60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет139/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Құнанбайұлы А. https: //sputniknews. kz/spravka/20190603/10366812/Abai-
Qunanbaiuly-qara-sozder. html


282
Ж. БАЛАСАҒҰНИДІҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ МЕН 
Н.МАКИАВЕЛЛИДІҢ «ГОСУДАРЬ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ 
«БИЛЕУШІ» ЖӘНЕ «БИЛІК» КОНЦЕПТІЛЕРІ
Саржаев О. 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, оқытушы, магистр 
Балғабайқызы П.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 1-курс студенті
«Халқыңды билеместен бұрын өз ордаңды билеп ал» – дейді Майқы би. Ал, «би-
лік», «билеуші» деген ұғымдарға кім нақты анықтама бере алады? Қандай жағдайда 
мемлекет өзінің айрандай ұйып отырған сәтін мәңгілік сақтай алады? Бұл сауалдар 
адамзат баласының санасына тыныштық бермей келе жатқан, көкейкесті сұрақтар-
дың алғашқы қатарында тұрғандығы тайға таңба басқандай анық. «Білім – біздің 
шамшырағымыз. Кітап – біздің ұстазымыз» – деп орыс ақыны В. В. Маяковский 
айтқандай, шешілмеген түйінді шешу үшін тағы да түрлі туындыларды ақтаруға 
тура келеді. Дәл осы сауалдардың жауабын айна қатесіз беретін еңбектердің бірі әрі 
бірегейі – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны мен Никколо Макиавелли-
дің «Государь» трактаты. 
Жүсіп Баласағұни – 1015-1016 жылдары Алтай тауы мен Каспий тауының ара-
лығында кең көсілген қазақ жерінің, Жетісу өңіріндегі Шу өзені бойында ертеректе 
ен жайған қаласы – Баласағұнда (Күзорда) туған. Ол түркі, парсы, тәжік, соғды бас-
тауларынан білім алған терең ойшыл. Жүсіп Баласағұнидің тарих қатпарындағы ең 
ұлы шығармасы – «Құтты білік» дастаны. Түркияның белді ғалымы Рашид Рахмати 
Араттың мәліметіне сүйенсек, Ж. Баласағұни аталмыш еңбекті елу төрт жасында 
жазыпты. Ойшыл өз еңбегін екі ғасырлық тарихы бар – Қарахан мемлекетінің би-
леушісі Сатұқ Боғра ханға сыйға берген. Ал өз кезегінде, Сатұқ Боғра хан Жүсіп 
Баласағұнидің еңбегін жоғары бағалап, оған «Хас Қажыб» деген атақ береді. Шы-
ғарманың өзектілігі сонша, басқа да мемлекеттердің билеушілері туындыны көші-
ріп алып, Фирдаусидің «Шахнама»кітабының қасына қойып, «Түркі Шахнамасы» 
деген атақ берді деген деректер де бар. Мәселен, профессор Ә. Нысанбаев «Құтты 
білік» сол заманда Қарахан мемлекетінің Ата заңының орнында жүрді» – дейді [1, 
28 б.]. Ал енді, түркі тарихының тұғырына айналған дастанның нендей қасиеті бар? 
Ішкі дүниетанымы қандай?
«Құтты білік» – халықты, елді басқаруға қажет, билеуші бойынан табылу ке-
рек қасиеттерді дөп басып айтқан туынды. Онымен қатар, бұл дастан – тұтастай 
кемел мемлекеттің құрылымы. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым, 
профессор Алма Қыраубаева: «Жүсіп Баласағұн «Құтты білікте» әділетті, құтты 
мемлекеттің үлгісін жасаған» – дейді [2]. Бүгінде бұл шығарманың үш нұсқасы бар: 
Веналық нұсқа (1439 ж.), Каирлық нұсқа (1895 ж.), Наманған нұсқасы (1913 ж.). 
Біз осылардың ішінде Наманған, яғни Ферғана нұсқасы бойынша оқиға желісіне 
қысқаша шолу жасайық. Күнтуды атты ел қорғаны бар мемлекет өзінің ырысты 


283
да ынтымақты тіршілігін жасайды. Дәл осылай елдің ынтымақтастықта өмір сүруі 
ел қорғандарының бар екендігін көрсетеді. Күнтудыға ел басқаруға көмектескісі 
келген тағы бір азамат – Айтолды. Айтолды өз ақылының арқасында ханның түрлі 
сынағынан сүрінбей өтіп, уәзірлік дәрежеге дейін көтеріледі, ханның сеніміне кіре-
ді. Жалғанда ештеңенің мәңгілік еместігі бәрімізге аян. Айтолдының көрер жарығы 
бітіп, өмірімен қош айтысады. Бірақ Айтолдының Өгдүлміш деген баласы әке жо-
лымен өз еліне қамқор болуды ойлап, Күнтудының шақыруын қабыл алады. Өгдүл-
міш ақыл-парасатының көмегімен елінің өркендеуіне өз үлесін қосады. Өгдүлміш-
тің елмен бірге мұңын мұңдап жүрген немере ағасы бар еді. Дегенмен Одғұрмыш 
ел басқарудан бас тартып, алпыс үш жасына келгенде жер астына (қылуетке) түседі 
де, жасы жетіп ол да қайтыс болады. Өгдүлміш аға артында қалған құмыра мен 
асатаяқты алып, құмыраны өзіне алып, асатаяқты ханға береді. Аға өсиетіне сыза 
түсірмей, адал қызметін жалғастыра берді. Жүсіп Баласаұни төрт кейіпкердің көме-
гімен басшының бойынан табылу керек әділет, ақыл, қанағат сынды мінездерді са-
намалап беру арқылы елге бақ орнаған сәтті берді. Дастанда кездесетін төрт кейіп-
кер (Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат) арқылы ойшыл шынайы билікті тіреп тұратын 
төрт тіректі көрсетіп тұр. Ежелгі Шығыс ілімі бойынша, әлемді төрт нәрсе ұстайды: 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет