5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет90/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Азияның экономикалық кеңістігінде дүние жүзінде өзіндік ерекше орны бар екі алып ел — Қытай және Үндістан көзге түседі. Азияның әлеуметік-экономикалық моделі дәстүрлі және қазіргі дүние дамуымен үйлесімді келеді.
Азияның социалистік даму үлгісіне мемлекеттік социалистік экономиканы ұйымдастыру қағидасы — "саяси қысым" әдісін қолдану тән, яғни "автаркиялық" (жекелеген елдің шеңберінде томаға түйық шаруашылық құру) және "тәуелді даму" қалыптасқан. Мұндай модельдің алғашқы түрі ҚХДР-да пайда болып, ол өз күшіне тірек еткен концепциялық нұсқада, яғни дүниежүзілік шаруашылықтан оқшау дамуды қалады.
Екінші үлгі—Монғолия, Вьетнам, Лаос сияқты елдердың шаруашылықтары толығымен Кеңес Одағы экономикасына тәуелді сипатта дамыды. Бұл жағдайда "Саяси паразитизм", шаруашылық стимул (ынталану) мен бәсекелестіктің болмауынан өндіріс ыдырауға ұшырады. 90-жылдардың басында Вьетнам мен Лаос шығыс азиялық үлгілік дамуды басшылыққа алып, өздерінің алдарына Жаңа индустриялы елдер қатарына қосылуды мақсат қойды. Моңғолия дүниежүзілік экономикада өзінің бай табиғат ресурстарын пайдаланып, өз орнын табуға ұмтылып отыр.
"Үшінші жол" деп аталатын Қытай үлгісінде — "қондырма" әдісі ерекше сипат алған. Саяси тұрақтылық, күрделі қайшылықтардың болмауы және жойқын соғыссыз, халықтың жалпы өмір сүру қарқынының көтерілуі Қытай моделінің құндылығын айқындады. Экономистердін басым көпшілігі дамудың мұндай моделін "екі орындықта отыру" деп санайды және бұл модель ұзаққа баруы үшін "негіз" бен "қондырғы" біріне-бірі сәйкес болуы керек дейді
Ауыл шаруашылығы. Азияның көптеген елдерінде экономикалық белсенді халықтың басыим бөлігі ауыл шаруашылығында еңбек етеді.Тұтастай алғанда тауарлық және тұтынушылық ауыл шаруашылығы, помещиктік егіншілік, шаруалық жер пайдалану, азық-түліктік дақылдардың басым болуы тән.Көптеген елдерде азық-түлік мәселесі әлі шешілмеген. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның ондаған миллион адамдары аштық тан зардап шегуде..
Агроклиматтық жағдайларына сәйкес үш ірі ауыл шаруашылық аудан қалыптасқан. Олар: Шығыс, ОңтүстікШығыс және Шығсыс Азияның муссондық секторын қамтитын күріш пен біршама биік бөлігінде шай өсіретін аудан; субтропиктік дақылдар өсіретін (Жерорта теңізі жағалауы) аудан; бидай, тары өсіретін жайылымды мал шаруашылығы дамыған аудан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет