоғары күйінде қалып отыр.
Соңғы екі жұз жылдықта дүниежүзілік отын эргетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті.ХIХ ғасырдың өн бойында және ХХ ғасырдың бірінші жартысында көмір кезеңі созылып, онда дүниежүзілік отын энергетика баласының құрылымында көміротыны басым болды. Одан кейін екінші, мұнай-газ кезеңі келді. Бұл қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тимді энергия көзі болып табылатын мұнай мен газдың көптеген артықшылықтарына байланысты. 80- жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының үшінші (өтпелі) кезеңіне өтті, ол бірінші ондаған жалдарға созылады. Бұл уақыт ішінде негізінен сарқылатын минералдық отын байллықтарын пайдаланудын көбіне қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға негізделетін энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
Энергетика өндірістің басқа салаларын энергетика ресурстарымен қамтамамсыз ететін отын өнеркәсібі мен электр энергшетикасын қамтиды. Ғылыми-техникалық революция энергияның негізгі түрлерін өндірудің құрылымына да өзгерістер енгізді. ХIХ ғасырдың басына дейін дүние жүзінің негізгі энергетикалық ресурс ағаш болды. Одан кейін оның маңызы біртіндеп кеміп тас көмір кеңінен қолданыла бастады . Бірақ ХХ тас көмірді мұнай мен табиғи газ толықтырды. Мұнай мен табиғи газды пайдалану дүние жүзілік шаруашылықтың барлық салаларының дамуына ұйтқы болды (9.2-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |