6-C0002 Абдуллах Өздемир – Бағжылар ауданының әкімі. 02. 40-04. 05



бет5/8
Дата11.11.2022
өлшемі36,41 Kb.
#49357
1   2   3   4   5   6   7   8
03.14-03.34

Пәкістаннан теңіз жолымен Ирактың Басра аймағына, Басрадан Карайолыдан Бағдатқа, Бағдаттан темір жолмен Түркияға қазақ бауырларымыз келді. Айтқанымдай бауырларын түрік халқы құшақ жая қарсы алды. Бұл көші-қон марқұм Аднан Мендерес премьер-министр болған жүзеге асты.




04.15-05.05

Сол кездегі Түркияның жағдайына орай, Түркияға жаңадан келген бұл ағайындарды ең жақсы жағдайда қарсы алды. Ыстамбұлда, Зейтінбұрнұ, Тузла және Сиркежіде бұл имигранттар баспаналарға орналастырылды. Одан кейін оларды Түркияның әртүрлі қалаларына қоныс аударуға жөнелтілді. Олар Кайсеридегі Яхялы мен Девели, Манисадағы Салихлі, Нигдедегі Алтай ауылына және Кониядағы Исмилге кейін қоныстандырылды. Сол кездегі премьер-министр Аднан Мендересте қазақ бауырларымызға қонаққа барды. Оларға сыйлықтар әкелді. Мемлекетіміздің жанашырлық қолын созды.




05.40-06.08

Ол кезеңде әрине қиын жағдайларда Түркияға келген қазақтар сол уақытта еңбекқорлықтарымен орналасқан жерлеріне бірден бейімделді.


Олар мен айтқан Маниса, Измир және Кайсериде қоныстанған жерлердегі ауылшаруашылығымен ауылдарда, қалаларда тез арада өз орнын тапты. Одан кейінгі кезеңде осы қазақ диаспорасынан шыққан көптеген инженерлер мен мамандар еліміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосты.
06.30-07.16

Әлемде 40-тан астам елде қазақ бауырларымыз бар. Қазақ диаспорасы бар. Біз де қазақ диаспорасы мәселесімен айналысатын Отандастар қорымен тығыз байланыстамыз. Түркиядағы Қазақ диаспорасының бірлік пен ынтымақта болуына үлкен мән береміз. Әрине, қазір Түркияда он мыңнан астам қазақтар өмір сүріп жатыр. Қазақ диаспорасы бар. Бірақ 1950 жылдарда қазақ бауырларымыздың Түркияны таңдауы кездейсоқ таңдау емес. Дұрыс таңдау, бауырлас ел ретінде қарағандары үшін және бұрындары Түркия арқылы қажылыққа барған қазақ қажыларының Түркияға бару туралы ақыл-кеңесі нәтижесінде Түркияға келген қазақтар бар.




08.38-10.00

Түркия – Қазақстан байланыстары жаңа кезеңде өте жақсы қарқынмен дамуда. Құрметті президент Тоқаевтың Түркияға жақын арада келген іссапарын жоғары бағалаймыз. Осы тұрғыдағы қарым-қатынастарға қарасақ, 1991 жылы тұңғыш тәуелсіздік алған кезде 1992 жылы Қазақстаннан Түркияға Түркияның «Үлкен Стипендиялық жобасы» аясында екі мың студент Түркияға оқуға келді. Қазақстаннан Түркияға бүгінгі таңға дейін 6000 студент грантпен оқуға келген. Өз қаражатымен оқу үшін де көп студенттер келді. Бұған қоса, Түркия мен Қазақстан, Түркі мемлекеттері аясында көптеген салаларда қарым-қатынастарды дамытқан. Ортақ мәдени және өнер шаралары ұйымдастырылады. Қазақстанның «Отандастар» қорымен өте тығыз қарым-қатынастамыз. Жаңа басшы Абзал мырзамен бірге тәжірибе бөлісу бағдарламасын жасаймыз. Түркі Мемлекеттері Ұйымының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың наурыз айында Бурса қаласында Түркі диаспорасы форумын өткіздік. Тіпті Қазақстанның Еуропадағы өкілі, Еуропа қазақтар федерациясының президенті Мұрат мырза да іс-шараға келіп, өзін Еуропада тұрып жатқан қазақтардың атынан Түркі диаспорасы қатынастарының қалай жақсартуға болатынын мысалдармен түсіндірді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет