5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Үндістанның халқы мен шаруашылығы



бет93/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

13.4 Үндістанның халқы мен шаруашылығы
Құрылымы және экономикалық географиялық жағдайы. Жерінің ауданы — 3 млн 288 мың км; Халқы — 1095,7 млн;адам (2004 ж.); Астанасы — Дели; Мемлекеттік құрылымы — федерациялық республика; Мемлекет басшысы — президент; Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сансад); Мемлекеттік тілі — хинди және ағылшын тілдері; Ұлттық валютасы — үнді рупиясыҮндістан -Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы - Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладешпен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянмамен (1463 км), солтүстігінде Қытаймен (3380 км), Непалмен (1690 км), Бутанмен (605 км), батысында Пәкстанмен (2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. ПІекарасының жалпы ұзындығы - 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Елдің жалпы ауданы — 3 млн 288 мың км2.
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашы-лығының дамуына қолайлығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады.
Табиғаты және табиғат ресурстары. Үндістанда 3 негізгі табиғат зоналарын бөліп қарауға болады. Шығыс және Батыс Гат тау тізбектерімен қоршалған Декан таулы үстірті Үндістан түбегін түгелдей дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы өз кезегінде екі бөліктен тұрады. Шығысында Ганг және Брахмапутра өзендерінің аңғарында ылғалды тропиктік орман, ал батысындағы Тар шөлі құрғақ аймақ болып табылады.
Пайдалы қазбалары: көмір (көмір қоры жөнінен дүние жүзінде төртінші орын), темір кені, табиғи газ, мұнай, марганец, титан кені, хром, алмас, слюда, әктас.Егістік жерге аумағының 55%-ы тиесілі, ормандар мен бұталар барлық жерінің 23%-ын алып жатыр.
Үндісанның халқы мен шаруашылығының салалық құрамы. Халқының саны —1095 млн адам, орташа тығыздығы шамамен әрбір км2-ге шаққанда 290 адамнан көп. Үндістан — көп ұлтты ел. Елдің көшпілігі (72%) үнді-арийлер (300-ден аса этностық топтар), дравидтер халықтың 25%-ын, монғол тектестер 3%-ын құрайды. Елде барлығы 500-ден аса ұлттар мен тайпалар мекендейді. Мемлекеттік тілі — хинди және ағылшын тілдері, сонымен қатар 14 тіл (бенгал, тамиль, телугу және басқа да) елдегі түрлі штат-тарда ресми тіл ретінде қолданылады. Хинди тілінің бір нұсқасы — урду Үндістанның солтүстігінде кең тараған. Жалпы елдегі тұрғындар 100-ден аса тілде және көптеген диалектілерде сөйлеседі.асты діндер — индуизм (халықтың 82,5%-ы), ислам (11,4%), христиан (2,4%), сикха (2%), будда (0,7%).
Үндістан — халықтың табиғи өсуінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Туу көрсеткіші әрбір 1000 адамға шаққанда 2 7,78 нәрестеден келсе, өлім-жітім әрбір 1000 адамға 10,07 адамнан (бала өлімінің деңгейі әрбір 1000 адамға 76,3 адамнан) келеді. Елдегі өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші ерлерде —58 жас, әйелдерде — 60 жас.
Халықтың жыныстық құрамына тән нәрсе — әйелдерге қарағанда ерлер көп. Халықтың 15 жастан үлкендерінің шамамен жартысына жуығы (ерлердің 64%-ы, әйелдердің 39%-ы) оқи және жаза алады, 31,7 млн еңбекке жарамды адамдардың 65%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Шаруалар өте басым, олардың көбісінің жері аз, тұрмыстары өте нашар. Жұмысшылардың көбісі ұсак, жартылай мердігерлік шеберханаларда жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет