60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет140/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   179
жер, су, ауа, от. Осы төрт нәрседен әлем құралады. Ал «Құтты білікте» қоғамдағы, 
өмірдегі үйлесім осы төрт нәрседен тұрады. Олар төрт кейіпкердің атымен аталады: 
Күнтуды – Әділет бейнесі; Айтолды – әділ уәзір, Бақыт бейнесі (құт); Өгдүлміш – 
уәзірдің баласы, Ақыл-сана бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, Қанағат бейнесі 
[1, 10 б.]. Осы бір көлемді дастанның сюжеттік желісінде баяндалатын пәлсапалық 
ойлар мен даналыққа толы пікірлер – мемлекетті басқару ісіне арналған. «Мемле-
кетті қалай дұрыс басқару керек? Адамдарды қалай бақытты етуге болады?» тәрізді 
сауалдардың жауабын іздеген ойшыл: «Бектер адал болса, ел өмірі оңалар еді», – 
дейді [1, 28 б.]. Ғасырлар бұрын айтылған бұл пікір әлі де өзектілігін жойған жоқ. 
«Құтты білік» дастаны – түркілік әдебиеттің қайнар бастауы. Дегенмен де, дастан-
ның композициясы шығыстық баяндау сарынын незіге ала отырып жазылған. Яғни, 
Алла тағаладан бастап, Пайғамбар, сахабаларды, ізгі тақуа жандарды мадақтаудан 
басталады да, дүние мен ақырет әлемі салыстырыла суреттеледі. Бұл дастан көпте-
ген тараулардан құралып, әрбір тарауы жыр жолдары арқылы белгілі бір ақиқаттың 
мәнін ашады. «Дастан көне түркі өркениетінің тетігі болғанымен жалпы адамзат-
тық, адамгершілік, имандылық мұраттарды терең толғап, күллі адам баласына тән 
ізгі қасиеттерді ұлағат етіп ұсынады» [3, 18-21 б.]. 
Дегенмен, бұл орта ғасырларда ел басқару жайында қалам тартқан жалғыз ең-
бек емес. Ел басқарудың қыр-сырын ұғындырған келесі бір шығарма – 1513 жылы 
жазылған Никколо Макиавеллидің «Государь» еңбегі. Н. Макиавелли – италиян-
дық философ, жазушы, саясаткер, флоренциялық дипломат, саяси теоретик, сая-
си биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Италияның Флоренция қаласын-
да заңгерлер отбасында дүниеге келген. Осы тарихи фактор кейін оның саясатпен 
араласуына септігін тигізді. Орда бұзар отызға жақындаған сәтінде Флоренцияның 
екінші концепциясының хатшысы болып тағайындалады. Он төрт жыл бойы билік-
ке араласқан жазушының ел басқарудың түрлі кезеңдерін басынан өткізіп, әртүрлі 


284
әдіс-тәсілдерін үйренеді. Флоренция құлағаннан кейін ол да жұмыстан босатыл-
ды. Ендігі кезекте, оның билікпен араласуына мүлдем тиым салынады. Өмір ағы-
мы оны жазушылық жолға түсіреді. Саясаткердің айтар уәжі де саясаттан бастау 
алады. Н. Макиавеллидің ел басқару, билік туралы ой-пікірлері мен дүниетанымы 
толығымен баяндалған еңбек – «Государь» трактаты. Аталмыш еңбек «Мемлекет-
тің түрлері», «Елді немесе қаланы басқару», «Жауыздықпен келген билік туралы», 
«Мемлекеттің қуатын қалай өлшеуге болады?», «Әскер түрлері», «Ел билеушілерін 
қандай қасиеттері үшін мақтайды немесе даттайды?», «Жомарттық пен үнемділік 
жайлы», «Ел билеушілерінің берген уәдесін орындауы туралы», «Қамал қорған-
дардың пайдасы бар ма?», «Ел билеушісі құрметтелуі үшін не істеуі керек?», «Ел 
билеушілерінің кеңесшілері туралы», «Жағымпаздардан қалай құтылуға болады?» 
және т. б. тараулардан тұрады. Баяндалуы да қара сөз кейіпінде, кеңес бере отырып 
әр жағдайға пәлсапалық ой жүгіртіп отырады және оны алыс-жақын тарихи оқиға-
лардан мысал келтіре отырып дәлелдейді. «Государь» еңбегі билеушіге ел басқару 
тәсілдерімен бөлісе отырып, түрлі кеңестер береді. Бұл шығармада жазылған ел 
билеушісіне және билікке қатысты кеңестерді шартты түрде төмендегідей жіктеп 
қарастыруға болады: 
1) Ел билеушісі (Государь) бойындағы жақсы және жаман қасиеттер. 
2) Билік жолындағы құйтырқы айла-тәсілдер. 
3) Мемлекеттердің түрлері. Әскер түрлері. Оларды басқарудың тиімді жолдары. 
4) Италия жеріндегі саяси ахуалдар және Италияны азат етуге шақыру. 
Жалпы алғанда, «Государь» шығармасындағы Н. Макиавелли ұсынатын негізгі ой: 
«билеуші билігін сақтап қалу үшін кез-келген нәрседен тайынбау керек». Әрине, бұл 
тұжырымдардың да белгілі бір себептері бар, елді тек қана жауыздықпен басқару ке-
рек деген шолақ ой дұрыс емес. Өйткені, Н. Макиавелли бір жерде: «елдің болашағы 
жарқын, жұрты бірлікте болу үшін ғана» – десе, енді бір жерінде: «билеуші өзінің 
жақсы атағын елдің маңызды мәселелері жолында құрбан ете білуі керек» – деп, екі 
мақсаттың бірін таңдау керек болса үнемі билікті сақтап қалу жолындағы іс-әрекетке 
шақырады. Бірақ, «Государь» трактатында келтірілген барлық адамгершілікке кере-
ғар кеңестер тек халықтың қамы үшін деп те айта алмаймыз, өйткені, «билеуші жа-
ңадан жаулап алынған елдердегі шалғай аймақтарда көбірек әскер ұстауы қажет. Бұл 
билеуші үшін арзанға түседі әрі егістіктері мен жерлері тартып алынған, кедейленген 
бір топ бұқара халық билеушіге ештеңе істей алмайды. Ал халықтың қалған бөлігі 
осы жағдай олардың да бастарына келуден қорқып, көп ұзамай сабасына түседі» – 
деген саяси кеңестер жеткілікті. Бұл пікірлердегі ең негізгі қорғалуы керек мәселе 
ретінде билеушінің билігі мақсат етіледі. Оның жолында халық та құрбан (бір бөлігі). 
Заманауи ой кеңістігі мен демократияның тірегі – әр оқырманның өзінің жеке пікірі 
мен көзқарасына деген құқығы. Біз де оқырмандарды белгілі бір тұжырымда болула-
рын авторлық тарапымыздан «диктаторлық» тұрғыда мәжбүрлемей, Н. Макиавелли-
дің «Государь» шығармасында арқау болған жоғарыдағы аталмыш саяси мәселелерге 
әркімнің өз пікірінде қалуын қалаймыз. Бірақ төмендегі кестеде ғылыми мақаламыз-
да қарастырылған қос шығармадағы негізгі ойларды мағынасына қарай қатар салыс-
тырып көрсетуді жөн көрдік (1-кестеге қараңыз). 


285


жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет