06.40-08.06
Алдымен Сауд Арабиясы, Мысырға барып бұл екі елдің оларды қабылдауы үшін Иса Жүсіп Алптекинді жіберді. Өкінішке орай, Иса мырзаның Сауд Арабиясында, Мысырда болған кездесулерінде оң шешім ала алмады. Бір мезгілде Пешаварда болған Хамза Инан, Хасен Оралтай осы мәселемен айналысып, бұлардың да Түркия елшілігі арқылы Түркияға бару өтініштері қабылданып, қысқа уақыт ішінде босқындардың қабылдау мүмкіндігі берілді. Бірінші кезеңде, 1952 жылғы 15 наурыз айындағы Түркия Республикасындағы Министрлер кеңесінің шешімімен 1850 Шығыс Түркістаннан Түркияға қоныстанушы эмигрант ретінде қабылдануы қамтамасыз етілді. Осылайша Пешаварда, Сринагарда болған Шығыс Түркістан қазақтары, ұйғырлары жаңадан топ ретінде бірінші Үндістанның Мумбай қаласына, ол жерден кемелермен Парсы шығанағына, ол жерден поезбен Нусайбин, Анкара арқылы Ыстанбұлға жеткізілді. Ыстанбұлдағы Тузла ауданында жатақханалар бар еді. Сіркежіде бір қонақжай бар еді. Бұл адамдар Түркияға келісімен алдымен осы қонақжайларға орналастырылды.
08.40-09.55
Шығыс Түркістан қазақтарының жазған хаттарында, Тузла және Сіркежі аудандарына орналастырылған эмигранттар үйінде Шығыс Түркістандықтарға алдымен тамақ, сусындар, киім қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген. Олардың Түркия түрікшесін үйренулері үшін, латын әліпбиін үйрену мақсатында курстар берілген. Сонымен қатар, адамдардың кәсіби қабілеттеріне қарай, Түркияның түрлі аймақтарында орналастырылған. Мәселен, алғаш келгендерден тері саласымен, сауда-саттықпен айналысатындар Зейтінбұрнына орналастырылды. Егіншілікпен, ауыл шаруашылығымен айналысатындар Маниса, Салихлі, Нигде, Алтай ауылына орналастырылды. 1964 жылы келген тағы бір топ бар. Олар Кайсеріге орналастырылды. Осылайша өмірге икемделу кезеңдері басталған еді. Алғаш келген буынның Түркияда алғашында қиындыққа тап болса да, қысқа уақытта дініміз бен діліміз, ұлттық болмысымыздың ұқсас болуы олардың еркін сезініп, үйренісіп, аз уақытта жұмысшы, иммигрант ретінде қоғамда орын алғандарын білеміз. Білім алумен, сауда-саттықпен айналыса бастады.
10.40-11.45
Қоғамдық ортаға тез үйренісіп кеткен бұл бауырларымыз, Түркияда Сефа ауылы, Гүнешлі, Еврем ауданында, Зейтінбұрнұнда, Маниса, Салихлідегі қазақтардың және ұйғырлардың жергілікті халықпен тең, бауырлас болып өмір сүріп жатқандарын білеміз. Осылайша, Түркияға 1952 жылы келіп, орналасқан адамдардың балалары университеттерде оқытушы, мемлекеттік қызметте бірнеше салада мамандар, түрлі іскер азаматтар шықты. 70 жылда өздерінің ұлттық болмысын, салт-дәстүрлерін ұмытпады деп айта аламыз. Әрі осы қоғамның бір бөлшегі ретінде, қоғамның игіліктері мен жақсы істерінің дамуы үшін, нәтижелі үлкен істер асыратын ұрпақтар тәрбиеленуде.
12.30-12.38
Тағы бір маңызды жайт, Түркияда Оспан батыр аты сәбилерге беріле бастады. Яғни қазақ балаларына ғана емес, түрік балаларына да қойылады.
13.40-14.21
Көз жұмған қазақ бауырларымыздың кейінгі ұрпақтарына денсаулық, амандық тілейміз. Түркияға келгендері жақсы шешім болды. Сауд Арабиясына кетпегендері жақсы болды деп ойлаймын. Өйткені қазір білеміз, бұрын Сауд Арабиясына барып, қоныстанғандар өкінішке орай Араб мәдениетіне сіңісіп кетті. Түркияға 1952 жылдың соңыңда келген қазақтар әлі де қазақ тілін біледі, ұйғырлар ұйғыр тілін біледі. Ұлттық құндылықтарын жоғалтпады. Өз тілінде сөйлесе алады, салт-дәстүрлерін ұстануда. Осылайша қоғам болып, бауырлас болып өмір сүруді жалғастырудамыз. Келгендері, амандықта болғандарына қуаныштымыз. Осы орайда 70 жылдық мерейтоймен құттықтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |