5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет98/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Нәсілдік, ұлттық құрамы. АҚШ — көп ұлтты ел. Ресми түрде ел азаматтары шыққан тегіне қарамастан, америкалықтар деп аталатын біртұтас ұлтқа бірігеді. Нәсілдік ерекшеліктеріне қарай америкалықтар 3 топқа ажыратылады: еуропалықтар (халықтың 84%-ы); африкалықтар (12%) және азиялықтар (4%).
Қазіргі кезде АҚШ-тағы байырғы халық — үндістердің үлесі 1 % шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек XIX ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн-га жуық адам осында қоныс аударған. Соңғы жылдары олардың арасында мамандану деңгейі және білім дәрежесі жоғары азаматтардың саны артқан. Қазіргі кездегі шектеулерге қарамастан, иммигранттар есебінен ел халқы жылына 1 млн адамға артты.
Қоныстануы. Ел аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. АҚШ халықтың орташа тығыздығы (1 км2 -ге 28 адам) жөнінен дүние жүзінде он сегізінші орын алады. Халық тығыз қоныстанған аудандар қатарына Атлант мұхитының жағалауы мен Ұлы көлдер маңы, батыстағы Калифорния штаты жатады. Мұнда 1 км2 -ге 200—400 адамнан келеді. Аляска мен таулы аудандарда халық сирек қоныстанған. Таулы аудандарда халықтың тығыздығы 1 км-ге 1-10 адам ғана болады.
АҚШ халқының 3/4-і қалада тұрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар.Қазіргі кезде АҚШ-та аса ірі үш мегалополис бар. Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан Солтүстік-Шығыс мегалополисін қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург арасындағы Көлмаңы мегалополисін "Чипиттс", Сан-Франциско мен Сан-Диего қалалары аралығында орналасқан Калифорния мегалополисін "Сан-Сан" деп атайды.
14.1-.кесте, АҚШ-тағы ірі мегалополистер



р/с

Мегалополис аты

Құрамын дағы
аглоерация саны

Халық саны, млн адам

Жерінің ау
даны, мың км2

Басты білік бойымен
ұзындығы, км

1

Босваш

40

45

100

800

2

Чипиттс

35

35

160

900

3

Сан-Сан

15

18

100

800




Барлығы

90

98

360

2500

АҚШ-та ауыл халқы, негізінен, бір-бірінен оқшау орналасқан фермаларда тұрады. Олардың тұрмыс жағдайлары қалалықтардан аса үлкен айырмашылық жасай қоймайды. Бұл жалпы америкалықтардың өмір салтына тән бірыңғай стандарттылықты көрсетеді. Яғни, АҚШ халқына ортақ америкалық өмір салты туралы айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет