5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет59/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Аяқ киім өнеркәсібі. Дамыған елдерден біртіндеп былғары аяқкиім өнеркәсібі де дамушы елдерге ығысуда. Егер ХХ ғасырдың бірінші жартысында сатылатын аяқ киімнің басым бөлігі Италияда, АҚШ-да, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда шығарылса, соңғы он жылда жылына 350-360 млн. жұп аяқ киім шығаратын Италия ғана өзінің ұстанымын сақтап қалды. Ал басқа елдерді Қытай (500 млн. жұп), Үндістан мен Бразилия (200 млн. жұп), Испания, Португалия, Польша ығыстырды. Жан басына шаққанда ең көп аяқ киімді Италия мен Чехия шығарады (жылына әр адам басына шаққанда 6 аяқ киімнен)
Аяқ киім табанын шығаруға маманданған Испания Италияда аяқ киімнің басым бөлігі негізінен шағын шеберханаларда қолдан тігіледі.
Дүниежүзіндегі аяқ киімді экспорттаушы ірі елдерге Италия мен Бразилия, импорттаушыларға АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания жатады.
Жануарларды қорғау қозғалысының күшеюіне байланысты бүгінгі таңда бағалы терілерді өңдеу өнеркәсібі құлдырауды бастан кешіруде. Осы себептерге байланысты қазіргі көптеген бағалы тері өнімдері негізінен торларда қолдан өсірген аңдардан алынады.
Дүние жүзілік нарыққа су құндызының терісін Франция, қара су құндыздікін-Дания, қатардағы аң терісі өнімдерін – Грекия, жоғары сапалы аң терілерін Италия, Ресей, Канада шығарады.
Қой шаруашылығы жақсы дамыған Испания, Италия, Түркия, Иран, Ауғанстан, Оңтүстік Африка Республикасы, Аустралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Уругвай сяқты елдер қой терілерімен одан тігілген тондарды экспорттайды.
Қазіргі кезеңде дүние жүзілік нарыққа аяқ киім шығаратын басты елдерге Қытай, Италия, Үндістан, Испания, АҚШ, Франция, Португалия, Ұлыбритания, ГФР т.б елдер жатады. Аяқ киім тігудің көптеген дамушы елдерде біршама өскені байқалады. Ал Қытай дүние жүзіндегі ең ірі аяқ киім өндіруші, (спорттық, жеңіл, үй ішінде киетін аяқ киім) әрі экспорттаушыға айналды. Қазіргі кезеңде Азияның жаңа индустрялы елдері тарапынан туындаған бәсекелестікке, Португалия, Испания мен Италия сыяқты өнім өндіретін жаңа мемлекеттердің шығуына байланысты Ұлыбританияда, Германия, Франция т.б экономикасы дамыған елдерде аяқ киім өндіру көлемінің біршама кемуі байқалуда.
1990 жылдардың басынан бастап Шығыс Еуропа мен ТМД барлық елдерінде аяқ киім өнеркәсібіңің өнімін шығару күрт төмендеді. Атап айтсақ 2000 жылы Украинада аяқ киім тігу 200 ден 13 млн; Қазақстанда 40 тан 0,7; Белорусь Республикасында 47 ден 15 млн жұп аяқ киімге дейін төмендеді. Дамушы елдерде нарықтың сұранысын бейімделіп өнім түрлерін өндіруге оңтайлы ірі және шағын фабрикалар тіпті үйде тігетін шеберханалар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет