5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет92/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

3. Оңтүстік Шығыс Азия (Сянган, Сингапур, Мьянма, Таиланд, Камбоджа, Вьетнам, Малайзия, Филиппин, Шығыс Тимор, Бахрейн, т.б.) Үндіқытай түбегін және көптеген аралдарды (15 мыңнан астам) қамтиды. Бұл аймақ дүниенің қуатты және ірі өркениетті екі елі—Үндістанмен Қытайдың аралығында орналасқан. Олармен көршілес орналасуы аймаққа буддизм, конфуцийлік және даосизмнің енуіне жағдай тудырады. Индонезия саны жағынан ислам дінін ұстайтын ең ірі мемлекет саналады (исламға сенушілік білдіретіндер саны жағынан). Субаймақта орналасқан дамушы елдер өздерінің экономикалық-географиялық жағдайларын тиімді пайдаланады. Әсіресе жаңа индустриялы елдер бұл жағдайды өздеріне қолайлы санауда. Оңтүстік Шығыс Азиянын дамушы елдерінде халықтың өмір сүру деңгейі ең төмен (Мьянма) және ең жоғары (Сингапур) деңгейде өзгеруде.
4. Шығыс Азия (ҚХДР, Корея, Қытай, Монғолия елдері) аймағы өте үлкен аумақты (Қытай елінің аумағы нәтижесінде) алып жатыр және табиғи тұрғыдан әрқилы болып келеді. Шығыс Азияны, әдетте, ерекше "жанды" мәдениетінің қалыптасуына қарай "Қытай әлемі" деп те атайды. Субаймақта даосизм және конфуцийлік, буддизм және ламаизм, синтоизм сияқты діни ағымдар қатар өмір сүреді. Осы күнге дейін бодандық жартылай бодандықты бастан кешкен терең феодалдық тамырлар және Қытайдың ұзақ жылдар бойы оқшау дамуы байқалады.
Бұрынғы КСРО-ның азиялық бөлігі және Орта Азия мен Қазақстан өте үлкен аумақты алып жатыр. Олар табиғатымен және халқының өртүрлілігімен ерекше-ленеді. Олардың үзақ жылдар бойы катар өмір сүруі нәтижесінде жалпыға бірдей әлеуметтік-экономикальщ даму калыптасты. Посткеңестік экономикалык мүра, сонымен катар бөрінің өлеуметтік мәселелеріне бірдей қарай отырып, оларды біртүтас Орталық Азия субаймағына біріктіруге болады.
5. Орталық Азия Еуропа мен Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Батыс Азия және Орал маңы үстірті аралығында жатыр. Аймаққа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан кіреді. Бұл елдерге мәдени-тарихи дамудың ортақ мүдделері тән. Аймақ арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан өте ертеден-ақ аймақта сауда және өнеркәсіп орталықтары дамыған.
Кейіннен Орталық Азия аймағы халықтарының біртұтас болуына КСРО-ның да тигізген үлесі бар. КСРО тарағаннан кейін бұрынғы Орта Азия елдері мен Қазақстан аумағында жаңа геосаяси кеңістік — Орталық Азия құрылды. Бұл геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан республикалары президенттерінің Ташкентте өткен саяси-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Аймақтың аумағы 4 млн км2-ден астам. Мұнда жалпы 57 млн-дай халық тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет