Астықтық дақылдар өсімдік шаруашылығының негізі болып табылады. Ол дүниежүзіндегі өңделетін жерлердің тең жартысын алып жатыр. Астық дақылдарының таралу ареалы адамзаттың қоныстану ареалымен сәйкес келеді. Көптеген елдерде егіс көлемі жағынан астық дақылдары жетекші орын алады. Ұлыбританияда, Францияда және Италияда егіс көлемінің 60%, Ресейде, Польшада, Жапонияда, ГФР-да 60-70%, Вьетнам мен Монғолияда 80% жуығын алып жатыр. Бүгінгі таңда дүние жүзінде жылына 1,9 млрд. тонна астық жиналады оның 4/5 бидайға, күріш пен жүгеріге тиеді. Қоңыржай және субтропиктік ендіктердің негізгі астық дақылы – бидай. Ол Еуразия мен Солтүстік Американың басым бөлігінде мыңдаған км созылған тұтас белдеу түзеді. Бидай 70 елде егілгенімен жиналатын өнімнің негізгі бөлігі бірнеше елде шоғырланған. Дүние жүзінде 2013 жылы 745,7 млн. т. бидай, 872,1 млн. т. жүгері, 745,7 млн. т. күріш жиналды. Бидайдың негізгі өсірілетін аудандарына АҚШ-ғы Орталық жазық, Канаданың далалық провинциялары Манитобада, Саскачеваньда, Альбертада, Аргентина пампалары, Аустралияның оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысы, Қазақстанның, Ресейдің, Украина мен Қытайдың дала зоналары жатады (10.1-сурет).
10.1-сурет. Дүниежүзіндегі бидай өндіру мен экспорт
Бидайдың жиналатын көлемі жағынан Қытай, Үндістан, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Пәкістан, Канада, Аутралия дүниежүзінде жетекші елдер болып табылады. Қазақстан бидай өндіру жөнінен дүниежүзінде 15, ТМД-да 3-орын алады. Дүниежүзілік нарыққа жылына 200 млн.т. астық дақылдары шығарылады. Оның 90–100 млн.т. бидай, 60–70 млн т жүгері, 25 млн т. күріш құрайды (10.2-кесте).
10.2-кесте .Дүниежүзінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарын өсіетін негізгі елдер
Достарыңызбен бөлісу: |