10.20-11.35
Мен, қазақ бауырларымыздың Түркияға келулерінің 70-жылында, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы кезеңінде Түркияда Қазақстан қатынастарының жаңа бір кезеңге өтетініне сенімдімін. 1952 жылы Түркияға келген қазақ бауырларымызды құшақ жая қарсы алған марқұм Премьер-министр Аднан Мендес пен оның әріптестерін ризашылықпен еске аламын. Алла барлығынан разы болсын. Түркияға келіп, дүниеден өткен қарияларымызға Раббымнан рақым тілеймін. Жатқан жерлері жәннатта болсын. Бүгінде сол кездегі қазақ қоғамының балалары мен немерелері Түркияда тұрады. Оларға да денсаулық тілеймін. Алла бұндай қайғы-қасірет пен ауыртпалықты ешкімге салмасын. Біз Түркістан географиясының бірлігі мен ынтымағы үшін, бейбіт Түркістан географиясы үшін бар күшімізді салуға тырысамыз. Қазақстан – үлкен мемлекет, қазақ елі – үлкен халық. Бауырынан талай мемлекет қайраткерлерін, ғалымдарды, ақын-жазушыларды шығарған ел. Алдағы уақытта «Қуғын-сүргін кезеңіндегі түркі әдебиеті» деген жобаны бастағалы жатырмыз.
11.55-12.23
Мен сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын. Қазақтарды әрқашан құрмет тұтамыз. Көшіп келген қазақ бауырларымыз бүгінде Түркия азаматтары. Олардың барлық құқығы сақталған. Екі елдің ынтымақтастығы мен екі ел халқының ынтымақтастығы алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін. Біз үшін ең бастысы – Қазақстанның гүлденуі және қазақ халқының бірлігі, ынтымағы, татулығы деймін.
135-C0007 Ахмет Бижан Ержиласун – Гази университетінің профессоры, Түрколог.
00.35-01.50
Менің атым Ахмет Бижан Ержиласун. Мен Түркология профессорымын. Гази университетінде 12 жыл бұрын зейнеткерлікке шықтым. Түрік тілі және әдебиеті және Түркология бағытында жұмыс істеймін. Түркология бағытын таңдамастан бұрын лицей оқушысы кезімде Хасан Оралтайды таныдым. Измир қаласында қоғам бар еді. Сол қоғамда Хасан Оралтаймен таныстым. Хасан Оралтаймен жақын дос болдық. «Түрік ошағы» жиналыстарында бірге болдық. Ол бізді Салихліге апарды. Салихліде оның әкесі, оның атасы Әлібек Хакіммен таныстым. Әлібек Хакімнің басқа да балаларымен, немерелерімен таныстым. Салихліге бірнеше рет бардық. Түрколог болдым. Түрколог атанғаннан соң да бұл тақырыптармен айналыстым.
Достарыңызбен бөлісу: |