5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет19/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117
5.2. Дүниежүзінің орман байлықтары
. Жер шарының шамамен 4 млрд га жерін (шамамен 30% -ын) ормандар алып жатыр. Ол екі орман белдеуінен: солтүстік (қылқан жапырақты ормандар басым) және оңтүстік (97%-ы жалпақ жапырақты орманнан) тұрады. Орман алқаптары дүние жүзінде әркелкі таралған, ол географиялық орнына және климатқа байланысты. Мысалы: күн сәулесі жақсы түсетін, жауын-шашыны мол Латын Америкасы мен Азияда ормандар көп сақталған, ал құрғақ материк Аустралияда өте аз күйде. Аймақтағы жер көлемiнiң ондағы орман жамылғысының арақатынасын ормандылық деп атап, пайызбен есептейдi. Ең жоғары ормандылық көрсеткiшi:Латын Америкасында ─ 52%, ТМД елдерiнде ─ 37%, оның iшiнде Ресейде ─ 45%. Осы көрсеткiш бойынша жекелеген елдерде алдыңғы орындарда ─ Француз Гвианасы 95%, Суринам 91%, Гайана 85%, Папуа - Жаңа Гвинея 84%, Габон 81% елдерi келедi. Аустралияда ормандылық көрсеткiшi 11% шамасында. Орман алқаптары мардымсыз елдерге Кувейт ─ 0,3%, Бiрiккен Араб Әмiрлiгi ─ 0,1% болса, ал Оманда мүлде орман
жоқ.
Жер шарындағы орман байлықтарының жалпы қоры 4000 млн. га тең ол жер бетінің 30% алып жатыр. Жер бетіндегі ормандар түр құрамы мен таралған аймақтарына сай екі белдеуге бөлінеді. Олар қылқан жапырақты ағаштар басым солтүстік және 97% жалпақ жапырақты ағаштардан тұратын оңтүстік орман белдеулері. Жер шарындағы ормандар материктері мен аймақтарда әркелкі таралған. Орман алқаптарының ауданының ірілігі жөнінен Латын Америкасы ерекше көзге түседі. Ірі орманды елдердің қатарына Ресей, Канада, Бразилия, АҚШ, Индонезия, Заир тағыда басқа біраз елдер жатады. Ірі аймақтардың ормандылық көрсеткіші Латын Америкасы жоғары, Австралия төмен болуымен көзге түседі. Орман мен қамтамасыз етілуі жағынан аумағының 50% орман алып жатқан орманды, орташа орманды және ормансыз елдер болып үшке бөлінеді. Экваторлық, ылғалды тропиктік аймақтарда және қоңыржай белдеудің орман зонасында орналасқан елдер орманмен жақсы қамтамасыз етілген. Оңтүстік орман белдеуінің 2/3 бөлігін экваторлық ормандар алып жатыр. Ағаштың қоры жөнінен Ресей (75 млрд. м3) Бразилия, Канада, АҚШ жетекші орын алады. Ормандылық көрсеткіші жағынан француз Гвианасының сурикамның аумағының 90%, Гаяна мен Габонның 80% астамын, Малайзия, Жапония, Мьянманың, Индонезия, экватордың Бразилияның Финляндия мен Швецияның 60% астамын, Ресейдің 45% орман алқаптары алып жатыр. Солтүстік және Оңтүстік орман белдеулерінің аралығындағы аридті климатты шөлейтті аймақтардағы елдерде орман аз Қазақстан аумағының 10% жуығын орман алқаптары алып жатыр. Бахрейн, Катар, Ливия, Чад, Египет, БАӘ сияқты елдерде орман мүлдем жоқ.
Экваторлық және субэкваторлық ормандардың 33% Бразилия, 10% Индонезияның, 10% Колумбия, Перу, Үндістанның аумақтарында орналасқан. Қазіргі кезеңде жер бетінде жылына 11-12 млн. га орман кесілуде. Орман ағаштарын кесудің қарқыны табиғи жолмен қалпына келуден 10 есе артық болуда.Ганти, Ямайка және Сальвадорда ормандар мүлдем жойылған. Дамушы елдердің барлығының халқы ағашты отын ретінде пайдаланады. Біріккен ұлттар ұйымының азық түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) бағалауы бойынша 2000 жылы ағаш отынның тапшылығынан 2 млн адам зардап шекті. Аталған мәселе дамушы елдердің халқының тең жартысынан астамына тән.
Су ресурстары (тұщы сулар). Адамның физиологиялық қажеттілігін өтеуге тәулігіне 2,5 литр су жеткілікті. Жер щарының беткі ауданының 60% тұщы суы ауыз су жетіспейтін аймақ болып саналады. Дүниежүзі халқының төрттен бір бөлігі судың тапшылығын байқайды.1 млрд. халық тұщы судың жетіспеуімен ластануынан зардап шегуде.. Тұщы сулардың жалпы көлемi 2%-ды ғана құрайды. Оның басты бөлiгi Антарктида мен Арктикада және тау мұздықтарында. Адамның өмiрi мен шаруашылық iс-әрекетi тұщы суға бай­ланысты. Оның негізгі көзi ─ өзен және көл сулары. Суды тұрмыста, өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында пайдалану көлемi артып келедi. Дүние жүзінде тұщы су қоры әркелкi таралған. Жер бетінің 60%-ға жуығында тұщы су мөлшерi жетiспейді. Халық санының жылдам көбеюiне байланысты су қорларын пайдалану күрт өсіп, гидросфе­ра барған сайын ластанып, тұщы судың жетiспеу қаупi төнуде. Ағын су қоры жөнiнен дүниежүзiнде бiрiншi орында Бразилия (Амазонка өзені), сол сияқты Ресей, Конго, Канада, т.б. бірқатар мол сулы өзендері бар елдер су ресурстарына бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет