5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет57/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Тоқыма өнеркәсібі. Дүние жүзінің дәстүрлі тоқыма өнеркәсібінің дәстүрлі саласы мақта-мата, жібек, жүн матасын, зығыр маталарын тоқу болып кендір-жұт маталарын өндіру жатады. Мата шикізатының жалпы көлемінін 2/3 бөлігін мақта, 1/5 бөлігін химиялық талшық (негізінен синтетикалық) 1/10 бөлігін жүн, 1,5 % астамын шашақты зығыр құрайды (61-сурет).
ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүние жүзінде матаның барлық түрлерін өндіруден Қытай, Үндістан, КСРО сияқты елдер жетекші орын алды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысында тоқыма өнеркәсібінің біршама бөлігі дамушы елдерге қарай ығысты. Мақта, жібек және жүн маталарын өндіруден Оңтүстік Кореяның, Тайванның, Сянганның, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің, Пәкістанның, Түркияның, Бразилияның, Мексиканың, Сирияның, Мысыр мен Колумбияның үлестері артты. Дамыған елдерде керісінше біртіндеп қысқарып келеді. Сондықтан тоқыма өнеркәсібі даму деңгейі жоғары дамыған орталығы болып табылатын осы елдер орналасқан өңірлер терең дағдарысқа ұшырады. Барлық саладың ішінде кендір-жұт өндірісі ғана шикізатқа бағытталғандықтан өзінің аумақтық құрылымын сақтап қалды.
Зығыр маталарын көп мөлшерде Ресейде және еуропалық елдерде Франция, Германия, Польша, Чехия, Венгрия, Украинада, жұт Үндістан мен Бангладеште өндіріледі. Мата өндірісінің құрылымында түрлері бойынша негізінен мақта маталары басым, бірақ АҚШ-та, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда жібек маталары көп өндіріледі. Өзінің жұқа шұғасымен (жүн матасы) Ұлыбритания, Италия, Бельгия ерекше көзге түседі.
Тоқыма өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі жағынан аймақтардың ішінде Солтүстік Америка мен Еуропалардан басып озатын Азия жетекші орын алады. Экономикасы жоғары дамыған елдер сапалы жүн және мақта маталарынан қымбат киімдер шығаруға маманданған.
Дамыған елдерде 2000 жылдың басында мақтаға деген сұраныс 4 млн т шамасында болса,2010 жылы ол көрсеткіш 15 млн т дейін артты. Снымен қатар тоқыма өнеркәсібі мата тоқуға химиялық талшықтар кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдарда Қытайда, Корея Республикасы, Үндістан, Таиланд, Тайвань аралы сыяқты Азия елдерінде тоқыма өнеркәсі өнімдерінің көлемі біршама артуда.
Тоқыма өнеркәсібіндегі химиялық талшықтың дүние жүзіндегі үлесі бүгіншгі таңда 60% жетті. 1950 ж мақта 66%, жүн 18% химиялық талшықтар небары 16% құрады. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде өндірілетін синтетикалық талшықтың көлемі 40 млн т және целлюлозалық (жасанды) талшық 3 млн т шамасында. Бүгінгі таңда 22 млн т мақта, 1,2 млн т жүн, 3 млн т, джут, 0,8 млн т джут, 0,1 млн т тұт жібегі өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет