Талқыланатын сұрақтар: 1. «Тәрбиелік іс-шара», «тәрбиелік іс» ұғымдары. Тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау, моделдеу және іске асыру кезеңдері. Іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар, педагогикалық талдау.
2. Ұжымдық шығармашылық істі (ҰШІ) ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. ҰШІ-тің тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру шарттары.
3. Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
«Тәрбиелік іс-шара», «тәрбиелік іс» ұғымдары.
Тәрбиелік іс - бұл тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастырудың және іске асырудың бір түрі.
Тәрбиелік іс-шара - бұл оқушылар қызметін ұйымдастырудың оперативті, уақытша, өзгертілген алуан түрлі амалдары.
Тәрбиелік іс-шара оқушылар қызметін ұйымдастырудың оперативті, уақытша, өзгертілген алуан түрлі амал.
«Іс-шара» ұғымының орнына бүгінде «ұжымдық шығармашылық жұмыс» деген ұғымдар қолданылуда.
Бұл жұмыстар мектеп оқушысының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Тәрбиелік іс» тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастырудың және іске асырудың бір түрі.
Тәрбиелік іс-шараларға тұтас мектептің тәрбиелік әрекеті мазмұнын жаңарту жолында ерекше мән беріледі.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы, онда пайдаланылатын жаңа технология қаншалықты әр түрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл, әрі табысты болады.
Сынып, сыныптан тыс және мектептен тыс (оқудан және сабақтан тыс) тәрбие жұмысы тәрбие сағатында, сабақтан тыс уақытта мектепте, мектептен тыс мекемеде, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде, тұратын жерінде баламен және жасөспіріммен жүргізілетін жұмыстар.
Тәрбие жұмысының міндеттері: жан-жақты тәрбиені іске асыру; қоғамдық және танымдық белсенділікке тәрбиелеу; алуан түрлі білім салалары мен іс-әрекет түрлеріне тереңірек қызығушылығын ояту; қабілеттерді айқындау және дамыту; кәсіби бағдар беру; бос уақытты мәдени ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысының қағидалары: оқудан тыс сабақтың формасын және бағытын таңдаудағы еріктілік, еркінділік; тәрбие жұмысының мақсатын кешенді тұр,ыдан жүзеге асыру, жүйелілік; баланың ынталығы мен дербестігі, тұлғалық бағдарлығы; қиялдану, ойын, қызығушылық; көпшілік, жекелік және ұжымдық жұмыс формасы; оқудан тыс тәрбие жұмысының барлық түрінің сабақтастығы мен өзара әрекеттестігі.
Тәрбие жұмысының түрлері: мазмұны бойынша: жалпы – дәріс, кеш, байқаулар; арнайы – этетикалық және азаматтық тәрбиенің формасы, т.б.; қатысушылардың саны бойынша: жеке; топтық; көпшілік.
Сондықтан тәрбиелік іс-шараның мынадай функцияларын атап өтуге болады:
- қоғам мен ортаның жаңғыруы, кәсіби өзін-өзі тануы және үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаның әлеуметтенуі үшін педагогикалық жағдайлар жасауы;
- жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттар жағдайында тұлғаның өз қабілеттерін іске асыруға, ұлттық және әлеуметтік мәдениетке бағытталуы;
- білім беру кеңістігінің бірегейлігін қамтамасыз етуі;
- тәрбиелік кеңістіктің мазмұнын жаңартылуы;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында базалық құндылықтарды меңгеруі.
Тәрбиелік іс-шараларды өткізу серіктестік, бірлескен шығармашылық, бірлескен әрекет тұрғысындағы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие мақсаттарына жету амалдары бұл Тәрбиенің тұжырымдамалы негіздерінде белгіленген тәрбиелік жұмыстағы басым бағыттар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі нің 2015 жылғы «22» сәуіріндегі № 227 [7] бұйрығымен бекітілген):
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
- рухани-адамгершілік тәрбие;
- ұлттық тәрбие;
- отбасы тәрбиесі;
- еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
- көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
- зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
- дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.