Балық аулау ─ адамзат ежелден айналысқан, құрамында ағзаға қажетті құнды ақуыздар бар, дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды саласының бірі болып табылады. Дүние жүзінде жылына ауланатын балықтың 1/10 бөлігін тұщы сулардан, қалғанын мұхиттар мен теңіздерден аулайды. Ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 64%-ы ─ Тынық, 27%-ы ─ Атлант, 9%-ы ─ Үнді мұхитының үлесіне тиеді. Дүние жүзінің балық ауланатын басты ауданы Тынық және Атлант мұхиттарының материктік қайраңдары болып табылады. Балық аулайтын басты елдерге Қытай, Перу, Жапония, Чили, АҚШ, Үндістан, Ресей, Корея Республикасы, Норвегия мен Исландия жатады.Дүние жүзінде ауланатын балықтың тең жартысына жуығы Жапонияның, Қытайдың, Реседің, АҚШ-тың, Чилидің, Перудің үлесіне тиеді.
10.3 Дүние жүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын заттар өндіретін кәсіпорындардың үйлесімділігі. Оның құрамына экономиканың ең ескі салалары тоқыма, тігін, теріаяқ киім, былғары өнеркәсіптері кіреді.
Киім тігу үшін мата талшықтарын, тері мен былғарыны өңдеуді адамдар бағзы замандардан бастап игерген. Уақыт өте келе, химиялық талшықтар жасанды тері сияқты шикізаттың жаңа түрлерін қолданып, өндіріске сән әсер етіп өнім сапалары да біртіндеп арта бастады. Қазіргі кезеңде жеңіл өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымы да өзгерді. Егер бұрын киім мен аяқ киімді шағын шеберханаларда дайындалса қазір онда негізінен ірі компаниялар жұмыс істейді. Киім мен аяқ киімнің жаңа сәнді үлгілерін жасап оларды ірі компаниялар өндіріске енгізетін сән үйлерінің де рөлі ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл компаниялардың өндірістік базаларының белгілі бір бөлігі дамыған елдерден шикізат пен арзан жұмыс күштері бар дамушы елдерге қарай ығысты. Қазіргі кезеңде экономикасы дамыған елдер элиталы және қымбат бағалы өнімдер өндіреді. Сәннің ірі орталығы Париж, Лондон, Нью-Йорк болып табылады.
Жеңіл өнеркәсіпке өнеркәсібі шикзат база қызыметін аыл шаруашылығынан басқа жасанды және синтетикалық материалдар (синтетикалық талшық пен каучук т.б.) шығарадын химия өнеркәсібі (органикалық синтез химиясы) атқарады.
Экономикасы дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ірі және шағын қалаларда кейбірі ауылдық елді мекендерде де орналасады. Дамушы елдерде шағын ауылдарда (тіпті жекелеген үйлерде) дамуымен ерекшеленеді. Кейбір ауылдарда өндірілген жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорттық маңызы бар.
Соңғы жылдары кеңінен қолданатын өнім өндіретін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыруда шешуші орынды өндіріс технологиясының деңгейі емес, арзан жұмыс күші алуда. Оған жаңа индустриалы және басқада дамушы елдерде жеңіл өнеркәсіп салаларының шоғырлануы дәлел болады. Бірақ аса қымбат сәндік киімдері тігетін салалары экономикасы дамыған елдерде жақсы дамыған.
Қазіргі кезеңде дамушы елдерде әсіресе зергерлік бұйымдар, былғары, фарфор өнеркәсіптері орналастырылуда Жеңіл өнеркәсіп құрамындағы тоқыма, тігін және аяқ киім салалары әлңіде көшбасшы болып саналады.