03.10-03.30
Біз мұнда жаңа мәдениетті қалыптастырдық деп ойлаймыз. Жаңа мәдениет ұйысуда. Мұнда қазақ мәдениетінің қосқан үлесі зор. Мысалы, Зейтінбұрнында тұратындардың барлығы қазақ мантысы мен палауын біледі. Бұл тағамдарды сүйіспеншілікпен жейді. Зейтінбұрну көшелерінде бұл дәмдерден тататын көптеген орындар бар.
04.00-05.39
Сонымен қатар, біздің мәдени орталыққа театр-концерттік бағдарламамен келетін, Қазақстан мемлекеттік ұйымдарының қойылымдарын бауырларымыздың тамашалауы, жоғарыда атап өткен жаңа мәдениеттің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Сондай-ақ, осы қазақ көшінің нышаны Зейтінбұрны болғандықтан, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімдерін ауданның бұрыш-бұрышанан кездестіруге болады. Басты және тарихи көшелеріміздің бірі Абай көшесі деп аталады. Зейтінбұрнұндағы үлкен мектеп Абай мектебі деп аталады. Абай мектебінде де, Зейтінбұрнұ алаңында да Абай бюсті Зейтинбұрнымызға көрік беріп тұр. Шындығында, бауырластар ретінде Зейтинбұрны халқы қазақпен етене араласып жатыр. Біз 70 жыл бойы үлкен бауырластық болмысында бірге өмір сүріп келеміз.
6-C0004 Өмер Кул – Ыстанбұл университетінің профессоры
00.20-01.00
Алдымен Түркияға қош келдіңіз! Мен доцент, доктор Өмер Кул. Ыстанбұл университеті, Түркият зерттеулері институтынанмын. Жалпы түрік тарихы, кафедра оқытушысымын. Докторлық зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Шығыс Түркістанда ұлттық күрес, тарихтағы маңызды тұлға Оспан батыр Исламұлы». Әрине, онымен бірге Шығыс Түркістанның саяси жағдайы, тарихы, қазіргі уақыттағы жағдайы. Түркиядағы Шығыс Түркістандықтардың өмір сүру кезеңдері жайлы зерттеуші ретінде жұмыстардың ішіндемін.
04.00-04.48
Көштің жүретін бағыттары бойынша шешіп қабылданып, осылайша тарихтың ең қайғылы, ең үлкен, ең қаралы көштің оқиғасы 1947-1949 жылы қыркүйек айында басталған еді. Менің ойымша, бірінші топ 1949 жылы 16 қыркүйекте Үрімжіден кеткен. Әртүрлі қиындықпен бұл сапарды бастан өткерді. Ең қатерлі көште Оспан батыр мен Жанымхан қажылар болған. Баркөл арқылы Бисан тауынан Гаскөлге түсіп бара жатқан бағыттағы жолда бірнеше қақтығыстарға тап болды.
Достарыңызбен бөлісу: |