6. Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі Талқыланатын сұрақтар


Ұжымдық шығармашылық істі (ҰШІ) ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. ҰШІ-тің тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру шарттары



бет4/8
Дата27.10.2022
өлшемі48,24 Kb.
#45778
1   2   3   4   5   6   7   8
2. Ұжымдық шығармашылық істі (ҰШІ) ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. ҰШІ-тің тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру шарттары.. Тәрбиелік істің негізгі ерекшеліктері: қажеттілігі, пайдалылығы, іске асырылатындығы. Тәрбие үрдісі өзара қиылыспайтын тәрбиелік істердің тізбегінен тұрады. Тәрбиелік істер ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие болады, сондықтан ұжымдық тәрбиелік істер (ҰШІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.
Ұжымдық шығармашылық іс әдістемесін ХХ ғасырдың 60-жылдары И.П.Иванов жасады. Ол бұл іс-әрекеттің төмендегідей мәнін ашып көрсетеді:
- қоғамдық іс, өйткені ол өз ұжымының өмірі мен айналадағы өмірді жақсарту үшін қамқорлық жасайды, жалпыға бірдей қуаныш пен игілік әкелуге арналған практикалық және ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы болып табылады;
- ұжымдық іс, өйткені ортақ азаматтық қамқорлық ретінде мұны оқушылар мен тәрбиешілер бірлесіп жоспарлайды, дайындайды, талқылайды және іске асырады;
- шығармашылық іс, өйткені ойластырылған істі жоспарлаудың, іске асырудың, істелінген істі бағалаудың негізінде барлық оқушылар тәрбиешілермен бірге болашаққа сабақ ала отырып, тәрбиешілердің басшылығымен өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешудің жетілдірілген жолдарын, тәсілдерін, құралдарын іздестіреді, оның үстіне бұл догмаға айналмай, шаблон бойынша істелінбей, әрқашан жаңа нұсқалар түрінде көрінеді. Бұл әдістеме коммунарлық деп аталды, оның негізгі мақсаты ұжымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Қазіргі уақытта да ұжымдық іс-әрекет, дербес және ұжымдық шығармашылық арқылы ересектер мен балаларды ынтымақтастыққа үйретуді көздейді.
Ұжымдық тәрбиелік істердің негізгі кезеңдері мыналар:
- мақсат қою (жағдайды талдау, тәрбие мақсаттарын айқындау);
- ұжымдық тәрбиелік істі ұжымды түрде жоспарлау;
- істі ұжымды түрде ұйымдастыру және әзірлеу;
- ұжымдық тәрбиелік істі өткізу;
- ұжымды түрде қорытындылау (қол жеткізген нәтижелерді талдау).
Ұжымдық тәрбиелік істерді жоспарлау ұжымның жалпы жиынында өтеді. Жоспаралау барысында мынадай мәселе айқындалуы тиіс: бұл істі кім үшін өткізу керек? Оны қалай жақсы өткізу керек? Бүкіл ұжым немесе жекеленген шағын ұжымдар (қалауы бойынша) немесе еріктілер қатысқан жөн бе? Іске кім басшылық жасауы керек? Қашан өткізу керек?
Күрделі тәрбиелік істерді тізбекті сызба әдісімен жоспарлауға болады. Мұндай жоспарда көрнекі және қабылдауға жеңіл болатындай етіп мақсатміндеттерді, оларға жету жолдарын, қатынасушыларды, жұмыстың формалары мен әдістерін, аралық кезеңдерді айқын көрсету және идеяны түсіну үшін қосымша ақпараттар беру көзделеді. Тізбекті сызбалар көрнекі жерге ілінеді. Өткізілген бөлімдер арнайы белгімен белгіленіп отырады.
Жоспарлау барысында мынадай талаптарды басшылыққа алу керек:
- тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне сүйену, жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
- жоспарға ұжымдық сипат беру, барлық ұжым мүшелерінің жоспарлауға қтынасуына мүмкіндік туғызу;
- оқушылармен бірлесе отырып, жоспарлау тәсілдерімен танысу.
Ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру технологиясы мынадай қағидаларға негізделеді:
- алдағы жұмыстың мақсатын нақты айқындау, басынан аяғына дейін толық шолу жасап шығу;
- әрбір ұжым мүшесінің міндеттерін нақты көрсетіп беру;
- алдағы жұмысқа қажеттілердің барлығын дайындау;
- қол жеткізуге болатын нәтижелер мөлшерін бекіту;
- жауапты адамдарды тағайындау, есеп беру уақытын белгілеу;
- әрбір орындаушыларға істі жүзеге асыру бойынша нақты нұсқаулар беру.
Ұжымдық тәрбиелік істерді талдау үлгісі:
- жоспарланған шаралардың бәрі жүзеге асырылды ма;
- іс бағдарламасының мазмұны қойылған мақсатқа сай болды ма;
- ұйымдастыру деңгейі қойылған мақсат, міндеттер мен талаптарға жауап берді ме;
- қандай жетістіктер болды, оларға қалай және ненің арқасында қол жеткізілді;
- тәрбиелік іс уақытында өткізілде ме;
- қандай кемшіліктер болды, неліктен, оларды болашақта болдырмаудың жолдары қандай;
- тәрбиелік іс оқушыларды қанағаттандырды ма, қандай мәселелерді болашақта ескеру керек;
- тәрбиелік іске қатынасқан әрбір ұжым мүшесі қандай бағаға ие болады;
- келесі тәрбиелік істерге қандай жаңашылдықтар енгізу керек? Ұжымдық тәрбиелік істерді талдау ұжым жиынында бірлесіп шешіледі. Жиынды жүргізушілер осы мәселерді дұрыс шешудің ұжымдық ізденісіне бағыт береді, айтылған пікірлер мен ұсыныстардың құндысын жүйелейді және жинақтайды.
Ұжымдық тәрбиелік істерді талдауға оқушылардың тіелей қатынасуын басқа да әдістер – әңгімелесу, сауалнама, қабырға газеттері немесе шығармашылық есеп арқылы жүзеге асыруға болады.
Әртүрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық - пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың сан алуан түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады.
ҰШІС постулаттары:
-ұжымдық шығармашылық;
-бірыңғай іс және оған ерікті түрде қатысу;
-қызмет түрлерін таңдау еркіндігі;
-ересектер мен балалар Достастығы;
-шығармашылық дарынды көшбасшылардың әсерінен ұжымды дамыту.
Ұжымдық істердің түрлері:


Еңбек ҰШІ (мысалы: "еңбек десанты")


Интеллектуалды ҰШІ (мысалы: "Брейн-ринг")


Көркем ҰШС (мысал: көркем-эстетикалық шығармашылық)


Спорттық ҰШІ (мысалы: "Спартакиада")


Экологиялық ҰШІ (мысал: табиғаттың тірі әлеміне қамқорлық)


ҰШІ бағыты-қарым-қатынасқа, танымдық белсенділікке ұмтылу.

осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдердің сөз сөйлеуі.


Қосымша білім беру жүйесінің жұмысы оқушының жеке тұлға ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайтын тұлғаға бағытталған білім беру технологиясын қолдануды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет